Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет35/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Список использованной литературы: 
1. Жарикбаев К.Б.Калиев С.К. Антология педагогической мысли Казахстана.
Научное издание. Алматы 1995г. 
2. Калиев С., Аюбай К. Антология педагогической мысли Казахстана. 1 том. Учебный 
материал. Алматы 2012. 
3. Энциклопедия. Ахмет Байтұрсынұлы. Казахская энциклопедия. Алматы 2017г.
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ 
 
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы 
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми 
қызметкері 
 
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының қазақ музыкасына қосқан үлесі жайында 
баяндалады. Ахметтің жеткізген әндері, оның сөзіне жазылған музыкалық туындылар мен 
Байтұрсынұлының авторлық ән-күйлері жайында деректер беріледі. 
В статье описывается вклад Ахмета Байтурсынулы в казахскую музыку. 
Предоставляются сведения о музыкальных произведениях, написанных на его слова и 
авторских песнях Байтурсынулы. 
 
 
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 
биыл 150 жыл толып отыр. Ахаңның қазақ үшін атқарған еңбегі зор, ұлт 
болашағы үшін қосқан үлесі көп. Атқарған жұмысы, жасаған еңбегі туралы 
айтылып та, жазылыпта жүр. Дегенмен әлі күнге дейін еленбей келе жатқан бір 
тақырып бар. Ол Байтұрсынұлының қазақ музыкасына қосқан үлесі. 


65 
Қазір зерттеушілер Ахметтің қазақ музыкасына қосқан үлесі ретінде 
А.Затаевичтің «Қазақ халқының мың әні» жинағына берген музыкалық 
туындыларды ғана айтумен келеді. Бірақ сазгерлігі жайында көп айта бермейді. 
Басқасын айтпағанда өзіміз тілге тиек еткен «Қазақ халқының 1000 әні» 
жинағында Ахмет жазып алынған 21 музыкалық туынды берілген. 
Қостанай губерниясынан жазып алынғандары: 
«Әриайдай» 
«Күләйжан» 
«Тапсырдым бір құдайға» 
«Құбақан»
Торғай уезінен жазып алынғандары: 
«Айда, былпым» 
«Тепеңкөк» 
«Есенжол жыршының әні» 
«Шырқау» 
«Дауыс» 
«Айхай, Ғазиза» 
«Жар-жар» 
«Кел-кел, екеуіміз-ай» 
«Көрұғлы» 
«Қаләйлім» 
«Мұқаның әні» 
«Биғаның әні» 
«Жыршының әні»,
Семипалатинск губерниясынан жазып алынғаны: 
«Қарагөз» 
«Кәмшат бөрік» 
«Кәрі қоңыр» 
«Жаяу Мұса әні» 
Осы аталған әндердің ішінде «Қарагөз» әні жайлы А.Затаевич мынадай 
пікір білдіреді: «Байтурсуновский вариант песни «Қарагөз» считается у 
казахов образцовым, и вообще в его редакции эта песня (сам А.Байтурсунов 
называет ее романсом) пользуется громадною популярностью. Научится и 
спеть эту действительно трудную и сложную вокальню пьесу (а до сих пор 
научится ей можно было только с голоса самого А.Б) считается лучим 
доказательством музыкальной одаренности [1, 404 с]. 
Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатова болса өзінің «Шындық шырағы» 
атты кітабында «Қарагөз» әні жайлы былай деп жазады: 
«Ахаң жұмыстан шаршаған уақытта бөлмесінде әрлі-берлі жүретін. 
Онысы сықырлаған еденнің дыбысынан, салған әнінен білінетін. Қолына 
домбырасына алып, қоңыр даусымен жайлап қана сүйіп салатын әндері «Елім-
ай», «Екі жирен», «Қарагөз» болатын. Қазіргі «Қыз Жібек» операсында 
айтылып жүрген «Қарагөз» арясы – Ахмет Байтұрсыновтың шығармасы. 
Қарагөз Ахаңның сүйіктісі болған. Сол ғашығына сөзін өзі жазып, музыкасын 
өзі шығарған Ахаңның әні мынау: 
Құдайдың құдіретіне таңғаламын, 
Жолында бір ғашықтың зарланамын. 
Ішімді ғашық оты жандырады, 
Сыртыма шығаруға арланамын. 
Қайырмасы: 
Ей-ей, сүмбіл шаш! 
Беу-у, жұбайым, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет