Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Кемшілігі: күрделі жүйені үлгілеу қиынға соғады



Pdf көрінісі
бет64/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132
oku kural personald baskar

Кемшілігі: күрделі жүйені үлгілеу қиынға соғады. 
Даму жоспарының екі түрі болады: стандартты және жеке басты
Қазіргі замандағы ұйымдарда кәсіби оқыту деп келесі кезеңдерден тұратын кешенді 
үзіліссіз үдерісі айтады: 
1. қажеттілікті анықтау, яғни ұйымның персоналын дамытудың, сонымен қатар 
қызметкерлерінің ағымдағы өндірістік міндеттемелерін орындаудың қажеттілігі 
негізінде қалыптасады 
2. жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту, яғни жұмысқа 
бірінші рет қабылданғандарды кәсіпорын іс-әрекетінің ерекшеліктерін, өндірісті 
ұйымдастыру, экономика, технология, еңбектің әлеуметтік жағдайлары
қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік тазалық, экологиялық талаптарды оқыту 
үшін жүргізіледі.  
3. біліктілікті жоғарылату жетекшілер мен мамандардың теориялық және 
тәжірбиелік білімдерін, ептілігін, дағдылығын дамытып, жаңарту үшін жүргізіледі. 
Ол оқытудың келесі түрлерін қамтиды: 

қысқа мерзімді (72 сағатқа дейін) 

тақырыптық және проблемалық семинарлар (72 сағаттан 100 сағатқа дейін) 


58 
ұзақ мерзімді (100 сағаттан жоғары). 
 
 
2. Кадрларды дайындаудың жопандық жүйесінің ерекшеліктері. Жапондық 
экономиканың екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі күшті қозғаушы күші кадрларды 
дайындаудың жапондық жүйесі болып табылады, оның ерекшілігі – фирма ішінде 
оқыту.фирма ішінде оқыту жүйесінің табыстығына алып келген төрт негізгі себепке 
келесілерді жатқызуға болады: 

Жапондықтардың орта мектепте алған іргелі біліміне негізделген жоғары 
білім беру деңгейі 

«ішкі даярлаудың» дәстүрлік тәжірбиесі, кәсіпорын қажет деген кадрларды 
өзі дайындайды 

Жұмыс уақытында оқытудың тәжірбиелік тиімділігін жоғарылатын 
кәсіпорындағы персоналды басқару жүйесі 

Фирма ішіндегі оқытуды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет