ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жырлаған тақырыптары мен идеяла-
ры, әр ақынның өнерпаздық тұлғасы,
әдебиет тарихынан алатын орны
туралы маркстік-лениндік әдіснама-
ның талаптарынан тыс тұжырымдар
білдіруге ұмтылыс жасаған. Рас,
олардың шығармашылық мұрасы
толық қамтылмағанымен, әдеби-
теориялық сипатта талдау жасауға
деген талпыныс игі қадамның ны-
шаны екенін айта кеткен орынды
болмақ. Зерттеушінің ауыз әдебиеті
мен жазба әдебиеттің үлкен тұлға
ескерткіштерін екшеп, іріктеп көр-
сетуге талаптанған бұл оқулығы
өзінен бұрынғы және сол кездегі
ғылыми ізденістердің қорытындысы
ғана емес, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің жаңаша бағыттағы зертте-
улерге баруына ізашар бола білді.
Қ. Жұмалиев оқу құралының 1942,
1943 жылдары «Қазақ әдебиеті. Қа-
зақтың ауыз әдебиеті мен XVІІІ-XІ,
X ғасырдағы жазба әдебиеті» деген
атпен шыққан, 1948-1950 жылдары
«Қазақ әдебиеті» деген атпен шыққан
жаңа басылымдарын ғы лыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің бұл са ладағы
азды-көпті қол жеткізген табыста-
рымен толықтыра отырып, келешек
монографиялық зерттеулерге апарар
күрделі де соны мәселелерінің бағыт-
бағдарын ашуға ұмтылыс жасады.
Е. Ысмайыловтың 9-сыныпқа ар-
налған оқу құралы («Қазақ әдебие-
ті», 1941) 1920-1930 жылдардағы
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
әде биет тарихын дәуірге бөле оты-
рып тексеру жолындағы ізденісте-
рінің жалғастық тапқандығын дә-
лелдеп берген еңбек болды. Негізі-
нен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ға сыр басындағы қазақ әдебиеті та-
рихын зерттеуді мақсат тұтқан бұл
оқу құралы ұлттық әдебиеттану ғы-
лымының қалыптасу кезеңіне қадам
басқан шағында, бұрын жан-жақты
сөз бола қоймаған қаламгерлер шы-
ғармашылығын зерттеуде жаңа бас-
тама салуы үлкен үлес болғанын
атап айту қажет. Өйткені, ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде әлі де бол-
са даулы күйде қалып, бір шешімін
таба қоймаған қиындыққа толы кезең
болатын. Әсіресе, С. Мұқановтың
1932 жылы «ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті» еңбегінің «халық жаула-
рын» әшкерелеу науқанында тап
мүддесін жырлаған автордың пар-
тиядан шығып, қызметтен қуы-
луына, саяси сенімсіздікте болуы-
на әсер еткендіктен, қазақ әдебиеті
тарихының осы дәуіріне қалам тар-
тудың қияметке айналғаны – тари-
хи шындық. Маркстік-лениндік
әдіс нама мен кеңестік идеология
«ұл шылдар» жазған 1920 жылдар-
дағы еңбектерді былай қойғанда,
30-жылдардағы оқулықтар мен зерт-
теулерді жоққа шығарып отырған
осы мезгілде мектепті жаңа оқу
құралдарымен қамтамасыз етуді
шұғыл түрде жүзеге асыру міндеті
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
274
Достарыңызбен бөлісу: |