Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет68/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Шортанбай, Шөже, Орынбай, Сақау, 
Соқыр Ажар, Жанкелді, Мағауия, 
т.б. ақындардың шығармаларын жа-
зып алып, өз қолжазбасынан орын 
беруі, әр ақын мен оның келтірген 
өлеңінің қай жағдайда айтылуы ту-
ралы түсініктеме жазуы әдеби-тари-
хи бағыттағы ой-пікірінің жоғары-
лығын көрсетеді. Оны ұлы Абай 
поэзиясындағы өсиет-нақыл мәндегі 
өлең жолдарын ыждағаттылықпен 
сұрыптап алып «Абай афоризмдері» 
деп бөлекше топтастыруы тағы да 
дәлелдей түседі. Бұл – шын мәнін-
де ғылыми-зерттеушілік ізденісті 
талап ететін творчестволық жұмыс. 
«Мұның өзі де оның әдебиет жайлы 
түсінік білімінің молдығын бай қат-
са, екіншіден, қазақ әдебиетіне қа-
тысты көп деректердің шоғырлануы-
ның өзі-ақ Мәшһүр жазбаларының 
қан ша маңызды екенін айқындай 
түседі» [8, 388]. 
Шығыстың әдебиеті мен тари-
хын жетік білген, оқымысты ғұлама 
атанған М. Ж. Көпеев жеке ақын-
жырау туралы бағалаушылық мәндегі 
пікір айтқанда Ақан сері жайында 
«заманның сұңқары, қызыл тілдің 
ділмары, жігіттің құлпы жібегі, сөз-
дің ағытылған тиегі» десе, Бұқар жы-
рауды «Өз заманындағы жандар бұл 
кісіні көмекей әулие деседі екен. Бір 
сөз білмейді, тек көмекейі бүлкілдеп 
жырлай бастайды екен», – деп, Абы-
лай ханның ақылшы биі және өз 
сөзін қаймықпай айтар үлкен жырау 
екенін бағалайды. Бұл пікірдің Бұқар 
тұлғасына байланысты әлі күнге 
дейін айтылып келе жатқанын ескер-
сек, ғылыми құндылығы айтпаса да 
түсінікті.
Мәшһүрдің әдеби-тарихи ой-көз-
қарасын сөз еткенде ерекше көңіл 
аударғаны Абай шығармашылығы 
екені байқалады. «Дала уалаятының 
газетінде» Абайдың көзі тірісінде-ақ 
пікір білдірген Мәшһүр ақын өз ойын 
бірде:
Ақынды айт Ақмолда мен Ыбырайды,
Үлгісін өнер-білім жұртқа жайды», – 
деген өлең жолдарымен білдірсе, енді 
бірде Құнанбайұлы Ыбырай марқұм 
айтыпты ғой деп, «Адам бір боқ 
көтерген боқтың қабы» деген өлеңінен 
үзінді келтіре отырып: «Соңғы ел бі-
лімдарлары – бұл. Адамды адам саны-
на кіргізбей жүрген қарындағы бір қап 
«жұмбақ» екенін білді де ішіп-жемекті 
аз қылды... Аз жеуді, аз ұйықтауды, 
аз сөйлеуді мұ рат тұтты», – деп осы 
өлеңді фи лософиялық көзқараста тал-
дап, Абай дың ғұламалығына ден қоя-
ды. Бұл да ғасыр басындағы ғылы-
ми-зерт теушілік ой-пікірге Мәш һүр 
ақынның айтарлықтай үлес қосқаны-
ның бір белгісі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет