Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет29/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Оған ХІХ ғасырда қазақ даласын да 
әлеуметтік, қоғамдық ой-сананың өсуі 
мен халық творчествосы үлгіле рін 
жинау, жариялау жұмыстары, қазақ 
баспасөзінің жолға қойылуы шешу-
ші ықпал жасады. Қазақтың халық 
поэзиясының жанрлық табиғаты ту-
ралы теориялық тұрғыдан алғаш 
ғылыми пікір білдірген алдыңғы 
қатарлы орыс ғылымының көрнекті 
өкілдері, ориенталист-этнограф ға-
лым дар болды. И. Березин, В. Рад-
лов, Г. Потанин, А. Васильев, Н. Пан-
тусов, А. Алекторов және тағы бас -
қалар қазақ ауыз әдебиетінің асыл 
мұраларын жинап, жариялау про-
цесі барысында қазақ халқының 
өнерпаздық дарындылығы, әсем ән 
мен келісті мақамға, өрнекті ыр-
ғаққа құмарлығы, поэтикалық қа-
сиеті, жеке ұлттық поэзия ретіндегі 
жанрлық табиғаты, аңыз-ертегілері 
мен эпикалық жырларында тарихи 
деректердің мол болатыны туралы 
түсіндірмелік мәндегі пікірлер біл-
діріп отырды. Осы ғалымдардың 
қа зақтың халық поэзиясы үлгілері 
жайында таныстырушылық мақса-
тында келтірген аз да болса са лыс-
тырмалық мәндегі ойларында сөз 
етіп отырылған әдеби-көркем ма-
те риалдың қазақ фольклоры екенін 
қосатын болсақ, бұлар қазақтың 
оқыған, көзі ашық адамдарының 
әдеби-теориялық ой-пікірін қалып-
тастыруға игі ықпал еткен жетекші 
факторлардың бірі болды. Орыс 
фольклористерін халық поэзиясы-
ның саф алтындай тазалығы мен 
көр кемдігі, жанрлық түрлерінің мол-
дығы қатты таң қалдырғаны белгі лі. 
Қазақ поэзиясының табиғаты мен 
өлең құрылысы жайындағы алғаш қы 
теориялық пікірді В. В. Радлов айтты. 
Қазақ поэзиясы үлгілерін салыс-
тыра қарай отырып, өлең және жыр 
деп бөледі. Қазақ өлеңіне сипаттама 
және ең алғаш анықтама бере келіп: 
«Қазақ өлеңі төрт жолды шумақтан 
құрылады. 1, 2, 4 жолдары ұйқасып 
келеді. Әр жол үш ырғақтан тізіледі, 
екпін ырғақтың басы мен аяғына 
түседі», – деп нақты мысалдар кел-
тіреді. Қазақ өлеңінің жанрлық 
сыр-сипатын ғылыми терең ашып 
бер месе де В. Радлов бұл пікірі ар-
қылы басқа фольклористерге қара-
ғанда теориялық тұрғыдан алғанда 
жаңа қадам жасады. Себебі, Қа зан 
төңкерісіне дейін орыс фолькло рис-
терінің басты мақсаты халық твор-
чество сын жинау, жариялау болғаны 
мәлім.
Фольклорлық мұраны игеру са-
ласындағы осы тәріздес игі қадам-
дардың жасалуы нәтижесінде ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікір фоль-
клор тану саласындағы келешек із де-
ністерге кең жол ашатын үлкен бір 
мәселені шешіп алды. Ол – ха лық 
ауыз әдебиетін жанрға және түр-
ге бөлуде жасалған алғашқы клас-
сификацияның тууы еді. Бұл Ә. Ди-
ваев пен М. Ж. Көпеевтің еңбекте рі-
нен көрінді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет