ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
бөлу жолындағы ізденістерге орай сөз
ету қажет. Сонда ұлттық әдебиеттану
ғылымының қалыптасу жолында қол
жеткізген табыстары мен бүгінгі күн
тұрғысынан қарағанда қателік болып
табылатын кемшіліктерді дұрыс са-
ралай аламыз.
Алғашқылар болып 1941 жылы
Қ. Жұмағалиевтің 8-класқа арналған
«Қазақ әдебиеті», Е. Ысмайыловтың
9-класс үшін «Қазақ әдебиеті» атты
оқу құралдары жарық көрді де,
мектепті әдебиеттің тарихи курсын
жүргізу мақсатынан туғандықтан,
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің со-
ны ізденістер жасауына жол ашты.
Қ. Жұмағалиевтің оқулығы әде-
биет хрестоматияларында анықтама-
лық сипатта таныстырылып жүрген
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің
жанрлық сипатын ғылыми тұрғыда
аша отырып, жүйелі талдау жасау
жолындағы игі қадам болды. Басқа
жанрлар туралы негізгі тұжырымдар
1920-1930 жылдардағы фольклорта-
ну саласындағы еңбектерден туын-
дап жатқанымен, автордың бұрын
жан-жақты сөз бола қоймаған кейбір
батырлық жырлар мен тарихи жыр-
лардың тарихи мәні мен маңызы,
шығарма құрылысы, образдар жүйе-
сі, жырдың туу кезеңдері, идеялық
және көркемдік ерекшелігі туралы
ой-толғамдары ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің соны ізденісін танытады.
Фольклортануда бұрын сөз болып
келген батырлар жырынан басқа, «Ер
Тарғын», «Ер Сайын», «Қарасай-
Қази», «Едіге», т.б. эпостардың, та-
рихи жырлардан Исатай, Сырым,
Бекет, Қабанбай, Бөгенбай, Досан
секілді халық батырлары туралы
жырлардың оқу құралдары арқылы
алғаш таныстырылуы, ғылыми тұр-
ғыда бағалануы бұл жырлардың зерт-
теле бастауының ізашары болды. Ең
бастысы, автор оларды «кейіпкері
қай таптан шықса сол таптың жыры»
деп бағалап келген «тұрпайы соци-
ологизмге» тән көзқарастан араша-
лап алды. Ғасырлар бойы сақталып
келген халық ауыз әдебиетінің көр-
некті үлгілері екенін, халықтық шы-
ғармалар екенін дәлелдеп берді.
Оқулықтың
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірге қосқан екінші бір мәнді
жа ңалығы, 1930 жылдардағы зерт-
теулерде аттары бірде аталып, бір де
аталмай, оның өзінде таптық көз-
қарасқа сай әдебиет тарихындағы
орыны дұрыс бағаланбай келген
XVІІІ-XІX ғасырдағы ақын жырау-
лар шығармашылығының өз бағасын
алуы. Бұқар, Дулат, Мұрат, Ма-
хамбет, Шернияз, Нысанбай, Шор-
танбай, Біржан, Сүйінбай секілді
ақын-жыраулар шығармалығы осы
ға сырлардағы қазақ әдебиеті тари хы-
ның көрнекті тұлғалары ретінде зерт-
теу нысанасына алынды. Олар өмір
сүрген тарихи кезең мен өмірбаян-
дық деректерді сабақтастыра баян-
дай отырып, автор дәуір шындығы-
ның көркем шығармада суреттелуі,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
273
Достарыңызбен бөлісу: |