Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет108/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132
oku kural personald baskar

 
 
 
8 – тәжірбиелік сабақ тақырыбы 
Карьерограмманы құру 
Нұсқа-1 
 
Талқыланатын сұрақтар:  
1. Боранбайдың алған нәтижесін қалай түсіндіруге болады? 
2. Оған жұмысты қалай бастау керек еді? 
3. Осындай жағдайда не істеу керек ?
«Жанна» сауда фирмасының персонал жөніндегі директоры Боранбай Артықбаев
адам ресурстарын басқару жайында өткізілген семинардан жаңа идеяларымен сусындап
оны өмірге енгізуге құштар болып қайтады. Олардың ішінде мансапты жоспарлау және 
дамыту мәселелрі өте қызықты болып көрінді. Ол жайында Астана қаласындағы үш үлкен 
дүкенді қамтитын копанияның бас директорына хабарлады. Бас директор Боранбайдың 
айтқанын ұнатып, «Жаннаның» жоғары жетекшілеріне арнайы семинар өткізу үшін 
дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Екі аптадан кейін Боранбай компанияның 12 
жоғары жетекшілерімен бір күндік семинар өткізді («қол астындағы кісілер қысылмасын» 
деп бас директор семинарға қатыспады. Семинар ойдағыдай өте жақсы өтті, 
жетекшілермен белсенді қатысып, көп сұрақтар қойылды және мансаптың дамуына көп 
қызығушылық танытты. 
Келесі күні бас директор «Жаннаның» барлық жетекшілеріне екі аптаның ішінде 
мансапты дамыту дайлы жоспар жасап, персонал бойынша директорға өткізу туралы 
жарлық шығарды. 


103 
Белгіленген уақытқа Боранбай Артықбаев тек қана екі жоспар алды. Келесі екі 
аптаның ішінде тағы да төртеуін алды. Қалған жетекшілер ертең әкелеміз деп уәде берсе 
де, ақыры әкелмеді. Боранбайды бір нәрсе ғана өте қатты тоғандырды, бір – бірінен 
көшіргендей барлығы «атқарып отырған жұмыс орнымды мейлінше жетілдіргім 
келеді»деп жазғандары.
 
 
 
9 – тәжірбиелік сабақ тақырыбы 
Дағдарысқа қарсы басқару шаралары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет