Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет61/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
2. Кузьмина Ю.А. «Формирование исследовательских умений у младших 
школьников в условиях STEM-образования» - магистерская диссертация Тольятти 
2018, 12 б. 
3. Кузьмина Ю.А. «Формирование исследовательских умений у младших 
школьников в условиях STEM-образования» - магистерская диссертация, 29 б. 
4. Шипулина Е. Р. «Формирование профессиональных компетенций будущих учителей на 
основе курса «STEM-технологии в образовании»» Екатеринбург 2020, 6 б. 


137 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУ 
Алиева Гулим Сабитхановна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. Мы считаем, что высока вероятность повышения познавательного 
интереса за счет использования цифровых технологий как важного инструмента помощи 
учителям в обучении, позволяющего объяснять учащимся научные понятия и упрощать их 
восприятие и понимание. Поэтому эффективное использование этих технологий во время 
обучения считается важным. 
Ключевые слова: Цифровые технологии, функциональная грамотность, ученик, 
технологии 
Abstract. We believe that there is a high probability of increasing cognitive interest through 
the use of digital technologies as an important tool to assist teachers in learning, allowing students 
to explain scientific concepts and simplify their perception and understanding. Therefore, the 
effective use of these technologies during training is considered important. 
Key words: digital technologies, functional literacy, student, technology 
Сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе 
бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта 
пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, 
оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге 
келгені.. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде айтқандай «білім беру тек қана 
оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне 
бейiмдеу қажет». 
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 
жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 
2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес 
жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың 
мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың 
жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
дамытуда – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып 
табылады. 
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-
тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген 
сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа 
белестерді меңгеруіне жол ашуда. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, 
жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен 
сұранысты талап етеді. 


138 
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын 
арттыруда ақпараттық - білімдік кеңістікке кіруге бағытталған жаңа білім беру 
жүйесі қалыптасуда цифрлық технологияның көмегі зор деп есептеймін. 
Цифрлық технологиялар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
дамыту баланың ақпараттық қоғамға енуіне әсерін тигізеді. 
Цифрлық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім 
олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. 
Компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде мектептердегі 
оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды 
жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - 
өздерінің шығармащылық әлеуетінің артуына жол ашады. 
Жаңа цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың 
танымдық-қызығушылығын қалыптастыру интерактивті іс-әрекет тәсілдерін
динамикалық және көрнекі образдық модельдерді пайдалануды, материалды 
беруді жетілдіруді мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік 
құралдар атқарады. 
Көптеген зерттеушілер жұмыстарында цифрлық білім беру ортасының 
даму тенденцияларына көңіл бөлінеді, бірінші кезекте, ақпараттық білім беру 
базасын құру маңызды болып саналады. 
Цифрлық технологиялар арқылы оқушыларға ғылыми ұғымдарды 
түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, 
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал ретінде пайдалану 
арқылы танымдық қызығушылықты арттырудың мүмкіндігі жоғары деп 
санаймыз. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану 
маңызды болып саналады. 
Цифрлық технология белгілі бір педагогикалық технологиялардың оқу-
тәрбие үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасап, оқушыларының оқуға деген 
қызығушылығы мен ынтасын арттырып, оқу процесін тиімді басқаруға 
мүмкіндік береді. Танымдық қызығушылықты жетiлдiрудегi цифрлық 
технологияның негiзгi белгiлерi мыналар: 
1. жаңашылдық - оқыту бағдарламасын жаңартуға, яғни ғылым 
жетiстiктерi мен оны педагогикалық практикада пайдалану арасындағы 
алшақтықты жүйелi түрде азайтуға ұмтылыс жасау; 
2. оңтайлылық - оқу-тәрбие мақсаттарына бiр мезгiлде уақытты үнемдеу 
және оқытудың жоғары сапасы сияқты шарттарды ескере отырып, оқушы мен 
мұғалiмнiң мүмкiндiгiнше аз күш жұмсауы арқылы қол жеткiзуге ұмтылыс; 
3. ықпалдастыру - әр ғылым саласындағы жаңалықтарды, жетiстiктердi 
бiрiктiру нәтижесiнде оқу-тәрбие процесiн жетiлдiруге ықпал ету; 
4. ғылымилық-оқыту процесiнiң мазмұнын, формалары мен әдiстерiн, 
тиiмдiлiгi мен мүмкiндiктерiн, даму жағдайларын зерттеу, ғылыми тұрғыда 
негiздеу, практикада қолдану мүмкiндiктерiн көрсетiп беру; 
5. танымдық iс-әрекеттi бағдарлау, яғни оқу процесiн тиiмдi 
ұйымдастыру, оны тиянақты жобалау; 


139 
6. оқыту құралдарын, материалдарын iрiктеу –оқытудың қазiргi заманғы 
техникалық құралдары мен оқу материалдарын, сондай-ақ танымдық 
iзденiмпаздықты жетiлдiретiн әдiс-тәсiлдердi пайдалану; 
7. озат тәжiрибелердi пайдалану негiзiнде оқытуды ұйымдастыру – жаңа 
жағдайда әдiс-тәсiлдер, құралдарды пайдалана отырып, педагогикалық 
идеяларға, мұраларға зор маңыз беру; 
8. оқытудың жоғары сапасына жету, сындарлы бағалау-оқу процесiн 
бақылау әдiстерiнiң бүкiл кешенiн қамтиды. Олар бақылау жүйесiн жасау, 
мақсаттары мен әдiстерiн айқындайтын, белсендi iс-әрекет пен техникалық 
құралдар, компьютерлер негiзiнде бағалау бағытында дамиды. 
Жалпы алғанда, цифрлық технологияларды білім беру саласында, әсіресе 
оқушылардың бәсекелестік қабілеттерін дамытуда қолдану маңызды 
қажеттіліктердің бірі болып саналады. Осы қажеттіліктерге байланысты 
мынадай іс-әрекеттер орындалуы тиіс: 
педагогикалық процесте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
тиімді пайдалана алатын түлек дайындау; 
білім беру мекемелерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
базаларын үнемі жаңартып отыру; 
оқу-әдістемелік жұмыстарды білім берудің жаңа құндылық деңгейінде 
дамыту негізінде жүргізу. 
Цифрлық технологиялардың белсенді құралдары – интерактивтік тақта, 
мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақта - сыныптағы 
оқушылардың барлығын оқыту үшін мүмкіндік туғызатын басты құрал. 
Мұғалімдерге де жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп 
түсіндіруге көмектесетін көрнекі құрал деп тануға болады. 
Электрондық форумдар, ICQ, Skype - белгілі бір тақырып бойынша бір – 
бірімен пікір алмасуын ұйымдастырады. 
World Wide Web, интернет сайттары - қолданушыларды бай 
бояуларымен, мультимедиялық мүмкіндіктерімен толық мәлімет ала алады. 
Электрондық пошта - ақпарат алмасудың тиімді тәсілі, кері байланыс 
қамтамасыз етіледі. 
Телеконференция, бейнеконференция – бір-бірінен алыс қашықтықтағы 
мұғалім мен оқушыға дәстүрліге жақын оқу үрдісін жүзеге асыруға, топтық 
жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Электрондық оқу құралдары - оқушылардың шығармашылықпен жұмыс 
жасауына, танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Стандартты графикалық бейнелер мен анимация- презентация жасау, 
мазмұнына әсер береді. 
Бейнесюжеттер мен бейнефильмдер - дәстүрлі лекциялардың орнын 
басатын оқу материалдары жиынтығының бөліктері. 
Цифрлық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен 
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз 
жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен 
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін 


140 
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Ақпараттық-коммуникациялық 
қолдану арқылы мұғалім тұлғасын дамыту деңгейлері: 
шығармашылық қолдану; 
үлгі бойынша қолдану; 
түсіндіру. 
Жоғарыда айтылған көзқарастар негізінде тұлғаның еңбекке бағыттылығы 
еңбекке негізделген өмір салтына жағымды қатынас, еңбекке ынталануы 
танымдық қызығушылық негізінде байқалады. Ал, мұғалім үшін де маңызы өте 
зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, 
жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық 
технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың 
қызығушылығын туындатады, мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе 
алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады
интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе алмасуды 
қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, 
мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет