Бақылау сұрақтары:
-
Халықаралық шарттар белгілері не жатады?
-
Халықаралық шарттарды бекіту сатылары атап беріңіз!
-
Шарттардың күшке ену жолдары айта аласызба?
Әдебиеттер:
-
Сарсембаев М.А. Международно – правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы: Галым. 1995. -368с.
-
Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Алматы: Данекер. 1999.
-
Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы: Данекер. 2001. -344с.
-
Сборник международных конвенций. Автор – состовитель К.М. Сарсембаев. Алматы: Гылым, Данекер. 1997. -190с.
9 – тақырып. Халықаралық – құқықтық жауапкершілік
Сабақтың мақсатымен міндеттері: жалпы халықаралық құқықтағы құқықтық жауапкершілікке сипаттама беру, жан – жақты қарастыру, негізгі түсініктеріне анықтама беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен субъектілері.
-
Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен формалары.
-
Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің мән-жайлары.
-
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершіліктері.
Бұл санатты ХҚ субъектілері арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады, оның барысында ХҚ нормаларын бұған бір тараптың (немесе бір неше тараптың) екінші тарап (тараптар) алдындағы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жағдайларды қалпына келтіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымды көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.
Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің (әрі қарай ХҚЖ) мақсаттық міндеті туралы мәселе даулы болып келеді: үстем пікірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде ХКЖ-ның алдын – алу міндеті қарастырылады. ХҚЖ – ға қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады. Бұл тұрғыда екі аспектіні айта кеткен жөн:
1) соңғы міндет шеңберінде әрі қарай ойластыра отырып, біз құқығы бұзылған тараптың құқық бұзушыға қатысты бір жақты мәжбүрлеу актісін (санкция) жасауына құқық беру туралы тұжырымға келдік.
2) ХҚЖ – ның жазалау міндеті жайында біз тек жоғарыда келтірілегн ойлар тұрғысынан ғана айта аламыз. Пинциптік тұрғыда ХҚЖ-да жазалаушылық сипат жоқ.
ХҚЖ- ның түрлері мен нысандары.
ХҚЖ –ның материалдық емес мынадай нысандары қарастырылады:
А) сатисфакция – бұзушы субъект тарапынан болатын біржақты акт, онда құқығы бұзылған субъектінің талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылыс болады. Бұл: кешірім сұрау, мұндай бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлімдеме жасау, т.б.
Б) репрессалия – бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектіге қатысты қолданылатын біржақты актілер. Бұған ұқсас «реторсия» деген ұғым бар. Бұл нысандарда қайшылық сипат бар, олардың өзара айырмашылығы мынада: реторсия дегеніміз қырын қабақ сипаттағы әрекеттерге қарсы жасалатын әректтер, бірақ оларды жасағанда халықаралық құқық бұзылмайды (мысалы, белгілі бір адамды төтенше және өкілетті елші етіп тағайындауға агреман беруден бас тарту осы қызметке басқа кандидатураны ұсынуды реторсия ретінде ұзақ мерзімге қалдыруы мүмкін). Репрессалия – халықаралық құқықты бұзатын іс - әрекеттерге қатысты қарсы қолданылатын әрекеттер (мысалы, қарулы агрессия актісіне қарсы жауап).
ХҚЖ-ның материалдық және материалдық емес түрлерінің аралыңғында орналасқан формаға ресторация жатады, ол ХҚ бұзылғанға дейінгі күйді қалпына келтіру міндеттілігі, мысалы басқа мемлекеттің ішкі теңіз суларына заңсыз кірген әскери теңізкемелерін алып кету міндеті. Мұндай міндет қандай да бір материалдық шығынға келтіреді.
ХҚЖ – ның материалдық түрі өз кезегінде мынадай нысандарды қарастырады:
-
өтемақы (оны тағы репарация деп атайды) – негізінен залалдың орнын ақшалай толтыру. Бұл тұрғыдан алғанда, Грекия Жоғарғы сотының (ареопаг) гректердің бірнеше ауылының тұрғындарына қатысты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде келген залал үшін Германияның қаржылықы жауапкершілігі жөнінде 2000 жылғы шешімі бір жағынан қызық та, екінші жағынан даулы болып табылады;
-
реституция – келтірілген мүлікті зиянды сол түрінде қайтару, мысалы, А мемлекет Б мемлекетімен шекаралас аймақта адам мумиясы тауып, оны өз еліндегі тиісті мұражайға қояды, бірақ кейін ол мумия табылған жердің Б мемлекетінің аумағына кіретіні анықталады, яғни ХҚ – тың бұзылғаны анықталады. Бұл жағдайда А мемлекеті тауып алған мумияны Б мемлекетіне қайтарып беруге тиіс;
-
субституция – келтірілген мүліктік зиянды мүлік заңсыз жойылып немесе бүлініп кеткендіктен, алмастырып, заттай қайтару, оған мысал ретінде жоғары айтылған мумияны алуға болады. Егер мумия тасымалдау кезде немесе басқа бір себептермен қайтаруға жарамайтындай болып бүлінсе, А мемлекеті оның орнына Б мемлекетіне соған ұқсас басқа мумия береді.
Бақылау сұрақтары:
-
Халықаралық – құқықтық субъектілері кімдер жатады?.
-
Халықаралық – құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен формалары атап бер!
-
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершіліктері туралы не айтасыз?
Әдебиеттер:
-
Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 2009. 239с.
-
Сафанова О.Н. соотношение международного права и национального права Республики Казахстан. Алматы: Данекер. 2002.
-
Сборник международных конвенций. Автор – состовитель К.М. Сарсембаев. Алматы: Гылым, Данекер. 1997. -190с
10 – тақырып. Халықаралық қылмыстық құқық
Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық құқықта қылмыстық құқық нормаларымен танысу, халықаралық қылмыстра үшін жауапкершіліктермен жазалардың түрлеріне сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігімен қайнар көздері
-
Халықаралық қылмыстар мен қылмыстар
-
Қылмыстар үшін жауапкершілік
-
Қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсету.
-
Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымдасуы.
Қылмыстық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мұндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.
1-ден, халықарарлық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару – жарақ контрабандасы және басқа қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.
2-ден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдерімен жасалатыңдықтан, оларды бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.
3-ден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әр түрлі елдерде өз «өкілдерін» орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатады.
Мемлекеттердің халықаралық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтасуының екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар:
1. Шарттық – құқықтық немесе арнайы келісімдерді (конвенцияларды) бекіту арқылы болатын конвенциялық тетік.
2. Халықаралық ұйымдар арасындағы институциялық тетік.
Мемлекттердің халықаралық қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтыстығының негізгі нысандары:
- мемлекттер арасында арнайы келісімдер бойынша бекітілген қылмыстардың алдын алу мен ескерту;
- бас бостандығынан айырылғын, сотталған тұлғаларды жазасын өтеу үшін өзі азаматы болып табылатын мемлекетке немесе тұрғылықты жеріне беру;
- басқа мемлекеттің ұйымдарына шартты түрде босатылған құқық бұзушыларға қадағалауды беру;
- басқа мемлекетке немесе халықарарлық ұйымға қылмыстық құдалауды жүзеге асыру үшін қылмыскерлерді беру;
- бір мемлекет азаматтарына қатысты сот төрелігі басқа елде жүзеге асқанда олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- қылмыстылықтын себебі мен басқа да мәселелерін бірлесіп зерттеу, сондай-ақ, полициелік және басқа органдардың қызметі жөнінде тәжірбие алмасу.
ХҚ қабылданған топтамаға сәйкес мыналарды ажырата білу керек: 1. халықаралық қылмыстар және 2. Халықаралық сипаттағы қылмыстар. Алғаш ретхалықаралық қылмыстардың тізімі 1945 ж. Халықаралық әскери трибуналдың жарғысында бекітілген. Халықаралық әскери трибунал жарғысының 6-бабында халықаралық қылмыстар 3 топқа топтастырылған:
1. бейбітшілдікке қарсы қылмыстар – басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау немесе жүргізу, соғысты халықаралық шарттарды, келісідерді бұзу арқылы жүргізу;
2. әскери қылмыстар - әскери заңдар мен әдет – ғұрыптарды бұзушылықтар. Кісі өлтіру, жаулап алынған аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорлау немесе құлдыққа әкету, әскери тұтқындарды өлтіру немесе қорлау, кепілге алынғандарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тоңау, және т.б.;
3. адамзатқа қарсы қылмыстар – кісі өлтіру, соғысқа дейінгі кезенде немесе соғыс кезеңінде бейбіт тұрғындарға қатысты қырып-жою, құлдыққа айналдыру, жер аудару және басқа да қатігездіктер; саяси, діни немесе нәсілдік себептер бойынша құдалау және т.б.
Халықаралық қылмыстарға геноцид, апартеид, нәсілшілдік, отаршылдық, экоцид, биоцид т.б. жатады.
Халықаралық сипаттағы қылмыстар үшін жауаптылық халықаралық келісімдердің негізінде туындайды. Жазаны қылмыскерлерге ұлттық соттар тағайындайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарды халықаралық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне байланысты шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөледі:
1. халықарарлық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар. Терроризм, кепілге алушылық, әуе кемесіндегі қылмыстар, ядролық материалды ұрлау, заңсыз радиохабарларды тарату т.б.;
2. мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіретін қылмыстар. Жалған ақша жасаушылық, есірткі және психотропты заттармен жасалынатын заңсыз операциялар, контрабанда, заңсыз эмиграция, қоршаған ортаға, мәдениет құндылықтарына қылмыстық қол сұғушылық;
3. Адамның жеке құқықтары мен бостандықтарына қылмыстық қол сұғатын қылмыстар: құлдық, құл саудасы, әйелдер мен балалар саудасы, порнографияны тарату, қинау;
4. теңізде жасалатын қылмыстар: қарақшылық, суасты кабелін немесе құбырын бұзу, зақымдау, теңіз кемелерінің соқтығысуы, теңізде көмек көрсетпеу, теңізді зиянды заттар мен ластау, континеттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақтың құқықтық режимін бұзу, теңізде балық аулау ережелерін бұзу т.б.
Бақылау сұрақтары:
-
Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздерін ата!
-
Халықаралық қылмыстарға қандай жауапкершіліктер ұсынылады.
-
Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымдасуы қалай жүзеге асырылады?
Әдебиеттер:
-
Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 2009. 239с.
-
Сафанова О.Н. соотношение международного права и национального права Республики Казахстан. Алматы: Данекер. 2002.
-
Сборник международных конвенций. Автор – состовитель К.М.
-
Сарсембаев. Алматы: Гылым, Данекер. 1997. -190с
11 – тақырып. Халықаралық ұйымдар құқығы
Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық ұйымдар туралы жалпы сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Халықарарлық ұйымдардың түсінігі мен қайнар көздері
-
БҰҰ: жарлығы, мақсаты, қағидасы, мүшелілігі.
-
БҰҰ органдар жұйесі
-
Аймақтық халықаралық ұйымдар.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық құқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдасуының ең күрделі проблемасын – мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзіретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетілед.
Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық ұйымдар құзіреттерінің арақатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзіретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзіретіне, уәкілеттіктеріне, ограндарының құрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарына тікелей тәуелді болып келеді.
Ұйым Жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарды қамтамасыз етеді. Мәселен. халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда боладығ ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен анықталады. Дегенмен халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъектілеріне тән маңызды ерекшелігіне – мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін – дербестігін қорғап, күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік – бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзіреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында бір белгі – құзіреттер бойынша ғана шектеу қойылады (Халықаралық Даму және қайта құру Банкінде, Халықаралық Валюта Қорында – бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдану мәселелері).
Халықаралық Ұйым – халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:
шаруашылық қызметін интернационалдау;
ғылыми-техникалық процесс;
осы заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.
Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық нысанының біреуі болып табылады. Осы заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық ұйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеуде айтарлықтай рөл атқаратыны жалпыға мәлім.
ХІХғ. ортасында қоғам дамуының табиғи қажеттіліктері тұрақты әрекет ететін, халықаралық әкімшілік одақ деп аталатын халықаралық ұйымдардың пайда болуына себеп болды. Халықаралық ұйымдардың қазіргі дәуірдегі дамудың кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық құрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі, отарлық жүйенің күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдің интернационалдануы, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.
Халықаралық ұйымдардың құрылуының объективті негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық ұйым аясында құқықтық реттеудің тұтас шегінде, халықаралық ұйым аясында құқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес. Халықаралық ұйым құқықтарын халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп шығару мәселесінде олар белгілі бір рөл атқарады.
Халықаралық ұйымдардың құқығы күрделі нормативтік құрылымға ие. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары, jus cogens қағидаларын бейбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттердің тең құқықтылығы және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың құқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың көпшілігі БҰҰ жарғысындағы 2-баптың мазмұнына сәйкес келеді. Онда нақты халықаралық ұйым қызметінің қағидаларын айқындалған. Көпке дейін халықаралық шарттар құқықтарының теориясында 2 түрлі тенденция өмір сүріп келді:
-
халықаралық ұйым құқықтарының мәліметтері; бұл тұжырымдаманың жақтастарының көзқарастары бойынша БҰҰ-ның төтенше құқықтарына жалпы халықаралық құқықтан бөлек әрекет ететін жаңа құқық кіреді;
-
халықаралық ұйымдар құқықтарының ұғымы, БҰҰ-ның құқықтары деген ұғымнан әлдеқайда кең, сондай-ақ осы құқықтың жалпы халықаралық құқықтан бөлінуін және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар әрекет ету мүмкіндігін мойындау.
Байқап отырғанымыздай, бұл тұжырымдаманың екеуін де қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.
Халықаралық ұйымдар құқығы -халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Көп жағдайда халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық-құқықтық жүйенің ішкі құрылымының проблемалары шешілмеген, оның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орны әлі айқындалмаған. ХІХғ. ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келеді. Кейінірек, халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:
-
мемлекеттердің халықаралық ұйым мүшелері есебінде өзара байланыстар;
-
мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қатынасы;
-
халықаралық ұйым органдарының өзара қатынасты;
-
ұйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың байланыстары.
Жоғарыда атлғандардан басқа, ұйымдардың өзара арақатынастары да пайда болады. Сонымен, жаңа халықаралық қатынастардың пайда болуы оларды халықаралық құқықтың нормаларын арқылы реттеу қажеттілігін негіздеп берді.
Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің арнаулы бір пәні пайда болды, ол халықаралық ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынастар. Халықаралық ұйымдардың қызмет ету процесінде нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен шарт құқығының қалыптасқанын көрсетеді.
Құқық ғылымынды құқықтың салалануының өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу тәсілдерінің рөлі жөнінде бірнеше көзқарастар өмір сүріп келеді. Бұдан сала жүйелерінің ішкі құрылымын айқындау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Халықаралық–құқықтық реттеу әдістерінің мазмұнын қарастыра отырып, біз бұл әдістің құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдік жағдайында, міндеттемелерді ерікті түрде қабылдауы және құқықтарды күштеу элементтерінсіз, тараптардың келісуі жолымен құқықтарының орнатылуымен сипатталатыннан көреміз.
Халықаралық ұйымдардың жұмыс істеуі, олардың органдарының әр түрлі қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіп орнатуға негізделеді. Халықаралық құқық жүйесінде халықаралық ұйымдардың құқықтарынан тыс бірде-бір салада құқықтық реттеу әдістерінің мұндай ерекшелігі жоқ екенін ескерсек, бұл саланың дербес сала жағдайында тұрғанын атап айтуға болады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың туынды субъектісі болғандықтан, мемлекеттің әр түрлі әлеуметтік-экономиклық құрылымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, осы заманғы ғаламдық проблемаларды шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілігін алуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық, жүйелеушілік және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Аталған қызметтерді жүзеге асыру халықаралық ұйым қызметтерін халықаралық-құқықтық реттеу тетігіне ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық процеске қатыса отырып, халықаралық-құқықтық санкцияларды пайдаланады. Ол халықаралық құқықтың туынды субъектілерінң құқықты пайдалану процесіндегі рөлінің күшейгенін көрсетеді.
Халықаралық ұйымдардың даму процесі ішкі ұйымдастыру тетігінің дамығанын және жақсарғанын қуаттайды. Сөйтіп, халықаралық ұйым өзінің заңдық табиғаты бойынша мемлекеттің ынтымақтастық органы болып табылатындықтан, ұйымның қызметін өз мақсаттары үшін кейбір белгілерін жетілдіре отырып пайдаланады. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдардағы дауыс беру рәсімінің эволюциялық дамуын айтуға болады. Мәселен, Ұлттар Лигасыа мүше мемлекеттер БҰҰ жүйесінде бірауыздан шешім қабылдау қағидасынан дауыстың көпшілігіне қарай ойысты, ал кейінірек халықаралық ұйымдарға дауыс беру тәртібінің консенсус сияқты кеңінен таралған түрі қолданыла бастады. Консенсус – шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ үйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы тән.
Ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттердің нысандары мен әдістері бара-бара түрленіп, белсенді болып келеді. Халықаралық ұйым құқығы саласының нормативтік базасы кеңеюде. Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болғандықтан, құқықтық нормалар шығарады. Бұл ұйымның бірінші нормашығарушылық қызметі болып табылады. Ал, екінші түріне квазинормашығарушылық қызметі жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, алайда нормашығарушылық қызметті:
-
халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар;
-
халықаралық ұйымдардың нормашығарушылық процесіне тікелей қатысуы;
-
халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы;
-
халықаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы арқыл қамтамасыз етеді.
-
Халықаралық ұйымдардық қатысуымен жасалатын шарттар.
Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдардың шарттық тәжірибесі қалыптастырған нормалар саны өсіп келе жатқаны байқалады. Осындай жағдайда мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері бола отырып, халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің шарттық тәжірибелерінің маңызы артып келе жатқанын ескермеуі мүмкін емес. Халықаралық құқық комиссиясы 12 жыл (1970-1982жж.) көлемінде мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы конвенцияның жобасын дайындады. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969ж. Конвенцияда «Халықаралық ұйымдардың шарт жасаудың құқық қабілеттілігін» айқындайтын бап бар. Конвенциялық нормаға сәйкес, бұл құқық қабілеттілік осы ұйымның тиісті ережелерімен реттеледі.
♦ Халықаралық ұйымдардың нормашығарушылық процеске тікелей қатысуы.
БҰҰ-ның мамандырылған мекемелерінің Жалығындағы тиісті баптарды сараптағанда, аталған мамандандырылған мекемелердің халықаралық конвенциялардың, келісімдердің және регламенттердің жобаларын қабылдау құқығына ие екенін білуге болады. Мұндай норма шығару процесінің мақсаты – лардың тиісті құзіреттері аясында тиімді халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұған екі түрлі жолмен қол жеткізуге болады: көп тарапты конвенциялар мәтінінің халықаралық ұйымдардың аясында және бақылауында қабылдануы, сондай-ақ халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттерді қабылдау.
♦ Халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы.
БҰҰ жарғысының Кіріспесінде ұйымдардың басты міндеттерінің бірі «шарттар және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздерінен туындайтын міндеттерді әділ бағалау және құрметтеу сақталуы үшін жағдай жасау» керектігі бекітілген. Халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтері осы міндеттерді орындауға бағытталады.
♦ Халықаралық – құқықтық санкцияларды қолдану жолы.
Соңғы кездері халықаралық құқық нормаларын сақтауды мәжбүрлеп қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдардың рөлі өсіп келеді. Халықаралық ұйымдардың мұндай санкциялары шарттың құрылтай құжаттарының нормаларында, олардың органдарының қаулыларында болуы мүмкін. Санкцияларды қолдануды құқықтық мәжбүрлеудің әр түрлі шаралары қамтамасыз етеді. Мысалы, көбірек қолданылатыны мыналар:
-
Халықаралық ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату;
-
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің органдарының жұмысына қатысудан, халықаралық ұйымның қатысуымен жасалатын шарттардың арнайы мәселелері бойынша ынтымақтастықтан шығарып тастау.
Халықаралық ұйым – бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық нормалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.
Халықаралық ұйымдардың белгілері мынадай:
-
халықаралық құрылтай шартының болуы;
-
белгілі бір мақсаттарының болуы;
-
тиісті ұйымдық құрылымы; тұрақты органдары мен штаб-пәтерлер жүйесі;
-
мүше-мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерінен басқа дербес құқықтары мен міндеттері;
-
халықаралық құқықтық нормалар мен қағидаларына сай құрылуы;
-
үш және одан да көп мемлекеттердің мүше болуы.
Халықаралық ұымдардың жіктелуі көптеген қиыншылықтарға байланысты. Біріншіден, бір ұйымға берілетін анықтаманың өзіне түрлі жақтан келуге болады. Екіншіден, түрлі ұйымдар бар, олардың маңызды ерекшеліктеріне қарай сан түрлі санатқа бөлуге болады. Жіктеудің негіздеріне мыналар кіреді:
-
Мүшелікке қойылатын талаптар:
а) үкіметаралық (мемлекетаралық) – мұндай ұйымға мемлекеттер ғана мүше бола алады. Мұндай талапты қолдану құқық субъектілікті анықтаған кезде үлкен маңызға ие (БҰҰ, ХЕҰ, БДҰ, ЮНЕСКО).
б) үкіметаралық емес ұйымдарға заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар (Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қоғамы, Дүниежүзілік бейбітшілік кеңесі, БҰҰ-ның жәрдемдесу ұйымы).
а) Уақытша – бұл топқа халықаралық кеңестер, халықаралық конференциялар жатады.
б) Тұрақты – бұл топқа қазіргі кезде әрекет ететін ұйымдарды – БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқыуға болады.
Аталған талаптардың бәрі шартты екенін атап айтқан жөн. Мысалы, Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Ұйымы өздерінің әрекет еткен кезеңдерінде тұрақты халықаралық ұйымдар болған еді.
-
Аумақтық қызметтері бойынша:
а) Бүкіләлемдік – оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық Жастар одағы т.б. жатады.
б) аймақтық – қызмет әрекеті белгілі бір аймаққа таралатын ұйымдар – Араб мемлекеттерінің лигасы, Африкалық бірлік ұйымы, Американдық мемлекеттер ұйымы, ТМД.
а) қызметтүрі шектелмеген ұйымдар – БҰҰ, Араб елдерінің лигасы.
б) арнайы мәселелерді шешетін құзіреттері бар Ұымдар – БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері.
Жоғарыда аталған негіздердің толық еместігіне назар аудару керек. Аталмыш негіздерді біздің ойымызша қосымша былай толықтыруға болады: жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі бойынша ашық және жабық; қызмет әрекетінің мақсаты мен қағидалары бойынша – құқыққа сай, құқыққа қайшы, қызмет ету аясына қарай – жалпы құзіретті, арнайы құзіретті.
Достарыңызбен бөлісу: |