Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Сақс (Сақсын) – Азияның батыс бөлігі.
42
Сақлаб – Славяндар жұрты.


223
Ос
43
пенен Русқа да жорық ашты,
Шошынып олардың да өңі қашты.
Черкес пен Гуржаны
44 
да өтті басып,
Олар да басын иді қатты сасып.
Бас алған ұлы өзендер терістіктен,
Шығысқа қолын бұрды жеңіс күткен.
Фархардың
45 
қазынасына батты мүлде,
Бөледі Гүлстанда бақты гүлге.
Түтіндей Мауреннаһрды алған кезде,
Қақпа ашты Самархан да оған лезде.
Құйғытып өте шықты құйын желдей,
Чигил мен Яғманы
46 
да бұйым көрмей.
Жатқанын Чиннің
47 
қирап көрді көзі,
Жорғалап келді алдына ханның өзі.
Хиндымен
48
арасында болды соғыс,
Кед
49
елі қол қусырып, көнді тегіс.
Бұзылып бұдқананың сәнді тамы,
Ежелгі махрабаттың
50 
сөнді шамы.
Ақиқат – қылғанының күллісі бұл,
Ат басын түстікке енді бұрды шұғыл.
Синд
51
пен Кеч Мукран
52
жерін өтіп,
Қырманға
53
бет түзеді жол үдетіп.
Тыныстап, еркін жайлап Хорасанды,
Ғираттай салтанатты қала салды.
43
Ос – Осетия.
44
Гуржа – Грузия.
45
Фархар – Түркістандағы қала.
46
Чигил, яғма – Орталық Азияны мекендеген түркі тайпалары.
47
Чин – Қытай мемлекеті.
48
Хинды – Үндістан.
49
Кед – жер аты.
50
Махрабат – Бұдханалардағы шырақ орны.
51
Синд – Оңтүстік Азиядағы өзен.
52
Кеч Мукран – Оман теңізінің солтүстік жағалауы.
53
Кирман – Ирандағы қала және аймақ аты.


224
Иен мен құмды кезген сапарында, – 
Пейіштей тұрғызды Рай
54
шаһарын да.
Солайша дүниені жаулап алып,
Үрімге ұлы ойлармен келді оралып.
Той-думан, қанша қызық ойын-сауық,
Көңілін тыншытпады емін тауып.
Сайланып шықты тағы ол жорыққа,
Әділдік орнатпақ боп бар халыққа.
Батыста біткен іске алаңы жоқ,
Қорғады Яжуждерден
55 
амалы көп.
Ойдым жер ол баспаған қалмағандай,
Көкке де тоғыз қабат самғағандай.
Жолдарға жалғастырған әрбір елді,
Арнаулы ағаш
56
өлшем – қойды белгі.
Әр ағаш ұзындығын мөлшерледі,
Қари
57
деп 12 мың өлшемдеді.
Ерінбей бәріне өзі араласты,
Бұйрық қып таңбалатты әр ағашты.
Болмады қалған жері елге жақпай,
Тындырды таудай істі кеуде қақпай.
Китке ұқсап көк теңізде жүзбек болды,
Жасалып сансыз кеме тізбектелді.
Кемелер су бетінде жалтылдады,
Сайланып, түгелденіп бар тұрманы.
Ұзақ жыл жалықпастан жүзіп берді,
Аялдап аралдарға қызық көрді.
Аралда рақаттанды ол көбірек,
Алланың өзіме арнап бергені деп.
54
Рай – қаланың аты.
55
Яжуж – аңыз бойынша басы адамға ұқсаған мақұлық.
57
Кари – метр.


225
Судың да үстін түгел еншіледі,
Көңілі сонда-дағы көншімеді.
Күшейіп одан сайын өр екпіні,
Жүрегі алақызып, өрекпіді.
Мұхитта жүзді судың перісіндей,
Айдынның Алла сүйген серісіндей.
Сүйікті мекеніндей болды бейне,
Мұхитты бесігіндей көрді кейде.
Көрмек боп судың астын енді ол бөлек,
Әйнектен шар жасатты дөп-дөңгелек.
Жасқанбай кірді де әлгі тұп-тұйыққа,
Жапқызып түсіргізді тұңғиыққа.
Естірген ұзын арқан бұған арнап,
Жыландай жатты бейне шұбалаңдап.
Бір ұшын әйнек шарға мықтаттырды,
Бір ұшын сырттағылар ұстап тұрды.
Жөнелді су астына сүңгіді де,
Түкпірін тереңдердің үңгіді де.
Керемет әлем көрді су түбінен,
Айтып та тауыса алмайсың жыр тілімен.
Ғажапқа талып түсті тосын құлап,
Жинады кеме үстінде есін бар-ақ.
Әлде шын мұның өзі, әлде өтірік,
Зер салдым тереңіне мен де отырып.
Құтылып тас шеңгелден алқым буған,
Сімірді рақаттана салқын судан.
Іздеді тар қапастан сәулелі өмір,
Көңілін тыншытпады әуре небір.
Қолдады Ілияс – суда, Қызыр – жерде,
Көлденең тұра алмады ешбір пенде.


226
Істеген ғажабына адам сенбес,
Ғаламда жан болмады оған теңдес.
Әлемді тәңір оған тарту етті,
Биледі жалғыз өзі жалпы көпті.
Байлық пен қазынасына шек жетпеді,
Бөленді сый-құрметке жер-көктегі.
Ол жайлы ойға тоқып сақтағаным,
Өзінен кем соқпайды «Шахнаманың».
Көлемі көтермеді ақ қағаздың,
Ықшамдап қадырынша хатқа жаздым.
Хиссаның баяндадым мәнісімен,
Өлеңнің егіз ұйқас әдісімен.
Дәптерге жаза берсем сияр емес,
Тербеді бәйіт сайын қиял-елес.
Сомдадым келгенінше қолдан өнер,
Бір Алла өзің енді жар бола гөр.
Өткенді көктей шолып бір өтейін,
Түгелін болған жайдың жыр етейін.
Біреуі Дара патша жағдайы еді,
Айтайын оқиғасы қандай еді.
Бағынып Үрім халқы Файлақұсқа,
Кез еді даңқы кеткен барша тұсқа.
Әлемді Дара бірақ алып бөлек,
Тұр еді Үрім елі салық төлеп.
Айбыны асқан тақтың сәулетімен,
Дара еді Қияндардың әулетінен.
Лухрасб
58 
бір заманда билік құрды,
Гуштасб
59
қалың қолды ұйлықтырды.
58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет