66
Аппақ етің қояндай,
Шошып сәулем оянды-ай.
Ғашық болған, қарагөз,
Қызығыңа тоя алмай [2, 33-34 б].
Бұл уақытта Ахмет пен Міржақып Қызылорда
қаласы Садовая көшесі,
17-ші үйде қабырғалас көрші тұрған. Ахметтің көзін көріп, оның мұрасымен
жақсы таныс болған Гүлнар Міржақыпқызының бұл сөзі «Қарагөз» әнінің
Ахаңның мұрасы екендігінің дәлелі бола алады. А.Затаевичтің «
бұл әнді әлі
күнге дейін тек қана Ахмет Байтұрсынұлының орындауында үйренуге болады»
(
а до сих пор научится ей можно было только с голоса самого А.Б) деген пікірі
де бізді осы ойға жетелейді.
А.Затаевичтің кітабында Ахмет тапсырған ән-күйлерден бөлек, оның
сөздеріне жазылған музыкалық туындыларда кездеседі. Мәселен Қостанай
губерниясында Алдоңғаров Ерғалидан жазып алынған «Қалтылдақ» ән жайлы
«Мелодия новейшего пройсхождения, сложенная на слова Ахмета
Байтурсунова» деп жазады.
Біздің қолымызда «Қалтылдақ» Ахметтің «Қазақ салты» атты өлеңіне
шыққан ән деген деректер бар. Мұның әнін шығарған Ахметтің рухтас інісі
Міржақып Дулатұлы. Бұл туралы «Торғай таңы» газетінің 1992 жылғы,
3 қыркүйектегі санында «Жақаң әндері» деген мақалада:
«Жақаң Ахаң
ұстазының «Қазақ салты» деп аталатын өлеңіне ән шығарыпты.
Өзі дүниеден өткенше «Қазақ салты» әнін ұмыттырмай, серіктеріне айтып
беріп жүрген жазушы Ғабит Мүсірепов болған. Ғабең Ахаң мен Жақаң
аттарына атамай-ақ:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса, жылижи беру,
Болғандай табан тіреу ешнәрсе жоқ, - деп бастап,
бұл әнді жиын-тойларда жиі айтатын болса керек» деп жазылған [3].
Мақаланың авторы белгілі өлкетанушы Әмірхан Абдуллин. «Жұлдыз»
журналының 1992 жылғы №1 санында жарияланған Илья Жақановтың «Кез
болған соң кер заман біздің баққа» атты мақаласында да осы «Қалтылдақ» әні
жайлы деректер келтіріледі:
Осы жолдардың авторы (И.Жақанов) 1991 жылдың шілде айының
тоғызы күні Міржақып қызы Гүлнардың үйінде жоғарыда сөз болған әндерді
Марат Әбсәметовтің магнитофонынан тыңдап, кейбір деректерді анықтап,
нақтылап отырды. Бір демалыс сәтінде Гүлнар тұрып: - Ал мына бір әнді әлі
ешкім білмейді, - деді.
Қандай ән, апай? – дестік.
Бұл да әкемнің әні.
Айтыңызшы, апай, – деді қызуқанды Марат елең етіп.
Гүлнар апай сабырмен сөз бастады: – Бұл былай... 1960 жылы
жазушылар одағының командировкасымен Ғабит ағаймен біздің үйдегі
ағаларың Әбен Сатыбалдиев Өзбекстан, Қарақалпақстанды аралайды,
Нүкісте болады. Сондай бір күндері олар Амударияға келіп суға түседі.
67
Екеуі қасындағы қолпаштаушылардан оңаша қалған бір шақта Ғабит аға:
«Әй, Әбен, бері жақынырақ тұр. Мен саған бір ән айтайын, үйреніп ал, бұл
бәрібір бір күні айтылады әлі» дейді. Әбен тыңдайды. Ғабит ағай әнді
«Міржақыптың әні» дейді. Сөзі Ахмет Байтұрсыновтікі екен. Кейін Әбен
екеуіміз бұл әнді домбыраға қосып айтып жүрдік [4].
Ахметтің сөзімен айтылатын тағы бір ән Семипалатинск губерниясынан
жазып алынған.
Осы губернияның Павлодар уезі, Ақбеттау болысының
3-ші ауылынан Сәдуақасов Файз деген тілші жалпы саны 5 ән жазғызыпты.
Олар: «Жеңеше», «Ақ көйлек», «Анама хат», «Тілек батам» және
«Иманжүсіптің әні». Мұның ішінде «Тілек, батам» әнін А.Затаевич Ахмет
Байтұрсыновтың сөзімен айтылатынын атап көрсеткен. Тағы бір қызықты жай
Сәдуақасов Файз берген «Ақ көйлек», «Анама хат» әндеріне қатысты болып
отыр. Торғай өңірінде Ахметтің Семей түрмесіне қамалғанда жазған «Анама
хат» өлеңі арнайы әуезді сазбен орындалып келген.
Оны Ахметтің
125
жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақжол» ғылыми-танымдық
экспедициясы кезінде Байтұрсын Ілияс жазып алған. Экспедиция кезінде
«Анама хатты» орындап берген Ақкөлдің тумасы Жолдыбек Мұқанов.
Жолдыбек мұны Бекболаттың Ахметі деген кісіден үйренген. Осы экспедиция
барысында
Жолдыбек
Мұқанов,
Әубек
Сатыбалдыұлы,
Байділдин
Қабдуахиттер Ахметтен қалған мұра ретінде «Анама хат», «Ахоу, достар» әнін
жеткізген. Ахметтің көзін көрген Әубек Сатыбалдыұлынан сол жолы Ахметтің
жұбайы Бәдрисафаға арнаған мына өлең жолдары да жазып алынған:
Ақ көйлек тозбайды екен кең болған соң,
Екі жас ойнайды екен тең болған соң.
Сырымды саған айтпай кімге айтамын,
Қасымда жан-жолдасым сен болған соң.
Торғай өңірінде Ахмет әні деп айтылған осы екі өлеңмен аттас
музыкалық туындыларды Сәдуақасов Файздың Ахмет сөзіне жазылған «Тілек
батам» әнімен қатар беруі де кездейсоқтық болмаса керек.
Өкінішке қарай
А.Затаевич кітабында берілген шығармалардың көпшілігінің тек нотасы ғана
қағазға түскен. Сондықтан аталмыш әндердің мәтінін салыстыруға бізде
мүмкіндік болмай отыр. А.Затаевич жинағында «Ақ көйлек» атты 3 ән берілген.
Бірақ олардың атау бір болғанымен ноталық жағынан, бір-біріне жуыспайды.
Байтұрсын Ілиястың экспедиция кезінде жазып алған әндерінің бірі «Ахоу,
достар» әні. Байтұрсын Ілиястың «Алтын бесік»
атты кітабында мынадай
деректер кездеседі:
«Қабдуахит Қойшыұлы Байділдин 1936 жылы туған.
Достарыңызбен бөлісу: