ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
қалпына келтіру (1921-1925), инду-
стриализациялау (1926-1929), кол-
лективтендіру (1930-34), социа лис-
тік қоғамды құруды аяқтау (1935-
1941), соғыс кезіндегі әдебиет (1941-
1945), соғыстан кейінгі жылдар
әдебиеті» деген жүйеде қарастырып
жатқан болатын. Бұған қарағанда
«Очерктегі» дәуірге бөлу тек бар-
лау міндетін атқарғанын байқаймыз.
Осы дәуірлерге бөлуге сай жазылған
шолудың ғылыми танымдық сипа-
ты мен зерттеушілік ой-пікірді тың
арналарға бастайтын проблемаларды
нақты көтере алуының маңызы зор. Ол
мәселелердің ең өзектісін Б. Кенже-
баев жоғарыда айтылған «Өтелмеген
парыз» мақаласында көрсеткен еді.
С. Садуақасов есіміне байланысты
күдікпен қарау орын алғанымен,
әдебиеттану мен сын бұл салада
батыл барлаулар жасап, ғылыми
мақалалар жариялап та үлгерген еді.
Ш. Иманбаева туралы М. Дүйсенов,
Ә. Қоңыратбаевтың, Б. Ізтөлин ту-
ралы С. Мұқанов, Т. Кәкішевтің,
С. Ерубаев туралы Т. Кәкішев-
тің мақалаларындағы ғылыми ой-
пікірлер шолуды жазу барысында
ескеріліп отырылған. Бұлардан басқа
Қ. Әбдіқадыров, Ө. Тұрманжанов,
Ж. Тілепбергенов секілді ақын-
жазушылардың
шығармашылығы
әдеби даму процесіне байланыстыра
таныстырылуы мен бағалануы кеңес
дәуіріндегі әдебиеттің өсу жолы ту-
ралы жүйелі түсінік беру ниетінен
ту ғандығы анық. Ол 1920-1930 жыл
-
дар әдебиетін ғылыми тексеру-
де аталған ақын-жзушылардың да
монографиялық тұрғыда зерт телуіне
тың жол ашылғанын көр сетті. Со-
нымен қатар, бұрын-соңды ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің нысана-
сына түсе қоймаған Ж.Саин, Ә. Сәр-
сенбаев, Д. Әбілев, А. Жұмағалиев,
М. Хакімжанова, Ғ. Сланов секілді
ақындар туралы шағын танысты-
рулар берілуі жаңа ізденістер ны-
шаны еді. Бұл бұрын-соңды сөз
болмаған басқа да қаламгерлер ту-
ралы алғашқы зерттеу мақалалардың
жазыла бастауына әсер етті. Бұл
қазақ әдебиеті тарихын тек көрнекті
дарындармен ғана танысу белең
алған тұстағы кемшіліктердің түзеле
бастағанын да байқатты. Алайда, осы
шолуда монографиялық сипатта сөз
болып отырған он үш қаламгердің
шығармашылығына ойыса беру де
орын алған. Бұл еңбектегі қазақ
әдебиеттануының ғылыми деңгейіне
баға берсек, енді ғана ақталған Сәкен,
Ілияс, Бейімбет шығармашылығын
кең және терең сөз етуге уақыт тарлық
еткені сезілсе, зерттеушілік және
сыншылдық ой-пікірде көбірек сөз
болып келген М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мұстафиндер жайында молырақ
айтылған. Ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір әдеби теориялық талдау жаса-
уда өлең сөздің теориясын бірша-
ма меңгергені байқалса, прозалық
шығармаларды талдауда мазмұндап
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
339
Достарыңызбен бөлісу: |