Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет190/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дығын, енді осы әдіснама талапта-
рына сай даму жолын бастайтынын 
да дәлелдеп берді. Ғасыр басынан 
бері келе жатқан әдебиетті тарихи 
тұрғыдан тану жолындағы әдеби-
тарихи ізденістер мен көрнекті да-
рындардың шығармашылығы туралы 
әр түрлі сипатта айтылып, әр мақала, 
әр оқу құралында шашылып жүрген 
ғылыми көзқарастағы пікірлер мен 
тұжырымдарды бір жүйеге түсіре 
баяндап берді. Авторлар «тұрпайы 
социологизм» тео риясының ықпа-
лымен ғана емес, «ұлтшыл-алашор-
дашылдыққа» қарсы күрестің әсері-
нен тым артық айтылған пікірлер-
ді де түзетіп, ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің кең өріс алуына бастай-
тын тың жатқан проблемаларды да 
көрсетіп берді. Сондықтан әр ақын-
жазушы шығармашылығын зерт теу-
дегі соны ойлардың айтылуын ұзақ-
сонар баяндаудан көрі, осы өзек ті 
мәселелерді атап өтсек те жеткі лікті.
Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт 
мұрасын зерттеуде, олардың дүние-
танымын, өнерпаздық тұлға сын ба-
ғалауда, ағартушылық көзқарас тары 
мен сыншыл реализмін тереңдете 
ашуда, мына бағыттарда тексеру қа-
жет дейді.
1. Ыбырай – тұңғыш педагог-ағар-
тушы, жаңашыл, прогресшіл, қазақ-
тың таза әдеби тілі мен прозасының 
негізін салушы.
2. Абай – өз заманының сыншы-
сы, көркем әдебиет тілінің негізін 
салушы, үлкен классик, көркем сөз 
шебері, новатор.
3. Сұлтанмахмұт – әділет іздеген 
шыншыл да сыншыл, Абайдан кейін-
гі ұлы реалист, классик ақын.
Әрине, маркстік-лениндік әдісна-
маға сай осы дарындар мұрасының 
халықтық, таптық сипатын таныту-
да жаңа тұжырымдар да айтылып 
отырылған. Ыбырайдың еңбек та қы-
рыбындағы шығармаларына, Абай-
дың саяси-әлеуметтік лирикасына, 
Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» ро-
манына жасалған ғылыми талдаулар 
көңіл аударарлық.
Хрестоматияда Шәңгерей, Нар-
манбет, М. Ж. Көпеев, О. Қарашев, 
С. Дөнентаев творчествосынан сол 
кезең идеологиясына сай келмейтін 
қайшылықтарды іздей отырып, за-
ман талабына тән баға берілсе, 
С. Көбеев пен 1916 жылғы ұлт-азат-
тық көтеріліске байланысты ту ған 
жырлар оқу құралы жүйесіне ең 
алғаш рет кіргізілген. Оқулық-хрес-
томатия болғандықтан көркем шы-
ғарма мәтіні мол берілуі және мо-
нографиялық портреттің мектеп оқу-
шыларының жас ерекшелігіне лайық 
болуын ойлағандықтан авторлар тал-
дау, зерттеу барысында еркін құлаш 
сермеп тереңдеп кете алмағандығы 
байқалады.
Сонымен, Ұлы Отан соғысына 
дейін қазақ мектептері хроноло-
гия лық тәртіппен жасалған жүйелі 
хрестоматиялар мен оқулықтармен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет