246
«Мойныммен көтерейін бар кінәні,
Оны емес, мені өлтір!» – деп зар жылады.
Мұны естіп, қожайын да ашуланып,
Тастатпақ болды осының басын қағып.
Ал анау қарсы болып безілдеді:
«Мені өлтір, кінәлімін өзім!» – деді.
Тұрғанда бұлар өстіп дар басында,
Шыңғысхан ұйықтап жатқан ордасында.
Түсінде
көрді Шыңғыс әлгілерді,
Ғайыптан үн естіліп, белгі берді:
«Ойнатпа жұрт басына жалаң қылыш,
Екеуін құтқар жасап адамдық іс.
Емес пе Хорезм Шах жуыққаның,
Мойныңа арттың неге халық қанын?
Қиратқан екі Шахтан жердің үстін,
Сыйласқан қуаттырақ екі мүскін!»
Шыңғысхан ояна сап әмір берді,
Тыюға қырып-жою, зәбірлеуді.
Жөнелді хан жарлығы тарап елге,
Үміттің төкті ұшқынын бар әлемге.
Түсірген
екі құлды сары уайымға,
Естіді қожайын да сол жайында.
Арылып зұлым ойдың уытынан,
Босатты қос бейбақты уысынан.
Тең бөліп көтеріскен таудай жүкті,
Достығы қос жарлының қандай мықты!
Екі дос бір-бірінен пана тапқан,
Құтқарды әлем халқын алапаттан.
Жарандар, көңіл қойған жақсылыққа,
Осынау ғибратты әсте ұмытпа!
247
ҒИБРАТ
Соғыстың пайда болуының себептері туралы Ескендірдің Арастудан
сұрағаны ұрыс-керістің салдарынан барлық халықтардың күйзеліске
ұшырайтыны. Алайда соғысты болдырмай қоймайтын жағдайлардың да
кездесетіні: Арастудың бұл қара түнек сырын жарқырата ашып беруі
және жауласудың жаратылысын айтуы.
Сұрады Шах ұстазы ғұламадан:
«Сырын айт тылсым күштің мына маған.
Ұрысқа оның қалай тіленерін,
Екеудің қақтығысқан бірі өлерін.
Соғыста нысап бар ма құзғын көмей,
Болмай ма оны ақылмен тізгіндемей?
Өмірдің
заңы ма әлде қалыптасқан,
Әу бастан келе жатқан жалықпастан?
Тағдырдың жолы сол ма жөңкілетін,
Қиюын қисынсыздан келтіретін?»
Ұстазы жауап қатты тосыңқырап:
«Сен маған қойдың-ау, – деп, – тосын сұрақ!
Қантөгіс есіңді алар, жындандырар,
Еріксіз шайқастырып құрбан қылар.
Қанына қарайса егер біреу кейде,
Аяғы соғысқа кеп тірелмей ме?
Бейбіт ел
содан барып зардап шегер,
Содырды шектен шыққан қарғап, сөгер.
Бәледен біле тұрып қашпаса аулақ,
Обал жоқ аузынан қан ақса саулап.
Қанқұйлы кеуде қағып көпіреді,
Алмаса айтқан тілді өкінеді.
Ұяттан безінеді, ардан аттап,
Жолында жамандықтың қаңғалақтап.
248
Қоймаса
қырсық шашып, қас қылғанын,
Жыртқыштың құрту ләзім нас тырнағын.
Соғыстың пайдасы мен біл залалын,
Ойластыр жеңілмеудің бір амалын.
Атыспай тұрып жауды барлағайсың,
Шайқасқа сырын білмей бармағайсың.
Келмесе қалың қолың кемеліне,
Жетпесе көзің жауды жеңеріңе.
Берік бол, жан-жағыңды өте қымтап,
Дұшпанды күйретудің есебін тап.
Егерде күшің
еркін болса жетер,
Қан төгіп не қыласың сонша бекер.
Бәрін де кең ойланып, ақылға сал,
Өзгелер сонда сені мақұлдасар.
Бопсаңнан жауың әсте сескенбейді,
Еліріп, екіленіп, дес бермейді.
Қолыңнан келіп тұрса қалма аянып,
Қашаннан соғыс заңы айдай анық.
Сенбесең
өзіңе-өзің аран ашпа,
Шайқасқа ашуменен араласпа.
Әскерін басқарса кім білгірлікпен,
Апатқа ұшыратпас қырғын күткен».
Ескендір тыңдады үнсіз ғұламаны,
Қайталап ешбір сауал сұрамады.
Достарыңызбен бөлісу: