ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ой-пікірдің маркстік-лениндік ілім-
нің әдебиет туралы саясаты мен
әдіснамасын меңгере бастау жо-
лындағы шешуші қадам болғанын
байқаймыз. Оны кітапқа жазған алғы
сөзде М. Жолдыбаев: «Бұл кітап
сыннан өтіп, «сымға тартқан күміс-
тей» жұмырланып шыққан «әдебиет
тарихы» емес, әлінше марксшілдік
талдау көрген, Маркс-Ленин жолына
дәлдестірілген, затшыл диалектика
әдісімен жиналған қазақ әдебиетінің
тарихының материалдары. Дегенмен
кітап қазақ әдебиеті тарихына құрал
бола алады», –деп атап та көрсеткен
[37, 5].
С. Сейфуллиннің «Қазақ әде-
бие тін» және осы 1930 жылдардың
басынан бастап маркстік-лениндік
әдіснамаға сүйене отырылып жа-
зылған зерттеу еңбектер мен ма-
қалаларды сөз еткенде, басын ашып
алатын бір мәселе бар. Осы жыл-
дардан бастап ұлттық әдеби-тарихи
және әдеби-теориялық бағыттағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірде маркс-
тік-лениндік әдіснаманың әде биет -
тің партиялығы, таптығы және ха-
лықтығы принциптері берік орын
тепті. Әдеби мұраны еңбекші тап
мүддесі тұрғысынан бағалау қолға
алынды және ол жалғыз қазақ әде-
биет тануы мен сынында ғана емес,
бүкілодақтық деңгейде жүрді. Сон-
дықтан ол жаман-жақсы болсын
ұлттық әдебиеттануымыздың туу,
даму жолында басшылыққа алын-
ды. Кеңес дәуіріндегі көркем әде-
биет
тің өркендеуі мен ғылыми-зерт-
теу жұмысының маркстік-ле ниндік
ілімнің қағидалары шең берінен
шы ғармай, идеологияға бағын дыр-
ғанмен, оның әдебиет пен ғы лым-
ның дамуына қосқан үлесін жоққа
шығаруға болмайды. Сондық тан
фольклордың таптық принцип тұр-
ғысынан зерттелуіне жалғыз Сә кен
кінәлі емес. Әрі-беріден соң «ұлт-
шыл» атанған арыстарымыз ай да лып
кетіп, кеше ғана оларға қар сы шы-
ғып жүргендер зерттеу жұ мысымен
айналысудан қорқып бұғып қалған
кезінде, бұл жол ды ре волюционер
С. Сейфуллиннің бас тауы да заңды.
«Ұлтшылдар» жаз ғандықтан бүкіл
оқулық пен оқу құралдарын пайда-
лануға тыйым салынып, мектептер,
орта және жо ғары оқу орындары
оқулықсыз қалған уақытта С. Сей -
фуллиннің бұл іске көшбасшы бо-
луының өзі ерлік. Себебі, Голо ще-
киннің қазақ интеллигенция сын
бір-біріне айдап салып, жік-жік ке
бөліп тастағандағы «сей фуллин -
щинаның» салқыны әлі айыға
қоймағанды. Басқалар секілді пар тия
саясатына жағыну үшін «тұр пайы
социологизмнің» сойылын соғып жү-
ре беруге Сәкеннің азаматтық ары
мен халық алдындағы парызы жібер-
меген деп ұғыну керек.
Фольклор мен әдебиет тарихын
маркстік-лениндік әдіснамаға сай
зерттеу Сәкеннің «Қазақ әдебиеті»
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
137
Достарыңызбен бөлісу: |