ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кітаптар тізімін ұсынған. Сол сияқ-
ты 1915 жылы № 2, №3 санында
«Қазақ» басқармасында сатылатын
кітаптар» деген тақырыпшамен қа-
зақ тілінде басылып шыққан он бір
кітаптың тізімі берілген. Кең далаға
біршама тарап, елдің қазақша ой-
лауына мұрындық болған «Айқап»
қазақ кітаптарының жарық көргенін
хабарлап, тізімін беріп түсініктеме,
ал кейде сын жазып отырғанда екі
түрлі мақсат ұстанған. Оның бірі –
қазақ кітаптарының ел арасына та-
ралуын насихаттау болса, екіншісі –
өз бағдарламасында көрсетілген би-
блиография істерін жүргізіп отыру
еді. Журнал бетінде көрініс тап қан
қазақ библиографиясының осындай
ізденістеріне бүгіндегі өскелең көз-
қараста қарап, мұрын шүйіре мен-
сінбеуді қояр уақыт жетті. Барымыз-
ды жоққа шығарудан тапқан пайда-
мыз шамалы.
«Айқаптың»
библиографиялық
си
паттағы бұл игі істері «Қазақ»
газетінің бетінде де өз жалғасын
тапқанымен, тереңдей өркендеп кете
алмады. Оған ел тағдырына байла-
нысты саяси-әлеуметтік, қоғамдық
мәселелерге көбірек көңіл бөлген
газеттің мүмкіндігі де бола бермеген
болуы керек. Сонда да болса «Қа-
зақ» газеті «Жаңа кітаптар», «Қазақ»
басқармасында сатылатын кітаптар»
және тағы басқа тақырыптарда бе-
ріп отырған хабарларында жарық кө-
ріп жатқан фольклорлық үлгілер, оқу
құралдары, жеке ақын-жазушылар
шы ғармалары туралы мәлімет беріп
отырды. Мысалы, «Кітап сұраушы-
лар ескерсін» (1915, №105) атты ма-
қалада Ғ. Қарашев кітаптары туралы
айтса, «Жаңа шыққан кітаптар» де-
ген айдармен С. Дөнентаевтың «Уақ-
түйек», М. Сералиннің «Топжарған»,
М. Дулатовтың «Оян, қазақ!», «Тер-
ме», А. Байтұрсыновтың «Маса»,
«Тіл құрал» және тағы басқа да
кітаптар басылғанын хабарлады.
«Қазақтың» библиографиялық сипат-
тағы ізденісінде «Қазақ» басқар ма-
сында сатылатын кітаптар» деген
атпен басқарма тарапынан шыққан
мақалалардың мәні зор. Мысалы,
1915 жылы осы айдармен шыққан ха-
барда қазақша басылған 10 кітаптың
тізімі берілген. Олар: А. Байтұрсынов-
тың «Әліппе», «Маса», «Тіл құрал»
(1-жыл үшін), «Тіл құрал» (2-жыл
үшін), М. Дулатовтың қазақша «Қи-
раәт кітабы», «Бақытсыз Жамал»,
«Есеп құралы» (1-жыл үшін), «Есеп
құралы» (2-жыл үшін), Ғ. Қарашевтің
«Аға тұлпар», Б. Өтетілеуовтің «Жи-
ған-терген» кітаптары. Газет тізі-
міндегі кітаптың нақты нарқы мен
почтамен жіберілгендегі бағасын
қо са көрсетіп отырған. Міне, тура
осын дай дәрежедегі тізім газеттің он
то ғыз санында шыққанын ескерсек,
газет өзі шығып тұрған кездегі қазақ
кітаптарының библиографиялық ті-
зі мін толық көрсетіп берді деуге
негіз бар. Бұл жеке кітаптар туралы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|