Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет160/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Қашан да ғылым ешбір дерексіз 
тумайды, дәуірдің талап-тілекте ріне 
байланысты дүниеге келеді. Төң-
керістің алғашқы жылдарынан ба-
стап қазақтың ұлттық баспасөзін, 
ұлт мектептерін ашу міндеті алға 
қо йылғанда, ең қиын, ең түйінді мә-
селенің бірі – ана тілі мен әдебиетін 
оқытуды бірінші кезекте шешу керек 
болды.
1921 жылы 31 қаңтарда Халық 
ағарту комиссариаты мен Мемле-
кет тік баспасы жанындағы редакция 
алқасының бірлескен мәжілісінде 
С. Сейфуллинге І-ІІ сатыдағы бі-
рыңғай қазақ мектептері үшін қазақ 
әдебиетінің хрестоматиясын дайын-
дау тапсырылды. Бұл міндетті орын-
дап шығу жолында біршама ізденген 
С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің та-
рихы жайлы алғашқы ой-пікірле рін 
талқыға салу мақсатында 1924 жылы 
Орынбор қаласындағы қазақ жас-
тарының Орталық клубында «Қа зақ 
әдебиетінің қысқаша тарихы» деген 
тақырыпта лекция оқиды. Осы лекци-
яда қазақтың халық ауыз әдебиетін, 
қазақ әдебиетінің тарихын тексеру 
проблемасы тұңғыш рет қойылып, 
әдебиет тарихын дәуірге бөлу туралы 
тың пікірлер көтерілді.
Сәкеннің қазақ әдебиетінің та-
рихын зерттеу туралы бұл бастама-
сы мерзімді баспасөз бетінде айтыс 
туғызды. 1920 жылдардың басын-
дағы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи 
бағыттағы талдау жасау, тексеру 
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір әрі толық қалыптаса қой-
маған еді. Сол себептен қазақ әде-
биеттану ғылымында сол кезде дә-
уірлеп тұрған пролеткультшылдық 
салдарынан С. Сейфуллиннің лек-
циясында кейбір қате пікірлер орын 
алды. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтан-
махмұттың өнерпаздық тұлғасын, 
шығармашылықтарының ағартушы-
демократтық, новаторлық сипатын 
дұрыс бағалай отырса да, қанаушы 
қоғамда өмір сүргендіктен, олардың 
шығармалары мазмұны жағынан 
билер (феодалдар) табынікі де-
ген дәйексіз қорытынды жасай-
ды. Бұл лекцияның қысқаша маз-
мұны «Еңбекші қазақ» газетінде 
жа рияланған еді. Осы мақаланың 
шығуына байланысты қазақ әдебие-
тінің тарихын зерттеу, көрнекті да-
рындарын бағалау мәселесі қызу 
талқыға түсті. «Темірбайдың» «Қа-
зақ әдебиетінің тарихынан» атты 
мақаласы, оған қарсы Ғ. Мүсіре-
повтің «Қисық сынға әділ төре» 
мақаласы шықты. Сол секілді «Тоқ-
пақ» деген атпен (С. Қожанов) «Жа-
қындық па, жалақорлық па?» де-
ген мақала да жарық көрді. Сәбит 
пен Ғабиттің пікірлерінде қа зақ 
әдебиеттану ғылымында өріс ала 
бастаған нигилистік көз қарас пен 
«тұрпайы социологизм» теория-
сы ның әсері сезілсе, «Темір бай» 
мен С. Қожановтың ойларында 
«бірыңғай ағым теориясынан» туын-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


178


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет