Ескендірдің данышпан білімпаздардан теңіз сыры мен құрылысының
жай-жапсарын сұрауы және Сократтың әлем құрлықтарын судың қалай
қоршап тұрғанын, айналаны қоршаған мұхиттың бейне жеті қабаттай
жеті теңізге бөлініп, шалқып жатқанын түсіндіруі, содан кейін он екі
мың аралдармен қоса, басқа да толып жатқан жайларды айтуы және
теңіздердің бұл ғажайып сыр-сипатына тыңдаушылардың таң-тамаша
қалуы.
Сол күні Шах кемесі төсіменен
Толқынды бара жатты есіп ерен.
Шақыртып даналарды кемесіне,
Кіргізді шатырына – кеңесіне.
Сұрады: «Не бар осы теңізде деп,
Қандайлық қасиеті негізгі ерек?»
«Қалармыз білмеген соң бір қапылға,
Сократ айтсын, – десті, – бұл хақында.
Қарт ұстаз кемеңгерлік таққа мінген,
Жасынан жаһан сырын жатқа білген».
500
Сократ сөз бастады небір жайдан,
Ынтыға тыңдады Шах көңіл қойған.
Ол айтты: «Жер пішіні дара тіпті,
Тәңірі домалақ қып жаратыпты.
Сол жердің айналасын су қаптаған,
Құрлық деп аталады құрғақ тамам.
Тартуын табиғаттың несібе ғып,
Келеміз ежелден біз өсіп-өніп.
Жетіге құрлықтар да бөлінеді,
Су қоршап айналасын тебінеді.
Жалғасып теңіз жатыр жағалаумен,
Дамылсыз жарды ұрғылап, сабалаумен.
Мұхитпен шексіз-шетсіз таласқандай,
Шалқиды жеті теңіз көк аспандай.
Құрлыққа ентелейді сұғына кеп,
Мүйісті толқынымен сығып әлек.
Он алты теңіз және құрлықта бар,
Үндесіп тау, даламен бірлік табар.
Жүздеген өзен ағар тағы да онда,
Бастырған адамзаттың бағын оңға.
Ніл, Кухаң, Ғират пенен Ефрат та –
Дариялар аты шыққан атырапқа.
Солардың ылғалымен жер көгерер,
Кенеліп, мол ырысқа ел де бөгер.
Өзенге өзек болар тас тұмалар,
Немесе нөсер, селден тасқын алар.
Сай-сайдан сылдыраған бұлақтар да,
Айналмай көк айдынға тұрақтар ма?
Әйгілі жеті теңіз хабарыңда,
Қалалар толып жатыр аралында.
501
Жобаға қағаздағы байқап қара,
Қаншама орналасқан байтақ қала.
Ұштасқан ұлы суды жер әлеммен,
Мұхит деп атап кеткен ел әуелден.
Үрімнің теңізі ғой мынау жатқан,
Киттей үстінде өзің бұлаң қаққан.
Жазира гүл жамылған айналасы,
Өмірдің бесігіндей тау, даласы.
Далиған бұғазының кең етегі,
Бұл жерден алты жүздей кеме өтеді.
Мағрыб ар жағында жігін бөлмес,
Толқыны көкке атылған тыным көрмес.
Мыңдаған аралы бар гүл оранған,
Қол бұлғап қалалары шығады алдан.
Үшінші теңіз – Зәңгі Хабаштағы,
Төндіріп тұрады үрей көк аспаны.
Мың үш жүз әсем арал маңайында,
Жемісі көз тұндырар тоғайында.
Төртінші –Хинд теңізі көрікті асқан,
Синд суы құяды кеп көбік шашқан.
Екі мың үш жүз арал онда да бар,
Бір-бірін сансыз бұлақ жалғап ағар.
Және де Құлзым
125
көлі арпалысқан,
Шуылдап толқындары жар салысқан.
Бесінші – Чин теңізі деп аталар,
Жетерлік ұсақ арал тамашалар.
Соғамыз оған да осы бетімізде,
Ірісі жетеді үш мың жеті жүзге.
125
Құлзым – Қызыл теңіз.
502
Дуваңның
126
алтыншысы жайқын суы,
Танытар момындығын жай тыншуы.
Аралы бар оның да екі мыңдай,
Жүзеді сансыз кеме өтіп ыңғай.
Білгейсің жетіншісін Машрық деп,
Алдымен күн түседі, ашылып көк.
Аралы он екі мың – миуалы бақ,
Салады құстар сайран жиналып ап.
Айтайын бұған қоса Хазарды
127
да,
Бір теңіз бұрқ-сарқ еткен өз алдына.
Алайда жадаулығы тез білінер,
Маңында ештеңе жоқ көзге ілінер.
Мұхитқа барлық теңіз артады қол,
Су біткен соған қарай тартады жол.
Іздері сайрап жатқан ежелгі елдің,
Жер беті бесігіндей өзен-көлдің.
Ғаламат мұхит түбі – бір қиыны,
Жұтады аспан түссін тұңғиығы.
Болатын дәтке қуат жоқ аралы,
Қалғандар ортасында жоғалады.
Суында көп мақұлық күн кешеді,
Белгілі дейсің, сірә, кімге есебі.
Беймәлім алыптардың сұрқы мүлде,
Жүреді баяу жылжып су түбінде.
Мінеки, баян еттім теңіз жайын,
Көрсеттім кіріп-шығар жол ыңғайын.
Дүниенің сыры мәлім көп көргенге,
Не жетсін бәрін көзден өткергенге!»
126
Достарыңызбен бөлісу: |