Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет63/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132
oku kural personald baskar

 
Оқытудың әдістері: 

Дәріс. Мұғалімнің сабақ беру кезінде тақырыптың маңызы аз талқыланады.Оның 
артықшылығы: айқын мазмұндама әдісі қолданылады.Кемшілігі: күшті жеке студент 
басқаларға қарағанда өзінің үстемділігін байқатуы мүмкін. 

Топпен талқылау. Мұғалімнің сабақ беруі студенттердің белсенді қатысуымен 
сұрақ пен жауап түрінде жүреді. Артықшылығы: әрбір студенттің өзінің ойын айтуға 
мүмкіншілігі бар. Кемшілігі: күшті жеке студент басқаларға қарағанда өзінің үстемділігін 
байқатуы мүмкін. 

Жағдайды суреттеу. Нақты жағдайды суреттеп, студенттер арасында әрбір кісінің 
рөлін бөлу. Бұл кезде әрбір студенттің дағдысын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 
Артықшылығы: егер талданған жағдай өндірістегі нақты жағдайға ұқсас болса,онда оның 
тиімді болғаны. Кемшілігі: кей уақытта студенттер көбінесе шындап сене бермейді. 

Жағдайды жазбаша талдау. Белгілі бір ұйымда менеджердің жұмыс кезінде 
кездестіретін жағдайды жазбаша түрінде суреттеу.Студенттер сол жағдайдан шығу 
жолдарын тауып, керекті шешім қабылдауы мүмкін. Артықшылығы: жағдайлар көбінесе 
қызықты болады. Кемшілігі: оқыту әдісі ұзақ уақыт алады. 

Басқару ойындары. Студенттерге ұйым жайында мәлімет беріледі. Олар топқа 
бөлініп, әрбір топ қолма-қол шешім қабылдайды да, оны бағалауы керек. Артықшылығы: 
тәжірбиелік дағдысын дамытады. Кемшілігі: көбінесе топтың қабылданған шешімнің 
нәтижесі қалай болатынын зерттеу өте қиынға түседі. 

Үлгілеу. (модельдеу). Басқару ойынына ұқсастау келеді, бірақ та ақпаратты 
қабылдау және талдау үшін компьютер пайдаланады, содан кейін жасалған жұмыстың 
нәтижесі талқыланып, бағаланады. Артықшылығы: тәжірбиелік дағдысын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет