Әдебиеттер:
-
Сарсембаев М.А. Международно – правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы: Галым. 1995. -368с.
-
Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Алматы: Данекер. 1999.
-
Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы: Данекер. 2001. -344с.
-
Сафанова О.Н. соотношение международного права и национального права Республики Казахстан. Алматы: Данекер. 2002.
-
Сборник международных конвенций. Автор – состовитель К.М. Сарсембаев. Алматы: Гылым, Данекер. 1997. -190с.
6– тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері
Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық құқық субъектілеріне анықтама беру, сипаттау.
Негізгі сұрақтар:
-
Халықаралық құқық субъектілерінің анықтамасы мен түрлері.
-
Мемлекеттердің халықаралық құқықтық субъектілігі.
-
Халықаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігі.
-
Халықаралық құқықта жеке тұлғаның мәртебесі.
Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы құқық субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып келеді. Субъективтік заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері – тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі – мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда – ұлттық белгі болады. Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жек тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды.
Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Қазақстан Республикасы – халықаралық құқық субъектісі. Халықаралық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуынан, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді. Мысалы, ХХғ. 60-жылдарының басында Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел байлады. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз ішкі мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес. Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін объективті сұраныс туындайды. Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі таңда халықаралық құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.
Құқық субъектілік мәселелері халықаралық құқық ғылымында әрқашан іргелі орын алып келеді. Олай болуы табиғи да, себебі халықаралық құқық субъектілер арасындағы қатынасты реттейді, ал субъектілер шеңбері халықаралық өмірдің маңызды құбылыстарына байланысты өзгеріске ұшырап отыратыны белгілі.

Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986ж. Вена Конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады. Халықаралық ұйымдар санының өсуі мен халықаралық қауымдастықта маңызды мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік тұрғыдан бекіту қажеттігін туғызады. Мысалы, әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдардың қатынастағы мемлекеттердің өкілдіктері туралы 1975ж. Вена Конвенциясы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы 1986ж. Вена конвенциясы.
Біз Е.А.Шибаеваның «халықаралық ұйымдар алғашқы кезде құқық субъектілік қасиетке ие болмаған. Ол ұйымдардың, халықаралық құқықтың және халықаралық қатынастардың дамуының белгілі бір сатыларында пайда болады...» деген көзқарасымен келісеміз.
Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ, олар мемлекетке тәуелді, яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер ерік білдіруі керек. Сөйтіп, құрылтайшы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті береді. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай актісінде (жарғысында) бекітіледі. Егер мұндай жағдай жарғыда нақтырақ көрсетілмесе, онда жобаланған құзырет тұжырымдамасы қолданылады. Мысалы, халықаралық Соттың консультациялық қорытындысы 1949ж. БҰҰ-ны халықаралық құқықтың туынды субъектісі ретінде таныды.
Сөйтіп, қазіргі кезең жағдайында халықаралық ұйымдар рөлінің өскеніне байланысты өзінің құқықтық табиғаты бойынша ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Олардың құқық қабілеттілігінің көлемі – субъектілік құрамы, қызмет көлемі, реттеу пәніне байланысты әр түрлі. Мемлекетаралық, бүкіләлемдік және әмбебап ұйым – БҰҰ-ның қазіргі кезеңнің маңызды ұйымы екендігіне талас жоқ. Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде мемлекет құзіретінің көлемі қандай да бір халықаралық ұйым құрамындағы мемлекеттің құзіретінен әлдеқайда кең болатынын атап өткен жөн.
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық құқықтың тарихы арнайы шарттар арқылы ерекше саяси-аумақтық құрылымдардың мәртебесін айқындап берді. Оларға «еркін қалалар», Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр.
«Еркін қалалар». 1815ж. Вена трактатына сәйкес, мұндай қалаларға 1846ж. дейін өмір сүрген Краков қаласы, 1919ж. Версаль бейбітшілік шарты бойынша – Данциг (1920-1939) қаласы жатқызылды, сондай-ақ «Триест бос аумағын» құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек, осы аумақ Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс Берлин мәртебесі 1971ж. төрт тарапты келісіммен реттелді, ол КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырылып түсіндіріледі. Жоғарыда аталған 1971ж. Келісімнің ережелеріне сәйкес, Батыс Берлин дербес саяси біртұтастықты көрсетеді. Германия біріккен соң халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі таратылды.
Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан «әулие тақ» деп аталады. Халықаралық құқық субъектісі Ватиканның ерекше мәртебесі 1984ж. Италиямен жасасқан келісім арқылы белгіленген. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, ол көптеген мемлекеттермен сыртқы байланыс орнатқан. Оны қала-мемлекет деп атайды. Ватикан БҰҰ мүшесі емес, өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына мемлекеттер ғана кіреді, дегенмен бұл әмбебап ұйымда оның тұрақты бақылаушылары бар. Халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі көптеген халықаралық конференцияларға қатысады, көптарапты конвенциялардың қатысушысы, католиктік елдерде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құрады.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық-құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық субъектілігі жоққа шығарылды (мысалы, А.П.Мовчан, С.В.Черниченконың еңбектерінде). ХХғ. 80-жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің жеке элементтерін мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық субъектілік теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өміріндегі объективті өзгерістер осы заманғы халықаралық құқықтағы адамның құқық субъектілігі жөніндегі мәселеден «тыйым салуды» алып тастады.
Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқық субъектілігі бар субъектісі екенін айтып өткен жөн, өйткені оның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуде. Тиісінше, халықаралық қатынаста жеке тұлғаның рөлі де ұлғаюда. Мұнда, біз «индивид» және «жеке тұлға» ұғымдарын теңдей қолданатынымызды айтып өтсек, себебі жеке тұлға – бұл әлеуметтік маңызды белгілерінің тұрақты жүйесі бар индивид болса; индивид – бұл жеке адам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік.
Халықаралық құқық нормалары халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған, ол индивидтердің орындауына бағытталған. Мұнан басқа, жеке тұлғаның құқықтық жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекетті индивидтерге белгілі бір мәртебені қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдау мүмкіндігі жоқ екені талас тудырмайды, кейбір жағдайларды ескермегенде. Халықаралық құқық индивидтердің құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын айқындайды. Онымен адам құқықтары жөніндегі Комитет, нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет, азаптауға қарсы Комитет және еркін қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады.
Индивидтер құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберінде қосымша институттар құрылды. Мысалы, 1996ж. 20 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 48/141 қарарына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметі құрылды. Бірінші Жоғарғы Комиссар жұмысына 1994ж. 5 сәуірінде кірісті. 1997ж. оның отсатвкаға шығуына байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөніндегі қызметтің негізгі жауапкершілігі жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкілеттігі адамның барлық құқықтарын қорғаудан және оны тиімді жүзеге асыруды қолдаудан тұрады.
Бақылау сұрақтары:
-
Халықаралық құқық субъектілерінің анықтамасы мен түрлері айтып беріңіз.
-
Халықаралық құқықтаға жеке тұлғаның мәртебесі қандай?
Әдебиеттер:
-
Сарсембаев М.А. Международно – правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы: Галым. 1995. -368с.
-
Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Алматы: Данекер. 1999.
-
Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы: Данекер. 2001. -344с.
-
Сборник международных конвенций. Автор – состовитель К.М. Сарсембаев. Алматы: Гылым, Данекер. 1997. -190с.
-
Токаев К.К. Организция Объединненных Наций: Полвка служения миру. Алматы: Атамура. 1995. -189с.
7 – тақырып. Халықаралық – құқықтық тану (мойындау).
Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық құқықтағы бір-бірін мойындау түсінігіне анықтама беру, мемлекеттердің егемендіктерін тану формаларына сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Халықарарлық құқықтық мойындаудың түсінігі мен мәні.
-
Мойындаудың түрлерімен формасы.
-
Қазіргі кездегі халықаралық мойындаудың маңызы
Тану институтының даму тарихы құқық субъектілік мәселелерімен тығыз байланысты. Аталмыш институтта халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістер тікелей бейнеленеді.
Халықаралық құқық доктринасы тану деп халықаралық құқық субъектісінің біржақты актісін түсінеді, оның көмегімен белгілі бір заң фактісі белгіленеді, бір-бірлерімен түрлі қатынастар бекітуге келісімді көрсетеді. Халықаралық құқық сөздігінде мұндай актінің мақсаты айқындалған: «олармен ресми немесе бейресми, толық немесе жартылай толық, тұрақты немесе уақытша қатынастарды орнату мақстатында...».
Халықаралық құқық комиссиясы осы институтты жүйелеу туралы мәселені бірнеше мәрте қозғаған болатын. 1949ж. мемлекеттер мен үкіметтерді тану мәселесі бірінші кезекте жүйелеу тізіміне енді. Халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастар тәжірибесі танудың басым мәселелерін айқындап берді. Мысалы, танудың заңдық салдары, танудың түрлері мен нысандары, шартты тануға жол берілуі және басқалары. Осы институтты халықаралық-құқықтық реттеу халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларымен, жеке көп жақты және екіжақты шарттармен, дипломатиялық және елшілік ынтымақтастықтың қалыптасқан тәжірибесінің бейнеленуімен сипатталады.
Зерттеліп отырған институтты доктриналық талдау танылу теориясының екі негізгі теориясының болуымен сипатталады: негізгі және ресми. Бірінші теория ХІХ ғасырдың басында пайда болған. Оның кейбір қағидалары кейбір мемлекеттердің дипломатялық және сот тәжірибелерінің негізін қалады. Бұл теорияның мәні тану актісіне шешуші рөл берілетіндігінде. Сөйтіп, қарастырып отырған жағдайға сәйкес, халықаралық құқықтың негізгі субъектісі – мемлекет – оны басқа мемлекеттер мойындаған кезден бастап сондай дәрежеге ие болады. Оның мәні – тану арқылы халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің пайда болу фактісін белгілеу ғана. Мұндай көзқарасты көптеген субъектінің басқа тараптардың тануына тәуелді болуын жоққа шығарады, яғни халықаралық құқық субъектілері танылмай-ақ өмір сүре алады дегенге саяды. Бұл жағдай әрекеттестік саласына, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату тәжірибесіне, жасалатын саяси, экономикалық және басқа қатынастардың көлеміне өз әсерін тигізеді.
Таңудың бірнеше тәсілі бар. Оның ішінде көп таралғаны бір жақты декларация немесе мәлімдеме. Ол танылатын мемлекеттің үкіметіне немесе басшысына арнайы нота немесе жолдау арқылы бейнеленеді. Екінші, онша көп таралмаған бір түрі қол қойылған және жаңартылған ресми мазмұндама. Мұнан басқа, дипломатиялық қатынастар орнатуға, ноталар алмасуға т.б. байланысты біріккен өтініштер де болуы мүмкін.
Танудың түрлері мен нысандары болады. Оның түрлеріне мыналар жатады: мемлекеттерді тану, жаңа үкіметтерді тану, қарсыласу органдарын тану, ұлт-азаттық қозғалысын оның органдары түрінде тану, соғысушы тараптың мәртебесін тану.
Мемлекетті тану. Танудың бұл түрі негізгі және ресми теориялар өкілдерінің арасында даулы талас тудырып тұр. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектілігі халықаралық бірлестіктің басқа қатысушыларына тәуелді емес. Оның жақсы нұсқасы мынадай үлгіде болуы тиіс: жаңа мемлекеттің пайда болуы – жаңа субъектінің пайда болуы. Мұндай қарапайым арифметикалық формуланың салдары тану актісі болуы тиіс, себебі бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар үшін заң базасын жасайды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының құрылу және даму тарихы тәжірибеде тану институтының теориялық ережелерінің қолданылатынына куә. Мәселен, біздің мемлекетіміздің қалыптасуының алғашқы жылдарында екі жақты және көп жақты негіздерде ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық базасы құрылды. Сыртқы саясаттың құқықтық негізін қалыптастырғаннан кейін Қазақстан Республикасы шетелдердегі үлттық мүдделерін қамтамасыз ететін болды. Оған елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар құру арқылы қол жеткізіледі. Қазақстан 1993ж. аяғына таман халықаралық бірлестікте кеңінен таныла бастады. Оған ірі халықаралық ұйымдар қатарынан мүше болу, әлем мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнату дәлел бола алады.
Жаңа үкіметтерді тану. Мемлекетті таныған кезде үкіметтің де танылатыны сөзсіз. Бірақ халықаралық құқықта үкіметті тану туралы мәселе үкіметтің билікке конституциялық емес жолмен келген жағдайларында жиі қойылады. Жаңа үкіметті тану өлшемі жаңа мемлекеттерді тану өлшемдерінен басқашалау. Ондай өлшемге үкіметтің тиімділігі жатқызылады, яғни ол үкімттің мемлекеттің барлық немесе көпшілік билік жүргізе алуы және халықтың негізгі бөлігі үкіметтің саясатын қолдай ма деген мәселе. Бұрын халықаралық құқықта үкімет заңдылығы деген өлшем кең таралған болатын. Бірақ бұл өлшемді осы заманғы халықаралық құқық қол сұқпаушылық қағидасына қайшы келеді деп алып тастады. Біріккен Ұлттар Ұйымында үкіметті тану туралы мәселе, Чанкайши немесе Қытай үкіметіне қатысты; Пиночет немесе С.Альенде үкіметтерін мойындау; Ауғанстан үкіметін немесе тәлибтер үкіметін мойындауға қатысты шешілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде эмигранттық үкіметін тану немесе қудалаудағы үкіметтерді мойындау тәжірибесі кең таралған еді.
Тану кезінде халықаралық конференцияға жаңа мемлекеттің немесе жаңа үкіметтің қатысуы міндетті емес. Халықаралық ұйымдарда өкілдік және үкіметті тану мәселелері халықаралық құқықтың екі дербес институттары. Оның айырмашылығы мынада: халықаралық ұйымға өкілдік туралы мәселеде ұйымның өзі шешім қабылдайды және ол оны тануға байланысты емес және оған негізделмейді. Ал жаңа үкіметтерді тану жеке мемлекеттердің ерекше құзіреттеріне жатады. Егер халықаралық ұйым жаңа үкіметтің өкілдігі туралы оң шешім қабылдаса, ол аталған үкіметті халықаралық ұйымның мүшелері міндетті түрде таниды деген сөз емес.
Қарсыласу органдарын тану, ұлт-азаттық қозғалыстарын, олардың органдары түрінде тану, соғысушы жақтың мәртебесін тану.
Қарсыласу органдарын тану мәселелері екінші дүниежүзілік соғыс тарихынан белгілі. Олар халықаралық құқықтың жалпыға танылған субъектісі деп есептелетін мемлекеттердің ішінде құрылды. Танудың мұндай түрінің тәжірибесі оларды үкіметтің де тануына жатқызбайтын. Ол көбіне-көп билікті тану түрінде қарастырылды. Югославияның ұлттық азаттық комитеті (1941-1943жж.), «Шайқасушы Франция» (осы жылдары) қарсыласу органдары ретінде танылған болатын. Аталған органдар құрылған соң эмиграцияда немесе басып алынған мемлекеттердің аумағында тікелей пайда болып жатты. Мысалы, Дат Бостандық Кеңесі немесе Польша ұлт-азаттық Комитеті. Танудың бұл түрінің заңдық салдары қарсыласу органдары қатысушыларының соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949ж. Женева Конвенциясының қамқорлығын және 1977ж. қосымша хаттамаларды пайдаланады, ал қарсыласу органдары соғысушы жақ болып табылады.
Ұлт-азаттық қозғалыстарын тану ұлт-азаттық революция барысында пайда болды. Танудың мұндай түрінің болуы өз тәуелсіздіктері үшін күресуші ұлттар мен халықтардың құқық субъектілігін растайды. Танудың мұндай түрінің үлгі мысалы ретінде Палестинаны азат ету ұйымы – ПАҰ, Оңтүстік-Батыс Африканың Халықтық ұйымы – СВАПО-ны айтуға болады.
Бас көтерген жақты тану туралы мәселе елдің ішінде азаматтық соғыс немесе оның бір бөлігі үшін соғыс туындаған жағдайда шешіледі. Танудың мұндай түрін қолдану тәжірибесі өте сирек кездеседі және ХІХғ. аяғы мен ХХғ. басында болған.
Танудың – дәстүрлі түрлеріне de-jure, de-facto, ad hoc жатады. Танудың мұндай нысандары халықаралық құқық субъектілерін танығаннан кейін туындайтын заңдық салдарды айқындайды. De-jure – бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда, құқық бойынша, тұтастай ресми тану. Мысалы, толық түпкілікті тану дипломатиялық өкілдер алмасу, кең көлемдегі екі жақты шарттар жасау, танылатын мемлекеттің мүлікке және басқа құндылықтарға билік ету құқығын тану, танылатын мемлекеттің иммунитетін тану сияқты әрекеттерді жасауға міндеттейді. De-facto тануы көпжылдық қатынастар орнатуға; экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасауға міндеттейді. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде танудың бұл нысаны субъектінің мұнан да ресми қатынастар орнату қажеттілігіне сенімсіз болған жағдайларда қолданылады. de-facto – тануының маңызды сипатының бірі оның қайта қайтарылу мүмкіндігі немесе кейін de-jure тануына айналуы.
Ad hoc мойындауы фактілік сипатта. Мұндай жағдайда, субъектінің танылуы жоқ, алайда, мысалы, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсу қажет. Мысалы, бір реттік қатынастар – спорт жарыстарына, ғылыми семинарларға, конференцияларға т.б. қатысу. Мұндай шаралар аяқталған соң қандай да бір қатынастардың пайда болғанына қарамастан, субъектінің құқығын танымау жөнінде жариялануы мүмкін.
Сөйтіп, тану институтының дамуына халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарда болатын халықаралық өмірдегі өзгерістер үлкен әсерін тигізеді. Қазірге дейін тану институты жүйеленбеген. Халықаралық тәжірибеде тануды қолдану тиімділігі көптеген факторларға тәуелді. Мемлекеттер мен ұйысдардың халықаралық ынтымақтастығының тәжірибесі аталған институтты одан әрі қолдануды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу: |