Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі



Pdf көрінісі
бет15/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   132
oku kural personald baskar

Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі ұйымды бүтіндей басқаруды
жеке атқарымдық және өндірістік ішкі бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады. 
Персоналды жоспарлау және маркетинг ішкі жүйесі келесі функцияларды 
орындайды: персонал саясатын және персоналды басқару стратегиясын жасау, персонал 
әлеуетін және еңбек нарығын талдау, персоналды жоспарлауды ұйымдастыру, персоналға 
деген қажеттілікті жоспарлау және болжау, жарнаманы ұйымдастыру. 
Персоналды жалдау және есепке алуды басқару ішкі жүйесі келесі 
функцияларды орындайды: персоналды жалдауды ұйымдастыру, персоналмен әңгіме 
өткізу, бағалау, іріктеу, қабылдауды ұйымдастыру, орын ауыстыруды, марапаттау мен 
жұмыстан шығаруды есепке алу, персоналды кәсіби бағдарлау, ұтымды пайдалануды 
ұйымдастыру, жұмыспен қамтуды басқару, персоналды басқару жүйесін іс-қағаз жүргізу 
жұмысымен қамтамасыздандыру. 
Еңбек қатынастарын басқарудың ішкі жүйесі: топтық пен жеке өзара қарым-
қатынастарды, басшылық қарым-қатынастарды талдау және реттеу, өндірістік 
келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді басқару. 
Еңбек етуді қалыпты жағдайларымен қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі: 
техникалық эстетиканың талаптарын орындау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, 
ұйымды және жеке лауазымды тұлғаларды әскери қорғау. 
Персоналдың дамуын басқарудың ішкі жүйесі: оқыту, қайта даярлау және 
біліктілігін жоғарылату, жаңа жұмыскерлердің бейімделуі және қызметке орналасуы, бос 
қызмет орындарына үміткерлерді бағалау, персоналды дер кезінде тұрақты бағалау, 
шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру, іскерлік мансап пен қызметтік-кәсіптік 
сатымен жоғарылауды жүзеге асыру, кадрлар резервімен жұмысты ұйымдастыру сияқты 
жұмыстарын атқарады. 
Персоналдың мінез - құлқын уәждемелеуді басқарудың ішкі жүйесі еңбектік мінез 
– құлықтың уәждемесін басқару, еңбек үдерісін нормалау және тарифтеу, еңбекақы төлем 
жүйесін жасау, персоналдың пайда мен қорға қатысу, персоналды рухани марапаттау 
түрлерін жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет