Ескендірдің сөздеріне Дараның таң қалуы, оның жан-жақтан қисапсыз
әскер жинап алып, Ескендірге қарсы соғысқа аттануы. Бақытсыздықтың
жойқын теңізі мен күйзеліс толқынына бетпе-бет ұшырасқан Ескендірдің
сол құлағалы тұрған қауіп-қатер тауының бағдарын найзағайдай
атылған шабуылды ұрыспен бұрып жіберуге әзір тұруы. Екі патшаның
да аспанды төңкеріп тастауға дайындалуы. Алайда Дара мемлекетінің
жалауын жойқын дауылдың теріс айналдыруы, ал Ескендір жалауын күн
сәулесіндей жарқылдатуы.
249
Екі Шах оқиғасын енді үдетіп,
Жырлайды көне жырау мөлдіретіп.
Дараға елші жедел қайтып келді,
Жауабын Ескендірдің айтып берді.
Қорқыныш кейбір сөзден кірді ойына,
Кейбір сөз қатты батты шымбайына.
Байтақ ел ашып-жұмса өз қолында,
Бұйырды айғай шықса қозғалуға.
Тік тұрып төбе шашы айдарланды,
Ашудан күйіп-жанып, айбарланды.
Долданды дүниені шайқайтындай,
Бұлқынды жанартауша жайпайтындай.
«Тіфу!» – деп жер мен көкке тепсінді кеп,
Жүрегін жібергендей от тілгілеп.
Атылып жай оғындай жарқылдады,
Тітіреп тұтас тірлік қалтылдады.
Ем таппай іштегі уды ақтаруға,
Жар салды әскер жинап, аттануға.
Жан-жаққа жаушы шапты хабарды ала,
Үрімге, Зәңгібарға, Фаранға да.
Қалың қол қаптап кетті құйындатқан,
Өзендей мұхитқа кеп құйып жатқан.
Тасыды жан-жақтан кеп жиналғанда –
Машырық
65
, Тұран, Қытай, Ираннан да
66
.
Қызықтан құр қалардай желдей ұшқан,
Шұбырып нөпір басты жер қайысқан.
Ақсай
67
мен сонау Батыс аралығын,
Шаңдатты сансыз сарбаз қарақұрым.
65
Машрық – Орта Азиядан шығысқа қарай созылып жатқан елдер.
66
Тұран – ежелгі Түркістан.
67
Ақсай – Қытай мен Үндістан аралығындағы жер аты.
250
Жан қалмай түстік пенен терістіктен,
Жиналды бірдей өр мен еңіс біткен.
Әлемнің төрт бұрышын адақтады,
Керегін армансыз-ақ жарақтады.
Сынаптай сырғыды әскер сай-жырамен,
Тұншықты қара шаңға қайғылы әлем.
Сайысқа шықты торын жайып іштен,
Саңлақтар саясаттың майын ішкен.
Екі жыл дамыл алмай жинады жұрт,
Жорыққа жердің жүзін пида қылып.
Жаһанды әскер шуы кернеп кетті,
Дабылы бұлт шайқады, тербеп көкті.
Басқандай жердің бетін жыныс қалың,
Қыбырлап илеуіндей құмырсқаның.
Жұлдыздай аспандағы дүрмектеді,
Санасаң көптігіне құм жетпеді.
Тігуге шатырларын жер жетпеді,
Аттарын суаруға көл жетпеді.
Аралап әскерін Шах пейілденді,
Күдігі көкейдегі сейілді енді.
Кірмеді дандайсыған көңілге алаң,
Таптардай кімді болсын көрінді оған.
Патшалар өтеп рәсім-жоралғысын,
Жетті алып тартуы мен таралғысын.
Бодандық белгілерін тағынып ап,
Емпеңдеп елпілдесті табынып-ақ.
Ортаға құдіретті Шах келгенде,
Шаттанып ұрандасты әскерлер де.
Саялы бау ішіне тақ орнатты,
Сол жерден шапағат нұр тарап жатты.
251
Патшаның шатырына жиылып кеп,
Шұлғысты қолбасылар, иіліп бек.
Жар шашты қолбасылар: «Уа, сұлтандар,
Жиналған кілең жайсаң, асыл жандар!
Батырлар сәлем берсін келіп Шахқа!
Жығылсын аяғына, сеніп хаққа!».
Сәулеті салтанаттың сілкіндіріп,
Парызын өтемекке ұмтылды жұрт.
Шах келіп көптің жүзін болды көрмек,
Сүйді оның басқан ізін ел тізерлеп.
Кімде-кім сәл жұғысса шалғайына,
Қуанды бақ қонғандай маңдайына.
Тәубе етті дүниеге келгеніне,
Патшаның ақ дидарын көргеніне.
Қалың ел қоғадайын жапырылды,
Күн қайтып, кеш батқанша сапырылды.
Қытайдың Хақаны да болды сапта,
Үндінің Қараханы падиШах та.
Мысырдан Варқау сұлтан жұрттан асқан,
Елінен Дешті-Қыпшақ Теміртас хан.
Фарандай Хауар
68
елі тұр тағы да,
Дауали Шируанның
69
ер сұлтаны да.
Топырлап Шахзадалар көбедей көп,
Қаптады қолбасылар телегей боп.
Жел есіп жүрді бәрі айдарынан,
Татқанға ілтипаттың қаймағынан.
Жағымпаз, жарамсақтар жанып түсті,
Бірінен-бірі асуға салып күшті.
68
Достарыңызбен бөлісу: |