Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет86/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110
file20191226084701

Keywords: children with general underdevelopment of speech, dialogical speech, theatrical games. 

 

Мектепке  дейінгі  жас  баланың  қарқынды  даму  кезеңі  болып  табылады,  ал  дұрыс  сӛйлеу  тілін 



уақытылы  меңгеру  және  оны  белсенді  қолдану  баланың  қалыпты  психофизикалық  дамуының, 

толыққанды  тұлға  болып  қалыптасуының,  мектепке  оқуға  дайындығының  маңызды  шарты  болып 

табылады.  В.А.  Ковшиков  пен  В.П.  Глухов  [1]  ойынша,  жалпы  адам  тұлғасының  қалыптасуы  мен 

дамуы сӛйлеу әрекетінің қалыптасуы және дамуымен байланысты.  

Р.И. Лалаева, Н.В. Серебрякова мектепке дейінгі  жаста диалогтық сӛйлеу тілі формасын дамыту 

қажет  екенін  атайды.  Мектепке  дейінгі  жас  кезеңінің  барлығында  балаларда  диалог  құра  алуын 

(сұрау, жауап беру, түсіндіру, қарсы болу, реплика беру) дамыту қажет [2]. 

Диалогтық  сӛйлеу  тілінің  қалыптаспауы  балалардың  толыққанды  тұлға  болып  қалыптасуы  мен 

әлеуметтік  бейімделу  қабілетіне  ықпал  етеді,  себебі  толыққанды  әлеуметтік  бейімделу  диалогтық 

қарым-қатынасына қабілетінсіз мүмкін емес.  

Л.С.  Выготский  балалaрдың  сӛйлеу  тілі  мен  ойлаудың  ӛзара  қатынасын  зерттей  келе,  баланың 

барлық  психикалық  процесстер  (ойлау,  қабылдау,  есте  сақтау,  зейін,  қиял,  мақсатты  бағытталған 

мінез-құлық) сӛйлеу тілінің тікелей қатысуымен дамитынын кӛрсетті [3]. 

Басқа  жағынан,  сӛйлеу  тілі  бұзылысы  бар  балалардың  интеллектуалды  дамуы  баяу  жүретіні 

белгілі.  Сондықтан  сӛйлеу  тілі  кемістігін  баланың  психикалық  даму  ерекшеліктерімен  тығыз 

байланыста  қарастырады.  Н.С.  Жукова  «Белсенді  сӛйлеу  тілінің  қалыптасуы  баланың  барлық 

психикалық дамуы үшін негіз болады» [4]. 

Диалог  әлеуметтік  және  қарым-қатынас  тәжірибесін  қалыптастырудың  алғашқы  баспалдағы, 

себебі ол «адам мінез-құлқы», жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады.  

Е.О.  Галицких  еңбектерінде,  диалог  –  әлеуметтік  ӛзара  әрекеттің  күрделі  формасы  делінген. 

Диалогқа  араласу  кейде  монологтық  сӛйлеуден  де  күрделі  болады.  Мұнда  ӛзінің  сӛзін,  сұрақтарын 

ойластыру  басқаның  сӛзін  қабылдаумен  қатар  жүреді.  Диалогқа  қатысу  күрделі  біліктерді  талап 

етеді:  

  серігін тыңдау және ойын дұрыс түсіну;  




Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

72 


  жауап ретінде ӛзінің кӛзқарасын ӛңдеу, оны сӛйлеу тілі құралдарымен дұрыс жеткізу; 

  ӛзара сӛйлеу әрекеті тақырыбын серігінің ойы бойынша ӛзгерту; 

  белгілі бір эмоционалды тонды қалыпта ұстау;  

  бақылап, қажет кезінде сәйкес ӛзгерістер мен түзетулер енгізу үшін, ӛзінің сӛйлегенін тыңдау.  

Д.Б.  Эльконин  ойынша,  жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балаларда  сӛйлеу  тілі  формалары  баяу 

жасалады  және  бекітіледі,  сӛйлеу  тілі  шығармашылығында  ӛзіндік  ерекшелік  болмайды;  оларға 

тұрақты  фонетикалық  жетіспеушілік,  сӛйлеу  тілінде  зат  есімнің  басым  болуы,  сӛздерді  жеткіліксіз 

пайдалану,  сӛйлеу  тілі  белсенділігінің  тӛмендігі  мен  сӛйлеу  қарым-қатынасының  кедейлігі  тән. 

Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балалар  сӛйлеу  қарым-қатынасына  түсуден  жиі  бас  тартады.  Бұл 

бірнеше себептермен шартталады. Солардың ішінде О.С. Павлова атайды:  

  Сӛйлеуге ынтасының тез жоғалуы; 

  Балада жауап беуге қажетті ақпараттардың болмауы, сӛздік қорының кедейлігі;  

  Серігін  түсінбеуі  –  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  ӛздеріне  айтылғанды  түсінуге  тырыс-

пайды,  сол  себепті  сӛйлеу  реакциялары  адекватты  емес  және  ары  қарай  сӛйлеу  қарым-қатынасын 

жалғастыруға ықпал етпейді. 

Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балаларда  келесі  диалогтік  сӛйлеу  тілінде  ерекшеліктерді  бӛлуге 

болады: 

  диалог барысында сұрақтарға жауап беру және тыңдау дағдысы жеткілікті қалыптаспаған. 

  серіктердің эгоцентрикалық қарым-қатынас түрі; 

  эмоциясын интонацияда және ым-ишарада білдіре алмауы. 

Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  диалог  арқылы  коммуникацияға  қабілеті  диалогтік 

қарым-қатынас  дағдысын  меңгеруінің  тӛмен  дәрежемен  сипаталады.  Инициативті  сӛйлемдер 

кӛбінесе ақпарат сұранысымен байланысты. Сӛйлемдерге мұндай балалар диалог дамытумен емес, іс-

әрекетпен жауап беруді жӛн кӛреді. Балалар үндемей немесе  әрекеттерін айтпай, ешкімге сӛйлемей 

әрекет  жасайды.  Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балаларда  жалпы  диалогқа  қарағанда  ситуативті 

диалогқа түскен жеңілірек. Олардың сӛйлеу тіліне арнайы назар аудармаған кезде, жалпы сӛйлеу тілі 

дамымаған  балаларда  белсенділік  тӛмен,  ӛте  сирек  жағдайларда  сӛйлеу  қарым-қатынасын  ӛзі 

бастайды,  құрдастарымен  жеткіліксіз  сӛйлеу  қарым-қатынасына  түседі,  ересектерге  сирек  сұрақ 

қояды,  ойын  жағдайларында  әңгімелеу  болмайды.  Бұл  олардың  сӛйлеу  тілінің  қарым-қатынастық 

бағытының тӛмен болуын шарттайды. 

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер баланың тұлғасының қалыптасуында және оның басқа 

балалармен  ӛзара  қарым-қатынасында  құрдастарымен  сӛйлеу  қарым-қатынасының  маңызды  рӛлін 

анық кӛрсетеді (Т.А. Маркова, В.Г. Нечаева, А.П. Усова). 

Диалогтік  сӛйлеу  тілінің  жеткіліксіз  қалыптасуы  салдарынан  бұзылған  сӛйлеу  қарым-қатына-

сының  бұзылысы  және  онымен  байланысты  жағымсыз  эмоционалды  ӛзіндік  сезіну  тұлғааралық 

қарым-қатынастың қалыптаспауына алып келеді.  

Сӛйлеу  тілінің  дамымауы  сӛйлеу  қарым-қатынасы  мәдениетінің  нормалары  мен  ережелерін 

толыққанды  меңгеруге,  құрдастары  мен  ересектер  арасында  мойындаудың,  ӛзінің  субъективтілігін 

әрекетте  кӛрсетуге  мүмкіндік  бермейді.  Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балалармен  түзету-дамыту 

жұмыстары мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының дамуының негізгі шарты болып табылатыны 

анық. Алайда, балаға тек кешенді ықпал ету сӛйлеу тілі дамуының сәтті динамикасын бере алады. 

Зерттеушілер  еңбегінде  қалыптастыру  түзету  логопедиялық  жұмысы  жүйесінде  ЖСТД  бала-

лардың  байланыстырып  сӛйлеу  тілін  (диалог  және  монолог)  қалыптастыру  кемістік  құрылымына 

байланысты ерекше мінге ие болады және күрделі үдеріске айналады, логопедтің, тәрбиешілер, ата-

аналар мен баланың ұзақ, кӛп еңбегін талап ететін бүкіл түзету үдерісінің ең басты және жетуі қиын 

мақсатына айналады.  

Мектепке дейінгі жастағы ЖСТД балалар үшін қарым-қатынас біліктері мен дағдыларын меңгеру 

ғана  емес,  сондай-ақ  тілдік  жүйенің  теориялық  түсініктерін  меңгеруі  маңызды.  Балаларды  ӛз  ойын 

байланыстырып,  кезектілікпен,  грамматикалық  дұрыс  жеткізуге,  қоршаған  ортадағы  түрлі  оқи-

ғаларды  айтуға  үйрету  керек.  Жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балалардың  диалогтық  сӛйлеу  тілін 

дамытудың  негізгі  мақсаты  –  диалогты  сӛйлеу  қарым-қатынасының  түрі  ретінде  қолдануға  үйрету. 

Бұл үшін диалогты үйрету міндеттерін сұрақ-жауап түрін меңгеруге алып келуге болмайды. Балалар 

кӛптеген біліктерді меңгеруі қажет: 

-  сӛйлесушімен  әр  түрлі  түрін  қолдана  отырып  (сұрақ,  хабарлама,  ӛтініш,  сӛйлем)  белсенді 

байланысқа түсу, репликаға жылдам реакция бере алуы; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет