Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Жұмыс уақытында оқыту арқылы кадрларды даярлау



Pdf көрінісі
бет65/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   132
oku kural personald baskar

 
Жұмыс уақытында оқыту арқылы кадрларды даярлау.Жапониядағы кәсіпорын 
ішіндегі дайындау және оқыту жұмыс уақытында оқыту негізінде, жұмыстан тыс уақытта 
оқыту және өзіндік оқу негізінде жүргізіледі, бірақ, жұмыс уақытында оқуға үлкен көңіл 
бөлінеді.Сондықтан да келесі алты жағдайды түсіну өте маңызды: 

Кадрларды фирма ішіндегі еңбек нарығында дайындау. Жапониядағы көптеген 
кәсіпкерлер ұзақ мерзімді келешекте қажет кадрларды кәсіпорын ішінде даярлау- 
кәсіпорынның дамуы мен өмірге бейімділігінің бөлінбес шарты деп санайды.Сонымен 
қатар персонал да сыртқы еңбек нарығында емес, өсу мүмкіндіктерін кәсіпорынның 
ішінен іздейді. Көптеген кәсіпорындарда персоналды оқытудың мақсаты бір кәсіптегі 
маманды емес, әмбебап, көп кәсіпті жұмыскерді даярлау болып табылады. 

Кең ойлы білікті жұмысшыны даярлау. Оқыту барысында проблемаларды қою 
және шеше білуді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.Осыған байланысты сапаны қатаң 
бақылайтын үйірмелер мен озат жұмысшылардың оңтайландырушылық ұсыныстарын 
шешу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді, сонымен қатар жұмысшыларға белгіленген 
әдістерден бас тартып, өз қалауынша әрекет етуіне мүмкіндік беріледі. 

Персоналға икемді, тартымды және көп функциялы жұмысты ұсыну. Европа 
мен АҚШ-та жеке жұмыскерлер арасында міндеттемелерді бөлу кәсіпорында 
орындалатын жұмыстарды талдау негізінде анықталады. Жапонияда ең бірінші 
жауапкершілік бөлімдер мен секторларға жүктеледі де, сонан кейін әркімнің 
қабілеттілігіне сәйкес қызметкерлерге жүктелетін кешенді әдіс тұрақты пайдаланылады. 
Жапонияда жұмысшыларды үш санатқа-жоғары білікті, жартылай білікті және біліктілігі 
жоқтар деп бөлу дәстүрі жоқ . 

Еңбектің уәждемесін ынталандыру шаралары. Жоғарғы орын босағанда, келесі 
төменгі сатыдағы жұмыскерлер орналасады. Жұмыс бабында жоғарылау дәстүрі әрбір 
қызметкерлерді жоғары жұмысқа және өздігінше білім алуға ынталандыру болып 
табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет