Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет308/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тарапынан болған әпербақандық-
тан сақтай алмады, қарсы күреске 
шыға алмай қорғаншақтай берді. 
«Ұлтшылдық» айыптың таяғын жеп 
беті қайтқан аға буын әдебиетші-
ғалымдар да белсенділік танытпа-
ды. Соның кесірінен С. Сейфуллин 
кеңес дәуіріндегі әдебиеттің не-
гізін салушыларының бірі ретінде 
төмендетіліп, бұл көзқарас алғаш-
қыда зерттеу мақалаларда айтылып, 
кейін оқулықтар мен монографиялық 
еңбектерде ғылыми негізделе баста-
ды.
Ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір 
Сә кен, Ілияс, Бейімбет мұралары 
жайында белсенділік танытқанымен, 
солармен қатар құрбандыққа ұшыра-
ған басқа сыншы-әдебиетші, жа-
зушылар туралы зерттеу жұмыста-
рын қатар алып жүруге де асыға 
қоймады. Тек сталиндік қамаудан 
аман оралғандардың өздерімен тағ-
дырластар туралы бірді-екілі мақала 
жазғаны болмаса, әдеби жиындар-
да жалпылама сөз болып, олардың 
мұрасын жинау-жариялау және зерт-
теу жағына құлшыныс білдіргендер 
аз болды. Ол 1920-1930 жылдардағы 
әдеби-мәдени процестің даму жолын 
жүйелі тексеруге, тарихи шындықтың 
барынша ашық айтылмауы әсерін 
тигізбей де қалмады. Оның себептері 
де жоқ емес еді. Сәкеннен бастап 
жиырмадан астам қазақ әдебиетінің 
талантты өкілдерінің тұп-тура жи-
ырма жыл бойы әдеби, ғылыми ор-
тадан аласталуына айыптаулар ай-
тыла бастаған кезде, әдеби сынның 
кінәлілер іздеп ожарлыққа басқан 
тұстары да болмай қалмады. Бірақ, 
ащы шындықтың айтылуы әлі алыс 
еді. Себебі, жазықсыз төгілген қан-
ға, талқаны шыққан тағдырларға құ-
ныкерлер ашық айтыла бастаса, ба-
сты айыпкер өзі болып шығатынын 
түсінген жергілікті партия ұйымы, 
оның идеологиясының оған жібер-
меуі сол кезеңде заңды құбылыс еді. 
«ХХ съезден соң Коммунистік пар-
тия басшылары ел басындағы ауыр 
ахуалды түзетуге талпынғандай кө-
рінге німен, өздері біте қайнасқан 
қоғам дық жүйенің шеңберінен шыға 
алмады. Одақ орталығы Мәскеуде 
Б. Назаров пен О. Гридневаның 
«Вопросы литературы» журналы-
на шыққан мақалаларын, ақындар 
О. Бергольц пен К. Симоновтың 
сұхбатын, В. Дудинцевтің «Не хле-
бом единым» романын «ауа жайыл-
ды», «Социалистік мұраттарға жат 
пікірлер айтты» деп ұр да жық сын-
мен төпеледі» [84, 128]. Орталықтың 
ашық таратып жатқан бағыт-
бағдары мен үлгісі осындай болған 
шақта (халықтан жасырын берілген 
нұсқауларды айтпағанда) Қазақстанда 
1937 жылдың лаңына ұшыраған 
Ғ. Тоғжанов, Қ. Кемеңгеров, М. Дәу -
летбаев, С. Камалов, О. Беков, 
Ж. Ша нин және тағы басқалар тура-
лы зерт теушілік ойдың кідіре берге-
ніне таң қалуға болмайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


329


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет