«Халықаралық экономикалық қатынас»


Ағымдығы опреациялар шоты



бет9/10
Дата11.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#128286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Ағымдығы опреациялар шоты. Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді:

а) нақты ресурсты нақты (бартер) немесе қаржылық (нақтылай


ақшасыз есеп айырысу, несие және т.б.) ресурсқа айырбастау.

Соңғысына жаңа қаржы талаптары мен міндеттемелерін жасақтау немесе жоқ қылу (қарызды кешіру) кіреді.

б) бір қаржы ресурстарын басқасына айырбастау;

в) өндіріс факторларын пайдаланудан (еңбек пен капитал) түскен


табыстар мен төлемдер;

г) қайтарымсыз трансферттер - бір жақтың екінші жаққа


экономикалық бағалықтарды ешбір талаптарды тудырмай беруі
немесе ешқандай міндеттемелерді тудырмай бағалықтарды
кабылдауы.

Трансферттер ағымдағы және капиталды болуы мүмкін. Халықтың көшіп-қонуымен байланысты материалдық және қаржы ресурстарының қозғалысы капиталды трансферттерге кіреді.

Барлық қаржылық, сауда және тағы басқа операциялар нарықтық негізде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондыктан төлем балансының операцияларының бағалары сатушы мен сатып алушылар арасында ерікті айырбас кезінде қалыптасатын нарықтық бағалармен бағалануы тиіс. Бұл жерде нарықтық баға түсінігін әлем нарығында қандай да тауарға қалыптасатын баға болып табылатын жалпылама бағалық индикатормен шатастырмау қажет.

Бірақ нарықтық бағаларды қолдануға келмейтін операцияларды қалай бағалау керек? (оларға біз бартерлік мәмілелерді, филиалдар арасындағы операциялар мен трансферттерді жатқызамыз). Бұл жағдайларда нарықтық бағалардың орнына олардың орнын басатын көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Мысалға, бартерлік сауда кезінде, бағалар олардың сатылу жағдайындағы деңгейде есептеледі.

Экспорт пен импорт тауарларының сауда операцияларының тіркелуі Инкотермс талаптарына сәйкес есепке алынады. Басқаша айтқанда, экспорт экспортер елдің кедендік шекарасынан тыс тасымалдау шығындарын есептемейтін франкоборт немесе ФОБ бағаларында есептелінеді. Импорттауарлары кеденде халықаралық сақтандыру мен тасымалдау шығындары кіретін СИФ негізінде тіркеледі. Бірақ төлем балансындағы есептеріне импорт та ФОБ негізінде тіркеліп, сақтандыру мен жүк тасымалдау "қызмет көрсету" бабында көрсетіледі.

Операциялар төлемдерінде кез келген валюта, оның ішінде ұлттық валютаны пайдалану мүмкін болғандықтан, соңғысының уақыт аралығында валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде талдаулық мәні төмендеп кетуі мүмкін. Осы себептен төлем балансының есептерінің жүргізілуі көбінесе бір тұрақты шетел валютасында (мысалға АҚШ долларымен немесе арнайы қарыз құқығымен) есептелініп, елдер арасында салыстыру жүргізуді жеңілдетеді. Мәліметтерді жүзеге асырылған валютамен есептелінетін бірлікке келтіру кезінде, операциялар орындалған күндегі валюталық бағамның нарықтық бағамына сәйкес келемін пайдалану орынды.

Мәміленін орындалу мезетін белгілеу. Төлем балансына енетін мәліметтерде операцияның орындалу мезетін белгілеу мәселесі де өте маңызды болып табылады. Бағалар сияқты, мәмілелерді орыкдау уақытында да кептеген мүмкін шешімдері бар. Операцияның орындалу уақытын көрсететін көрсеткіші ретінде шарттарға қол койылу немесе келісімге келу, тауарды түсіру, оны жеткізу, кедендік процедурадан өту, қызмет көрсету, табыс есептелінуі мен төлемдер жүргізу уақыты қызмет атқаруы мүмкін (ХВҚ басшылығы мәміленін орындалу мерзімін таңцағанда, меншіктің ауысуы ұлттық есепте жүргізу уақытымен бір кезде болуын ұсындық).

Алдында айтылып кеткендей, әр түрлі қателер мен бұрмалауларды болдырмау шарасыздығына байланысты, телем балансына "қателер мен байқаусыздықтар" бабы енгізілген. Төлем балансы әрқашан формальды тепе-теңдікте болу қажет, нақты мәліметтердің ауытқулары осы бапқа енгізіледі. Бірқатар жағдайларда, телем балансы баптарының бар топтастырылуына қандай да бір себептермен жатқызыла алмайтын жағдайда немесе жасыру мақсаттарында көрсеткіштер осы бапқа енгізіледі. Осы баптың көрсеткіш-тері әдістемелік қателіктерді ғана көрсетпей, есепке алынбаған, оның ішінде контрабандалық операцияларды көрсеткендіктен, түрақты болады.

Ағымдағы операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалатын нақты операцияларды қамтиды. Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен көрсетіледі.

Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген одан кейінгі қайта импорт-қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толықтырулар жасалады. Ол "челноктық" сауда және операциялардың бағалау қундарындағы мәліметтермен толықтырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған импорттың СИФ құнын әдістеме талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі. Қазақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7 пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде бағаланып, ресми статистикада көрсетіледі.

Қызмет көрсетулер, олардың барлық деңгейлерін қамтып, оған көбінесе жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кенес беру мен білім беру қызмет керсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалық, құрылыс, коммуникациялықжәне үкіметтік қызметтер кіреді.

Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады. Капиталдан алынған табыс дивиденд, пайыз немесе басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін.

Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа, техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын грантгардың берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың ақша жіберулері мен салықтары, үкіметтің әр түрлі халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға төлейтін жарналары да кіреді.

Елдің халықаралық жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт арақатынасы бағаланады. Шет елде сатылған және елге келген тауарлар көлемдерінің деңгейін анықтау бізге сауда балансын алуға мүмкіндік береді.

Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің сауданың статистикалық мәліметтерін өңдеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мүмкін.

Сауда балансы экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде шектелген ақпарат берсе де, ол жалпы жағдайды талдаудың өте маңызды мәліметі болып табылады. Өйткені халықаралық қатынастардың 80 пайыз көлеміндегі үлесі саудаға тиесілі. Сауда балансының сальдосын шығарудың есептелуіндегі қиыншылықтар әлемдік статистикада экспортты ФОБ бағаларында есептелуіне байланысты туындауда. Басқаша айтқанда, оған тасымалдау мен сақтандыру және т.б. құндар кірмейді. Ал импорттасымалдау мен сақтандыру құндары енген СИФ бағаларында есептелінеді. Мамандардың пікірінше, әкелінетін тауарлардың құндарының орта есеппен 10 пайызын қүрайтын айырмасы есептеу кезінде алынып тасталынады.

Сауда балансы төлем балансының жалпы нәтижесінің көп бөлігіне әсер еткенмен, бірақ теріс сауда сальдосы міндетті түрде жалпы дефицитке әкелмейді.

Экспорт-импорт операцияларын "көрінбейтін" саудамен (қызмет көрсету) толықтыру тауар мен қызмет көрсетулер балансын алуға мүмкіндік береді.

Кейбір елдер үшін "қызмет көрсету" тарауы өте елеулі болады. Мысалға ел территориясы арқылы ауқымды туристік ағымдары өтетін мемлекеттерде туризмнен түсетін төлемдер маңызды үлес алады.

Қызмет көрсетулерді сату туралы ақпараттардың жанама есептеулер нәтижесінде алынатындығынан баланстардың кешігіп жарық көруіне әкеледі.


3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.

Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді.

Ақшалай қаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке жатқызылуы үшін, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылысқа бағытталған жағдайда ғана саналады.

Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді:

Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвести-циялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары. Ол акционерлік капиталға, қайта инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді. Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын қалыптастыру үшін нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол мемлекеттік саясаттың болуы қажет.

Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын мүлік пен қаржы ресурстар түрінде болуы мүмкін. Төлем балансында тікелей инвестициялар - шетелдегі экономикалық мәні бар активтергө тікелей инвестициялар (резиденттердің басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлттық экономикаға тікелей инвестициялар (осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді.

Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар кіреді. Оның ішіне валюталық және пайыздық своптар да кіреді. Қазақстан Республикасында 6үл категорияға корпоративтік бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайыздан төмен болған акциялар көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздық бағалы қағаздарға мерзімі бір жылдан астам облигациялар мен айналымдағы вексельдер, ақша нарығының құралдары мен қаржылық туындылар кіреді.

Баскадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, оның ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.

Резервтік активтер - мемлекеттін сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансынын маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты есептерінде, олар қорларды көрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде емес, жалпы сыртқы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық валюта тұрақтылығын қолдау үшін валюта нарығында интервенциялар жүргізуге пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы мен ХВҚ-дағы резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының алтынды сату-сатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету қабылданған.

Резервтік активтер ретінде әрекет ету үшін, оған сәйкес келетін баптар ақша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бақылауында болуы тиіс. Өйткені олар осы қүралдарды пайдалану арқылы төлем балансының дефицитін тікелей, немесе теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу мақсатында қолдана алу қажет.

Төменде төлем балансының стандартты топтастырылуының құрылымы берілген.

4.Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.

Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін.

Атап кету керек, резервті активтер төлем балансын қорғаудың екінші құралы болып табылады. Ағымдағы операциялардың елеулі тепе-теңсіз жағдайы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтер импортын төлеуге қаражаттардың жетіспеушілігі кезінде үкімет қосымша сыртқы несиелерді тартуға барады. Тек осы шараларды қолдану ешқандай нәтиже бермеген кезде, үкімет сырты шоттарды төлеуде резервті активтерді пайдаланады.

Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервті активтер тек нақты қолдағы бар активтерді қамтиды. Жалпы алғанда, өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетілетін, резервті активтер келесі активтер сомасынан құралады: монетарлық алтын, қарыз алудың ерекше құқы, валюта активтері, басқада міндеттемелер, айрық қаржыландыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Төлем балансы түсінігі

  2. Ағымдығы опреациялар шоты

  3. Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты

  4. Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


3.Практикалық сабақтың құрылымы
Практикалық сабақтар

«Халықаралық экономикалық қатынас» пәнінің практикалық сабақтарында дәрісте қаралатын сұрақтарды пысықтау, қосымша сұрақтарды талқылау қарастырылады. Практикалық сабақ он бес тақырыптан тұрады.Мұнда әрбір сабақтың мақсаты, оқу - әдістемелік нұсқаулары ұсынылған.



Модуль 1 Халықаралық экономикалық қатынастың теориялық астарлары Практикалық сабақтың тақырыбы №1 1.Халықаралық экономиканың қазіргі жағдайы және оның дамуында ұлттық экономиканың рөлі

Сабақтың мақсаты: Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі. Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Халықаралық сауда. Әлемдік нарықтағы тепе-теңдік моделімен студенттерді таныстыру.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі. 2.Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы.

3.Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс.

4.Халықаралық сауда. Әлемдік нарықтағы тепе-теңдік моделі.



Ұсынылатынәдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Практикалық сабақтың тақырыбы № 2.Халықаралық экономиканың құрылымы

Сабақтың мақсаты: Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәні. Меркантилистік теорияның негізгі идеялары. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы. ДЖ Ст. Милльдің халықаралық баға теориясы. Саудадан алынатын ұтыс: еңбек шығындарының үнемделуі және тұтынудың ұлғайтылуы. Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар теориясының шектеулілігімен студенттерді таныстыру.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Меркантилистік теорияның негізгі идеялары

2.Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар териясның дамуы.

3.ДЖ Ст. Милльдің халықаралық баға теориясы.

4.Саудадан алынатын ұтыс: еңбек шығындарының үнемделуі және тұтынудың ұлғайтылуы.

5.Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар теориясының шектеулілігі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы Сабақтың мақсаты: Бұл тақырып бойынша студенттерге Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы. Хекшер- Олин моделі. Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі қарастырылады.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

1.Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы

2.Хекшер- Олин моделі

3.Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік Сабақтың мақсаты: Студенттерге Халықаралық сауданың стандартты моделі. Жалпы тепе- теңдік моделі. Халықаралық сауданы талдаудың құралдары. Халықаралық саудаға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан экономикалық өсудің типтері ұсынылады.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық сауданың стандартты моделі.

  2. Жалпы тепе- теңдік моделі.

  3. Халықаралық сауданы талдаудың құралдары.

  4. Халықаралық саудаға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан экономикалық өсудің типтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта Халықаралық сауданың табыстар-ды бөлуге ықпал етуін талдау.Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.Өндіріс факторларының арақатына-сы теориясындағы табыстарды бөлу.Тауарлық бағалар өзгерісінің өндіріс факторларынан түсетін табыстарға ықпал етуі.Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөлу. Өндіріс факторларының ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғайюы арасындағы арақатынас туралы студенттерге түсініктеме беріледі.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық сауданың табыстар-ды бөлуге ықпал етуін талдау.

  2. Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.

  3. Өндіріс факторларының арақатына-сы теориясындағы табыстарды бөлу.

  4. Тауарлық бағалар өзгерісінің өндіріс факторларынан түсетін табыстарға ықпал етуі.

  5. Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөлу.

  6. Өндіріс факторларының ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғайюы арасындағы арақатынас.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Модуль 2. Халықаралық сауда саясаты

Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Халықаралық сауданың баламалы (альтернативті) теориялары

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта Классикалық теориялардың шектеулілігі.Масштаб эффектісі негізіндегі сауда. Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.Елдер арасындағы бір саланың дифференциаланған тауарлары саудасының өсу тенденциясы.Гомогенді тауарлардың халықара-лық сала ішіндегі сауданың себебтері.Елдер арасындағы сала ішіндегі және сала аралық сауданың әлеуметтік салдары туралы қарастырылады.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:

  1. Классикалық теориялардың шектеулілігі.

  2. Масштаб эффектісі негізіндегі сауда.

  3. Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.

  4. Елдер арасындағы бір саланың дифференциаланған тауарлары саудасының өсу тенденциясы.

  5. Гомогенді тауарлардың халықара-лық сала ішіндегі сауданың себебтері.

  6. Елдер арасындағы сала ішіндегі және сала аралық сауданың әлеуметтік салдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009



Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі. Протекционизм: мәні және формалары. Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері бойынша студенттерге түсінік беріледі.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары

  1. Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.

  2. Протекционизм: мәні және формалары.

  3. Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері.

  4. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет