ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Бұл кемшіліктің болуы қазақ әде-
биеттану ғылымының қазақ әдебиет
тарихын зерттеудің барлық пробле-
малары мен принциптерін әлі толық
меңгере алмай жатқанын анық таны-
тады. Ол оқулықтың үшінші бөлі-
мінде Ғ. Қарашев, С. Торайғыров,
С. Дөнентаев шығармашылығын
зерт теуде де көрінеді.
Авторлардың үшінші дәуірді «ұлт-
шылдық дәуірдің бас кезі» деп ата-
уына біз жоғарыда сөз еткен С. Мұ-
қановтың оқулығының әсері болған
секілді. Бірақ, бұл оқулықта А. Бай-
тұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов,
Ж. Аймауытов алынып тасталып, тек
олардың осы кезеңге кірген ақын дар
шығармашылығына тигізген «зиян-
ды салқыны» ғана аталып өткен.
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің
кескін-келбетін танытуға жасаған
шолуда дәуір шындығын, қазақ әде-
биетінің даму процесіне әсер ет-
кен ағартушылық, бұқарашылдық
идеяның мәнін аша отырса да, ав-
торлар Сұлтанмахмұт, Ғұмар, Сә-
бит үшеуінен басқа ақындарды бұл
дәуірге кіргізбеген. «Ұлтшыл-алаш-
ордашылар» аталғандарды былай
қойғанда, М. Ж. Көпеев, С. Көбеев,
М. Сералин және тағы басқалары
атаусыз қалып қойған. Авторлар
С. Торайғыров шығармашылығын
сөз еткенде С. Мұқанов оқулығында
кеткен ұшқары пікірлерді түзете ке-
ле соны тұжырымдар білдіргенімен,
сол кезеңде қазақ әдебиеті тарихы-
ның «ұлтшылдық дәуірі» деп ата-
лып жүрген кезеңге қалыптасқан
көзқарастың ықпалынан шыға алмай
қалған. Ғ. Қарашев шығармаларын
талдауда да осыны анық сезуге бо-
лады. Ал С. Дөнентаев барынша әді-
летті бағаланып, жаңа заманды жыр-
лаудағы сәтті шығармалары аталып
өтіледі.
Ғылыми зерттеудегі негізгі қарас-
тырылған ақындар қазақ әдебиеті-
нің ХІХ және ХХ ғасыр басындағы
дәуірлерінің көрнекті өкілдері бо ла
тұрса да, авторлардың басты мақса-
ты ғылыми-педагогикалық талаптар-
ға және әдебиетті мектепте тарихи
курс ретінде тереңдете оқытуға сай
тұрақты оқулық жасау болғандық-
тан, орыс классиктерінен А. С. Пуш-
кин, М. Ю. Лермонтов, А. И. Чехов,
Л. Н. Толстой, М. Горькийлердің
өмірі мен шығармашылығын таныс-
тыруды жөн санаған. Бұл оқу
құралына қарағанда әдебиет хрес-
томатияларына тән құбылыс. Хрес-
томатияда көбіне көркем шығарма
мәтіні мол беріліп, оның маңызы
мен авторы жайында қысқаша тү-
сініктемелер келтіру сипаты басым
болғандықтан, әдеби білім беруде
туысқан республикалар әдебиетінің
көрнекті өкілдерін таныстыру, клас-
сикалық туындыларды өскелең ұр-
пақтың эстетикалық рухани азы-
ғына айналдыру педагогикалық та,
әдістемелік те жақтан тиімді еке-
ні рас. Орыс классиктерінің өмірі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
200
Достарыңызбен бөлісу: |