Халықаралық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша оқУ Әдістемелік кешен 050115 «Құқық және экономика негіздері»

бет2/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128348
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір – бірімен қарым – қатынасы.

  2. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде не болып табылады?

  3. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде дәлелдей аласызба?.

  4. Халықаралық – құқықтың мәжбүрлеу шаралары қандай?

Әдебиеттер:

  1. Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. – М. 2004. – 207с.

  2. Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступнустью. М., Наука. 2009. 239с.

  3. Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М,. Международные отношения. 2007. -160с.

2-тақырып. Халықаралық – құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

Сабақтың мақсаты мен міндеті: сабақ барысында халықаралық – құқықтық ғылымның даму тарихымен қазіргі кездегі жағдайымен таныстырып, өту, тарихи кезеңдеріне сипаттама беру.

Нігізгі сұрақтар:

      1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм.

      2. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой – пікірлері.

      3. Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. Осы дәуірдің халықаралық – құқықтық көзқарастары.

      4. Қазақстандағы халықаралық құқықтың дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық – құқықтық ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы.

Халықаралық құқық адамзат қоғамы дамуының әр түрлі сатыларында түрлі роль атқарған. Белгілі халықаралық заңгерлердің бірі Ф.Лист халықаралық құқықтың көбіне аяқ асты болып келгенін атап көрсеткен. Алайда мемлекеттер және халықаралық қатынастың басқа субъектілері халықаралық жария құқық нормаларының міндетті күшін жоққа шығара алмайды.

Қазіргі күнге дейін халықаралық құқық қашан пайда болды деген қағидалы мәселе шешілмейді. И.И.Лукашук халықарарлық құқық ғылыммында қалыптасқан негізгі жауаптың үш түрін белгілейді:

    1. халықаралық құқық тайпаралық қатынастар тұсында пайда болды;

    2. халықаралық құқық мемлекетпен бірге пайда болды;

    3. халықаралық құқық Еуропада тәуелсіз мемлекеттер жүйесі қалыптасқан кезде, орта ғасырдың аяғында пайда болды.

Халықаралық құқықтың басты қызметі – оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері түрлі құралдарды қолдануы мүмкін.

Халықаралық құқық нормаларымен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өзінің әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан – жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.

Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орны туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды маңызды және анықтаушы деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады.

Халықаралық құқық тар мағынасында алғанда мыналарды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдары; екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекттік құрылымдардың орнығу працесін; үшіншіден, халықаралық ұйымдарды; төртіншіден, мемлекеттер тобын; бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.

Жоғарыда аталғандардан басқа, халылықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық – құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастыұқ, басқа компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің ерекшелігі – оның негізгі белгісі, мемлекеттің біріншіден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден, одан тыс та өмір сүре алатындығы.

Сонымен, халықаралық құқықтың даму және қызмет ету проблемаларын айқындағанда,осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін, халықаралық жүйе ұғымы мен компоненттерін анықтауға тура келеді.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, халықаралық қатынастар ұғымы мен олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды жасауға болады.

Халықаралық қатынастар – бұл мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери,мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.

Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымағтастықты нығайту және кеңейту, халықаралықұйымдар ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.

      1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдерін айтып бере аласызба?

      2. Ежелгі және орта ғасырладағы ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой – пікірлері туралы не білесіз?

      3. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық – құқықтық ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы тарихы тулаы айтып беріңізші?

Әдебиеттер:

  1. Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. – М. 2004. – 207с

  2. Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М,. Международные отношения. 2007. -160с.

  3. Данилнко Г.М. Обычай в современном международном праве М,. Наука, 2008 -191с.

  4. Ержанов Т.К. Международно – правовой статус внутриконтинентальных государств. –Алматы:Данекер, 2003.

3-тақырып . Қазақстан тарихындағы халықаралық – құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы. Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың

қамтамасыз ету жағдайы

Сабақтың мақсаты мен міндеті: Қазақстан тарихындағы халықаралық – құқықтық институттардың пайда болып, дамуына жалпы сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

        1. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық – құқықтық нысананың пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі.

        2. Қазақстан тарихында елшілік әдет –ғұрып диплматиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет – ғұрып пен шарттардың ара қатынасы.

        3. СССР – дің құрамындағы Қазақ ССР – нің халықаралық құқық субъектілігі.

        4. Қазақстан Республикасы егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, теңқұқылы субъектісі.

Халықаралық құқықтың қызмет етуі – бұл халықаралық құқық жүйесі мен құқықтық ортаны, яғни халықаралық құқық жүйесі компоненттерінің әрекеттесуі болып табылады. Мәселеге бұл тұрғыдан қарай халықаралық құқықтың ролін, оның дамуын бағдарлауға, оның әрекеттілігінің бейбітшілікті және халықаралық ынтымақты арттыру құралы ретінде одан әрі танылуына септігін тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету дегеніміз халықаралық құқықтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыру процесі болады.

Халықаралық құқық адамзат қоғамы дамуының әр түрлі сатыларында түрлі роль атқарған. Белгілі халықаралық заңгерлердің бірі Ф.Лист халықаралық құқықтың көбіне аяқ асты болып келгенін атап көрсеткен. Алайда мемлекеттер және халықаралық қатынастың басқа субъектілері халықаралық жария құқық нормаларының міндетті күшін жоққа шығара алмайды.

Халықаралық құқықтың басты қызметі – оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері түрлі құралдарды қолдануы мүмкін.

Халықаралық құқықтың қызмет етуі үшін, бір жағынан, халықаралық құқықтың және сыртқы саясаттың, екінші жағынан, халықаралық құқық пен дипломатияның арақатынасы мәселелері өзекті мәселе болып табылады. Халықаралық жария құқық туралы монографиялық еңбектерде осы мәселе кеңінен талқыланған.Осы қаралатын проблема құқық пен саясаттың арақатынасы туралы жалпы мәселенің бір бөлшегі. Ішкі саясатпен салыстырғанда, сыртқы саясаттың өзіндік ерекшелігі бар. Сонымен бірге, ішкі және сыртқы саясатты мемлекеттің бір жоғары органы бағыттап, бақылап отырады. Дипломатия жөнінде «Дипломатиялық сөздікте» берілген анықтама мынадай: «Мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттің шетелдердегі құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекет басшыларының, үкіметінің және арнайы органдарының сыртқы қатынастағы ресми қызметтері делінген. Дипломатия -сыртқы саясат құралы, сондай-ақ экономикалық, мәдени, әскери және өзге де сыртқы байланыс құралдарының дипломатиясымен іргелес тұқратындығы сөзсіз.

Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады: біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттің көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады; екіншіден, халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады, үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді, мәселен, халықаралық

жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зерттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен, 1961ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы 2002ж. «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

Бұл саланың мазмұнын сыртқы қатынас органдарының ерекшелігін құқықтық мәселелер және агреман салдарын, сенім және кері шақыру грамоталарын тапсыру, дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесін және т.б. зерттеу құрайды. Қауіпсіздік құқығын зерттеген кезде халықаралық құқық мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі элементтеріне сүйенеді, мысалы, ұжымдық, аймақтық қауіпсіздікті анықтаған кезде; халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық құқық құралдары.

Бүгінгі жағдайда, мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бірлесе күш салуы артып келеді. Көпшілік мақұлдаған халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын қолдану әмбебаптық құбылысқа айналды. БҰҰ бас Ассамблеясы халықаралық қатынастардағы құқық басымдалағы мәселелеріне халықаралық бірлестіктердің көңілін аудару мақсатында 1990-1999жж. аралығын БҰҰ бас Ассамблеясының 1989ж. 17 қарашадағы 44| 23 және 1990ж. 28 қарашадағы 45| 40 қарарларына сәйкес, халықаралық құқықтың онжылдығы деп жариялады. Оның негізгі мақсаттары мынадай:

а) халықаралық құқық қағидаларын қабылдауға және құрметтеуге көмектесу;

б) Халықаралық Сотқа жүгіну мен оны құрметтеуді қоса алғанда, мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешу құралдары мен әдістеріне көмектесу;

в) халықаралық құқықтың үдемелі дамуы мен оның жүйелілігін ынталандыру;

г) халықаралық құқықты оқыту, зерттеу, тарату және оның кеңінен танылуын ынталандыру.

Халықаралық құқықтың онжылдығы шаралары ретінде мынадай ұсыныстар ұсынылды:

  1. Халықаралық құқық оқытылатын және зерттелетін академиялық және кәсіби мекемелерге көмек көрсету;

  2. Студенттерге халықаралық құқық дәрістерін оқытуды оқу бағдарламасын енгізетін оқу орындарын ынталандыру; бастауыш және орта мектептердің оқу жоспарларына халықаралық құқық тақырыптарын енгізу мүмкіндігі;

  3. Үлгі оқу жоспарларын жасау, халықаралық құқық курсы бойынша материалдар дайындау, оқулықтарды құрастыру;

  4. Дамушы елдер арасындағы, сондай-ақ дамыған және дамып келе жатқан елдер арасындағы ынтымақтастықты қолдау.

Бұл қарарлардың мәні олардың әлемдік тәжірибеде халықаралық құқыққа тұтастай арналған уақытша кезеңнің алғаш рет орын алғандығына байланысты емес. Аталған онжылдықта Жалпыға бірдей адам құқықтарының қабылдануына 50 жыл толуына орай, БҰҰ Жарғысына қол қойылғанына 50 жыл (1945), Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияның қабылдануына 25 жыл толуы (1974), Гуманитарлық құқықтың Женева Конвенциясына 50 жыл (1949) толуына орай, оларды атап өту сияқты маңызды даталарға да көңіл бөлінді.

Халықаралық жария құқықтың қызмет етуінің оңды жақтарымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың халықаралық бірлестік субъектілерінің уақыт өткізбей назарын аударатын шараларын да айта кету керек. Ол, біріншіден, қарусыздану мәселелері, оның ішінде, ядролық қарусыздандыру; экоцид проблемалары – қоршаған ортаны қорғау; халықаралық қылмыстық құқық мәселелері; жауапкершілік институтының жүйеленуі; есірткі саудасымен күрес проблемалары; адам құқықтарын қорғаудың халықаралық – құқықтық мәселелері. Халықаралық құқық дамуының аталған бағыттары мұнымен шектелмейді.

2002ж. 8 қыркүйегіндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 55| 2 қарарымен бекітілген Мыңжылдықтың декларациясы қабылданды. Онда өркениетті адамзаттың басшалаққа алатын құндылықтары мен қағидалары көрсетілген, оның ішінде халықаралық бірлестік, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын орындаудағы өзінің міндеттемелерін нақтылайды. Мұнда басқа, әмбебап халықаралық ұйымның мүшелері ХХІ ғ. іргелі құндылықтарына бостандық, теңдік, ынтымақтастық, төзімділік, табиғатты аялау, ғаламдық, экономикалық және әлеуметтік дамуды басқарудағы міндеттерді жатқызады. Халықаралық бірлестік қазіргі заманның басты мақсаты – жаһандасудың әлемнің барлық халқына орнықты фактор болуын қамтамасыз ету деп есептейді. Мыңжылдық декларациясы нақты әрекеттерді көрсетті, мақсатқа жетер жолды айқындады және оған ерекше мән беруде. Оларға мыналар жатады: бейбітшілік, қауіпсіздік пен қарусыздану; кедейшілікпен күресу мәселелері, қоршаған ортаны қорғау; адам құқықтары, демократия мен игілікті басқару; әлсіздерді қорғау мәселелері; Африканың ерекше сұранысын қанағаттандыру. Халықаралық бірлестік БҰҰ-ның бүкіл кезек күттірмес мәселелерді тиімді шешу құралына айналуына барлық күш жігерін жұмылдыруда.
Бақылау сұрақтары:

          1. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық – құқықтық нысананың пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі.

          2. Қазақстан тарихында елшілік әдет –ғұрып диплматиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет – ғұрып пен шарттардың ара қатынасы.

          3. СССР – дің құрамындағы Қазақ ССР – нің халықаралық құқық субъектілігі.

          4. Қазақстан Республикасы егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, теңқұқылы субъектісі.

Әдебиеттер:

  1. Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. – М. 2004. – 207с.

  2. Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступнустью. М., Наука. 2009. 239с.

  3. Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М,. Международные отношения. 2007. -160с.

  4. Данилнко Г.М. Обычай в современном международном праве М,. Наука, 2008 -191с

4-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық құқықтың негізгі деректерімен қайнар көздерімен таныстыру, негізгілеріне сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде. Халықаралық әдет – ғұрып.

  2. Халықаралық ұйымдардың ұсыным – резолюциясының маңызы. Халықаралық конференциялардың актілері. БҰҰ – ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі.

  3. Халықаралық құқықты жүйелеу (конфикациялау). Жүйеленген актілерді жасаудағы БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдатдың ролі. БҰҰ – ның халықаралық құқық комиссиясы дайындаған негізгі жүйелнген актілері.

  4. Қазіргі халықаралық құқықтың жүйесі. Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар. Нормалар және қағидалар.

  5. Құқықтың қайнар көздері» деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері – бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасуы және пайда болу процесін қорытындылайды.

Сөйтіп, халықаралық құқықтың қайнар көздерінің – заңи мағынасы – бұл, оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

Қайнар көздердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.

Негізгіге мыналар жатады:

  • Халықаралық шарт;

  • Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:

  • Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары;

  • Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;

  • Мемлекетішілік заңдар, ұлттық соттардың шешімдері;

  • Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;

  • «өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары».

Халықаралық құқықтың өзіндік қайнар көздері болып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, біріншіден, халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады; екіншіден, заң шығару процесі барысына әсерін тигізеді;үшіншіден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.

Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердің келісілетін еріктері аяқталған нысанда болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болу керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті айтады. Сондай-ақ, шарт тиісті мемлекеттердің тең құқылы ерік білдіруі болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына, жасалу сатыларына «Халықаралық шарттар құқығы» деген тарауда кеңінен тоқталатын боламыз.

Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Әдеттегі нормалар ұзақ мерзімді тәжірибенің нәтижесінде, құқық субъектілерінің ондай норманың заңи міндетті сипатын мойындағанынан кейін пайда болды. Шарттық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, халықаралық құқық нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.

Халықаралық дәстүр дегеніміз халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның заңи міндетті сипатын мойындайды. Дәстүрдің шарттық нормадан айырмашылығы тиісті ережелерді нақты көрсететін заңдық құжат еместігінде. Дәстүр барлық немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық әрекеттерінің ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзім бойында қолданылады және заңдық міндеттілігіне сенім сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжірибелерінің ұзақтығы салыстырмалы сипатта. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда әдеттегі нормалардың қысқа мерзімде жасалуы да кездеседі, мысалы, ғарыш құқығында, теңіз құқығында.

Сөйтіп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:

  • Қолданылу мерзімінің ұзақтығы.

  • Мойындалуының жалпылығы.

  • Заңдық міндеттілігінің сенімділігі.

Халықаралық дәстүрдің пайда болуы үшін қайталанба тәжірибе керек. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде кез келген қайталанудың әдеттегі нормалары жасалмайтыны жөніндегі аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бір әрекеттердің қайталануы тәртіп нормасын жасауға әкелмеуі де мүмкін, ол жай әдетке айналып кетеді. Халықаралық әдет деп мемлекеттердің заңдық міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін айтады.

Халықаралық қатынастарда, әсіресе дипломатиялық қатынастар мен теңіз кеме қатынасында көп уақыттан бері әрекет етіп келе жатқан, дегенмен халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен, дипломаттардың жүктерін кеден бақылауынан тексермей өткізуге, үшінші мемлекеттің аумағында дипломаттардың кейбір артықшылықтарының болуына, әдетте көптеген мемлекеттер рұқсат етеді. Алайда 1961ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы өз күшіне енгенге дейін мұндай нормалар халықаралық құқықтық деп емес, халықаралық сыпайыгершілік нормалары деп есептелетін.

Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негізгі қайнар көздері және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екі түрлі тәсілі болып табылады. Сөйтіп, халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларын шарттық жолмен өзгерту көп кездесетінін баса айтқан жөн. Ал шарттық нормаларды әдеттегі нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседі, яғни шарттық тәжірибе әдетте оларды өзгерту ережелерін немесе күшін жоюды қарастырады.

Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзінің маңызы халықаралық құқық субъектісі ретіндегі халықаралық ұйымдардың рөлімен бірге арта түседі. Аталған қайнар көз өз бетінше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бірінші Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қраралары норма жасау процесіне қатысады. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11-бабында Бас Ассамблеяның «БҰҰ немесе Қауіпсіздік Кеңесіне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру» құқығы ғана бар екендігі көрсетілген. БҰҰ-ның барлық органдарының ішінде Қауіпсіздік Кеңесіне ғана бейбітшілікті қолдану мәселелері бойынша, барлық мүше мемлекеттерге міндетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі берілген және ол БҰҰ Жарғысының 25-бабында бекітілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет