Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет53/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   110
file20191226084701

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ.  Жазбаша  сӛйлеу  тілі  түсінігінде  оқу  мен  жазу  тең  құрамдас  бӛлік  ретінде 

қамтылады.  «Жазу  –  бұл  графикалық  элементтерді,  ақпаратты  қашықтықтан  жіберуге  және 

уақытында  түзетуге  мүмкіндік  беретін  сӛйлеуді  бекітудің  белгісі.  Кез-келген  жазу  жүйесі  тұрақты 

белгілермен сипатталады». 

Қазақша  жазу  жазудың  алфавиттік  жүйесіне  жатады.  Алфавит  символдарға  кӛшіп,  сӛйлеу  мен 

ойлауды тануға кӛмек беріп, ойлаудың дамуын белгілейді. Ауызша және жазбаша сӛйлеу формалары 

екінші  сигналдық  жүйенің  уақытша  байланысы  болып  табылады,  бірақ,  ауызша  сӛйлеу  тіліне 

қарағанда  жазбаша  сӛйлеу  тілі  мақсатты  оқу  жағдайларында  ғана  қалыптасады,  жазу  сауаттылығы 

оқу  кезінде  дамып,  адан  әрі  білім  алу  барысында  жетілдіріледі.  Реклекстік  қайталау  нәтижесінде 

сӛздін  динамикалық  стереотипті  акустикалық,  опткалық  және  кинетикалық  бірлігінде  тітіркендіру 

басталады. Жазбаша сӛйлеу тілін меңгеру дегеніміз - естіген және айтатын сӛздер арасында, кӛретін 

және  жазатын  сӛздер  арасында  жаңа  байланыстарды  орнату.  Жазу  процесі  тӛрт  анализатордың 

үйлесімді жұмысымен қамтамасыз етіледі. 

Осыған сәйкес сӛйлеу құрылымы, келесідей берілуі мүмкін. 

 

              



 

 

Сурет-1. Сӛйлеу құрылымы 



 

Жазуды  бірқатар  арнайы  операциялар  құрайды:  Жазуға  берілген  сӛздін  дыбыстық  құрамын 

талдау. Жазудың бірінші шарты – дыбыстардың сӛздегі оналу ретін анықтау. Екіншісі – дыбыстарды 

анықтау,  қазіргі  уақытта  естіліп  тұрған  дыбыстардың  нұсқаларын,  ауызша  сӛйлеу  дыбыстарына 

түрлендіру, яғни, фонемаларға. Бастапқыда бұл екі процесс саналы түрде жүзеге асады, ал уақыт ӛте 

келе олар автоматтандырылады. Артикуляциялық талдау мен синтездеу артикуляцияның қатысуымен 

жүзеге  асырылады  [1,  25  б.].  Фонемаларды  (естілетін  дыбыстарды)  графемаларға  аудару,  эле-

менттердің  кеңістікте  орналасуын  ескере  отырып,  графикалық  белгілердін  кӛрнекі  сызбалары. 

Әріптердің визуалды схемаларын қайта жазу үшін қажетті жүйелі қозғалыстар кешені. 

Жылдан  жылға  бастауыш  сыныпта  жазу  бұзылыстары  бар  балалардың  саны  артуда.  Қ.Қ.  Ӛмір-

бекова  мен  А.С.  Ухышева  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының,  атап  айтқанда  2-4  сынып 

оқушыларының  жазбаша  сӛйлеу  тілінің  жағдайына  салыстырмалы  зерттеу  жүргізе  келе,  мынандай 

қорытынды жасаған болатын: 

- Сынып жоғарылаған сайын, қателердің жалпы санының азаю тенденциясы байқалды. 

- Бастауыш сынып оқушыларында кӛп кездесетін қате түрлері: екінші сыныпта шатастыру, тастап 

кету, орнын алмастыру, артық әріпті, буынды қосып жазу, үшінші сыныпта шатастыру, тастап кету, 

орнын алмастыру, бӛлек жазу, ал тӛртінші  сыныпта шатастыру және тастап кету, бірге жазу, бӛлек 

жазу қателері жиі кездескен.  

-  Бастауыш  сынып  оқушыларынан  алынған  үш  жазбаша  жұмыс  (диктант,  мазмұндама,  кӛшіріп 

жазу) түрлерінің ішінде мазмұндама жұмысында қателердің басым түрде кӛп кездескенін байқаған. 

сөйлеу 

құрылымы 

Сӛйлеу қимыл 

қозғалысты 

анализаторы 

Кӛру 


анализаторы 

Сӛйлеу -есту 

анализаторы 

Қимыл 


қозғалыс 

анализаторы 




Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

43 


Жазбаша  сӛйлеу  тілінің  алғышарттарын  қалыптастыру  орташа  есеппен  6-7  жаста  аяқталады. 

Алайда  бұл  жоғарыда  айтылған  баладағы  психикалық  функциялар  мен  үрдістер  жетілген  дегенді 

білдірмейді,  бірақ  олар  оқуды  бастау  үшін  жеткілікті  екендігін  кӛрсетеді.  Жазудың  психологиялық 

жүйесі жазу тәсілінен бірте-бірте жазбаша сӛйлеу тілін қалыптастыру, ойын жазбаша жеткізу жағына 

ӛзгеретін болады [2, 12 б.]. Қазіргі таңда дисграфияны түзету логопедияның ең ӛзекті міндеттерінің 

бірі болып табылады. Ӛз зерттеулерін логопедияның осы саласына арнаған ғалымдар – Р.И. Лалаева, 

В.А.  Ковшиков,  И.Н.  Садовникова,  И.Н.  Ефименкова,  Л.Г.  Милостивейко,  А.Н.  Корнев  және  т.б. 

түзету жұмыстарын дисграфияның түріне сәйкес жүргізу керек деп есептейді [3, 36 б.]. 

Қалыпты  жағдайда  жазу  процесі  келесідей  сӛзге  қатысы  бар  және  сӛзге  қатысы  жоқ 

функциялардың  жеткілікті  деңгейде  қалыптасуына  байланысты:  дыбыстарды  естіп  ажырату; 

дыбыстарды дұрыс айту; дыбыстық талдау және жинақтау; сӛйлеу тілінің лексикалық грамматикалық 

жағының қалыптасуы; кӛріп талдау мен жинақтау; кеңістік туралы түсініктері. 

Оқушының  жазуы  туралы  толыққанды  ақпарат  алу  үшін,  диагностикалық  жұмысқа  диктант  пен 

кӛшіріп  жазумен  қатар,  басқа  да  тапсырмалар  ұсынылуы  қажет.  Олар  тілдік  талдау  мен  жинақтау 

дағдыларының қалыптасу деңгейін және ӛткен оқу жылында мектеп бағдарламасын толық меңгеруін 

бағалау.  

Бұл  жұмыстан  басқа  оқушының  үй  тапсырмасын,  сыныптағы,  бақылау  жұмыстарын  орындауын 

бағалау  қажет.  Себебі,  кейбір  оқушылар  аса  таныс  емес  мұғалімді  кӛргенде,  күрделі  тапсырманы 

орындау алдында қобалжиды, соның салдарынан ӛз мүмкіндіктерінен нашар орындап, қателер саны 

кӛбейіп  кетуі  мүмкін.  Кейбір  жағдайда  керісінше,  диктантты  жақсы  жазғанымен,  балалар  сӛздерді 

буындарға бӛле алмауы да, дыбыстық - әріптік талдау жасай алмауы да байқалады [4, 41 б.].  

Логопед  оқушылардың  қателерін  нақты  ажырата  білуі  қажет.  Екінші  сыныпта  орфографиялық 

және  пунктуациялық  қателерді  санап,  жұмысты  нашар  жазса  да  бәрін  жіпке  тізудің  қажеті  жоқ. 

Алайда,  қателердің  сипатын,  түрін  ескеруі  керек.  Ерекше  назарын  логопед  оқушының  парқ  бетінде 

бағдарлау  білігіне,  идеограммды  –  еріксіз  жазуына  (аты,  тегі,  мекен-жайы  т.б.).  Сонымен  қоса,  тіл 

бірліктерін  ажыратуына  (сӛйлем,  сӛздер,  үстеулер),  дыбыстық  талдау  қателері  (тастап  кету,  қосып 

жазу,  сӛздің  құрамын  жеңілдету,  алмастырулар,  контаминациялар),  акустикалық-артикуляциялық 

ұқсастығы  бойынша  шатастыру  (дауысты,  дауыссыз  қатаң,  ұяң,  үнді,  ызың,  ысқырық,  сонор  Р-Л, 

африкат),  кинетикалық  сипаты  бойынша  алмастыру,  персеверация,  антиципация,  аграмматизм 

(сӛзжасам, басқару). 

Аталған қателер түрлеріне қарай мына процестерінің дамымауын атауға болады: психикалық және 

фонематикалық  процестердің  жетілмеуі;  сӛйлеу  тілінің  лексикалық-грамматикалық  жағының  дамы-

мауы; кӛру және есту зейінінің, қабылдауы мен есте сақтауының бұзылуы; бір әрекет түрінен келесіге 

ауысудағы қиындықтар. 

Тӛменде  жалпы  білім  беретін  мектептің  2-сынып  оқушыларының  жазу  бұзылыстарын  диаг-

ностикалауға қажетті тапсырмалар берілген.  

Кейбір  тапсырмалар  (мысалы,  диктант)  оқу  жылында  алынған  алынбағаны  маңызды  емес.  Тәжі-

рибе  кӛрсеткендей – бұл жазуы бұзылған оқушылар оқу жылында жазған жазба жұмысты қайталап 

жазса да, дұрыс жазбайды екен.  

Тапсырмалардың  мақсаты  –  жазуды  меңгеруіне  кедергі  болатын  кез  келген  функцияның  қалып-

таспауын  анықтау.  Логопедтің  басты  міндетінің  бірі,  әрбір  оқушының  жазу  бұзылысы  негізінде 

жатқан  механизмдерді  дұрыс  белгілеу.  Оқытудың  әдістері  мен  ұзақтылығы  осыған  байланысты 

болады.  

Диагностикалық  жұмыс  оқу  жылының  басында  және  соңында  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  жұмысты  2-4 

сыныптарды жүргізілгені әбден дұрыс болады. Екінші сынып оқушыларының үлгерімі жӛнінде нақты 

ақпарат алу үшін, диагностиканы 1-сыныптың соңында жүргізу қажет [5, 45.б.].  

Әр бір жұмыс бір оқу сабағына есептелген (40 минут).  

Екінші  сынып  оқушыларының  жазу  бұзылыстарын  анықтауға  арналған  логопедиялық  диагнос-

тикалық жұмыс (оқу жылының басы). 

№1 Тапсырма Ұсынылған әріптерден сӛз құра: ТАУАС. 

№2 Тапсырма Айтқан сӛздерді бағанға тізіп жаз: шана орман тырна ӛлке Сӛздерде қанша дыбыс 

және қанша әріп? Әр сӛздің жанына жазып қой. 

№3 Тапсырма ОРАМАЛ сӛзіне дыбыстық талдау жаса. 

Екінші  сынып  оқушыларының  жазу  бұзылыстарын  анықтауға  арналған  логопедиялық  диагнос-

тикалық жұмыс (оқу жылының соңы). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет