Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет252/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тұсында ғана алған А. Құнанбаев 
пен Ы.Алтынсариннен басқа ақын-
жазушылар туралы нақты ғылыми 
тұжырым жасала қоймаған болатын. 
30-жылдардағы әдебиет хрестома-
тиялары мен оқулықтарды, басқа да 
ғылыми мақалалар мен зерттеулер-
де шыққан ортасына сай үстем тап 
мүддесін жырлағанына, ескілікті 
көксеуші керітартпалығына немесе 
либерал-буржуазияның өкілі бол-
ғандығына баса көңіл аударылған 
ақын-жыраулар енді жаңаша баға-
ланды. Бұқар жырау, Шортанбай, 
Сұлтанмахмұт, Нысанбай, Шәң-
герей, Ғ. Қарашев, М. Ж. Көпеев 
се кілді дарындар әдебиет хресто-
матиясынан тұрақты орын алып, 
өмірі мен шығармашылық мұрасы 
оқытыла бастады. Ал бұрынғы оқу 
құралдарына енгізілмей келген Ду-
лат, Мұрат, М.Өтемісұлы, Нарман-
бет, С. Көбеев, С. Дөнентаев, т.б. 
ақын-жазушылардың әдебиет та-
рихындағы орнының белгіленуі, 
хрес томатиялар арқылы жүзеге асқан 
тың ізденістердің жемісі екені анық. 
Төңкеріске дейінгі әдебиет тари-
хын зерттеу саласында осы секілді 
игі қадамдар жасалып жатса, кеңестік 
дәуірдегі әдебиетке арналған хресто-
матиялар оның тарихи өркендеу, даму 
жолын бере алмаған жүйесіздік пен 
жұтаңдыққа ұшырады. Сәкен, Ілияс, 
Бейімбет бастаған көптеген ақын-
жазушылар сталиндік саясаттың 
құрбандығына ұшырағандықтан, 20-
30 жылдардағы әдеби даму М. Әуе-
зов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тә -
жібаев, Қ. Әбдіқадыров тағы да бас-
қалардың кеңестік идеологияға қай-
шы келмейтін шығармаларымен сы-
дырта баяндалды. Бұлардан басқа, 
әдебиетке 30-жылдардан бастап кел-
ген ақын-жазушылар мен советтік 
дәуірдегі халық шығармашылығы-
ның өкілдері таныстырылды. Ж. Жа-
баев, Н. Байғанин бастаған жыршы-
жыраулардың 
шығармашылығына 
ерекше көңіл бөлінді. Бұлардың 
хрес то матияға енгізілуі жаңалық 
ны ша нын танытқанымен, 1920-
1930 жыл дардағы қазақ әдебиетін 
зерттеуге арқау боларлықтай өзекті 
мәселелерді көтеруге заман тала-
бы мүмкіндік бермеді. Әйтсе де 
кейіндегі іргелі зерттеулерге (әсіресе 
советтік дәуірдегі фольклор мен 
халық ақындары шығармашылығын) 
апаратын алғашқы ой-пікірлердің 
негізі қаланғанын жоққа шығаруға да 
болмайды.
Фольклор мен әдебиет тари-
хын зерттеудегі негізгі бағыт-бағ-
дарлары мен арналары әдебиет хрес-
томатия ларында осындай сипат та 
айқындалған болса, олардың күр-
делі мәселелерін ғылыми тұрғыда 
тереңдете тексеру оқу құралдарын 
жазу барысында жүзеге асты. Оқу-
лықтар мен басқа да ғылыми зерт-
теулерді қарастырғанда, ең негізгі бір 
мәселеге, қазақ әдебиеті тарихының 
ғылыми курсын жасау мен дәуірге 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет