Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет73/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Мұнда жыр қазынасы маржандарының айрықша шеберлікпен өлең 
жолына тізілгені баяндалады және сол асыл қазыналар тылсымдығының 
күш-қуатын қайта жазу арқылы ақырғы шегіне жетіп, аяқтағанның 


522
тарихы, сонымен бірге жүректі жарып шығып, дариядай тасқындаған, 
сәуледей жарқын ойларға жар болған ұстаздар мен көкейге күндей нұр 
себелеген құдіретті және мөлдірлігі мен хош иісін таза сақтай отырып, 
олардың тілек-талаптары негізінде ислам патшалығына арналған дұғасы 
мен соған сай олардың күткен үміт дұғасы ізгі батасы.
Жол нұсқап, құтты қолым берді медет,
Мін тағып, өкпелейін енді не деп.
Сан жаздым уысымды құрысқанда,
Тастан да, берік тіпті құрыштан да.
Бірлесіп бес саусағым жұмылып кеп,
Көтерді мехнатты жұдырық боп.
Қиынға құлашымды тастап едім,
Кетпеді маңдай терім босқа менің.
«Хамса»
128 
еді сонда қолға ілінгені,
Теңеді «Бес кенішке» пірім де оны. 
Бес кітап – бес қазына асыл маржан,
Көшеді ғасырларға ғасырлардан.
Нұр құяр оқығанның зердесіне,
Бұйырар бақыт қонып мол несібе.
Мықты боп шыға келді әлсіз қолым,
Тізгенде жақұт-жырдың сансыз жолын.
Барында қайрат-күшім босқа отырмай,
Аянбай арпалыстым хас батырдай.
Шыдады тауқыметке қайсар жаным,
Талығып, торықсам да тайсалмадым.
Сарылып сан түндерде шектім жапа,
Қамығып көңілімді еттім қапа.
Тұрғанда төзімімді тауысқалы,
Жар болып періштелер дауыстады:
«Тұншыққан тұңғиыққа, ей, мүсәпір,
Тұйықтан шығам десең ойды сапыр!
128
«Хамса» Әлішер Науаидың бес дастаннан құралған кітабы.


523
Алдансаң адастырар жалған үміт,
Алдымен Жәмиге бар жалбарынып.
Жол табу қысылғанда қиын саған,
Табынып тәңірідей сиын соған.
Дұға қыл, маШахатың ұмыт қалар,
Киесі құпияға кілт табар!»
Ести сап бұл дауысты бардым оған,
Сиқыммен сасқалақтап, абдыраған.
Кенелдім тірегендей баққа маңдай,
Жәннаттың босағасын аттағандай.
Қай жаққа қарасаң да келісті өнер,
Тұрғандай қорғап-қоршап періштелер.
Көз тіктім құдіретті нұр келбетке,
Сайратты көкейімді кірген бетте.
Ынтығып жеткенімді сезді білем,
Алдымнан ашылды есік өздігінен.
«Қалаған кісі кірсін!» – деп тұрғандай,
Бөгелмей ішке қарай өттім барлай.
Киелі төрге имене қадам бастым,
Адаммен періштедей амандастым.
Кіршіксіз жан сарайы сұңғыла жан,
Ақтарды небір терең сырды маған.
Жырлары әлдилеген жаныменен,
Жазылған жүрегінің қаныменен.
Бас қойдым шөлдеп келіп кәусарына,
Тапқандай болдым дауа аңсарыма.
Қонақтап көкейіме күн шуағы,
Көңілім еліктеген тыншымады.
Толғандым, тебірендім қарап ұзақ,
Өзімді-өзім көрдім таразылап.


524
Аңғардым жетерімді қай шамаға,
Құйылып құдірет нұры ой-санама.
Тұсалдым тіл қатуға дәтім бармай,
Исаның өзін тыңдап отырғандай.
Қозғады құпиямды тереңдегі
Толқыным тынып жатқан елеңдеді.
Ол айтты: «Ойларыңды қайнап піскен.
Жүзеге асырасың қайрат-күшпен!»
Дертімді жазбай танып әулиедей,
Сырымды саралады жан-жүйедей.
Батасын беріп маған ақ жарыла,
Жөн сілтеп, бағыттады бағдарыма:
«Іс еді, – деді бұл да сәтін күткен,
Білгендей қолға алыпсың батылдықпен.
Туғызып талабыңның оңнан айын,
Тәңірі келтіріпті енді орайын.
Мойыма, сағың бәлкім кейде сынар,
Соңында әр бейнеттің зейнеті бар.
Кенішті іздеп тапқан иеленер,
Жаһанға қанат жаяр киелі өнер.
Жан-жаққа көз жіберіп жалтақтадым,
Түркіден мұндай асыл мен таппадым.
Өзіңмен еселесіп, теңдесер кім,
Биікке түркі тілін сен көтердің.
Аузыңа қаратасың парсы, арабты,
Аралап атақ-даңқың шартарапты.
Әркімнің көкірегінен мұң оянбас,
Он күнде бір ғазал да құрай алмас.
Шын ақын ел жүрегін жаулап алар,
Нәзік жыр көмейінен саулап ағар.


525
Басқалар сезсін қайдан бұл жәйтті,
Он жылда ойлана алмас мың бәйітті.
Кеткендей дүниеге дана сыймай,
Толтырды ақ қағазды қара шимай.
Талайлар тауысты бос көздің майын,
Азапты өзім кешкен сөз қылмайын.
Сәулесіз күңгірт әлем қуыс жатқан, 
Түнектен кім бар дейсің ырыс тапқан.
Төксе егер көк тәңірі ақ шұғыла,
Бөленер бәлкім өмір шаттығына.
Бар онда екі арыстан қаһар төккен,
Екі кит тереңінде қатар шөккен.
Ақырып арыстандай, жарып киттей,
Өтпесең, көре алмайсың жарық титтей.
Көкейге қонды бүгін сөзің сенің,
Төгілттің ойға толы сезім селін.
Теп-тегіс бас-аяғы жұмыр келген,
Ойларың сөзіңе өлмес ғұмыр берген.
Шомылып шабытына ақындықтың,
Рухына суарылған батырлықтың.
Қаламың шарықтайды қыран қанат,
Сеніммен жырыңа жұрт тұрар қарап.
Секілді өмір суы сарқырасын,
Жер жүзі шөл қандырып, жарқырасын.
Өрмелеп асқарыңа құлаш ұрған,
Сен ғана аса аласың бұл асудан. 
Қиналмай мақсатқа кім жетер дейсің,
Мерейін ел-жұртыңның көтергейсің.
Біз барда жасқанба да тұйықталма,
Қабыл ап батамызды биік самға!»


526
Денеме осы сөзден жүгіріп қан,
Шыққандай болдым өлі тығырықтан.
Кеңейіп жан тынысым сала берді,
Құлшылық еттім, құшып қара жерді,
Шыдар ма ұшқыр қиял қанат қақпай,
Қиырға жетеледі тағат таппай.
Үйіме алып-ұшып мен оралдым,
Піріме сыйындым да қалам алдым.
Лықсытып, тасқындатып үйдек-түйдек,
Қаламым сөз маржанын құйды екпіндеп.
Аянбай, сарқа жұмсап ой қуатын,
«Хайрат»
129
деп соған орай қойдым атын.
«Фархадты»
130 
жазып шықтым бас ала алмай,
Тау үңгіп, жақпар тасты қашағандай.
«Мәжнүнде» сан халыққа бас шұлғыттым.
Көзінен үңілгеннің жас сырғыттым.
«Сабғаға»
131 
шебер тілім төкті өрнегін,
Самғадым – жеті қабат көкке өрледім.
Сілтедім Ескендірді жырлағанда,
Соққандай сөзден қорған бұл ғаламға.
Жымдасып, қиюласты жан-жағы кеп,
Атадым «Ескендірдің қорғаны» деп.
Сымбатты сұлу айдай өрнекті жыр,
Ұқсайды ер жігітке келбетті бір.
Сипаты Иранбақпен теңескендей,
Ішінен Масиханың лебі ескендей.
Ерлікпен аяқтадым «Бес кенішті»,
Таппадым көшіргенде еш кемісті.
129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет