ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
талап етілді. Алғашқыда ақын жә-
не сыншы ретінде ғана танылған
Е. Ысмайыловтың қазақ әдебиетінің
тарихы мен теориясын зерттеуші
болып ауыр жүкті арқалауы – үлкен
ерліктің белгісі десе де болады. Автор
осы дәуірді, яғни қазақ әдебиетінің
ең бір өркен жайған тұсын, бұрын
ғылыми тұрғыда терең сөз бола
қоймаған көрнекті ақын-жазушылар
есімдері арқылы жаңаша жаңғыртуы
осыны дәлелдейді. Сөз еткен ақын-
жазушыларға социологиялық арқауы
ба сым талдау жасай отырғаны мен,
әділ бағалауға ұмтылған С. Мұ -
қанов бұл дәуірді маркстік-ле-
нин дік әдіснаманың талабына сай
«ұлтшылдық дәуірдің әдебиеті» деп
ата ған болатын. Оқу құралдарында
зерттеу нысанасына түсіп отырған
ақын-жазушылар мұрасынан Абай
мен Ыбырайдың шығармашылығы
ғана дау туғызбайтын. Бұрын-
ғы зерттеушілерге біршама қарас-
тырылғанымен, «алашордашыларға
бүйрегі бұрған» Сұлтанмахмұттың
өзі де дұрыс бағалана қоймаған бо-
латын. Оқу құралындағы шығар-
машылығы ғылыми тұрғыда алғаш
рет тексеріліп отырылған Ш. Бөкеев,
Н. Орманбетұлы, М. Ж. Көпеев,
С. Көбеев, Ғ. Қарашев, С. Дөнентаев
секілді ақын-жазушылар мұрасы
туралы бірді-екілі мақала ғана бол-
маса, олар ғылыми зерттеушілік ой-
пікірдің зерттеу нысанасынан тыс
қалған еді.
Автор оқу құралында тарихи са-
лыстырмалық әдісті басшылыққа
ала отырып, ақын-жазушылардың
өмірбаяндық деректерін молынан
келтіру арқылы сол дәуірдің тарихи
шындығын ашады. Әсіресе, отар-
шылдық саясаттың зорлық-зом бы-
лығын әшкерелеудегі әр дарынның
өзіндік ерекшелігі мен ағартушылық,
гуманистік идеяларды жырлауы ту-
ралы тың тұжырымдар білдіреді.
Ал көркем шығармаларын талдау
барысында олардың халықшыл-
дық көзқарасын дәлелдеудегі ой-
пікірі таптық сипатқа негізделмеген.
«Алайда XX ғасыр басындағы
әдебиет өкілдерінің дүниетанымдық
көзқарасындағы қайшылықтар да
болды», – деп ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің сол кездегі деңгейіне сай
талап-тілек те ескерусіз қалмаған.
Автор ол қайшылықтар ақын-жа-
зушылардың өз шығармаларында
халықты бостандық, теңдік үшін
күрестің жолын көрсете алмауы
мен революцияны бірден түсініп
кете алмаулары деп көрсетеді. Осы
сипаттағы пікірлер кездескенімен,
оқу құралының басты жаңалығы –
маркстік-лениндік әдіснаманың ең -
бекші тап әдебиеті және үстем тап
әдебиет деп бөліп тастаған тап-
тың көзқарасынан аулақ болуы. Ол
зерттеліп отырылған ақын-жазу-
шылардың өнерпаздық тұлғасын бар
мүмкіндігінше тарихи шындыққа
сай бағалауға негізгі себеп болған.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
275
Достарыңызбен бөлісу: |