Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет353/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
еңбектер мен түрлi әдеби жинақтар 
бой көрсете бастады. Рас, ол осы кезең-
де молынан жарияланған ғылыми 
және сыни еңбектердiң барлығын да 
болды десек қателесер едiк. Көпте ген 
еңбектер бұрынғы айтылғандарды 
толықтыру, тереңдету мақсатында 
жарияланып отырылды. Бұл, әсiресе 
әдебиетшi, сыншы ғалымдардың өз 
зерттеулерiнiң екi-үш томдықтарын 
шығаруы барысында байқалды. Ал 
ұлттық әдебиеттануға сол қыспақта 
тұрған қиын кезеңде аз да болса үлес 
боп қосылған тың қадамдар өрiс ала 
бердi. Төңкерiске дейiнгi әдебиет 
өкiлдерiнiң шығармалары молы-
нан жариялана бастады. Мысалға 
1965 жылғы «Үш ғасыр жырлай-
ды» атты жинақтың, «Алдаспан» 
антологиясының (1971), ендi «Бес 
ғасыр жырлайды» (1984) деген ат-
пен толығып шығуы көп жайды 
аңғартады. Абайтану, шоқантану, ал-
тынсаринтану жеке iлiм саласы бо-
лып қалыптасып бiттi, тек маркстiк-
лениндiк әдiснамаға қайшы келетiн 
кейбiр мәселелерiн нақтылау ғана 
қалды. Сәкентану мен әуезовтану, 
сәбиттану iлiмi жан-жақты дами бас-
тады. Абай, Ыбырай, Мұқтар, Сәбит 
тағылымдары аталатын ғылыми жи-
нақтардың шыға бастауы оған айқын 
дәлел. 
Фольклорлық мұраны әдебиет тiң 
таптығы, халықтығы қағидасымен 
бағалау бәсең тарта бастады. Оған 
қоғамды демократиялық жолмен 
қайта құруды қолға алған уақыт та-
лабы қатты әсер еттi. Соның әсерiнен 
қазақ фольклорының көп томды-
ғын академиялық баспа тұрғысын-
да шығару iсi қолға алынды. Бұ рын 
тиым салынған халық ауыз әде биетi 
үлгiлерiн жариялау, зерттеуге көңiл 
аударылды. Басқа елдер фолькло-
ристикасындағы дәлелденген мето-
до логиялық iзденiстердi ұлттық 
фоль клордан көп қиналмай-ақ iздеп 
тауып, бiр iзбен келе жатқан ұлттық 
фольклортану бар-жоғын түгелдеуге 
бет бұрды. Халық ауыз әдебиетiндегi 
жанр тұрақтылығын зерттейтiн па-
ремиологияда, тұтастай тексеретiн 
кешенді және жүйелi әдiстерде, се-
миотика саласында соны iзденiстерге 
ден қойды. Р. Бердiбаев, Б. Уақатов, 
О. Нұрмағанбетова, Б. Адамбаев, 
С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Ш. Ыбы -
раев, Т. Сыдықов, т.б. жекелеген 
жанрлар табиғаты мен көркемдiк кес-
тесiн, шығу тарихын арнайы қарас-
тырды. Ұлттық фольклортанудың 
туу, қалыптасу тарихы да зерттеу 
ны санасына алынды. Бұрын ол көп 
томдықтағы ғылыми шолу мен 1972 
жылғы «Қазақ фольклористикасы» 
деген зерттеулер жинағында ғана 
айтылған едi. «Қазақ тарихи жыр-
ларының мәселелерi» (1979), «Қазақ 
фоль клорының типологиясы» (1981), 
«Қазақ фольклористикасының тари-
хы» (1988) атты ұжымдық моногра-
фиялар ұлттық фольклортанудағы 
айтарлықтай табыс болды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


375


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет