ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ға сырдың басындағы ғұмырнама-
лық зерттеулердің кейінгі әдеби-та-
рихи бағыттағы монографиялық
еңбектерге жолбасшы болғандық-
тан, қазақ әдебиеттану ғылымын ту-
дырудағы тарихи маңызы зор еді.
Францияда Ж. Ж. Руссо, Германияда
Г. Гердер, Ресейде А. Н. Пыпин және
басқалары әдебиет туралы ғылым-
ның туу дәуіріндегі ғұмырнамалық
зерттеулердің, яғни биографизмнің,
әдебиет тарихын ғылыми тексеруге
апаратын жетекшілік ролін айрықша
атайды. Биографизм негізінен аса да-
рынды тұлғалар туралы болады да,
сол арқылы әдеби дамудың басты
кезеңдерін айқындайды. Бұл – әде-
биет тарихын зерттеу мен дәуірге
бөлу проблемасына апарар бірден-бір
жол. Сонымен қатар, ақын-жазушы-
лар ғұмырнамаларының жазыла ба-
стауы, олардың шығармашылы ғы-
на баға берілуі көркем шығарманы
әдеби-теориялық тұрғыдан талдауға
әкеледі.
Бұл секілді мақалалардың шығуы
ұлт әдебиетін тануға, оны өркен-
детуге, тарихын зерттеуге деген көз-
қарастың таралуына себепкер бол-
ды. Семей, Омбы және Торғай қала-
ларында әдебиет кештерінің өтуі оған
айқын айғақ. Әдебиет кешін Семейде
Нәзипа мен Нұрғали Құлжанов тар
екі рет өткізсе, Торғайда Ғ. Алба-
сов, Қ. Жабағин деген азаматтар
ұйымдастырды. Біздің ойымызша,
әдебиет кештерін өткізу тек ойын-
сауық үшін емес. Олардың басты
мақсаты, бір жағынан елге руха-
ни азық беріп, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрді ұмытпауды насихаттаса,
екіншіден – сол кездегі мақалаларда
атап жазылғанындай «қазақ ұлтының
басқа елге сіңісіп құрып кетпеуі
үшін» өз әдебиеті мен тілін қадірлеу
мен тану арқылы ұлттық сананы дәуір
талабына сай ояту. Өйткені, «Оян,
қазақ!» ұранының бүкіл қазаққа ар-
налып айтылғаны белгілі.
Әдеби-тарихи ой-пікірдің тіл мен
әдебиет тағдыры туралы және ғұ-
мырнамалық негіздегі ғылыми ма-
қалалардағы, әдеби кештер секілді
игі шаралардағы ұлт әдебиетінің
тарихын зерттеуге деген ізденісі же-
місті қадам болды. 1915 жылы Се-
мейде өткен әдебиет кешінде Р. Мәр-
секов сөйлеп, қазақ әдебиетінің та-
рихына шолу жасап берді. Ол «Қа-
зақтың» 1915 жылғы №112, 113
сан дарында «Қазақ әдебиеті жайы-
нан» деген атпен басылып шықты.
Ма қаланың негізгі мақсаты ұлттық
әдебиеттің өткені мен бүгінгі хал-
жағдайын саралай отырып, ғылыми
тұрғыда зерттеу болғаны байқалады.
Бұл мақалада әдеби-тарихи ой-пі-
кір ұлт әдебиетінің тарихын дәуірге
бөлу мәселесіне тұңғыш қадам жаса-
ды. Ол әдебиеттану ғылымының туу
дәуірінің алғашқы жылдары үшін аз
олжа емес еді.
Р. Мәрсеков қазақ әдебиеті тари-
хының даму кезеңдерін үш дәуірге
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|