Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет168/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
де мектептің оқу жоспарына кіріп
1932 жылы тұңғыш бағдарламасы 
жасалды. Осы бағдарлама негізінде 
1932 жылы І. Жансүгіров, С. Сейфул-
лин, Б. Майлин құраған «Әдебиет-
тану оқу құралы» атты хрестома-
тия шықты. V класқа арналған бұл 
оқулықтың кіріспесінде авторлардың 
атап көрсеткеніндей, негізгі мақ-
сат оқушыларға қазақ даласында 
болып жатқан өзгеріс, жаңалықтар-
ды бейнелейтін шығармаларды алу 
болған. Сол себептен де оқулықтағы 
ақын-жазушылардың шығармалары 
тақырыптық-мазмұндық ерекше лі-
гіне сай топтастырылған. Оқулық 
«Социалистік құрылыс», «Колхоз-
ды ауыл», «В. И. Ленин», «Ок-
тябрь», «Қызыл әскер», «Ескі ауыл» 
атты алты тарауға бөлінген. Кеңес 
дәуіріндегі қазақ әдебиетінің осы 
алғашқы оқулығында ғылыми-әдіс-
темелік тұрғыдан кеткен кемші-
ліктердін былай қойған күннің өзін-
де, ақын-жазушылардың өмір баяны,
шығармалары туралы әдеби-тео-
риялық талдаулар да жоқ. «Әде-
биет тану оқу құралы» атал ғаны мен, 
сол дәуірдің тыныс-тіршілігін бей-
нелейтін көркем шығармалардың 
жинағы дәрежесінде қалып қойған 
бұл оқулықтың өз кезеңінде мек-
тептерді қазақ әдебиеті оқулығымен 
қамтамасыз етуде, оқушыларға тәр-
бие мен білім беруде алғашқы қадам 
ретінде ғана рөлі болды. 
БК(б)П Орталық Комитетінің жо-
ғарыдағы тарихи қаулылары мен 
дә уір талабына сай қазақ әдебиеті-
нің оқулықтарын жасауда, әдебиет 
тарихын дәуірге бөлу саласында 
жаңа ізденістер, тың зерттеулер қол-
ға алына бастады. Бұл бағыттағы 
жұмыстар қиын да айрықша жағ-
дайда жүрді. Оқулықтар жасау, әде-
биет тарихын зерттеу, халық ауыз 
әдебиетінің үлгілерін жинау, оны 
зерттеу, белгілі ақын, жазушылар дың 
шығармашылығын талдау сияқты 
ұлан-асыр жұмыстарды жүргізуде 
жылдар бойы зерттеп, тиянақты пі-
кір айтуға жаңа заманның өскелең 
талап-тілегі мен қажеттілік ешбір 
мұрсат бермегенін атап айту керек. 
Сонымен қатар, бұл салада бұрын 
қалыптасқан ғылыми тәжірибеге сү-
йенер негіздің де жоқтығы өз дәре-
жесінде қиындық келтірді. Әйтсе де 
20-жылдарда әдеби мұраны жинау, 
жариялау жұмыстары мен көрнекті 
ақындардың шығармаларының ба-
сыла бастауы, оларды зерттеген 
ғылыми сипаттағы мақалалар оқу-
лық, хрестоматиялардың жазылуы-
на тікелей әсер ете бастады. Қазақ 
әдебиеттану ғылымының туу, қалып-
тасу процесін сөз еткенде, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің бір жүйеге 
түсіп баяндалуына, бірнеше ақын-
жазушыны өмір сүрген дәуіріне қа-
рай топтастыра отырып зерттеуде 
ал ғашқы практикалық қадамдар 
қа лай 
жасалғанын 
дәлелдейтін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет