Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет305/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ге қосқан үлесін көрсету мақсатында 
қарастырды. Ал бертінде ғана шық-
қан «40-50 және 60 жылдардағы қазақ 
әдебиеті» (1998) атты еңбектегі, сол 
кездегі әдебиеттану мен сын тура-
лы тарауды жазған Д. Мыңбаев та 
осы ізбен кеткен. Сол себептен де 
болар, ұлттық әдебиеттану ғы лы-
мының осы жаңару дәуірі деп атап 
отырған кезеңнен бастап жүргізген 
ізденістері мен іркілістері жүйелі 
сараланбай қалған. Бүгінгі таңда-
ғы көзқараста жаңаша пайымдау-
мен қоса, әдіснамалық мәселелеріне 
бай ла ныстылықта қарау қажеттігі 
айт паса да түсінікті. Біздің ойымыз-
ша, ұлттық әдебиеттану ғылымы 
мен сынының сол кезеңде қол жет-
кізе алған табыстары мен әдеби 
мұраның таптығы және халықтығы 
көзқарасына сай қағидалар әсерінен 
амалсыздықтан бұрмалай түсін дір-
ген тұсаулы қадамдарын басты-бас-
ты келелі мәселелердің төңірегіне 
топтастыра жинақтай сөз еткен дұ-
рыс болмақ. Сонда біз осы пробле-
маларды шешу арқылы әдебиеттану 
ғылымы өзінің қалыптасу жолын-
да қай салада қиындықсыз жетіліп, 
қай арнада сүрінгенін, ол жолда 
маркстік-лениндік әдіснаманың әсе-
рі қандай болғанын ғылыми тұр-
ғыда саралай аламыз. Қазірде ай-
тылып жүргендей, барлық кінәні 
партиялық саясат пен идеологияға 
жауып қаралай беретін болсақ, онда 
керісінше айтылған «тұрпайы соци-
ологизм» теориясының ықпалында 
кетеріміз анық. Сондықтан ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің өсу эволю-
циясын ғылыми әдіснаманы игеру 
жолдарына қарай қарастырған жөн 
болады деп ойлаймыз.
Қазақ әдебиеттануының съезден 
кейін-ақ айрықша құлшыныспен 
кіріскен саласы – әдебиет тари-
хын зерттеу мен дәуірлеу мәселесі. 
Ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
алғаш назар аударғаны 1920-1930 
жылдардағы кеңес дәуіріндегі әде-
биет болды. Ол заңды да еді. Себебі, 
жеке басқа табынудың зардабы-
на іліккен С. Сейфуллин, І. Жан-
сүгіров, Б. Майлин секілді қалам-
герлер шығармашылығы ақталып, 
ғылыми тұрғыда зерттей бастауға 
мүмкіндік туды. Бұған дейін осы 
кезеңдегі әдебиеттің тарихи және 
көркемдік даму жолы санаулы ақын-
жазушылармен сыдырта баянда-
лып, ал одан кейін Жамбыл бастаған 
халық шығармашылығы өкілдері-
мен толықтырылып келгені жалған 
емес. Хронологиялық тәртіппен қа-
ра ғанда, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің 1920-1930 жылдар әдебие-
тіне жаңаша көзқараста қарай бас-
таған барлаулары 1956 жылғы осы 
мәселені батыл көтерген бірнеше 
ғылыми мақалалардан бастау ала-
ды. Бұл жолдағы бағыт-бағдарды 
алғаш көрсеткен республикалық 
партия жарияланым болып санала-
тын «Социалистік Қазақстандағы» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


326


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет