Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 3 мамыр 2013 жыл



бет8/37
Дата25.02.2016
өлшемі2.73 Mb.
#22230
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37

Әдебиеттер тізімі



  1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А.: Ғылым, 1973. – 310 б.

  2. Гончаров Б. К проблеме интонации в стиховедении. – М.: Русская

  3. Холшевников В. Е. Типы интонации русского классического стиха.– В.

кн: Слово и образ. М., 1964. – 245 с.

  1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Аст.: Фолиант, 2002 – 408 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – А.: Атамұра, 2003. – 208 б.

  3. Александр Блок и современность. – М.: Современник, 1981 – 365с.

  4. Ахметов З. Казахское стихосложение. – А.: Наука, 1964. – 409 б.

  5. Кенжебаев Б. Түркі қағанатынан бүгінге дейін. – А.: Ана тілі,

ЖШС, 2004. – 344 б.

  1. Абдрахманов С. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы. Филол.

ғыл. докт. ...дисс. – А., 2007. – 290 б.

10. Жұмабаев М. Шығармалары. – А.: Жазушы, 1989. – 448 б.

11. Гаспаров М. Современный русский стих. – М.: Наука, 1974. – 485 с.

12. Тынянов Ю. Проблемы стихотворного языка.– М.: УРСС, 2004. –

13. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Әдеби сын. – Аст.: Елорда, 2006. Т. 1. – 392 б.


  1. Ахметов З. Современное развитие и традиции казахской литературы. – А.: Наука, 1978. – 215 б.


Зәки Ахметов және Махамбет мұрасы
Г.Б.Ержанова,

ф.ғ.к., доцент

Қазақстан, Астана
Махамбет поэзиясын, бір қарағанда ХV ғасырдан бастау алатын қазақтың дәстүрлі жыраулар мектебінің заңды жалғасы ретінде бағалауға негіз бар. Бейнелеп айтсақ, Махамбет шығармашылығын суын қанша ішсең де сусының қанбайтын кәусар бұлаққа, ал жыраулар поэзиясын қазақтың ұланғайыр даласына жайыла аққан ен дарияға теңеуге болар еді. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар сынды жыраулардың, Шал ақынның өлең-жырлары ақын шығармашылығына өзіндік ізін қалдырған. Махамбеттің әрбір өлеңінен жаугершілік заманның дүрбелеңге толы сызды лебі айқын сезіледі. Осы леп алғаш қазақ хандығы құрылған ХV ғасырдан бері бір үзілмей, уақыттың өзіне қоса өрілгендей әсер қалдырады. Желмаяға мініп Жерұйықты іздеген Хасан Сәбитұлын Асан Қайғыға айналдырған, бес жасынан суырып салма қабілеті байқалып көзге түскен Тілеуке Құлекеұлын Шал ақын атандырған, Ақтамбердіге “Күмбір-күмбір кісінеген күреңді” аңсатқан ел мұңы мен ер намысы Махамбеттің де “Ереуіл атқа ер салуына” себеп болады. Өмірдегі азаматтық ұстанымдары ұқсас болған бұл тарихи тұлғалардың сөз өнеріндегі жолдары да түрлі уақыт өлшемінде тұрғанына қарамастан өзара қиылысып жатады. Ал осы Махамбет өлеңдерінің теориялық негізін салшылардың бірегейі - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қабырғасында ұстаздық еткен, тарих-филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған, өмірінің соңғы жылдарына дейін осында дәріс берген ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, академик Зәки Ахметов. Ол өзінің жұлдызды жылдарын осы институттың өркендеуіне арнаған. Тегінде З.Ахметов десе исі қазақтың есіне ең бірінші «Өлең сөздің теориясы» түсетіні рас. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Сонсын әдебиет теориясы десе де еске З.Ахметов түседі. З.Ахметов үлкен ғалым ғана емес, ол үлкен жүректі азамат, адал дос, үлкенге ізетті, кішіге қамқор парасат иесі еді.

Жоғарыда айтқандай, ғалымның зерттеген саласынының бірі – Махамбет поэзиясы. Махамбет өлеңдерінде батырға байланысты көптеген жырлар кездеседі. Осылардың ішінде “Батыр” макроконцептісін вербалдауға қатысатын, атап айтқанда, оның сырт келбеті мен даусын, күші мен мықтылығын, шыдамдылығы мен айбатын, мінезін, т.б. көптеген белгілері мен қасиеттерін көрсету үшін балама, теңеме ретінде қолданылатын жылқы (ат), түйе (нар), құс (қыран), ағаш (емен) сияқты микроконцептілер бар. Бұлардың әрқайсысы халық танымындағы “Батыр” ұғымын нақтыландыра, өткірлендіре отырып, “ел қорғаны - ер” батырдың бейнесін береді.

“Ереуіл атқа ер салып, Егеулі найза қолға алып Ашаршылық шөл көріп, Темірқазық жастанып, Қу толағай бастанған”, - ерге айналдырады. Халықтың санасындағы “Батырдың” жаужүрек ақын, ел азаттығы үшін күрескен сөз шебері Махамбеттің көркемдік әлемінде ерекше орынға ие болған, оның өзіндік азаматтық, адами болмысымен астасып жатқан, өмірімен қоса өрілген өнерімен ұштаса дамыған, рухани ұранына айналған кредосы - еркіндікке қол жеткізер бірден-бір айқын бейне – осы “ерлер” арқылы көрініс табады. Ер-азаматтың арқаланар жердегі қорғанышы мен қолдаушысы – Туған елі мен жұрты, яки ата мекені - “туған жер”, яғни қалаулы мекен - «Нарын» арқылы, ал “Батыр” - Исатай арқылы көз жеткізіледі.

Батырға тән мінез-құлық, алуан түрлі жақсы қасиеттер туралы негізінен Махамбеттің өз атынан баяндалғанына қарамастан (Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын, Ел құтқарар ер едім, Жандаспай-ақ бір тынбан; Дұшпанына келгенде тартынбай сөйлер асылмын т.б.) аталмыш макроконцептінің өзегінде (орталық нүктесінде) Исатай есімі тұрады деген тұжырым жасадық. Исатайдың ақындық қырының, қасиетінің болған-болмағаны беймәлім. Дегенмен, “Исатай – басшы, мен - қосшы”, “Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім” деп өзін Исатаймен бір тұтастықта алып қарайтын, онсыз өзін жалғыз сезінетін ақын (Исатайдан айрылып, жалғыздықпен болдым дос, Егізімнен айрылып, Мен бір аққу болдым халықтан соң…) екі-үш өлеңін (“Әй, Махамбет, жолдасым”, “Жабығу”) сол батырдың атынан айтады.

Жалпы Махамбет өлеңдерінде Исатайдан басқа да бір қатар батырлардың есімдері аталады. Олардың қай-қайсысы да көтерілістің бел ортасында жүрген, Исатайдай басшының оң қолы, бір қанаты болған жаужүрек азаматтар:

Айтып, айтпай не пайда,

Егеулі найза өңгерген,

Азды көпке теңгерген,

Қабыланбай мен Қалдыбай,

Рысалы, Кебек жолдасым…,

Ерсары мен Қалдыбай

Екі арыстан тең өлді…,

Баласы Исатайдың Жақия-ды,

Жақия жауды көрсе ақияды т.б.

Жаугершілік заманда батырдың ажырамас, сенімді серігі болған атқа бұл рөл қазақтың халық ауыз әдебиетінде, кең мағынада алғанда мифологиялық санасында-ақ кеңінен орын берілген. Мәселен, ертегілердегі және эпостық жырлардағы: Шалқұйрық (су түбіне тасталған аса ауыр қазанды алып шығуы), Тайбурыл, Байшұбар, Қара қасқа ат, Ақ боз ат т.б. тұлпар бейнелерін еске түсірейік. Көшпелі халықтың тұрмысында маңызды рөл атқарған төрт түліктің қазақ танымындағы орны да ерекше. Әсіресе батыр ақынның шеберлігін танытуда қазақ этносы ұғымындағы “ер қанаты - ат” Махамбеттің көркемдік әлемінде “Ереуіл ат”. Осылайша «ер серігі» ретінде жаратылып бапталған «ереуіл ат» қан майданға иесімен бірге түсіп, жекпе – жекке де бірге шығып, шайқасты бірге бастап, бірге аяқтайды. Яғни «Батыр» бейнесінің салмақты бір компоненті «ат» арқылы «Күрес», «Соғыс», «Жеңіс», «Жау», «Өлім» образдары барынша айқындалып объективтеледі:

«Ереуіл атқа ер салу»,

«Ат үстінде күн көру»,

«Ат – жігіттің майданы...»,т.б.

Махамбет поэзиясында көп көрініс табатын «Жау» бейнесі. Батырдың жауы да осал емес, ол – Хан. Оның жетісіп, менменсіген кезде «бұтын көтеріп, ұртын көпіртуі»: батырдың ашуына тиеді, яғни айрықша жағымсыз эмоционалды әсер тудырады:

«Ханым, ханым» дегенге

Көтере берме бұтыңды,

Көпірте берме ұртыңды...

Жаратылысынан «ақ сұңқар құстың сойы» батыр мұндайға төзбейді, «шамырқанады». Ал «атасы жаудан қайтпаған» ер мұндайда қарап қалмайды:

«Шамырқансам, тақсыр, кетермін,

Кетпей де нешік етермін?...

Мен кеткенмен, тек кетпен...

Ашуыма көп тисең,

Өзекті жанға бір өлім,

Ордаңды талқан қылып шабармын!..

Махамбеттей «кесекті ердің сойы» «сүйегі тұтам қалғанша тартынбай сөйлейді», «шамданса жығады», шамырқанса сынады, бірақ «кәр қылады деп» дұшпанының «аяғына бас ұрмайды!», күндердің күнінде оның «басын» кеседі!»

Аяғыңа бас ұрман...

Байеке, сұлтан, ақсүйек,

Қыларың болса қылып қал,

Күндердің күні болғанда

Бас кесермін, жасырман

Махамбет танымында «өлім» концептісі бастың кесілуімен аңғартылады:

Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту аған,

Жауды көріп қуанған. -

Махамбет атты батырмын!

Қазақ ұғымында үрей, қорқынышпен ассоциацияланатын «өт» сөзі («өті жарылды», «өті айрылды», «өтін алып к...іне құйды», «өтін алып аузына құйды», «жылқыда өт жоқ» (үркек, қорқақ) ақын танымында да «қыспаққа алу», «жан алу», «өлтіру» мәндерінде қолданылады. Ақын тілінде мықтының мықтыға қылар қысастығы:

Күндердің күні болғанда,

Өзіңнен мықты жолықса,

Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді...

деген жолдармен берілсе, Асылдан туған батыр ұлдың шыдамдылығы мен бірбіткей өрлігі:

Екі жақ болып тұрғанда,

Егескен жерде шарт кетер,

Жауырынынан өтін алса да... («Ұл туса»)

деген шумақтан көрінеді.

Махамбетте махаббат тақырыбы аз жырланған деген пікірдің негізсіз екендігін оның шығармашылығындағы «ару–жар» концептісіне қатысты қолданыстар дәлелдейді:

«Ару» ақын үшін ең алдымен Батырдың бейбіт өмірдегі серігі:

Асыл туған ару («тектілік концептісі»); ақша бет ару, алма мойын ару («сұлулық концептісі»); басына жібек байлаған ару «Әлпештеген ару», «жаста қосылған ару», «алғыншы (алғаш) алған ару» («Жар» концептісі).

Бұл көркем қолданыстардың контекстуалдық семантикасына назар аударсақ, ақынның индивидуалды–авторлық ғалам бейнесіндегі «Ару» концептісінің аясы кеңейе түседі:

Алғыншы алған арудың

Ақша бетін солдырмай...

Қапыда қалған қасқамын («Өкініш»)

...Асыл туған арулар

Жанын пида етпей ме,

Шын сүйіскен теңі үшін?! (Адалдық, шын берілгендік, махаббат, «Адал жар»)

Басына жібек байлаған

Арулар кімнен қалмаған?! (Өлім» концептісіне апаратын «жалған дүние» ойсуреті);

Бұл – жыраулардан келе жатқан дәстүрлі қолданыс.

ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Зәки Ахметов қазақ әдебиеттану ғылымына айрықша еңбек сіңірген, үлкен тұлғаның бірі. Жиырма жасында университет бітіріп, жиырма үш жасында ғылым кандидаты, отыз жеті жасында ғылым докторы атанған Зәки Ахметов қазақ әдебиеттану ғылымына оннан астам монография, жиырмаға жуық ұжымдық еңбек, төртжүзге жуық мақала жазған ғұлама ғалым.

З.Ахметов сондай-ақ әдебиетші ғалымдар тәрбиелеуде, олардың ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаған ұстаз екендігін танытқан тұлға. Оның жетекшілігімен бірнеше докторлық, отыз шақты кандидаттық диссертация қорғалған.

З.Ахметовтің қазақ мектептерінің 8, 9, 10 сыныптарына арналған «Орыс әдебиеті» атты оқулығының он рет қайта басылуының өзі көп нәрсені аңғартады.

Зәки Ахметов ғылымға абайтанушы болып келді. Және оны өмір бойы өзіне өнердегі ең сүйікті серігі етті. Абайтанудың төрт құбыласын (аудармасын, текстологиясын, оның сындарына деген көзқарасын, Абай мектебін, канондық мәтінін қалыптастыру) тең ете тұтас қарастырған З.Ахметовтің бұл саладағы еңбегі бірнеше зерттеуге азық боларлық тақырып.

З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиялық зерттеуі 1995 жылы «Ана тілі» баспасынан -272 бет көлемінде жарық көрді. Ұлы ақынның шығармашылық тұлғасын, адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сөз өнеріне қосқан құнды жаңалықтары мен түрлік құбылыстары жөніндегі жаңа ойлары жүйеленген бұл еңбекте зерттеуші ақын мұрасын сала-салаға бөліп қарастырады.

З.Ахметов мұхтартану саласында да табанды еңбек етіп, М.Әуезовтің «Абай жолын» зерттеуге екі бірдей іргелі монографиялық еңбек арнады. 1984 жылы «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания» деген тақырыппен шыққан монографиялық еңбегінде романның туу тарихын, жазушы лабораториясын, оның шығармашылық психологиясын, романның екі басылымын салыстыру арқылы зерттесе, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығы және тәуелсіздік кезеңіндегі ой еркіндігіне орай эпопеяны қайта қарап, жаңаша көзқараспен саралап шықты.

Оқырман мен әдебиетші арасындағы мәңгі мұңдасу мен сырласуды өзінің әдебиетші-теоретик ретіндегі ұстанымы ете білген Зәки Ахметов өмір бойына халықтың эстетикалық мәдениетін көтеруге, оқырманның әдеби-эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, қалыптастыруға, дамытуға дәнекер болуға табанды түрде еңбек етті. Кеңестік кезеңде көптеген ғылыми еңбектерде бой көрсеткен шығарманың мазмұнын баяндап шығу немесе құрғақ талдау сияқты сұйықтықтан өзін таза, сырт ұстаған ғалым бос сөзділікке орын бермеген. Қандай шығарманы талдаса да оның көркемдік табиғатын тануға, ішкі жан дүниесіне үңілуге, олардың қандай бейнелеу құралдары арқылы жүзеге асырылғанына нақты мысалдар арқылы теориялық талдау деңгейінде көз жүгірткеніне куә боласыз. Ең бастысы, ғалым өзі оқып, тұщынған туындылардан тазалық, сұлулық, биік парасаттылық іздеді. Теориялық даярлығы мен эстетикалық талғамы жоғары ғалым көңіліне қонған шын мағынасындағы талантты, айтар ойы бар көркемдік құндылығы бар деген шығармаларға пікір айтуға, соның жетістігі мен кемшілігі жайлы ортаға ой салуды, сөйтіп халықтың да автордың өзінің де эстетикалық мәдениетін көтеруге көп көңіл бөлді.

Әдебиеттер тізімі


  1. Ахметов З. Абай и Лермонтов. – А.: Арда, 2008. – 160 с.

  2. Ахметов З. Таңдамалы. 1-том (құраст. М.Оразбек, М.Зәкиұлы). – А.: Ана тілі, 2008. – 280 б.

  3. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – А.: Ана тілі, 1995. – 271 б.

  4. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. І том. – А.: Жазушы, 1995. – 336 б.


Зәки Ахметов және халық поэзиясы

Қ.М.Байтанасова,

ф.ғ.к., доцент

Қазақстан, Астана
Поэзия әдебиетімізде ерте қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар жанр. Қоғамдық әлеуметтік өзгерістерге шапшаң үн қосуымен, жаңа сападағы жаңалықты тез сезінуімен поэзия үнемі алғы сапта танылып келеді. Қоғамның ілгерлеуімен қабат, идеялық мазмұны, көркемдік формасы жетілген тың поэзия туды. “Көркем сөз шығармаларының даму, жетілу, жаңа сапаға көшу тарихы фольклор мен жазба әдебиеттің өзара байланысы мен бір біріне ықпалының замандар бойында үзілмей желі тартып келгенін дәлелдейді. Түрлі халықтарда тарихи әлеуметтік жағдайларына қарай кейде осы арна қатарласа дамыған, қайсы бір кезде осылардың біреуі алдыңғы шепке шығып отырған. Сонымен қатар, осы екі көркемдік ағынның жалпы даму бағытында ортақ үлкен заңдылықтар бар. Ол ауызша әдебиет дәстүрлерінің бірте бірте жазбаша дәстүрге ауысу, ұласу тенденциясы” [1, 37].

Поэзия дамуының теориялық мәселелері өткен ғасырдың 30 жылдары көтеріле бастаған еді. Бұл жөнінде 1934 жылы С.Сейфуллин поэзияның тілі мен бейнелеу құралдары жөніндегі мақаласында айтқан. Өзінің қазақ фольклорына, жаңа кезең әдебиетінің тууына арналған мақалалары мен зерттеулерінде бұл мәселені М.Әуезов те қозғап, көркемдік ізденіс жасаудағы халықтық дәстүрді жоғары бағалайды. Қазақ поэзиясына арналған еңбектерінде жаңа сапада пікір айтқан зерттеуші Қ.Жұмалиев болды. Оның 1948 жылы жарық көрген “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” зерттеуінде Абай өлеңдерінің тілі, көркемдік құралдары, ақынның шеберлігі, Абайдың өзіне дейінгі поэзияға жасаған ықпалы талданады. Одан басқа, Т.Нұртазиннің, Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайыловтың, С.Қирабаевтың, Ә,Тәжібаевтің т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектері бар. Солардың ішінде Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов көптеген жылдар бойы қазақтың өлең құрылысы мәселесіне еңбектерін арнады.

XX ғасыр қазақ халқы үшін есте қаларлық тұтас бір тарихи дәуір десек, соңғы жетпіс жылы біздің ұлт мәдениеті мен ғылымы үшін үлкен өркендеу кезеңі болды: осы кезеңде қоғамдық ғылымдар бұрын болмаған дәрежеде дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Еліміздің қоғамдық ғылымдарының, оның ішінде, ұлттық әдебиеттану ғылымының іргесі бекіп дами түсуінде, 1950 жылдары таланттарымен көрінген бір топ жас зиялылар легінің рөлі ерекше болды. Сол таланттар шоғырының көш басында аса көрнекті ғалым, қазіргі ұлттық әдебиеттану ғылымының бірегей өкілдерінің бірі, академик Зәки Ахметов есімі ерекше аталады.

Әдебиеттану ғылымында З.Ахметов әдебиет тарихы, абайтану, әуезовтану, әдебиет теориясы мен әдебиеттану әдіснамасы туралы өзекті мәселелерді қамтыған іргелі зерттеу еңбектері арқылы, ұлттық әдебиеттану ғылымын республикадан тыс жерлерге де әйгілі етті. З.Ахметовтің әдебиет теориясы, поэтика, өлең құрылысы мен өлең жүйесі, абайтану мен әуезовтану проблемалары жөніндегі күрделі зерттеулерінің мән маңызы күн өткен сайын тереңдей түсуде. Халықтың қазыналы рухани мұраларында өлең болып өрілген өрелі танымның табиғатын тануға ұмтылдырған ұлы күштің астарында ұлтының ұлағатты ізгілік иірімдерін ашсам деген игі мақсатпен қоса, бала күннен көңілге жатталған, ауыз әдебиеті арқылы бойға сіңген қазақ сөзіне деген берілгендігі жатқан еді. Қазақ тілінің ұлттық бітім тұлғасының өзгешеліктері өлеңде бедерленген бейнелі сөздердің мән мазмұнын, оның құлаққа жағымды, жүрекке жылы болуына ықпал ететін өлшем өрнектерімен, ырғақ саздың бірлігімен тұтастықта қарастырылуы тиіс екендігін дәйектеген бұл еңбек әдебиеттану теориясына айтулы жаңалық әкелді.

Зерттеушінің өзекті де іргелі зерттеуі – “Қазақтың өлең құрылысы” еңбегі. Бұл еңбекте көптеген материалдардың негізінде қазақтың өлең құрылысының заңдылықтары мен теориялық негізі жасалады. Бұл жөнінде академик С.Қирабаев: “Автордың концепциясында – басты екі мәселе назарға алынады: біріншіден, өлеңнің барлық элементтері бір бірімен тығыз байланысты; екіншіден, өлеңнің мазмұны мен формасы бөлінбейтін бірлікте” [2, 98]. Еңбекте өлеңнің ырғағы, оның өзіне тән ерекшелігі, ұлттық тілдің құрылымы жан жақты дәйектеледі. Ғалым қазақтың өлең құрылысының эволюциясына, өзгеру негізіне талдау жасайды.

Өлең сөз адамға ішкі мазмұнымен, бейнелілігімен, суреттілігімен ғана емес, айтылу әуезділігімен, ырғақ үнділігімен де әсер етеді. Өлең сөздің әуезділігін арттыруға ұмтылу тек әсемдікке ұмтылу ғана емес. Тек ырғақ қуып кетсе, өлеңнің мазмұны солғындайды. Бұл міндет өлең сөздің барлық мүмкіншілігін, мағыналық, бейнелілік, ырғақ интонациялық, дыбыстық жағын сабақтас, үйлес алғанда ғана тең түседі. Өлең сөздің қара сөзден құрылыс жағынан айырмасы – онда мөлшерлі ырғақ болады. Өлең ырғағы – поэзияның өз еншісіне тиген сипат, әрбір өлең тармағының көлемінде мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ. Өлең сөздегі кейбір қарапайым ырғақ өрнектер жай сөйлеу тілінде де кездесетін жағдай болады. Ұйқастың құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ал ұйқастың кезектеу реті тілдің синтаксистік құрылысымен көбірек байланысты. Зерттеу еңбектерінде қазақ поэзиясының құрылысын ғана емес, тілін де зерделеген ғалым 1970 жылы жарық көрген еңбегін “Қазақ поэзиясының тілі туралы” деп атады.

“Қазақ поэзиясының тілі туралы” еңбегінің алғы сөзінде автор: “қазақ поэзиясы бейнелі тілінің мәселесі қазақтың әдеби көркем шығарашылығымен байланыста қарастырылады. Тіл көркемдігі маңызды мәселелердің бірі, ол халықтың тарихи дамуымен, көркемдік эстетикалық көзқарасымен байланысты. Осы поэзия тілін, оның нәзік иірімдерін білмей, шығарманың мазмұнына терең бойлай алмайсың” дейді [3, 67]. Бұл кітап зерттеушінің поэзияға арналған екінші кітабы. Мұнда көтерілген мәселелердің маңыздылығын айқын тану үшін көркем сөз шығармашылығының ішкі қатпарына, поэтикалық тілдің нәзік тұстарына бойламай, көркем бейнені, шығарманың бүкіл мазмұнын түсіне алмайтынымызды айтсақ та жеткілікті. Себебі, халықтың тарихи өмірі, оның эстетикалық көркем көзқарасы поэзиямен бірлікте қарастырылады. Ал, бұл бірлік, поэтикалық тілдің бейнелі сипатынан анық байқалады. Бұл жөнінде зерттеуші ғалымдар С.Қасқабасов пен Ө.Айтбаев мынадай пікір айтады: “Поэтикалық тілде болып жатқан күрделі процестерді тереңнен түсініп толғайтын заманымызда, жеке байқауларды қойып, қазақ поэзиясындағы тарихи дамудың заңдылығын дәлелдейтін күрделі жұмыстарға көшудің кезеңі келген болатын. Мәселе әдеби туындының түрі мен тіліндегі кейбір келісімсіз кедергілерді анықтауда ғана емес. Мәселе ақынның қандай ұлттық дәстүрге иек артып, өз тарапынан сол ұлттық поэзиямызға қандай жаңалықтар әкелуінде, қазақтың әдеби көркем шығармашылығының бейнелі бедерлі мүмкіндіктерін қалай байыта, дамыта түсетінінде” [4, 511]. Зерттеуші еңбегінде қазақ поэзиясының тілін екі салада қарастырады. Бір жағынан, жалпы қазақ поэзиясының тіліне ортақ ерекшеліктерді айқындаса, екінші жағынан поэзиямыздың белгілі өкілдерінің тілін талдайды.

Автор тарихи дамудың басты кезеңдерін айқындау үшін, халық поэзиясының ауызекі айтылатын түрлерінің, төңкерістен бұрынғы жазба әдебиетінің және қазіргі поэзиямыздың тілін танытатын факторларды сөз етеді. Еңбекте қазақ әдебиетінің ұлттық түрін зерттеудің айырықша мәні бар екені ашылады. “Қазақ халық поэзиясының тілдік бейнелік құралдары” деген тарауда поэтикалық тілдің образдар жүйесін, қазақ поэтикалық тілінің ұлттық ерекшелігін, халық ауыз әдебиетінің поэтикалық ерекшелігін, қазақ фольклорына неғұрлым тән болып келетін образдар сипатын, қазақ халық поэзиясындағы әйелдер бейнесін, Біржан мен Сара айтысының тіл ерекшелігін, Махамбеттің тіл өрнегі мәселесін, халық поэзиясының өлең формасын талдайды. Зерттеуші поэзия тіліне әр үстейтін құбылту түрлеріне жекелей тоқталып, олардың өлең тілінде өрнек жасаудағы рөлін терең ашады. Бір ғана айқындауды материалдық заттық және абстрактілік, метафоралық сипатта келетінін ажыратады. Оған мысал ретінде, болат қанжал, қара көз немесе болат төзім, қара ниет түрінде келуіне мысалдар келтіріп, олардың ұлттық бояу үстейтін қасиеттерін ашады. Теңеу поэзияда ең көп таралған тәсіл екенін, кейде беймәлім құбылысты белгілі ұғымдармен салыстыру арқылы, сол сөздің мағынасының кеңейе түсетінін, сол сияқты метафора мен символдың да ойды ауыстыра, тұспалдай берудегі мәнін талдайды. Қазақ поэзиясының көркемдігін зерттеу үстінде, ғалым ондағы бейнелеу мен ажарлаудың ұлттық сипатына тәптіштей тоқталады. Халқымыз ғасырлар бойы сахарада көшпелі тіршілік кешуі олардың әр маусымның ерекшелігін әбден бақылап, өздерінің сөз өнерінің бейнелілігіне қажетті тәсілдерді табиғаттан тапқанын айтады. Қазақтың салт дәстүрінің қай қыры да оның өмірімен, тұрмысымен, ұлттық ғұрып мерекелерімен, киім киістерімен, ас тағамдарымен үндесе отырып, олардың дүниетанымынан да орын алғанын дәлелдейді. Соған орай зерттеуші жаратылыстағы аң құс, табиғат құбылысының халықтың поэзиясынан көрініс тапқанын дәлелдейді. Оған мысал ретінде Біржан мен Сараның айтысынан (ақ сұңқар, аққу, тұлпар, бұлбұл, дүлдүл) үзінділер келтіреді.

Зерттеуші қазақ қоғамында үстемдік еткен патриархалдық феодалдық жағдайдағы әлеуметтік мәселелерді аша отырып, сол замандағы сөз өнері түрлеріне, оның даму, сақталу, өзгеру жолдарына тоқталып, қазақ даласында болған шетел және қазақ зерттеушілерінің ой пікірлеріне тоқталады. Негізінен, олардың қай қайсысыда қазақ халқының сөз өнеріне деген ынта дарынын, суырыпсалма өнеріне деген ықыластарын таңырқай жазғанына тоқталады. Қазақ халқының сөз өнеріне аса талғаммен қарағаны, сөздің жұмсалуына, мәніне мұқият зер салғаны белгілі. Олардың халық арасындағы танылуына орай, меңгерген өнер түрлеріне байланысты түрліше аталғанын, жырау, жыршы, ақын, өлеңші дегендердің әрқайсысын даралап, орнықты уәждер келтіреді. Сол өнер иелерінің бір бірінен ажырататын қасиеттерін жекелей атап, ұқсастық айырмаларын саралайды.

Қазақ поэзиясының ерекшелігі, әсерлілігі сонда, ол өмірдегі, айнала жаратылыстағы жанды құбылыстарды бақылаудан, қабылдаудан, ұқсатудан туады. Сондықтан да қазақ поэзиясының тілі әсерлі, көркем, қабылдауға жеңіл болады. Осыған байланысты зерттеуші ауыз әдебиеті өкілдері мен жазба поэзиясы өкілдерінің шығармаларын салыстырып, ондағы бейне жасау, теңеу мен салыстырудағы үндестіктерге дәйектер келтіреді. Әсіресе, эпос, лиро эпостық жырлар мен айтыс өлеңдердегі көркемдік тәсілдерді салыстыруы, ондағы әдіс амалдардың жазба әдебиетінде ешқандай қиындықсыз кіріге қолданылғанын, мәселен, Абай, Сәкен, Ілияс поэзиясындағы ортақ бейнелерді талдауы аса қызғылықты.

Қазақ халық поэзиясындағы тіл өрнектерін қарастыру үстінде, зерттеуші әйел бейнесін берудегі тіл ажарлығына ерекше тоқталады. Эпикалық та, лирикалық та туындыларда әйел бейнесі тек сырт көркімен ғана емес, ішкі сұлулығымен де әспеттеле жырланатынына тоқталады. Зерттеуші бір ғана көзге байланысты бота көз, құралай көз, мөлдір көз, күлім көз, қара көз деген тіркестерді келтіреді. Бұл айқындаулардың тұрақталып, орныққан мәніне тоқталады. Кейде әйелдің сырт ажары мен ішкі сұлулығының қатар аталатынын ажарың атқан таңдай деген теңеумен келетінін айтады. Шындығында да бұл тіркесте атқан таң қандай таза, кіршіксіз болса, сұлудың да ішкі жан дүниесінің таза екенін меңзейді. Сонда халық поэзиясында қазақ әйелдерінің сымбаты күнделікті таныс, адамның көз алдындағы құбылыстармен жарасымды үндесе берілетінін айтады. Бұған дәлел ретінде зерттеуші Қыз Жібек, Ақжүніс, Назым бейнелерінің сипатталуын мысалға алады. З.Ахметов өзінің талдау нысаны еткен мәселелерін нақтылыққа құрады. Мәселен, тілдің бейнелеу кестесінің молдығын ауыз әдебиетінің қай жанрынан да табатынымызды айта келе, айтыстағы тіл бейнелілігін ашуда “Біржан Сара” айтысын алады. Екі ақынның да төгілген сөз өрнегі, кестелі теңеу, салыстырулары бірінен бірі өтеді. Мәселен, Біржан:

Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,

Болатпын екі жүзді алмас кеспес, десе,

Сара:


Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,

Лебізім шырынындай шәрбат судың, дейді [5,278].

Екі ақынның да қызыл сөзге дес бермес алғырлығы айтыстың әр жолынан аңғарылады. Мұның өзі күні бүгінге дейін рухани құндылыққа айналып отырған айтыс өнерінің өміршеңдігін дәлелдейді. Халық ақындарының шығармалары тұтастай алғанда, ауызша дәстүрде дамыды. Сөз өнерінің ірі майталмандары Бұқар, Махамбет, Біржан, Жамбыл шығармалары өзінше дара. Солардың ішіде өзінің тіл өрнегінің өзгешелігімен ерекшеленетіні – Махамбет. Әрине, ақын поэзиясында фольклорлық тәсілге сүйену байқалады. Бұл әсіресе, толғау мен жеті сегіз буынды өлең үлгісінен байқалады. Махамбеттің өлеңдері өзінің тіл өткірлігімен, бейне жасаудағы сонылығымен дараланады. Оның көтеріліске байланысты үндеу сипатындағы өлеңдері де, Жәңгір ханға, Баймағамбетке арнаған өлеңі де алдымен жасқанбай қатал сөйлейтін ақынның өр тұлғасын танытады. Осы Махамбет поэзиясының тіл көркемдігіне тоқтала келе, зерттеуші З.Ахметов: “Махамбет өлеңдеріндегі күресшіл сарын, көтеріліс рухы алдымен көзге түседі. Ал, Исатай қайтыс болған кездегі, өзінің Нарыннан қуылған сәттегі өлеңдерінде эпостық сарын байқалады, дейді [3,67]. Өлеңдегі халықтық дәстүрді дамытып, түрлендіру, жетілдіріп, толықтыру жөнінен Махамбет ақындығының өзгешелігін зерттеуші айырықша атап көрсетеді. Ғалым “Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны” өлеңіндегі халықтың дәстүрлі бейнелеу нақыштарын қоса ақынның нақтылы өмір құбылыстарын жеткізуде ерекше, оқшау, бояу суреттерді де соншалықты мол туғызып отырғанын айтады. “Мен кескекті ердің сойымын, кескілеспей басылман” немесе “Еңіреп жүрген ер едім, жақсыларға еп едім, жамандарға көп едім” деген сенімді сипаттау сөздерден ақынның өз қолтаңбасы, сөз қолдану ерекшелігі айқын танылатынын көрсетеотырып, Махамбеттің сұлтанды “Қайраңнан алған шабақтай, қия бір соғып ас етсем” деуінде де салыстыру, сипаттау тәсілі ақиқат өмірден алынған әсерлерден туғаны анық байқалатынын айтады.

Махамбет   өлеңде халық ұғымына әбден сіңісті болған теңеу, тұспалдау, салыстыруларды қолданумен қатар, соларға ыңғайлас өзіндік қолданыстарды төгіп тастап отырған, сирек ұшырасатын ақындық шеберлікпен танылған сөз ұстасы. З.Ахметов осыны ақын поэзиясының табиғатын ауда нақтылы сөз қолданысты айқындап отырып, теориялық тұжырымдарға айналдыруында өзінің өлең сөз қисынын зерделеуге келгенде қара үзген үздік екенін жәнебір мойындатып кетіп отырады. Махамбеттің ақындық қуатын мейілінше жанды, сезімді ой орамдарына орап отырып, нақты ұғындырады. Мәселен, Махамбет поэзиясында көркем салыстыру, тұспалдаудың дамытылған түрлерінің молдығын ашады:

Мен шарға ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім,

Қайраса, тағы жетілдім... Ақын мұнда бір “балта” сөзінің ауқымында ауыспалы, астарлы ой туғызып, күрделі метафоралық бейне жасап отырғанын айтады.

З.Ахметов қазақ өлеңіндегі жыр үлгісін теориялық жақтан негіздеуінде Махамбет поэзиясын үнемі назарда ұстаған. Кезінде М.Әуезов, Қ.Жұмалиев талдаған “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңіне З.Ахметов жырдың айырықша бір үлгісі есебінде тоқталады. Жыр түйдегінің сипаттамасына үлгі болады. Ғалымның “жырдың” ұйқас, буын, бунақ, шумақ (түйдек) туралы теориялық негіздеуінің бір көрінісі – Махамбет поэзиясы. Жыр өлшемі, қазақ өлеңінің дәстүрлі жыр үлгісінде кездесетін тармақтардағы буын санының әркелкілігі туралы зерттеулерінде Махамбет поэзиясына ғалым жиі жүгінеді. Зерттеуші Махамбет поэзиясының дәстүрлі халық поэзиясымен байланысын өлең үлгісі жөнінен, өлеңдік құрылым жөнінен, тіл қолданысы жағынан айырықша қарастырып, ақынның қазақ поэзиясындағы өзіндік өзгеше өлең жасау үрдісіне айқын теориялық негіздемелер жасады.

Зерттеуші қазақтың өлең құрылысына тұтас монографиялық еңбегін арнаған. Оның ішінде халық поэзиясының өлең құрылысына аса мән бере зерттеген ғалым, қазақ өлеңдерінің буынға бағына жасалатынын, кейбір түркі елдерінде “бармақ”, “бармақ қисабы” терминдерінің қолданылатынын, негізінен қазақ өлеңінде он бір буынды және жеті сегіз буынды өлшемдердің жиі кездестінін айтады.

З.Ахметов халық ауыз әдебиеті – халық шығармашылығы, суырыпсалма ақындардың туындылары және халық музыкасы қазақ халқы үшін қоғамдық сана сезімінің негізгі қозғаушы күші болғандығын, бұл халықтың мол арналы поэзия жанрын өрістете түскені туралы айтады. Ондағы тіл өрнегіне көңіл бөлген зерттеуші ондағы бейнеліліктің бастауы көнеден арна тартқанын дәлелдейді. Бұл көне бастаулар көптеген халық өлеңдерінде (еңбек, ғұрыптық, тұрмыстық) көрініп, бұл кейіннен халықтық жеке лириканың пайда болуына әкелгенін айтады. Сол сияқты халық өлеңдерінде ежелден орныққан бірқатар өлең формаларының (мәселен, жеті сегіз буынды жыр) бар екені даусыз екенін дәлелдейді. Көне ауызша поэтикалық дәстүрдің жарқын мысалына көне сипатты елестететін сюжет, образ, композициясы сақталған эпостық жырлар жататындығын да айтады. Қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі өмірін, тұрмыс салтын зерттеген көптеген зерттеуші ғалымдар оларда ауызша көркем сөз өнерінің дамуы биікте болғанын дәлелдейді. Ғалым Ш.Уәлихановтың пікіріне ден қойсақ, “поэзияға, әсіресе, суырыпсалма өнеріне бейімдік, барлық көшпелі халықта байқалғанын айтады. Көптеген саяхатшылар дала көшпенділерінде кез келген баланың төрт жол өлеңді ұйқастыра алатынын, сөйлегендегі тіл көркемдігін таңырқай жазған. Мұндай құбылыс монғол түрік тайпаларына да тән екендігі айтқан” [6, 204]. Сонымен бірге, Шоқан халық арасында табан астында өлең құрастырып, шешен сөйлейтіндердің мол болғандығын, өлеңді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен де орындай алу ерекшеліктерін көп зерттеушілердің қызыға жазғанын айтқан.

Зерттеуші З.Ахметов халық арасынан ән жыр орындаушылардың ерекшелей көрінгенін халық үнемі құрметтеп отырғанын айтады. Олар ел арасында әдемі, сазды дауысымен, суырыпсалмалық орындушылығымен дараланып шығып, жырау, жыршы, ақын деп аталғандарына талдау береді. Бұлардың ішіндегі көнесі жырау екені даусыз. Ол халықтың өткен кеткенін терең білетін, халықтың әлеуметтік қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарып, өзінің ақылгөй, даналығымен ерекшеленетінін айтады. Жыраудың шығармашылығының өз ерекшелігі болғандығын, оны толғау деп атайтынын, толғау   ойланып толғанып, тереңнен ой қозғай айтылатындығын, олар таза халықтық формада жырланады. Мұндай өнер иесі шын мәніндегі жырау мағынасына толық жауап беретін Сыпыра жырау болғандығын айта келе, зерттеуші уақыт өте жырау тек айтушы, өлеңші ретінде қолданды дейді.

Халық ақындарының келесі түрі – жыршы. Тар мағынасында алғанда жыршы эпикалық өлеңдер мен аңыздарды орындаушы. “Жыршы – халықтың эпикалық поэзиясын, көне аңыздар мен әпсаналарды сақтаушы, жеткізуші”, деген пікірді айтқан Ә.Марғұлан, ақындарға қарағанда, олар тек кең эпикалық сюжетті, аңыздарды көне батырлар мен соғыс жорықтарды жырға қосады, дейді [7,230]. Зерттеуші халықтан шыққан өнер адамдарына қатысты пікірлерді саралай келе, көбіне Ш.Уәлихановтың айтқан пікірлерін таратып, дәйектеп отырады. Зерттеуші халық ақындарының жырау, жыршы, өлеңші немесе ақын деп жіктеудің шарттылығын, олардағы бұл қасиет араласып, тоғысып отыратындығын айтады. Халық ауыз әдебиеті шығармашылығы тек XIX ғасырдан бастап қағазға жазыла бастағанын айта келе, олардың мәтініне көбірек назар аударылатынын, яғни олардың өмір сүру үстінде толығып, өзгеріске түсетінін байқаған. Осылайша, зерттеуші автор мәселесіне тоқтала кетеді. Дербес авторлықтың жеке ақындықпен қатысты екендігін, оған дейін олардың авторы халық болғандығын айтады. З.Ахметов халық арасында неғұрлым ұзақ жасаған туындылардың оларға жақын болатындығын, яғни, ел арасына таралу барысында, халықтың эстетикалық танымына жақын сөздердің, тіркестердің орныға түсетініне көз жеткізеді. Осыған байланысты халық шығармаларының тілі үнемі байып, жетіліп отырғанын айтады. Халық шығармаларын саралай келе, әрбір жанрда белгілі бір поэтикалық оралымдардың белсендірек қолданатынын айта келе, мәселен, лирикалық шығармаларда теңеудің көбірек кездесетінін дәлелдейді.

Зерттеуші З.Ахметов қазақ поэзиясындағы тұрақталған поэтикалық құбылтулардың астарында халықтың көшпелі мал шаруашылығының көрінісі жатқанын айтады. Халық поэзиясының тіліне тәптіштей тоқталған зерттеуші, қазақ фольклорының өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Автор халық поэзиясының тілі бейнелілігімен, көркемдігімен ерекшеленетінін, көркемдік құралдарының синтаксистік, интонациялық ырғақтық және дыбыстық тілдік құрылымы өте иілгіш, сан қырлы екендігін дәлелдейді.

Ғалым поэзиядағы, өлең жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер әлдеқандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге әуестіктен емес, эстетикалық сезімнен, образды, бейнелі ойдан, дүниені ақынша, суреткерше қабылдаудан туатынын; өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ой сезімнің тереңдігі мен көркемдігі екенін; өлең сөз кестесіндегі, поэзия тіліндегі көп ерекшеліктерді дұрыс түсіну үшін ақындық ойдың, көркем ойдың өзгешелігін, дүниені эстетикалық жағынан қабылдап, танытудың ең қуатты құралы екендігімен сабақтастыра дәлелдейді. Өлеңнің нәрі сөзінде болса, ол сөздің мәні оны қолданушының ұғымымен, түсінігімен, өмір шындығын тану қабілетімен, ой сезім қуаттылығымен астасып жатқанын философиялық тұрғыда тұжырымдайды. Өмірдің тылсым, құпия сырларының ақынның ой көрігінде шыңдалып, тыңдаушының көңіл көкжиегін кеңейтер сиқырлы дүниеге айқындалуының шарты – поэзияда қорытындылап жинақтау мен даралау, ортақ және жекелік сипаттардың өзара тоғысуы болып табылады. З.Ахметовтың іргелі еңбектері мен өзекті мәселелерді қозғаған зерттеулері әдебиеттану ғылымында алдыңғы сапта танылады. Себебі, ондағы негізгі идея, қисындар қазіргі тарихи әдеби процесте, әлеуметтік, көркемдік, эстетикалық басымдылық тұрғысынан бағалануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет