Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Лухрасб – Қияндар әулетінің ІҮ билеушісі.
59
Гуштасби – Қияндар әулетінен шыққан патша.


227
Көркейіп Қияндардың әр бұтағы,
Дараға Бахманның қалды тағы.
Алтын тақ дүниені қалтыратқан,
Қалған-ды Кейхисрау
60
, Кейқуаттан
61.
Патшалар құлдық ұрып ғаламдағы,
Тәждерін тапсырды әкеп оған бәрі.
Шетінен тарту тартып барын салып,
Төледі бодан болып алым-салық.
Дараға әрі дана, әрі күшті,
Болған-ды Файлақұс та бағынышты.
Жақ ашып, ешбір ләм-мим демейтұғын,
Мың алтын жұмыртқа оған төлейтұғын.
Әкенің жұмылған соң көзі мәңгі,
Ескендір бар билікті өзіне алды.
Заң менен салт бойынша әуелдегі,
Дараға халқы дәйім тәуелді еді.
Ескендір ұқсап лаулап жанған отқа,
Лап қойды Зәңгі
62
жерін жауламаққа.
Ойнатып жайдың оғын аспанында,
Ұшырды күлін көкке қас-қағымда.
Қан қақсап зұлымдыққа мазақ болған,
Құтылды Зәңгі халқы азап-сордан.
Қуарып жатыр еді күллі аймағы,
Құлпырып қызғалдақтай қыр жайнады.
Екі-үш жыл осылайша ұрыс салды,
Жөнге кеп озбыр Шахтар дұрысталды.
60
Кейхисрау – Қияндар әулетінен шыққан патша.
61
Кейқуат - Қияндар әулетінен шыққан патша.
62
Зәңгі – Орта Азиядағы жер аты.


228
Талқандап санын бұзды тас қамалдың,
Ырқына көнбеді енді басқалардың.
Еселеп олжа салып дүрілдеді,
Үлкейді екі-үш есе Үрім жері.
Ерлікке үйретті елін алысқанда,
Құландай алдырмайтын арыстанға.
Теңіздей ұлылығы шалықтады,
Даңқының туы көкте қалықтады.
Қылышын жарқылдатып, жалындады,
Тұлпары желмен ойнап арындады.
Билеуді місе тұтпай бір ғана елді,
Жаулауға бел байлады күллі әлемді.
Жаһанда алатұғын төрден орын,
Сезінді өзіне тең пенде жоғын.
Осылай ойлап алғы істің жайын,
Күш жинап, даярланды үш жылдайын.
Үш жылда түгел шолып айналаны,
Ел қамы болды жалғыз ойлағаны.
Дараның бар-жоғын да елемеді,
Салығын жыл сайынғы төлемеді.
Ежелден бұл жалғанның көбі жарлы,
Салғанын тағдыр басқа көріп алды.
Аяғын аңдап баспас пенде, шіркін,
Ешқашан Дара көніп, бермес ырқын.
Екінің бірі тұрды айдан ашық;
Не көну, не өлісу найзаласып.
Айқасса азу салып екі арыстан,
Жасы оның батыл келер қасарысқан.
Үрейлі көрінгемен соншама елге,
Жан керек жауызға да – қорқа берме.


229
Таласса екі айдаһар не қалады – 
Өртеніп бар байлығы жоғалады.
Балықтың зор болғанмен аты – балық,
Соқтықпас алып китке дәті барып.
Сол күндер Ескендірдің бағы жанды,
Тәңірі бар тілегін қабыл алды.
Дарадан елші жетіп тұтқиылдан,
Еңкейіп сарайға енді жұрт жиылған.
Асықты таққа таяу жеткенінше,
Дараның бұйрығын паш еткенінше.
Көрді де Ескендірді ол төрдегі,
Жер сүрте сақалымен еңкеңдеді.
Әр сөзін асылменен әдіптеді,
Патшаны аспандата дәріптеді.
Ескендір көзбен шолып төңіректі,
Алдына отыруға әмір етті.
Жым болып елші отырды қарап жерге,
Малшынды сасқанынан қара терге.
Сілейді тіл мен жағы байланғандай,
Зеңітіп басы мүлде айналғандай.
Байғұсты Ескендірдің мысы басып,
Тізесі дірілдеді, түсі қашып.
Ескендір енді оған көп тесілмеді,
Тыныстап, жисын біраз есін деді.
Өзіне-өзі келді деген кезде,
Сұрақпен шақырды оны кемел сөзге:
«Дараның көңілі қош боп, қуаты артып,
Дәулеті бұрынғыдай тұр ма шалқып?»
Түрегеп басын иіп, берді жауап,
Сұрады тағы патша жылы қарап:


230
«Тәңірі жарылқасын, бағыңды ашып,
Айт, кәне, дегенінің бәрін де ашық!»
Тағы да түрегеліп иілді де,
Елші айтты: «Алдияр Шах, күйім, міне.
Алдыңда құтым қашып, зәрем қалмас,
Айтпасам сұраған соң және болмас.
Файлақұс сенің әкең қыран мұрын,
Тұратын салық төлеп бұдан бұрын.
Жыл сайын мыңдап таза құйма алтыннан,
Дараға шарт бойынша сый тартылған.
Үш жылдан әкең асты көз жұмғалы,
Жаннаты жанына аян кез қылғаны.
Үш жылдай төленбеген ұзақ салық,
Достықты шытынатар сызат салып.
Қазына бізге келіп құйылмады,
Төленіп, не болмаса жиылмады.
Бұйрықты орындаған бізде мін жоқ,
Борышты өтеу енді сізге – міндет.
Берсеңіз алып қазір жоғаламын,
Айтыңыз бермесеңіз, не жауабын!»
Мына сөз басқа ұрғандай ауыр соқты,
Булықты шайнағандай жалын-шоқты.
Түтігіп қап-қара боп шыға келді,
Отқа үйтіп жіберердей мына әлемді.
Алайда өзіне-өзі басу етті,
Өшірді ақыл-суы ашу өртті.
Жеңді де кемел ақыл дариядай,
Түнекке ыза батты дари алмай.
Көтеріп алды төмен салған басын,
Гауһардай жарқыратты сөз жалғасын:


231
«Дараға сәлем, – деді – менен дұғай,
Бұлжытпай жауабымды жеткіз былай:
Биліктен опа көрген адам бар ма,
Ұқсайды қатыгездік терең жарға.
Дүние қызығы үшін жан қинама,
Бермесе жанға рақат мал жинама.
Қазынаңмен жер бетіне сия алмайсың,
Сонда да қайыршысың, ұялмайсың.
Байлығың бастан асқан кімге дәрі,
Болмайды боқ дүниенің мүлде мәні?
Өзіңе өз ісіңнен келсе залал,
Дауа жоқ жасасаң да қаншама амал.
Қайырсыз қылығыңнан жүздің бе өрге,
Қаратпа өзіңді де бізді жерге.
Жаныңа жаға қоймас салқын хабар,
Алып құс ұшып кеткен алтын табар.
Ақылға тоқтам етсең, бүлік салмай,
Болмақшы арамызда ілік қандай.
Құп алмай, тартар болсаң өзің қыңыр,
Сенің де қыстырмаймын сөзіңді құр.
Елікпе, құр елеске, жадыңа тұт!
Түбінде тыныш өмір – жаныңа құт.
Біздерге керек білім, кемеңгерлік,
Жауды да тани білу – ерен ерлік.
Ұнтадың әлсіздерді диірмендей,
Саған еш кездескен жоқ дию мендей.
Байлығын жарты әлемнің жылда жалмап,
Қоясың ескі тәжбен құр ғана алдап.
Салықпен қалың елді титықтатса,
Айрылар тақ пен тәжден қисық патша.


232
Теңізде көп болғанмен асыл-маржан,
Келе ме китке әлің асыр салған.
Көл-көсір қазынадан нендей пайда,
Жұмсауды білмеген соң оны қайда?
Қомағай, тойымсыз бұл түріңменен,
Боларсың тажал китке түбінде жем.
Ақылдың айдарынан еседі жел,
Зорлықтың ол жоқ жерде кеселі мол.
Онсыз да өткен жазда тұраладық,
Жауабын өзі-ақ айтар мына халық.
Берсе де тағдыр сонша байлық-мансап,
Қала алмас сені мәңгі қорғап-қоршап.
Не қайыр әскеріңнің артығынан,
Күшті қол сықпай қоймас алқымынан.
Болсақ та сенен біздер қаншама әлсіз,
Жарлыға рақымдымыз қалса нәрсіз.
Қуатты, бай болса елің – аса күшті-ақ,
Керек пе саусылдатып жасақ ұстап?»
Шах тынды. Елші тұрды соққандай сең,
Тер басып, есеңгіреп, басы мең-зең.
Сарайдан әрең шықты күйрегендей,
Жөнелді құр сүлдерін сүйрегендей.
Дараға шапты атын борбайлатып,
Жеткізді естігенін кірмей жатып.
Хабарға Дара тулап, қысып қаны,
Қадалып қайта сұрап пысықтады:
«Шынымен осыны айтса ол сұмырай,
Жынданып, төбесінен ұрды құдай.
Сабазың есіріпті есірудей,
Масайып қалған шығар есі кірмей.


233
Есірткен есебі жоқ дәулеті құр,
Боқмұрын шығар бәлкім әулекі бір».
Қарады елшісіне сенбегендей,
Жауабын жалғастырды ол бөгелмей:
«Ұқсамас балаға да, ақымаққа,
Мас та емес, – көрдім анық бақылап та.
Ой – асыл, жүрек – батыр, ақыл – саңлақ,
Алтындай әр сөзінде жатыр салмақ.
Жоқ екен пиғылында алалығы,
Жан екен асып туған даналығы.
Тіл жетпес сипаттауға сөзім олақ,
Байқалар жауабының өзінен-ақ.
Шықсаң да жүз айналып шарлап жерді,
Таппайсың одан асыл бағлан ерді.
Қарадым көз айырмай тұрпатынан,
Шіркіннің, тырнағына кім татыған!»
Мына сөз Шахты алқымнан сығымдады,
Шығардай шырқырады шыбын жаны.
Аспанын қара тұман торлағандай,
Басына заман ақыр орнағандай.
Қорқыныш жарты әлемді қаптағандай,
Шығар жер қасіреттен таппағандай.
Елшісі тарылтқандай төңіректі,
Зынданға тастаңдар деп әмір етті.
Дара айтты: «Бұл да маған бағынышты,
Әкеме әкесі еді жалынышты.
Ол – құлым! Жеті атасы құл болатын,
Жөні жоқ әспенситін, бұлданатын.
Кім сонша, патша болса – менің арқам,
Мейірбан мендей кім бар жаны дархан?


234
Қалайша отырамыз босқа қарап,
Сүйекке таңба салса масқаралап?
Мен одан айыл жиям жаман қатты,
Атыма кір келтіріп оттап-шатты.
Көрсетем көресіні ожар құлға,
Шығарам масқарасын ел алдында.
Тезге сап, қабырғасын сындырайын,
Танытып жеті атасын жым қылайын.
Есіріп дандайсиды ол несіне,
Бәлемді түсірейін тәубесіне!»
Елшіні табыңдар деп берді бұйрық,
Сөзге епті, іске тапқыр, жөнге жүйрік.
Елшіге тапсырмасын айтты кірген,
Орақтай осып түсер алмас тілмен.
Қолына берді оның доп пен Шавхан
63
,
Ішінде екеуінің жұмбақ жатқан.
Сонан соң ұстатты ыдыс күнжіт толы,
Мұның да аян еді сыр бүккені.
Елшінің жолынан көз алмай қарап,
Қалды Шах, келер екен қандай жауап?
Үрімге жөнелді елші шаң боратып,
Қалады-ау қызыл тілден қанға батып.
Жасауыл хабарлады ентіге еніп:
«Дарадан тұр, – деп, – тағы елші келіп!»
Көргенде Ескендірді қалшылдады,
Балшықтай қара жерге жаншылғалы.
Дізесі дірілдеді дәрмен қалмай,
Жаңылды сөзінен де арбалғандай.
Патшаның құдіретіне көзі жетті,
Бүгіле басын иіп, тәжім етті.
63
Шавхан – ұзын таяқ.



236
Арызын баяндады жер құшақтап,
Елшілік ғадетімен жөнді сақтап.
Ескендір елші жайын әбден барлап:
«Қолқаңды айт, – деді оған, – келген арнап».
Бас иіп, елші сонда шертті сырын:
«Мың мәрте тәңір саған төксін нұрын!
Алдыңда сөйлеуге жоқ, тақсыр, халім,
Дараның жеткізейін тапсырғанын.
Айт десең бастан-аяқ жайып салам,
«Жоқ» десең, осы арадан ғайып болам».
Осылай елші сөзін пайымдады,
Танытып көп тұспалды ойындағы.
Айтты ол: «Мейірімі мол Дара Шахқа,
Сый тартар патша біткен әрбір шақта.
Жинаймыз бағынған соң көне салтқа,
Әйтпесе хиражға оның күнін сап па!
Патша жоқ падиШахқа бағынбаған,
Бұйрығын барлығы да орындаған.
Хиражды төлеп тұру жыл құрғатпай,
Белгісі бағынғанның тізгін қақпай.
Сыйымды, сенімді боп марқұм әкең,
Сыйлықтан қашпап еді жалпыға тең.
Иесі алтын тақтың енді өзің,
Әкенің орнын басар келді кезің.
Бірақ сен өз мойныңа арттың кінә,
Ауытқып, тура жолдан тарттың бұра.
Үш жылғы салығыңды өтемедің,
Өзеуреп өз бетіңше төтеледің.
Ақыры елші салды ат шаптырып,
Алдыңнан бір өтуді мақсат қылып.


237
Елшіні ауыр сөзбен соқтың басқа,
Тексіздік таныттың сен, сөктің босқа.
Балаңдық шығар бәлкім әлсіз жерің,
Байқамай маңдайыңмен тау сүзгенің.
Парықсыз қылығыңды бойға жұқсыз,
Жастықтың буы ма деп ойладық біз.
Жас қой деп кешірдік кең пейілменен,
Басынан бұлдыр тұман сейілмеген.
Жөнге кел, борышты өте, тарту байла,
Қыбын тап, көңілін көтер, артыңды ойла.
Кіруге қолтығына жасқанбағын,
Сүйіп қал, арланбастан баспалдағын.
Қара бет болмас үшін безген ардан,
Бізге адал қызмет ет, көздеп арман.
Өзіңнің қарағайсың хал-жайыңа,
Дараның бас ұрғайсың дарғайына.
Дандайсып, шалқақтамай тек жүргейсің,
Ақылға ашуыңды жеңдіргейсің.
Кеудеңді желік кернеп тасқындатқан,
Байқамай балалықпен бастың қақпан.
Жіберді өзіңе арнап көп сияпат,
Қабылда, көрсетпе енді бос қияпат!»
Әккі елші осылай бір деп салды да,
Қойды әкеп шавхан менен допты алдына.
Тағы айтты: «Балалықтан айықпаған,
Доп қуу таяқ ұстап лайық саған!»
Таяқпен допша үйіріп дөңгелетер,
Патшалық ойын емес ермек етер.
Шамына тисең тағы салар дігір,
Көрпеңе қарай көсіл, шамаңды біл.


238
Келсе егер тезге салғым, маған сөз бе,
Күл қылып деді шаңын қағам лезде.
Көптігін әскерінің мына күнжіт,
Дәлелдер, байқап қара, рақым күт!»
Деді де күнжіт толы шөлмекті ашты,
Кілемге бір уысын сермеп шашты.
Шөлмекті іле-шала бұрып еппен,
Патшаның қойды алдына құрметпен.
«Осындай, – деді – сонсын Шахтың күші,
Қарсы кеп кімнің оған батсын тісі!»
Тынды да төмен қарап, баспалады,
Жым болды жай түскендей басқалары.
Біткенде елші әбден сөзін сарқып,
Ескендір қарады оған езу тартып.
Қатулы қабағымен жасқап көпті,
Байыппен айтар сөзін бастап кетті:
«Патшадан асыл текті үлгі аламыз,
Дараның қасында біз кім боламыз!?
Сөзіңе зейінменен тостым құлақ,
Айтқаны Дара Шахтың бос былжырақ.
Әмірші бола тұра тұлғасы ерек,
Қорлайды патшаларды құлға теңеп.
Ел сүйер әділдікпен басқарғанды,
Хан сайлар ақылымен асқан жанды.
Басқаны құл деп қарау әділет пе,
Жалғыздың жете ала ма әлі көпке?
Құлмыз ғой бәріміз бір Тәңірге,
Көнемін соның ғана әміріне.
Айтарын жүз толғанып, он ойламай,
Патша да сөйлей ме екен абайламай.


239
Құдаймен өзін қатар теңестіріп,
Жасады, күпірлікпен әбес қылық.
Мастанған ақымақ деп аласұрып,
Ол мені менсінбейді баласынып.
Үш айып тағып тағы қаралайды,
Өзінің күнәсіне қарамайды.
Қалыппыз сөйлесуден шынында біз,
Жаулыққа соғар түбі мұның нағыз.
Жас болсам, ол үлкен ғой ұқса жайды,
Үлкенге бірақ сөзі ұқсамайды.
Болғанмен көкқұтанның денесі ірі,
Сұңқардан көреді ғой көресіні.
Патшадай сыйлағансып сүйкімсиді,
Таяқ пен доп жіберіп сиқырсиды.
Құятын қақтығыстың отына май,
Жұмбағын білдім оның шешіп оңай.
Айтқанын даналардың ол жобалап,
Екенін жердің білді доп-домалақ.
Жасырды ол сырын допқа кекті ойлаған,
Әлемді ұсындың сен доптай маған.
Қолыма әкеп менің мәңгі ұстатқан,
Дүниенің тағдыры екен белгі шавхан.
Майданда қатты шаптым дүрілдетіп,
Допты ұрдым басқалардан бұрын жетіп.
Содан-ақ болған еді анық мәлім,
Тасқындап, аспан-көкте шарықтарым.
Түсейін төбесінен бұлжытпайын,
Айтайын енді саған күнжіт жайын.
Күнжіттің дәніндей мол болсын мейлі,
Әскерін әскерлерім менсінбейді.


240
Күнжіттей әскеріңді құм жұтады,
Заматта шөжелерім қылғытады!»
Ескендір сөз тізгінін тежеп енді,
Бұйырды әкеңдер деп шөжелерді.
Шашылған күнжіт дәнін ұсақ құмдай,
Шөжелер шоқып қойды нысап қылмай.
Хикметті көріп болған көз алдыда,
Мәңгіріп елші тұрды, бозарды да.
Ескендір деді: «Басың саған сауға,
Жөнел тез, патшаңа жет аман-сауда.
Жеткізсең оның сөзін маған қалай,
Солайша жеткіз оған далаңдамай!»
Түсердей басы үзіліп денесінен,
Кетті елші жер басқандай төбесімен.
Жабылды сарт етті де қақпа қатты,
Аспандап өшпенділік от боратты.
Сілтеді доң айбатқа қолын бір-ақ,
Күңіренді қараша үйлер, халық жылап.
* * *
Даяшы, шарап әкел, бір түлейін,
Ақырып арыстандай күркірейін.
Жауымның ордасына атылайын,
Ұшырып күлін көкке сапырайын.
Уа, жаршы, «Шахнаманың» сырын шертіп,
Күмбірлет күңгірт үйдің мұңын серпіп.
Жауласты екі патша ызғар атқан,
Жар болғай қалың қолға бір жаратқан.
Ей, Науаи, күнің өтті думандатқан,
Өршіді өсек желі сумаң қаққан.


241
Біткен бе бұл заманның мешехаты,
Шараптан басқаның жоқ еш рақаты.
Байқасаң жер бетінде толған азап,
Шарапқа тойған ғана сордан азат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет