41
- кәсіби тәжірбиесі
- алдыңғы жұмысынан алған тәжірбиесі
- айналасындағылармен тіл табыса білуі.
Белгілі бір қызметке үміткерді нақты қабылдау - бұл адамдық ресурстардың
сапасын алдын-ала бағалаудың бір түрі.
Ұйымға үміткердің кәсіби сапасын дұрыс бағалау үшін үміткер
туралы
анықтамалар алу үшін ол жұмыс істеген кәсіпорынға, бірге оқыған, бірге жұмыс істеген,
спортпен бірге шұғылданған адамдарға мәліметтер алу үшін жолығуына болады.
Үміткерлердің көрсеткен сауалнамалық мәліметтерімен танысқаннан кейін және
оны әңгімелесуге шақыру туралы шешім қабылданғаннан соң
кадрлар бөлімі үшін ең
жауапты кезең:
- бірнеше тізбекті сатыдан тұратын персоналды іріктеу кезеңі басталады:
- белгіленген тәртіппен сауалнамалық және өмірбаяндық мәліметтерді
ресімдеу
- ұсыныстар мен бұрынғы істеген жұмыс орындарын талдау
- әңгімелесу
- іскерлік және жеке сапаларын есептегендегі кәсіптік жарамдығын айғақтау
- медициналық бақылау және аппаратпен денсаулығын қадағалау
- сынақ нәтижелері мен кәсіби жарамдылығы туралы шешімдерді талдау
- жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдау.
Іріктеудің әрбір сатысында арыз берушілердің біразы талапқа сай келмегендіктен,
немесе басқа шешім қабылдап іріктеу рәсімдерінен бас тартқандықтан үміткерлердің саны
азая береді.
Достарыңызбен бөлісу: