Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет33/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Kaynakça 
1. Baytursunoglu Ahmet, Edebiyet Tanıtkış, Almatı, 2007. 
2. Galiev Vill, Verny’deki Türk Kütüphanesi, Kazak Milli Kütüphane Yayınları, Almatı, 
2001. 
3. Kamzabekoğlu Dihan, Türkistan alkasy, Nursultan, 2021. 
4. Toktarbay Yeldos. Jarık saule, Almatı, 2019. 
 
 


60 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ 
ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
Конкина Гүлбаршын Спанқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Өтесова Гүлнар Екпінқызы 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті 
Аманжолова Динара Насихатқызы 
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің оқу әдістемелік орталығы. 
 
Аннотация. В статье говорится о вкладе одного из деятелей Алаш 

Ахмета 
Байтурсынова в формирование казахской государственности. 
Annotation. The artice taiks about the contribution of one of the figures of AIash – Akhmet
Baitursynov to the formation of Kazakh statehood 
 
 
Қазақ халқының тарихында айрықша орны бар Алаш қозғалысы, Алаш 
партиясы, Алашорда өкіметі ұлтымыздың ұлы қайраткерлерінің ірі іс-әрекеті 
мен кесек қимылының , аса ірі зияткерлік, кемел ой-санасының арқасында дү-
ниеге келген еді. Олар тәуелсіздік үшін күресті. Қазақ халқын отарлық езгіде 
ұстаған Ресейдің патшалық билігінен де, сол биліктің бірден-бір заңды мұра-
геріне айналған кеңестік жүйемен де алысып өтті. Алаш арыстарының 
қатарында есімі ерекше аталатын ірі тұлға Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет 
Байтұрсынұлының 
есімі 
ХХ 
ғасырдың 
түбірлі,түбегейлі 
құбылыстарымен тағдырлас. Алаш қозғалысы ғасыр қозғалысы.1917 жылы 
12-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен жалпықазақ сьезінде Алаш партиясы 
құрылды. Осы сьезде А.Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетті. Ол сьездің 
хатшылар тобын басқарып,оның маңызды құжаттарын жасақтауға жетекшілік 
етті.Алаш партиясының бағдарламасының жобасын жасау ісіне қатысты. Алаш 
партиямының бағдарламасының түп төркіні демократиялық Ресей құрамында 
конституциялық эволюциялық жолмен өз парламенті бар,өз президенті бар, өзін-өзі 
билеу құқы бар Республика болу еді. [2]. Алаш партиясының төрағасы Ә.Бөкейханов 
Алаш қозғалысының саяси көсемі болса, А.Байтұрсынұлы рухани көсеміне 
айналды.1917жылы желтоқсанда – өткен Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 
Жалпықазақ сьезінің оқу ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп 
Байтұрсынұлын тағайындауы да тектен тек емес еді. Ахмет Байтұрсынұлы
1919 жылға дейін сол үкіметтің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. 1919 жылы 
наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанып 
Кеңес үкіметі мен Алашорда арасын жарастырып,ұлттық келісімге қол жеткізді.
Сол жылы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери 
революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қазревкомның 1919 жылы 41 ал 1920жылы 50 мәжілісі өтткен болса осы 
мәжілістердің құжаттарына жүгінсек Ахмет Байтұрсынұлының мәжілістердің басым 
көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатынасқанына, ұсыныстар 


61 
енгізгендігіне қабылдайтын шешімдердің жобасын дайындағынына, ал 
жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағанын аңғаруға болады.[3]. 
Ахмет Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжілістерінде көбінесе Ресей 
құрамында құрылуға тиісті Қазақ автономиялы Кеңестік Республикасының 
шекараларын 
анықтауға,оның 
әкімшілік 
территориялық 
құрылымын 
қалыптастыруға, оқу ағарту және мерзімді баспасөз жүйесін реттеуге, ұлттық 
демократиялық интеллигенция тағдарын шешуге арналған мәселелерді 
талқылау ісінде үлкен белсенділік көрсетіп , оларға байланысты ұлттық мақсат 
мүдделерге сай келетін қарарлар мен заңдық мәні бар құжаттар қабылдануына 
атсалысты. Орталығы Омбы қаласында болған Сібір ревкомының құрамындағы 
Ақмола мен Семей облыстарын,Челябі губерниясына қараған Қостанай 
уезін,Түркістан АССР нің құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстарын 
құрылуға тиісті Қазақ Республикасына қосу үшін жүргізген қажырлы да 
табанды күрес жүргізді. [3]. 
1920 жылы Қазақ АССР еңбекшілері праволарының декларациясын 
дайындауға үлкен үлес қосты. Декларацияда Ахмет Байтұрсынұлының тікелей 
араласуымен халық ағарту, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік 
қамсыздандыру мәселелеріне үлкен мән берілді, қазақ еңбекшілерінің тегін 
білім алу құқығы заң жүзінде бекітілді. Республиканың оқу ағарту комиссары 
ретінде жер - жерлерде осы комиссариаттың губерниялық, уездік, болыстық 
бөлімдерін ұйымдастырды. Жаңа мектептер жүйесін қалыптастырып, олар үшін 
оқулықтар шығару ісімен қатар А.Байтұрсынұлы басқарған комиссариат мектеп 
жасынан асып кеткен ересектердің сауатын ашу мәселесіне ерекше көңіл 
аударды. Республика тұрғындарына эстетикалық тәрбие беру ісіне жетекшілік 
жасау үшін халық ағарту комиссариаты жанынан өнер бөлімі ашылды. Оқу 
ағарту комиссары болып тұрған кезінде А.Байтұрсынұлы мемлекеттік 
аппаратты,оның басқару жүйесін жергіліктендіру мәселесін ойластырып,осыған 
байланысты үкіметке енгізер ұсыныстарын дайындады.[4].1920жылы 17 сәуірде 
Кеңес үкіметі басшысы В.И. Ленинге ұлт мәселесі туралы арнайы хат жолдады. 
Ұлттық мәні бар саяси әлеуметтік және мәдени мәселерді көтеріп,шешуде 
мерзімді баспасөздің атқарар маңыздылығын Ахмет Байтұрсынұлы жақсы 
түсінген. Қазақ зиялыларының рухани көсемі ретінде 1913жылы ұлттық 
биресмилік «Қазақ» газетін шығарса Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен
«Қазақ» газетінің төңірігіне топтасқан білімпаз азаматтар оның беттерінде 
жарияланған жер, ұлт мәселесі,оқу ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс сияқты 
маңызды мәселелер жөніндегі мақалалары арқылы, кейде ашық айтылған 
пікірлері арқылы патша үкіметінің отарлық саясатын сынап, оған 
демократиялық мазмұндағы талаптар қоюмен қатар халықтың саяси санасын 
тәрбиеледі. [1].А.Байтұрсынұлы ұлы ұстаз - теоретик ретінде бала тәрбиесінен 
бастап, ұлттық санаға дейінгі педагогикалық проблемаларды жан-жақты 
зерделеді. Ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып, ағартушылықты 
планетарлық масштабта қарады,өз халқын білім жарысына түсетін күнге 
жақындатты. Ахмет Байтұрсынұлы кеңес заманында ұлтқа қызмет етуді бір сәт 
тоқтатқан емес. Ол мемлекеттік жүйелердің қайсысында жұмыс жасамасын
бірінші кезекте өзіне басты нысана етіп жалпы ұлттық, бүкілхалықтық 


62 
мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу үшін 
еңбектенді.Ахмет Байтұрсынұлының өмірі,тағдыры,мұрасы оның ғасырдың 
ұлы перзенті екендігінің айғағы.Төл тарихымызда орын алатын Алаш 
азаматтарының бірегейі, қазақ елінің азаттығының туын көтерген,қазақ елінің 
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы халқымыздың бейбіт те берекелі өмір 
сүруі үшін аянбай еңбек еткен жолы болашақ ұрпақ үшін өнеге болары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет