Хабаршы вестник халықаралық Қатынастар және халықаралық ҚҰҚЫҚ сериясы


ИРАННЫҢ БҮГІНГІ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР



бет16/16
Дата27.02.2016
өлшемі1.63 Mb.
#28023
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ИРАННЫҢ БҮГІНГІ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Таяу Шығыс аймағын айналып өтпеді. Таяу Шығыс – геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу, халықаралық терроризм қауіптері, дербестігін алмаған ұлттардың қоныстануы, палестиналық-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең тұрақсыз нүктесіне айналдырды. Аталмыш жағдайлар аймақтағы тұрақсыз-дықтың одан әрі қиындауы, бүкіл әлемдегі ахуалды қиындатуы мүмкін. Таяу Шығыс аймағында орналасқан мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгертулерді жүзеге асыру қажет-тілігі қазіргі таңда аймақтың дағдарыстық жағдайдан шығудың басты шарты ретінде қарастырылуда.

Таяу Шығыс мәселесін аймақтағы алдыңғы елдердің қатарындағы Иран Ислам Республика-сының ішкі және сыртқы саясатындағы саяси ойындары елеулі әсерін тигізуде. Оның ішінде Иран саясатындағы күрд және ядро мәселелері аймақтағы өзекті мәселеге айналды.

Ирандағы күрд мәселесіне тоқталсақ, екінші дүниежүзілік соғыстың бітуі мен КСРО-ның ыдырауына байланысты 1980-1990 жылдардағы әлемдегі тарихи өзгеріс, ұлттық күрдтік қозғалыс жанамалы түрде бейнеленді. Ол күрестегі стратегия мен тактиканың жаңа жүрістерін талап ететін шынайы геосаясатта дамуды жалғастырды. Әсіресе, Ирактық және Ирандық Күрдістанға қатысты болатын.

Ирандық күрділердің тарихи дамуына көз жүгіртсек, өзіндік тарихы бар әрі танымал ұйым-дарының бірі Иран Күрдістанының демократиялық Партиясы (ИКДП), партия 1945 жылдың шілде айының аяғында құрылған. Қазіргі таңға дейін аталған партия (ИКДП) күрдтік қозғалыстардың ядросы болып табылады. Белгілі Ресей күрдтанушысы О.И. Жигалиннің тұжырымдамасы бойынша ирандық биліктегілер осы ұйымды сеператистік түрінде қарастырады, өйткені оның қызметі мемлекеттің құлауына әкеп соқтыруы мүмкін дегенге тартады.

Ирандық Күрдтердің Демократиялық Партиясы антиирандық акцияларға белсенді түрде қатысты, әсіресе, ядролық жоспарлармен байланысқан бүгінгі халықаралық дағдарыста барлық жауапкершілікті бүтіндей және толық ИИР-дің басшылығына беру керектігін ұсынды. Сонымен қатар 2006 жылдың наурызында Эрбиледе Шығыс Күрдістанның Біріктірілген Фронты құрылды, оның құрамына ИКДП, Ирандық Күрдістанның күресті ұйымдастыру ұйымы және Күрдістанның Революциялық кеңесі кірді.

Алайда Иранда күрдтер қарапайым құқықтарынан айырылған. Күрд оппозициялық ұйымдары-ның көшбасшылары мен белсенділері тек мемлекет аймағында ғана емес, одан тыс жерлерде де қудалануда. Мысалы, Иран Күрдістан Демократиялық Партиясының көшбасшысы А. Касемло


1989 жылы Венада өлтірілді, оның орнына келген Шарафа Канди 1994 жылы Берлинде қаза тапты [1]. Догматикалық ислам концепцияларына сәйкес мұсылман қоғамында ұлттық айырмашылықтар болмау керек, сондықтан күрдтердің құқықтары Иранда сақталуы мүмкін емес. Күрдтердің қозғалысын басып тастау арқылы Иран аймақтағы күштер тепе-теңдігін сақтауға және аймақтағы басқа мемлекеттің күрд мәселесінде басымдыққа ие болуына жол бермейді. Иран аймақ геогра-фиясының өзгеруіне жол бермейді, бірақ Иракта оған қарсы тұратын «еркін зонаның» болуына қарсы емес. Қайшылықтарға қарамастан Иран Түркия және Сирия басшыларымен кездесулер өткізіп, Иранның бөлшектелуіне жол бермеуге тырысады. Шах режимі құлағаннан кейін негізінен екі ұлттық саяси ұйым белсенділік таныта бастады. Бұл Иран Күрдістан Демократиялық Партиясы және Күрдістанның еңбекшілерінің революциялық ұйымы. Сонымен қатар Иранның солтүстік-батысында басқа да оппозициялық күштер бар [2].

Таяу Шығыста ядролық қарудың болуы және оның көрші аймақтарда болу ықтималдығы - қазіргі таңдағы аса өзекті мәселелердің бірі. Сол себептен, қарудың Таяу Шығыс аймағында таралу мүмкіндігі әлем державаларын алаңдатуда.

Аймақта орналасқан елдердің саясатындағы өзгешелік ядролық қару әлі де басқа елдерді ұстап тұрушы құрал ретінде қарастырылуында, сондықтан бірқатар елдер оны иемденуге талпынуда. Егер болжамдарға сүйенсек 35-40 мемлекет атом бомбасын Азия континентінде жасап шығаруы мүмкін.

Әлемдегі қауіпсіздіктің ең басты мәселесі - Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу қаупінің болуы бірқатар себептерге байланысты жаһандық проблемаға айналуы мүмкін.

Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу проблемасын қарастырғанда оның негізгі үш түрін атап кету керек:


  1. Латентті тарату. Мемлекет ЯҚТШ (ДНЯО) келісімінде бола отырып, оның шарттарын формалды түрде орындайды да, ядролық бағдарламаларын құпия түрде дамытады. Белгілі бір уақытта ол ЯҚТК-дан шығып, ядролық сынақ жүргізеді де, де-факто ядролық мемлекет болады. ЯҚТШ-на мүше бола отырып, сыртқы жетістіктерді қолданып, бейбіт ядролық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруы ядролық қаруды ядролық материал мен технологияларды, сараптаманы, жалпы жанармай циклдерді (ең алдымен уранды байыту мен плутонийді сепарациялау) пайдалана отырып шығаруға ғылыми-техникалық алғышарттар жасайды. Мемлекет салыстырмалы түрде қысқа уақытта ядролық қаруды жасап шығаруға мүмкіндік алады.

  2. “Бірінші дәрежелі” тарату материалдар жеке компаниялардан сатып немесе ұрланып алынады. Немесе ядролық мемлекеттер басқа елдерге заңсыз түрде ядролық қаруды жасап шығару мен оны әкелуге көмектеседі.

  3. “Екінші дәрежелі” тарату ядролық салада әр түрлі технологиялық мүмкіндіктері бар мем-лекеттер өзара бір-біріне көмектеседі, біреуінде жоқ технологиялармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Осы үш модельдің тығыз байланысы ЯҚ таратушы елдерді шектеп отыратын халықаралық шаралардың жойылуы жағдайында ЯҚ таратпау тәртібінің құлауына алып келуі мүмкін [3].

Иран Ислам Республикасы ядролық таратудың бірінші жолымен дамиды деген болжам бар.

Қазіргі кезде Иран уранды байыту, яғни жанармай циклінің бірінші сатысында тұр. ЯҚТК-ның болашағы, жаңа қақтығыстарға қатысу шамасы Иран ядролық мәселесінің шешілуіне тікелей тәуелді. Осылайша Иран ядролық қаруды таратпау тәртібінің барлық шарттарын орындаған жағдайда оның ядролық жанармай циклдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе әлемдегі бейбіт ядролық технологиялардың дамуына жол ашады. Иран мәселесі - тестілеу үшін аса қиын мәселе, алайда дұрыс жағдайда ол ядролық энергетиканың болашағына үлкен мүмкіндіктер ашады [4].

Жағдайдың осылай дамуы барысында ядролық қаруды жасап шығару деген аймақ елдерінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін арттыруға қызығушылығының өсуін күтуге болады. Бір-бірден олардың көздеген мақсаттарына жетуі мүмкін емес болғандықтан, ядролық сала, ядролық жанармай қатарын бірлесіп құрудағы ресми (немесе құпия) ынтымақтастықты ұйымдастыру немесе қарулық ядролық материалдарды қажетті көлемде сатып алу мақсатында күштерді өзара біріктіру мүмкін. Сауд Арабиясы (Пәкістанмен бірлесе отырып) басқа елдердің ядролық бағдарламаларын дамытуға өзінің қаржы мен технологиясын беру арқылы көмектесуі де мүмкін.

Осындай жағдайда топ елдері арасында ядролық жарғышты иелену мен оны бақылау үшін қарсыласушылық тууы мүмкін. Ал оны аймақтағы қазіргі тәртіп пен елдер арасындағы қатынастарға байланысты шешу қиыншылықтар туғызуда.

Өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы елдер сыртқы саясатты жобалай отырып, оларды көмірсутек шикізатымен қамтамасыз етіп отырған Парсы шығанағы елдерімен стратегиялық түрде байланысты құрды. Биполярлы жүйе кезінде Батыс елдері мен КСРО аймақтағы өздерінің эконо-микалық және әскери-саяси мүдделерін қорғай отырып, Иран, Ирак пен Ауғанстандағы позицияларын сақтай алмады. Батыс елдері, негізінен араб монархияларына көз тікті.

Биполярлы жүйеге қарағанда тұрақтылығы кем болғанымен, халықаралық қатынастардың монополярлы құрылымы кіші елдер үшін тиімдірек болуы мүмкін. Олардың қауіп төнген жағдайда супердержаваға қосыла салуға мүмкіндігі бар. Осылайша бірполярлылық нақты бір жағдайда кейбір елдер үшін өте тиімді болуы мүмкін. Бұл жағдай Парсы шығанағында 1990 жылдың соңында қалыптасты. Онда Иранның потенциалды қаупі мен Ирактың агрессиясы ПШАМҚ елдерін АҚШ бағытына ығысуына түрткі болды.

Осылайша, аймақтық күш қарым-қатынасында ядролық қару маңызды орын алатынын ескере отырып, оның таралуына себеп болатын факторларды бөліп қарастыруымызға болады.

Мемлекеттің аймақтағы нақты рөлі мен көздеп отырған мақсаты сәйкес келмеуі. Осындай жағдайда ядролық қаруды иемдену белгілі бір беделге ұмтылыс сияқты көрінеді де, шындығында, белгілі бір аймақ шеңберінде өзіндік әсер ету сферасын қалыптастыру үшін әскери-техникалық жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Алайда ядролық қаруды таратпау мәселесін шешудегі ең қауіптісі - ядролық технологияларды иемденудің әскери емес деп түсіндіруі. Ядролық саясатты өзгертуге мәжбүрлеу нақты саясатта өте қиын болып табылады.

Иран өндірісте қыша газ бен жүйке-паралличтік газ қорларын өндіріп, жинаған болатын. Оның үстіне ел ракеталық тұмсықтар мен артиллериялық зарядтарға ие. Биологиялық қаруды жасап шығаруға талпыныс жасауда. Ядролық қаруды жасап шығару процесінде тұр. “Скад-Б” және солтүстік кореялық ұзақ радиусты ракеталары бар, қазіргі кезде “Шахаб-3” атты аралық радиусты баллистикалық ракеталарды шығарумен айналысуда. [5]

Үлкен Таяу Шығыс мемлекеттері бір топқа біріккендеріне қарамастан біркелкі, бірегей құрылымдығымен сипатталмайды. Аймақ мемлекеттерінің әрқайсысы саяси құрылымы, басқару жүйесі, жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясаттарымен ерекшелінеді. Сол себептен де тек соған ғана арналған реформалар жиынтығын қажет етеді.

Иран өзінің аймақтық деңгейде, бірінші кезекте, басшылыққа қол созғанын мойындап, өзінің парсы-шииттік мемлекет деп санайтындығында.

Қорытындылай келсек, аймақтық қақтығыстар және тұрақсыздықтар көбіне әскери қақтығыстар нәтижесінде көтеріліп жатқанын айта кеткен жөн. Ирақтағы әскери қимылдардан соң ядролық қаруды шетелдік басып кіруден сақтайтын бірден-бір кепіл деп санайтын аймақтық саясаткерлердің саны өсуде. Олардың ойынша, ядролық қаруға ие болу тиімді дипломатиялық келісім пәні болып табылады. Менің ойымша, аймақ елдеріндегі ядролық фактор рөлінің фундаменталды проблемасын Таяу және Орта Шығыстағы көп дәрежелі қауіпсіздік проблемасымен қатар қарастырған жөн.

Өз кезегінде, бұл мәселе Таяу Шығыстың жазылмас жарасы Палестина - Израиль қақтығысы бойынша мәселенің тағы да шеттетіліп қойылуына сайып келді.

____________________________________




  1. Примаков Е. Ближний Восток на сцене и за кулисами. – М,. 2006.

  2. Лазарев М.С. Курдистан и курдский вопрос (1923–1945). - М., 2005.

  3. Гусейнов В. Большой Ближний Восток. – М.: ЗАО «ОЛМА Медиа Групп», 2007.

  4. Угрозы режиму нераспространения ядерного оружия на Ближнем и Среднем Востоке (под ред. А.Арбатова и В.Наумкина.) Московский центр Карнеги, Carnegie Endowment International Peace. - Москва, 2005.

  5. Сонда.


Ж. Сембаев
ИРАННЫҢ ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (ҚЫТАЙМЕН, ЖАПОНИЯМЕН, ОҢТҮСТІК КОРЕЯМЕН)
Қиыр Шығыс дәстүрлі түрде Иранның экономикалық дипломатиясында басым сипаттағы бағыттың бірі болып табылады. Негізгі сауда әріптестері ретінде – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері болып саналады. Иранның осы елдермен сауда айналымы соңғы кезде тек тұрақты даму тенденциясында ғана емес, оның сандық көрсеткіштерінде де байқалады. 2007 ж. сауда айналымының жалпы көлемі 42 млрд долл. АҚШ белгісінен артты. Оның ішінен 20 млрд долл. – Қытаймен, 14 млрд долл. – Жапониямен, 8 млрд долл. – Оңтүстік Кореямен. Осы жағдайда сауда айналымының тірегін ирандық экспорт құраса, оның негізгі бабы – мұнай болып есептеледі [1].

Иранның Қиыр Шығыстағы ең басты сауда әріптесі әрі тұтынушысы – Қытай. Мәселен, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1971 ж. орнатылғанмен, тек 1979 ж. Ирандағы ислам революциясынан, яғни америкалық тәртіптің жойылуынан кейін ғана арақатынастар жыли бастады. Көп ұзамай, 1984 ж. ҚХР Сыртқы істер министрі сапарының нәтижесі ретінде сауда–экономикалық ынтымақтастық комиссиясы жөніндегі келісімге қол қойылған еді (1985 ж. бастап министрлер деңгейінде жүзеге асуда).

Алғашқы кезеңдегі Иран мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстары саяси сипатта болды. 1980 ж. ортасынан – 1990 ж. ортасына дейін Қытай Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірнеше жобаларды іске асырған болатын. Тек кейінгі кезде, бір жағынан, АҚШ–тың қыспағынан соң, екінші жағынан, қызығушылық таныттыратын экономикалық ұсыныстардан соң, Қытай Иранның ядролық бағдарламасына бағыт алған ынтымақтастықты ықшамдауға бет бұрды. Бірақ осы мәселе бойынша Иран сол тұста Ресеймен ынтымақтастықты жөнге салды, ал Қытай Иранмен қарым-қатынасын пайдалана отырып, АҚШ–пен тиімді шарттағы келісімдерге қол жеткізді [2].

Нақты экономикалық сипаттағы қарым–қатынастардың басталуы 1995 ж. ИИР-дің вице-президенті Х. Мирзаденің ҚХР-ге ресми сапары кезіндегі 2 млрд долл. сомасына тең сауда, мұнай, банк және т.б. салаларындағы келісімдер тізіміне қол жеткізгендігімен анықталады [3].

2000 ж. шілде айында ИИР президенті С.М. Хатамидің Пекинге ресми сапары Иран-Қытай қатынастарының жаңа кезеңін ашты. Екі елдің ресми өкілдері С.М. Хатамидің Қытайда болу мерзімі мен географиялық сипатын (Пекин, Гонконг, Шанхай және т.б.) атап өтті. Сапар барысында экономикалық маңызы зор бес құжатқа қол қойылды. Онда, негізінен, ирандық мұнайды өндіру, өңдеу және Қытайға экспорттау, тау–кен орындарын игеру, капитал салымдарын өзара қорғау, туризм, мәдениет, ғылым жөніндегі ынтымақтастықтарды қамтыды.

2002 ж. 18-22 сәуірде ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьнің жауап ретіндегі ресми сапары, 1979 ж. кейінгі Қытайдың ең жоғарғы ресми өкіл деңгейіндегі екінші сапары болып саналады. Қытай көшбасшысының Иран мемлекетінде болуы маңызды нәтижелерге қол жеткізуімен анықталды. Оның қорытындысы ретінде – мұнай мен газ, пошта, телекоммуникациялық және ақпаратты технологиялар салаларындағы, сонымен қатар екіжақты салық салудан құтылу, теңіз тасымалдары, 2003-2005 жж. жоспарланған екіжақты мәдени байланыстар мен сауда мәселесі бойынша бірыңғай кеңес құру жөніндегі алты келісімге қол қойылғандығы қарастырылды. Осы екі ресми сапар кезіндегі келісімдер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нормативті-құқықтық базасын құрады. Иранда бай мұнай мен газ қорының болуы, қытайлық бизнесмендердің ойынша, тамаша капитал салымдарын жасауға мүмкіндік береді [4].

Жоғарыда аталып кеткендей, екіжақты тауар айналымның ең негізгі құраушысы – мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық. Мәселен, 2002 ж. Иран мен Қытай арасындағы сауда айналымы
4,5 млрд долл. құраса, оның ішіндегі Иран экспортының 98% үлесіне өңделмеген мұнай жатады. Бұл өз кезегінде Қытайдың бүкіл аталмыш шикізат импортының 18%-ын құрайды. 2003 ж. Қытайдың мұнай саласындағы ірі «Zhuhai Zhenrong» корпорациясы Ираннан 12,4 млн тонна мұнай импорттады. Бұл Қытайдың аталмыш саладағы импортының 14%-ын құрайды. 2005 ж. Қытайдың «Тианбао Енерджи» компаниясы Иранның Ұлттық Мұнай компаниясымен (ИҰМК) ай сайын 80 мың тонна мұнай өнімдерін сатып алу туралы келісті. Ал 2007 ж. Иран Қытайдың шикі мұнай қажеттілігінің 15%-ын қанағаттандырды, яғни тәулігіне 567 мың баррельді құрайды [5]. Сонымен қатар ҚХР Иранның мұнай саласын инвестициялауға айтарлықтай мән береді. Мысалы, Қытайдың ең ірі «SINOPEC Engineering Inc.» мұнай және газ компаниясы ИҰМК–пен «Заварех–каншане» мұнай кен орнын бірлесіп қолданатыны жөнінде келіскен болатын. Екі компания арасында 150 млн долл. көлемінде Тебриз және Исфахан мұнай өңдеу зауыттарын құрал–жабдықтармен қамтамасыз ететіні жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Ал қазіргі уақытта Қытай «Азадеган» мұнай кен орнына көп көңіл бөлуде. 2008 ж. Қытай аталмыш кен орнына 1,4 млрд. долл. көлемінде инвестиция құйды.

Газ саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. 2004 ж. наурыз айында «Zhuhai Zhenrong» корпорациясы Иранмен 25 жыл мерзімінде 20 млрд долл. көлемінде сұйық газ сатып алу туралы келіскен болатын. Келісім бойынша 2008 ж. бастап жыл сайын 2,5 млн т. сатып алу, ал кейін 5 млн т-ға көтеру қарастырылды. 2006 ж. соңында қытайлық «China National Offshore Oil» компаниясы «Солтүстік Парс» атты газ кен орнын игеру жөніндегі келісімдерге қол жеткізді. Осы жобаға инвестицияның көлемі 16 млрд долл-ға тең, оның ішіндегі 5 млрд долл. кен орнын игеруге арналса, 11 млрд долл. өндіріс бойынша зауыт салуға бағытталды. 2007 ж. ірі жетістіктің бірі – «Ядаваран» газ кен орнын игеру жөнінде келісімшартқа қол жеткізді. Ал тек 2008 ж. көрсеткіш бойынша, екі ел арасындағы мұнай мен газ сауда көлемі 20 млрд долл. бағаланды [6].

Автокөлік саласындағы ынтымақтастығы да Қытай капиталының кең түрдегі қатысуымен айқындалады. Автокөлік өндіріс зауытын салудағы 25 млн. долл-ға бағаланған Иран мен Қытайдың бірлескен жобасы 2004 жылдан бастап іске асты. Алғашқы кезеңде шығару қуаттылығы 10 мың бірлікке тең болса, 2006 жылдан бастап 30 мың көлікке жеткізілген. Осы Иран мен Қытайдың компаниялары, сәйкесінше, «Ходро» мен «Чери» 2007 ж. бірлескен өндіріске 200 млн долл. құрайтын келісімге қол қойды. 2007-2009 жж. аралығында жалпы көлемі 370 млн долл. болатын инвестиция құюды қарастырды. Осы жағдай жылына 200 мың автокөлік шығаруға мүмкіндік береді [7].

Қытай мен Иран арасындағы ынтымақтастық экономиканың көптеген басқа салаларында да айқын көрінеді. Мәселен, байланыс жолдар саласында, Ирандағы метро салу жобалары да іске асырылған. Айтарлық, 100 млн долл. көлеміндегі Тегеран (орталық) – Әуежай және Хаштгерд – Мехшах жерасты жолдарын салу жөніндегі келісім жүзеге асты. Мазандаран провинциясында


32 метрлік туннель салу жобасы 300 млн долл. бағаланды. Ал Иранның танкерлік компаниясы Қытайдан 170 млн. долл. көлемінде 5 ірі танкер сатып алу жөнінде келіскен.

Жылу энергетика саласындағы Иран-Қытай ынтымақтастығы 10 жылдық бағдарлама бойынша Иранда ЖЭС салу және оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шарт негізінде қарастырылды. Қытай тарапынан салымдар көлемі 1 млрд долл. шамасына жетеді. Құрылыс саласы бойынша Қытайдың «CSCEL» құрылыс компаниясы Тебриз қаласындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 20 мың ғимаратты салу жөнінде келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру жөнінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуда. Кей мәліметтерге сай, ИИР–де Қытай компанияларының қатысуымен 200–ге жуық жобалар іске асырылуда. Олардың үштен екі бөлігі мемлекетаралық деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан қалыптасқан жағдайда жеке меншік капиталының қатысуын арттыруға арналған шаралар көзделуде [8].

Қытай мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қатынастар стратегиялық маңызы бар. Екі ел арасындағы байланыстардың кең түрде нығаюы «Солтүстік-Оңтүстік дәліз» атты жаңа сауда жолының орнатылуына импульс беруі мүмкін. Аталмыш дәліз Қытай-Үндістан-Ресей-Иран арасындағы сауда маршруттарын қосып, Суэц каналына бәсекелестік тудыруды көздейді. Ал Қытайдың қатысуы осы жобаның өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді [9].

Иранның Қиыр Шығыстағы мемлекеттердің ішінен Жапониямен ынтымақтастығындағы үлесі зор. АҚШ-тың ең жақын одақтасы Жапония мен америкалық бағытты ұстанған Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1953 ж. қалпына келтірілген болатын. Жапония ұзақ жылдар бойы Иранның «бірінші» сауда әріптесі ретінде саналды. Қазіргі кезеңде Жапонияның Иранмен сауда-экономикалық қатынастарындағы белсенділіктің біршама баяу болуымен ерекшеленеді. Оған себеп ретінде, сыртқы саяси мәселелерінде Токионың Вашингтонға тәуелділігімен анықталады. Бірақ


1979 ж. Ирандағы ислам революциясы одақтастар арасындағы қатынастардың бір бағытты емес екендігін көрсетті. Бұл жағдай кей мәселелер жөнінде қазірдің өзінде де байқалады Айтарлық жайт, 1979 ж. қараша-желтоқсан айларындағы Вашингтонның АҚШ-Иран шиеленісін интернационализациялау шаралары Жапония тарапынан қолдау таппады. Бұл дегеніміз Таяу Шығыстағы реттеу мәселелері жапон-америкалық қарым-қатынастарының қарама-қайшылығын көрсетті. Мәселен, 1978 ж. өзінде бүкіл мұнай импортының 77,8%-ы Таяу Шығыстан болса, 16,8%-ын Иранның үлесі құраған болатын [10].

Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 2000 ж. ИИР президенті С.М. Хатамидің ресми сапармен Жапонияға келуімен белгіленді. Кездесу барысында стратегиялық маңызы бар жобаға қол жеткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – «Азадеган» атты мұнай кен орнын игеру және инвестициялау, осы мәселе жөнінде келіссөздер болды. Аталмыш кен орны 1999 ж. Иранның оңтүстік-батысында табылған, оның қоры 26 млн баррель мұнайды құрайды. Осы жағдай бір күндік игеру көлемін 300-400 мың баррельге жеткізу мүмкіншілігі бар. Келісім бойынша аталмыш кен орнын игеруде Жапония компаниялары ерекше құқықтармен иемденді. Осы жоба алғашқы кезеңде 2-2,8 млрд долл. қаражат шамасында бағаланды. Консорциумге Жапонияның «Томен», «Инпекс», «Джапан Петролиум эксплорейшн» компаниялары енген болатын. 2003 ж. Иранның ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ-тың Жапонияға қыспақ көрсету нәтижесінде консорциумнан «Томен», ал кейін «Джапан Петролеум эксплорейшн» компаниялары шығып кетті. Бұл оқиға Жапонияның Ирандағы орнын әлсіретті.

Оған қарамастан, 2004 ж. ақпан айында жапондықтар Тегеранмен жоба бойынша жаңа келісімдер жасауға бет алды. Осы жолы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Мәселен, «Азадеган» мұнай кен орнын игеру бойынша бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Консорциумге Жапония жағынан 75% акциясы бар жалғыз қалған «Инпекс» компаниясы мен акциясы 25%-ға тең Иранның Ұлттық мұнай компаниялары кірді. Келісімдерге сай, алғашқы кезеңде тәулігіне 150 мың баррель игерілетін болса, кейінгі кезеңде 260 мыңға жеткізілуі қарас-тырылды [11]. Бірақ АҚШ–тың істерге араласуы, осы келісімдердің ұзақты болуына мүмкіншілік бермеді. 2006 ж. басында жапондықтар осы мәселе бойынша жағдайды жақсартуға бірнеше қадамдар жасағанымен, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмады. Тегеран, өз кезегінде, өзінің ядролық бағдарламасына қатысты пейілділікті талап ете отырып, Жапонияға «Азадеганды» байланыстырып отырған. Шешімге келе алмағандықтың нәтижесінде, 2006 ж. соңында «Инпекс» компаниясының жобадағы үлесі 75%-дан 10%-ға төмендеді. Ал 2007 ж. Иранның ресми өкілінің мәлімдеуінше, «Азадеган» бойынша Иран тарапынан бүкіл келісімдер толығымен күшін жойды. Нәтижесінде Жапония Иранның «нөмірі бірінші» сауда әріптесі орнынан айырылды [12].

Экономиканың басқа салаларында Жапонияның ынтымақтастығы зор. Көлік салу, тау кенін игеру, болат құю өндірістерінде және электр станцияларды салу салаларында белсенділігінен айырылмады. Сонымен қатар Иран экономикасының сұйық отыннан газ түріне өтудегі жобаларда көшбасшы орынға ие. 2000-2005 жж. аралығында аталған жобаларға 10 млрд долл. көлемінде қаражат салынды.

Қазіргі қалыптасқан жағдайға қарамастан, Жапония әлі де Иран мұнайының негізгі тұтынушысы. Иран Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінен кейінгі Жапонияның үшінші ірі мұнайды экспорттаушы мемлекеті болып табылады. Мәселен, 2007 ж. саяси жағдайға қарамастан Жапония уақытша, Ираннан әкелінетін мұнайдың көлемін 46,1%-ға арттырды. Бұл жағдай, өз кезегінде аталмыш шикізатындағы жапондық импорттың 99%-ын құрады.

Иранның ресми көрсеткіштері бойынша, соңғы кездегі екі ел арасындағы сауда айналымы


2007 ж. – 14,3 млрд долл. құраса, 2008 ж. – 20 млрд. долл. шамасына жетті. Иран мен Жапония арасындағы саяси сипаттағы қайшылықтарға қарамастан, экономикалық ынтымақтастықтағы өсу тенденциясы байқалуда. Осыған қосымша ретінде ИИР президенті Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, мұнайды АҚШ долларымен сату толығымен тоқтатылды, енді тек евро мен йенге экспортталатын болды. Бұл өз кезегінде Жапония мен Иран үшін кезекті қаржы санкцияларынан зардап шегу факторларын әлсіретеді [13].

Иранмен сауда–экономикалық қатынастарына Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері де белсенді қызығушылық білдіруде. Екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу және дамыту үшін құрылған сауда–экономикалық және ғылыми–техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы құрылды. Атап өткен жөн, ынтымақтастықтың негізгі компоненті – Иранның экспорты, оның ішінде өңделмеген мұнай. Ал Иран Оңтүстік Корея үшін аталмыш шикізатты экспорттау бойынша Сауд Арабиясы, БАӘ, Оман және Кувейттен кейігі бесінші орынды иемденеді. Бұл жағдай екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты айқындайды.

Оңтүстік Кореяға Иран тарапынан өзге тауарлар да сатылады, мысалы, жеміс–жидек, шырындар, мұнайхимия өнімдері, әсіресе метанол және кілемдер. Ал Иранға Оңтүстік Кореядан автобөлшектер, жиһаздар, кинескоптар және өзге де техникалар әкелінеді [14].

Сауда-экономикалық және ғылыми–техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының қызметі негізінде Тегеран мен Сеул мұнайхимия өнеркәсібінде, энергетика мен су шаруашылығы, ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың нығаю жөнінде келісімдерге қол жеткізді. Осыдан басқа, тау–кен өнеркәсібі мен ақпаратты технологиялар жөніндегі жұмыс комитеттерін құру жүзеге асырылды. Корея тарапынан ерекше қызығушылықты автокөлік, электроника және темір жол салу салаларындағы ынтымақтастық танытады. 2006 ж. экономикалық қатынастардың дамуына бағыт беретін екі маңызды келісімдерге қол жеткізілді, мәселен, екіжақты салық салудан босату жөніндегі және өнеркәсіп, экономика және сауда салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі келісімдерді атап өту қажет [15].

Ресми көрсеткіштерге жүгінсек, екі ел арасындағы сауда айналымның өсуін байқауға болады. Айтарлық, 2003 ж. сауда айналымы – 3,5 млрд долл. болса, 2004 ж. – 4 млрд долл. құрады, ал 2007 ж. – 9 млрд долл-ға өсті. Бұл тенденция болашақта да сақталуы қарастырылуда. Оны Оңтүстік Корея жағынан ресми өкілдерінің мәлімдемелерінен байқауға болады [16].

Иранның Қиыр Шығыс елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығындағы өзге маңызды аспектісі ретінде арнайы экономикалық кеңістік қарастырылады. Соңғы кезде Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея тарапынан Иранның Каспий теңізіндегі арнайы экономикалық кеңістіктерге (АЭК) зор көңіл бөлінуде.

2003 ж. бастап Каспий теңізіндегі Энзели порты арнайы экономикалық кеңістік (АЭК) мәртебесіне ие болып, онда каспийлік сауда–көрмелік кешен ашылған. Энзели портының АЭК режимі транзит шарты бойынша баж салығынсыз тауар кіргізуге рұқсат етеді. Аталмыш АЭК болашақта еркін сауда кеңістігіне (ЕСК) өзгерілуі мүмкін. Иранның Мәжілісімен тағы екі порт ЕСК–ке айналуы қарастырылған. Ал Қытай тарапынан қосымша ретінде «Арас» АЭК–ке және Чабахар және Бендере Хомейни порттарының дамуына қаражат құйылған болатын [17]. Әрине, Иранның Қиыр Шығыс елдерімен қарым–қатынастарындағы келеңсіз жағдайды тудыратын фактор – Иранның ядролық бағдарламасы (ИЯБ) және АҚШ-тың осы істерге араласуы.

Осы қалыптасқан жағдайда, шексіз зардап шегетін бірден-бір мемлекет – Жапония. Атап айтқанда, 2003 ж. бастап АҚШ-тың ИЯБ-қа қарсы ұстанған бағыты Жапонияны, оның стратегиялық әріптесі ретінде, өзімен бірге еліктіруді көздеген. Осының нәтижесінде Жапония өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біршама артқа шегінуге мәжбүр еді. Ал АҚШ-тың кейінгі қыспақтары нәтижесінде, Жапония Ирандағы көшбасшы орнынан айырылып қана қоймай, оның ізімен еруге мәжбүр болды [18]. Мәселен, 2008 ж. сәуірде Жапонияның Министрлер кабинеті ИЯБ-қа қарсы бағытталған санкциялар енгізген болатын. Санкция шеңберінде 35 ирандық ұйымдар мен 40 жеке меншіктің ақша қаражаттары қамауға алынды. Токио әлі күнге дейін Иранды БҰҰ ҚК қарарына бағынуды талап етеді. Себебі, ИЯБ Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт режиміне және Таяу мен Орта Шығыстағы қауіпсіздігінде қауіп–қатер тудыруда. Бұл, өз кезегінде, энергетикалық қауіпсіздікке үлкен әсерін тигізеді [19].

Қытай мен Оңтүстік Кореяға ИЯБ салыстырмалы түрде кері әсерін тигізеді. Осы мемлекеттердің ірі компаниялары мен қаржы институттары АҚШ және Еуропамен тығыз байланыстар жүргіз-гендіктен, ИЯБ кесірінен сенімді әрі берік еуропалық және американдық әріптестерімен қарым-қатынастарын әлсіреткісі келмейді. Сол себептен, Қытай мен Оңтүстік Корея Иранның іскерлік топтарымен белсенділікті арттыруға асықпайды. Тіпті 2007 ж. Қытай Үкіметі ИЯБ-қа қарсы санкция-ларды қолдады, ал кейбір ірі банктері ИИР-мен жұмыс істеуден бас тартты [20]. Бірақ болашақта сенімділік беретін бір жайт – жақындағы Иранның энергетика министрі Парвиз Фатахтың мәлімдемесі. Ол бойынша Иранның ядролық энергия өндірісі толығымен ашық және МАГАТЭ-нің бақылауында жүріп жатқанын айқындады [21].

Кейбір ирандық сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы әлемдік энергетикалық аштық өзінің шарықтау шегіне жетеді. Сол жағдай көптеген мемлекеттерді келісімпаз етеді. Оған дейін Иранға қазіргі халықаралық жүйедегі энергетикалық қауіпсіздіктің маңызды торабы болуға қол жеткізу қажет. Сарапшылардың ойынша, Иранның энергетикалық дипломатиясында Қиыр Шығысқа ерекше орын берілетін болады, себебі қаншалықты осы мемлекеттер энергоүнемдегіш технологияларды белсенді түрде қолданғанмен де, ирандық мұнай мен газға қызығушылық сақталады.



_____________________


  1. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей) //http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  2. Никки Кеддие Современный Иран: Причины и Результаты Революции — Нью-Хейвен: Yale University Press, 2003. — С. 233-234.

  3. China and Proliferation of Weapons of Mass Destruction and Missiles: Policy Issues, p.7 /CRS report RL31555//http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/21-02-06b.htm

  4. Мамедова Н.М., Ульченко Н.Ю. Особенности экономического развития современных мусульманских государств (на примере Турции и Ирана). - М.: Городец, 2006. - С. 288

  5. Тульев М. Состояние и перспективы развития ирано-китайских отношений //ttp://forum.iranatom.ru/index.

  6. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей) //http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  7. Колкунова К. «Эксперт» №31 (572) Chery завоевывает новые рынки. /27 августа 2007// www.expert. ru/printissues/expert/2007/27

  8. Мамедова Н.М. , Ульченко Н.Ю. Особенности экономического развития современных мусульманских государств (на примере Турции и Ирана). - М.: Городец, 2006. - С. 288.

  9. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  10. Никки Кеддие Современный Иран: Причины и Результаты Революции — Нью-Хейвен: Yale University Press, 2003. — С. 128.

  11. Вартанян А.М. Главный проект ирано-японского экономического сотрудничества// http://www.ngv. ru/article.aspx?articleID=23045

  12. Японская компания Inpex смирилась с фактической потерей прав на иранское нефтяное месторождение Азадеган, ее доля будет урезана с 75 до 10 процентов 06.10.2006// www.prime-tass/news/show.aspid=870901&ct=news

  13. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  14. Иран и Южная Корея будут сотрудничать в нефтехимической области// //finance.rol.ru/news/page 0002F/default.asp

  15. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  16. Южная Корея в 2007 г увеличила импорт нефти //www.prime-tass.ru/main_new

  17. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  18. Al J. Venter Iran's Nuclear Option: Tehran's Quest for the Atom Bomb Havertown, Pa.: Casemate, 2004. - P 216.

  19. Япония ввела дополнительные санкции в отношении Ирана 22.04.2008// http://www.rian.ru/world/20080408/ 104054333.html

  20. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf

  21. Все работы Ирана в рамках производства ядерной энергии полностью прозрачны и ведутся под контролем МАГАТЭ - министр энергетики 20.03.2009 // http://www.prime-tass.ru/news/show.asp?id=876290&ct=news


СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
Августхан С.А. - ҚР Ішкі істер министрлігі Академиясының адъюнкті, полиция капитаны

Аманбаев М. - халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының 2-курс магистранты

Әліпбаев А.Р. - т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және ҚР-дың сыртқы саясаты кафедрасының доценті

Бек-Али Е. - докторант факультета международных отношений КазНУ им. аль-Фараби

Боранбаева А.Ж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ирантану және үндітану кафедрасының аға оқытушысы

Бузуртанова М.М. - старший преподаватель кафедры иностранных языков ФМО КазНУ им. аль-Фараби, соискатель кафедры МО и ВП РК

Булдыбаев О.Ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық мамандығының 2-курс магистранты

Бидаулетова А.Д. - докторант Ph.D II-го года обучения кафедры международного права факультета международных отношений

Бюжеева Б.З. - т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының доценті

Губайдуллина М.Ш. - доктор исторических наук, профессор, кафедры МО и ВПРК КазНУ им. аль-Фараби, Мендибаев А.М. – аспирант кафедры МО и ВПРК, КазНУ им. аль-Фараби

Деловарова Л.Ф. – магистрант первого года обучения кафедры международных отношений и внешней политики РК, КазНУ им. аль-Фараби

Жүніс Қ.Ә. - т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасының доценті

Ержан С. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар мамандығының 2-курс магистранты

Ибраева Э.А. кандидат исторических наук, директор Алматинского Бизнес-колледжа

Ибраев А.А. – научный сотрудник Казахстанской Академии информации и бизнеса

Иембекова М.О. - т.ғ.к., Т. Рыскулов атындағы ҚазЭУ-дің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті

Каукенов А. – директор китайского центра ИМЭПа

Кукеева Ф.Т. - д.и.н., профессор заведующий кафедрой международных отношений и внешней политики РК

Күзенбаев Д. - халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс магистранты

Қожахметов К.Қ. - т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының профессоры

Мырзабекова Р.С. - тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті, дүние жүзі тарихы кафедрасының доценті

Махмутов Т.Н. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ирантану және үндітану кафедрасының оқытушысы

Мырзабекова Р.С. - т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүние жүзі тарихы кафедрасының доценті

Мырзабеков М.С.т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының доценті

Нурдавлетова С.М. – кандидат исторических наук, преподаватель кафедры международных отношений и внешней политики РК ФМО КазНУ им. аль-Фараби

Омарова. М.А. - т.ғ.к., қазіргі шығыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Садықова Р.О. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы

Сембаев Ж. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Сейтмустафа Б. - магистрант 2 курса факультета международных отношений специальности «международное право» КазНУ им. аль-Фараби

Төлеген М.Ә. – з.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Турсунбаев Т.А. – д.и.н., профессор, заведующий кафедрой истории Казахской Академии спорта и туризма Пастухов Е. – аспирант факультета международных отношений КазНУ им. аль-Фараби, корреспондент общественно-политического журнала «КонтиненТ»

Шатыров Е. - магистрант 2 года обучения специальности «регионоведение»

Шалгымбаева А.С. - магистрант 2 курса факультета международных отношений специальности «международное право» КазНУ им. аль-Фараби

Ыскак А.С. - к.и.н., доцент кафедры источниковедения и историографии КазНУ им. аль- Фараби

Хайдаров Б.К. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ирантану және үндітану кафедрасының оқытушысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет