«Халықаралық экономикалық қатынас»



бет6/10
Дата11.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#128286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әрбір ел өз миграциялық саясатының бағыттары мен мақсаттарын анықтауда еріктілігіне қарамастан, халықаралық ұйымдар құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық ережелер бар. Еңбек миграциясының мәселелерін реттеудің үш деңгейі бар: халықаралық, аймақтық және ұлттық.

Халықаралық деңгейде еңбек күші миграциясын реттеуде 185 мемлекет-мүшесі бар, штаб-квартирасы Нью-Йоркте орналасқан, 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы маңызды орын алады.

БҰҮ-ның арнайы құрылымы - қашқындар ісі бойынша (БҰҰ) Бас комиссары Басқармасы 1950 жылы құрылды. 1951 жылы 108 ел қашқындар статусы конвенциясына қол қойды.

Халықаралық миграция ұйымы (ХМҰ) 1951 жылы, Женевада құрылды. Осы ұйымға 48 мүше-ел мен 35 бақылаушы-ел кіреді. Ұйымның маңызы жылдан жылға өсуде. Халықаралық миграция ұйымының мақсаты - халықаралық миграцияның жоспарлығы мен тәртіптелуін, оны ұйымдастыру, тәжірибе мен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Оның қалыптасқан ұйымдық құрылымы бар. Сол арқылы талаптанған мигрант пен еңбек бойынша мемлекеттік органдарды қандай да бір елдің еңбек рыногындағы жағдай туралы, оның ішінде кәсіптер, мамандану, жұмысқа алу жағдайлары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Халықаралық еңбек ұйымы - 1919 жылдан жұмыс істеп келе жатқан, ең қадірлі ұйым болып табылады. Оның құрамына 160 мемлекет мүше болып кіреді.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдар эмиграция елдеріндегі жағдайды зерттейді миграция ағымдарының пайда болуын болжап, барлық мүше елдерді миграциялық салада саясатын үйлестіріп, халық қозғалысына бақылау орнатуға байланысты ұсыныстар беріп, эмиграциялауға шешім қабылдаған адамдар санын қысқартудағы алдын ала шараларын ұсынады.

Сыртқы еңбек миграциясының халықаралық құқықтық негіздеріне жататын төмендегі құжаттар:


  1. 10.12.48 жылғы жалпы адам құқығы декларациясы.

  2. 16.12.1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы
    халықаралық пактысы.

  1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасу Кеңесінің қорытынды актісі 1.08.1975 жыл.

  2. 1986 жылғы Веналық кездесудегі Еуропадағы қауіпсіздік пен
    ынтымақтасу кеңесінің мүше елдерінің қорытынды құжаты.

  3. Сыртқы еңбек миграциясы, жұмысшы мигрант пен жанұя
    мүшелері туралы Халықаралық еңбек ұйымының концепциялары
    мен ұсыныстары.

Еңбек миграциясы - объективті экономикалық процесс. Ол ұлттық заңдар мен халықаралық нормативті актілер негізінде өркениетті түрлерімен жүзеге асырылады. Осы мәселеге қатысты әлемдік қауымдастықтың көзқарасы, еңбек миграциясының жұмысқа орналасу мақсатындағы іс-әрекеті халықаралық құқықтың объектісі болғаннан бері өзгерді. БҰҰ шеңберінде бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, олар азаматтардың басқа мемлекетте кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда заңды мүдделері мен абыройына нұқсан келтірмей, олардың құқықтары мен еркіндігіне қатысты қысымшылық жасау, экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы кедергілерді болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталды.

1966 жылы БҰҰ қабылдаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт мүше елдерді азаматтардың келу құқығын қамтамасыз ететін норманы бекітті. Пактың 12 бабында әрбір адам кез келген елден, өзінің елінен де кетуге және келуге құқылы деп, Жалпы адам құқығы декларациясының 2 тарауының 13 бабын толық қайталауда (1948 жылы).

Қазіргі уақытта көптеген ұйымдар мен мекемелер, әсіресе БҰҰ шеңберінде, жұмысшы күші мен халықтың миграциясы мәселерімен айналысуда.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері.

2.Миграцияның экономикалық тиімділігі.

3.Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №10. Технологиялардың халықаралық айырбасы

1.Технологиялардың халықаралық қозғалысы.

2.Технологиялардың халықаралық айырбасының мехенизмдері.

3. Халықаралық техникалық ықпалдастық.

4.Технологиялардың берілуін мемлекеттік реттеу.

Тақырып бойынша басты түсініктер: технологиялардың халықаралық қозғалысы, халықаралық айырбас механизмдері, халықаралық техникалық ықпалдастық.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Технологиялардың халықаралық қозғалысы.

2.Технологиялардың халықаралық айырбасының механизмдері.

3. Халықаралық техникалық ықпалдастық.

4.Технологиялардың берілуін мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Модуль 3 Валюталық қаржылық қатынастар және экономикалық интеграция

Дәріс №11. Халықаралық экономикалық интеграция

1.Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары.

2.Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері.

Тақырып бойынша басты түсініктер: Экономикалық интеграция, интеграциялық бірлестіктер.

1.Экономикалық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары. Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының зандылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көп жақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болды.

Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің бұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді керсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайды.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскери қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенін ғаламдық Қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақытында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттык және т. б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғарғы технология және озық техниканың, информатика және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономикасы дамуына және еңбек бөлінісінің терендеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймактардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халыкаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.

Қазіргі Экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен "integer" - толық) - экономикалық тұлғалардын бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінін тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық-шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара "кедергілерді" жою бағыттарында айқын көрінеді.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:



  • интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен
    нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция,
    көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе
    дамушы елдер арасында қалыптасуда. Тіптен, индустриалды
    дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық
    процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер
    арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер
    арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері
    кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жанадан дамып
    келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау
    әлі де болса ертерек. Шаруашылық механизмдерінің бастапқы
    сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім-
    шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және т.б. бастайды. Олардың
    іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде
    жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;

  • елдердің жағрапиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ
    шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байла-
    ныстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер
    жағрапиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес
    елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ
    транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлес-
    тікке ұмтылған бастапқы елдер тобына - интеграциялық өзекке -
    біртіндеп басқа көрші мемлекеттер де кіре бастайды;

  • экономикалық интеграция экономикалық және басқа да
    жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық. даму және
    қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселе-
    лердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер
    алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол
    себепті, негізгі міндеті нарықтық экономиканың негіздерін құру
    болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ
    валютаға өткелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол
    сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті
    мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының
    еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық
    құрылымға бара алмайды;

  • Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің
    белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің
    қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялык, әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;

- "домино эффектісі". Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары болмаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы - НАФТА-ға кіруімен түсіндіріледі.

Қазіргі халықаралық экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды.



Масштабтың экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді, трансакциондык. шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты қамтамасыз ету. Бұл, өз кезегінде, үлкен нарықтарға көбірек назар аударатын тікелей шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді, себебі олардың сұранысын қанағаттандыра алатын дербес өнеркәсіпті құру мәні пайда болады. Регионалды масштабтарды ұлғайту мақсаты көбіне Орталық Америка және Африка интеграциялық топтарында айқын көрінеді.

Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық бірлестіктердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдениеттік және басқадай экономикалық емес облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара түсінушілігін нығайту болып табылады. Жағрапиялық орналасуы жағынан бір-біріне жақын және даму барысында ұқсас мәселелердің бар болуы, өзара экономикалық міндеттермен нығайтылған, кершілес елдермен жақсы қатынастын қалыптасуы - маңызды саяси приоритет болып табылады. Оңтүстік -шығыс Азия және жақын Шығыс елдері интеграциялық бірлестіктерді құра отырып, алдарына дәл осы мақсатты нақты қойды.

Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция ВТО-ға мүше болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады. Елдердің регионалды блок атынан келісімді сөз сөйлеп-орындауы сауда саясаты облысында басымдырақ және тілекке сәйкес салдарға жетуге мүмкүншілік береді деген көзқарас қалыптасқан. Сонымен бірге, жан-жақты сауда келіссөздеріне қарағанда, регионалды блоктар өзара сауда үшін тұрақты және алдын ала болжамды ортаны құруға мүмкүндік береді. Солтүстік және Латын Америкасы,) Оңтүстік-Шығыс Азия интеграциялық бірлестіктерінде коллективтік күшеюге көпжақты сауда келіссөз шеңберінде ерекше үміт жүктейді.

Экономиканың құрылымдық қайта қүрылуына көмектесу. Нарықтық экономиканы құрушы немесе терең экономикалық реформаларды іске асырушы елдердің нарықтық дамудың жоғарырақ деңгейіндегі елдердің регионалды сауда келісіміне қосылуы нарықтық тәжірибенің берілуінің маңызды каналы таңдап алған нарықтық курстың өзгермейтін кепілі ретінде қарастырылады. Дамуы жоғарырақ елдер көрші елдерді интеграциялық процестерге қоса отырып, онда нарықтық реформасының тезделуіне және толық әрі сыйымды нарықтың құрылуына қызығушылықпен қарайды. Осындай мақсаттарды көздеп көптеген батыс еуропалық мемлекеттер ЕО-на әр түрлі формада қосылуда.

Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау. Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қарастырмайды, себебі ол жергілікті өндірушілерді қолдау жолы ретінде кеңірек регионалдық нарықтың пайда болуын қамтамасыз етеді. Осындай протекционистік көңіл-күй Латын Америкасы және Африка елдерінде СахараданОңтшүстікке, әсіресе 60-70 жылдары басым болды.

2.Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері. Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері, идеологиясы, анықтамалары мен аттарының белектігіне қарамастан, олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп Қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интегра-цияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі (1-ші кесте).



Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы Кадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. "Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге карағанда қолайлырақ режим ұсынады. Белгілі дәрежеде бұл ГАТТ/ВТО-да қалыптасқан кедендік одақ құру мақсатымен қол қойылған уақытша келісімдердегі ең қолайлы жағдай принциптерінен ауытқу болып табылады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің алғашқы қадамы емес, тек оған дайындық кезеңі деп қарасты-рылуы қажет, себебі ол тек дамыған формаларында ғана сол процеске айналады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемелекетаралық органдар құрылмайды.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылык. өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолданылады. Еркін сауда аумағы мүше-елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекет аралық секретариатпен басқарылуы мүмкін, бірақ көбіне аталған секретариатсызақ аумақ дамуының негізгі параметрлерін тиісті ведомстволар басшыларының мезгілді қеңестерінде келісу арқылы жұмыс атқарады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифты енгізу және бірыңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Кедендік одақ тауарлар мен қызметтердің ішкі интеграциялық алымсыз саудасын және олардың аймақтағы 1-ші кесте қозғалысының толық еркіндігін көздейді. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекет аралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап (қажет) етеді. Көбіне олар тұрақты қызмет ететін мемлекетаралық секретариатқа негізделген тиісті ведомстволарды басқаратын министрлердің мезгілді кеңесі түрінде өтеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бірынғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан, сырткы саясатты мемлекетаралық үйлестірудің анағұрлым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде (әдетте кылына 1-2 рет), қаржы министрліктерінің, орталық банктердің және басқа да экономикалық ведомстволардың басшыларының жиірек кездесуі кезінде іске асырылады. ЕО-та бұл мемлекет және үкімет басшылары Европалық Кеңесі, ЕО-тын министрлер Кеңесі кәне ЕО-ың секретариаты.

1-кесте

Интеграциялық процестің кезеңцері


өзара саудада тарифтік және де басқа да тарифтік емес кедергілерді қысқарту
Үшінші елдерге қатысты ұлттық тарифтерді сақтау
Мемлекет аралық басқару органдары құрылмайды



1. Преферен-

циялдық сау-да келісімі (preferential trade agreement)


Өзара саудада тарифтік және тарифтік емес тосқауылдарды алып тастау
Тауар мен қызметтердің мемлекет аралық қозғалысының еркіндігі
Кішігірім мемлекетаралық секретариат

2. Еркін сауда аймағы (free trade zone)
ге қатысты бірдей тарифтік және тарифтік емес реттеу
Министрлер деңгейінде мемлекетаралық кеңес және секретариат

3. Кедендік одақ (customs union)
Өндіріс факторларының қозғалысы еркіндігі
М емлекет басшылары кездесуі, министрлер кеңесі, секретариат



4. Ортақ нарық (common market)

Экономикалық саясатты үйлестіру




5. Экономикалық одақ (economic union)

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Бұл кезеңде жай іс-әрекетті үйлестіру және экономикалық дамуды бақылау ғана қабілеті бар органның орнына, бүкіл топтың атынан оперативті шешім қабылдай алатын орган қажет. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекеттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше мемлекеттер Үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО-ғы шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси Одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым кепшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді. Бірақ интеграциялык. топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті әз алдына бұндай мақсаттар қойған жок.

ЕО, НАФТА-ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интрегация тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, ендірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдерінің ассоциациялары кемегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртүтас экономикалык кеңістіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, 6үл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тек құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

Халықаралық экономика тұрғысынан интеграцияны бағалаудың екі көзқарасы бар: ол не ауқымдырақ еркін саудаға қадам, не сауда жолдарындағы тосқауыл ретінде қарастырылады. ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес, ең қолайлы жағдай режимінен бір ғана ауытқу бекітілген - ол ГАТТ-ң 24 бабы. Осы бап бойынша кедендік одақ және еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі бар. Ережелерге сәйкес интеграция құрудан бұрын, біршама ұзақ мерзімге "өтпелі келісімдер" қабылдануы мүмкін. Нәтижесінде кедендік одақ немесе еркін сауда аймағы құрылады, бірақ мына шарт орындалуы қажет: тек мүше-елдер арасында "барлық тауарларға" сауда тосқауылдары жойылып, басқа елдермен саудада тосқауылдар саны көбеймеуі қажет.

Интеграциялық қауымдастық дамудың қай деңгейінде тұрғанын дәл анықтау өте қиын. Бұл бір жағынан нақтылай, толық ақпараттың жоқтығы, екінші жағынан, жарияланған мақсаттар мен қол жеткен жетістіктер арасындағы үлкен келіспеушілік нәтижесі. Кейбір жағдайда, өзін экономикалық одақ деп атайтын топ, тек кедендік тарифтерді өзара жоюдың алғашқы сатысында болуы мүмкін, яғни тіпті еркін сауда аймағы деңгейіне де жетпеген. Немесе, ортақ кедендік тарифтер әлі қарастырылмаған, тек қағаз жүзіндегі кедендік одақ болуы мүмкін.

Халықаралық экономикада интеграциялық топтар оқтын-оқтын пайда болып, жоғалып отырады, әсіресе дамушы елдер арасындағы топтар. ГАТТ/ВТО мәліметтері бойынша, 90-шы жылдардың орта шенінде дүние жүзінде 30-дан астам әр типті интеграциялық топтар пайда болған. Салыстыру үшін айта кетейік, 80-ші жылдары 5-6 ғана топ болған, оның өзінің басым көпшілігі іс жүзінде істемеген. 70-ші жылдары интеграциялық топтар саны 18-20-ға жуық болған. Ол кезде интеграцияның дүние жүзінде таралуына түрткі болған Батыс Еуропадағы интеграциялық процестер.

Әрекет етуші негізгі интеграциялық топтарды жарияланған түпкі мақсаттары бойынша классификацияласақ, қазіргі халықаралық экономикада интеграциялық процестің дамуының әрбір сатысында тұрған интеграциялық топтардың бар екенін байқауға болады (2-ші кесте). Кейбір топтар белгіленген интеграциялық бағдарламасын толық орындап, тек оның кейбір жақтарын жетілдіруде (Австралия-Жаңазеландия ЕСА, Балтық ЕСА, Орталық Америка ортақ нарығы және т.б.). Бірак, басым көпшілігі қойылған мақсатқа жетудің алғашқы сатысында. Мысалы, өзін кедендік одақ деп атайтын Шығыс-кариб елдерінің ұйымының жеті елінін тек Доминика, Сент-Винсент және Гренадины сияқты үш мемлекеті ғана үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік тарифті қолданады. Ал өзінін мақсаты ретінде 51 Африка мемлекеттерінен экономикалық одақ құруды көздеген Африкан экономикалық қауымдастығы оны 1994 жылдан бастап 34 жылға созылатын өтпелі кезеңде қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, экономикалық интеграцияның алғашқы қадамдарынан кедендік одаққа дейінгі деңгейді іс жүзіне асыру оңайырақ. Жарияланған мақсаттары мен аттарына қарамастан, басым көпшілік топтар не преференциалдық сауда келісімдері, не ЕСА деңгейінде тұр. Олар макроэкономикалық саясатты үйлестіру немесе унификациялау міндеттемелерін қарастырмайды, сондықтан іс жүзінде енгізу үшін қолайлырақ (оңайырақ). Ең дамыған интеграциялық қауымдастық, әрине, Еуропалық Одақ. Белгілі дәрежеде ол интеграцияның кейбір элементтері меңгерілген модель.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет