ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
бөліп, әрқайсысының өзіндік ерек-
шелігін танытуға ұмтылады:
1. Қазақтың ескі ауыз әдебиеті;
2. Алғашқы жазба әдебиетінің
бас талу кезеңіндегі ауыз әдебиетінің
кері кете бастаған дәуірі;
3. Жаңа әдебиет дәуірі.
Әдебиет тарихын осылайша дә-
уір легенде автор хронологиялық тәр-
тіптен гөрі, әдеби дамудың негізгі
бағыт-бағдарына орай жүйелеуді
ұстанған. Алғашқы қадам жасап
отырған еңбектен оны талап ету де
орынсыз. Ең бастысы, осы кезең-
дердегі қазақ әдебиетінің қандай дә-
ре жеде болғанын зерттеушілік көз-
қа раста танытып беруінің өзі үлкен
табыс еді.
«Бірінші дәуір, – деп жазады
Р. Мәрсеков, – ескі замандағы қазақ
арасына жазу тарамай тұрғандағы кез,
ол заманда қазақ өз алдына тұрып, кең
далада еркін дәурен сүріп.., ой лау-
ға уақыт кең, сөз сөйлеуге тіл ер кін
болған заман» [21]. Осы анықтама-
дан сезіліп отырғанындай, автор
ал ғашқы дәуірге қазақ даласының
Ресейге қарағанына дейінгі кезеңді
жатқызған. Бұл дәуірдің негізгі бел-
гісі ретінде шешендік өнер мен суы-
рып салмалық дәстүрді тілге тиек
етіп, олардың ауыз әдебиетін да-
мытудағы маңызына жан-жақты
тоқ талады. Мысалы, Үйсін Төле би,
Қаз дауысты Қазыбек, Қаражігіт би-
лердің айтқан сөздерін дәлел ете
оты рып, ауыз әдебиетінде халық
даналығы мен тұрмыс тіршілігі жат-
қанына зерттеушілік тұрғыда кө ңіл
аударады. Импровизаторлық өнер-
дің ауыз әдебиетіне тән дәстүр еке -
нін дәлелдеу мақсатында Орын
-
бай, Кеншімбай, Болық секілді ақын
өлең дерін мысалға келтіре отырып
талдау жасайды. Негізінен бұл дә-
уір дегі қазақ әдебиетін шешендік,
импровизаторлық және музыкалық
өнермен байланыстыра отырып қа-
рауды мақсат тұтқан.
Автор «жазудың қазақ арасына
көбірек тараған заманы» деп ата-
ған екінші дәуірге Ресейге қара-
ғаннан бастап Абайға дейінгі кезең-
ді жатқызған болуы керек. Жазба
әдебиеттің белгілері осы дәуірде
жазудың шығуына байланысты кө-
ріне бастағанын айта отырып, оның
дамуы күрес үстінде болғанын, діни
сарын мен шығыстық желідегі шы-
ғармалардың тым басым болып, ұлт
әдебиетінің өзінің басты сипаттары-
нан айырылып қала жаздауға дейін
барғанын дәйекті түрде сөз етеді. Ұлт
әдебиетінің көркемдік дамуда осын-
дай тығырыққа тірелуінің себептерін
іздестіреді. Алғашқы себебі қазақ-
тың өз еркінен айырылып, отаршыл-
дық саясаттың күшейе түсуінен деп
көрсетсе, екіншіден, мәдени дамуда
артта қалудан деп түсіндіреді.
Міне, осындай қиын-қысталаң
жағдайда тұрған ұлттық әдебиетке
көркемдік дамудың жаңа жолын
көрсетіп берген Абай болғанын ай-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|