Жоспары
-
Физиология ғылымына жалпы түсінік
-
Физиологиялық қалып.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Физиология дегеніміз герекше физик табиғат демек логос ғылым организмге және оны құрастыратын жүйелер органдар ұлпаларда өтетін функциялар және процестер туралы және адам мен жануарлардың қоршаған ортаның байланысын қамтамасыз ететін механизмен оларды реттеу туралы ғылым.
Функция-бұл жүйенің немесе органның іс-әрекеті ал процес бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытталатын әрекетті. Сонымен қатар даму барысында рет-ретімен ауысып жатқан құбылыстар немесе жағдайлар.
Жүйе-физиологияда бұл жалпы бір функциясын байланысты ұлпалар немесе органдар.
Биологиялық жүйенің-сенімділігі-бұл жасушаның ұлпалардың органдарын организмдер жүйесін ерекше функция орындау қасиеті белгілі уақыт ішінде өз сипатын сақтайтын жүйенің сенімділігін негізгі сипаты оның тоқтаусыз жұмыс істеуі. Организм өзінің сенімділігін әр-түрлі тәсілдермен жоғарылатады.
-
Регенеративті процесті күшейтейді-яғни өлген клеткаларды қайта қалыптастыру.
-
Организмнің жоқтылығы-өкпе құлақ сүйек.
-
Клеткалармен капилярларды жұмыс және жұмыс істемеудегі жағдайда пайдалыну функциясы өсу қарқынына байланысты-яғнм алдын функция іс-әрекетіне қатыспағандарда қосылады.
-
Сақтану тежелуді пайдалану.
-
Әртүрлі әрекет арқылы бір нәтижеге жету - физиология организмнің өмір сүру қаупін зерттейді.
Қауып-бұл тірі жүйенің оптикалды аталатын функцияның шегі, ол әртүрлі түсіндіріледі.
1-ден- Орта шама жағдайдың құбылыстың орта шамасын сипаттайды.
2-ден-Орта фатистикалық шама.
3-ден-Жалпы көпшілік қабылдаған ереже.
Физиологиялық қалып-бұл өмір сүрудің биологиялық оптиома қауыпты организм бұл оптималды фунуциясы оптималды функциялануы бұл сол жүйенің белгілі іс-әрекет орындауында барлық процестерін белсенді келісілген нақты мүмкіншілік жағдайы. Механизм бұл процесті немесе функциясының басқару тәсілі. Физиологияда қарастырылатын басқару механизмі.
-
Жеке-белгілі бір органдарды реттеу немесе басқару.
-
Гумаралды-функцияға және процестерге гармондардың немесе гумаралды огенттердің әсері.
-
Жүйкелі-жүйке жасушаларында инплюстраның қозу немесе тежелуінің күшеуі әлсізденуі.
-
Орталықта-орталық жүйке жүйесінен бағыт –бағдар беріп отырады.
Физиология адам және жануарлардың функциясын зерттейтін бір тұтас ғылым болғанымен жеке бір бір-бірімен айырмашылығы бар бірақ өзара тығыз байланыста, бөлімдерге бөлінеді. Негізінен келесі бөлімдерге ажыратады, жалпы жеке революциялық қолданбалы адам және салыстырмалы физиология. Жалпы физиология әртүрлі организмдердің процестерінің табиғатын сонымен қатар организмге сыртқы ортаның әсерін және реакциясының заңдылықтарын зерттейді.
Жеке физиология-жеке ұлпаның органның немес жүйенің функцияларын зерттейді.
Эволюциялық физиология-онтогенез және филогенезде адам мен жануарлардың физиологиялық функцияның заңдылықтарын және механизмдердің пайда болуын дамуын дене қалыптасуын зерттейді.
Қолданбалы физиология-адамның іс-әрекетіне байланысты практикалық есебі және нақты өмір сүру ортасын өзгеру заңдылықтарын функцияларын зерттейді.
Салыстырмалы физиология-жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің функцияларының ұқсастықтарымен айырмашылықтарын зерттейді. Сонымен қатар функцияның жалпы заңдылықтарының өзгеруі немесе жаңалырының пайда болуын қарастырады.
Адам және жануарлар физиологиясы органдардың және жеке органдарының ұлпалардың тіршілік әрекетін және физиологиялық қызметтерінің ұқсастықтарымен айырмашылықтарын зерттейді. Адам және жануарлар физиологиясы тірі организм тірі ортасымен қарым-қатынасты заңдылықтарын бұлардың әртүрлі жағдайдағы мінез-құлқын зерттейді. Сонымен қатар анадағы күрделі биохимиялық биофизикалық құбылыстарды зерттейді. Ағзадағы жүйке жүйесінің қызметін яғни нерофизиолгия зерттейді. Ол әртүрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың филогенетикалық дамуы физиолгиялық процесті салыстырмалы физиология зерттейді. Физиология морфологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Анатомия, гистология, цитология гигиена ғылымдары мен тығыз байланысты. Физиология әдістерін кең қолданылады, кейбір жылдық материалдарда гиперметика жетістіктері қолданылады. Ағзадағы химияның физиологиялық процесті зерттеу эволюциялық заңын зерттеу адамның физиологиясы болып табылады. Адам және жануарлар физиологиясын негізін салушылар Павлов, Сечинов, Смохин, Веденский, Ухтонский.
Лекция 3
Дене жаттығуларының ағзаға әсері.
Жоспары
1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.
2. Жаттығулардың негізгі сипаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Адам күнделікті іс- әрекетінде –тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда - өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:
-
бұлшық еттің белсенді көлемі
-
бұлшықеттің жиырылу түрі - тұрақты немесе жылжымалы:
-
жиырылу күші немесе алымы.
Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс– дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады.
Бұлшықеттің жиырылу күші мен жылдамдығы оның алымын құрады. Оның күші жоғары болған сайын, жиырылу мерзімінің ұзақтығы қысқара береді.
Күш түсетін жаттығуларда бұл қозғалыс сапасын көрсетеді. Ал бұлшықеттің алымы күш түсетін жылдам жаттығуларда маңызды орын алады.
Бұлшықеттердің орташа күш пен жылдамдық жұмсап жаттығу мерзімін ұзақ уақыт сақтау қабілетін шыдамдылық дейді.
Жаттығулардың негізгі сипаты – олардың энергиялық құны : тыныш отырғанда 1,6 ккал/ мин, жүргенде (5 км/ сағ жылдамдықпен) – 4 кал/ мин жүргенде (8 км/ сағ)- 9 ккал/ мин болады. Алайда, ол арқылы жаттығудың ауыртпалығын анықтау жеткіліксіз. Сондықтан басқа да физиологиялық көрсеткіштерді анықтау қолданылады. (оттегін тұтыну жылдамдығы, жүректің соғу жиілігі( өкпе желдетілісі т/б)
Спорттық жаттығулар оралымды және орылымсыз болып бөлінеді. Оралымды жаттығулар бірнеше рет қайталанып отыратын қозғалыс түрінде болады (жүру, жүгіру, жүзу т/б) Ал оралымсыз (ациклді) қозғалыста кимыл белсенділігі әртүрлі бағытта өзгеріп тұрады (спорттық ойындар).
Жаттығулардың алымы физикалық жүктемені көрсететін шамамен және организм әсерленісін айқындайтын физиологиялық жүктемемен өлшенеді. Физикалық жүктеме күшейген сайын физиологиялық алымы өсе түседі. Сондықтан оның сипатын анықтау үшін жүктемеден кейінгі салыстырмалы физиологиялық өзгерістер тіркеледі.
Спорттық жаттығулар кезіндегі физиологиялық өзгерістердің көбісі дене еңбегі сияқты бағытта болады. Алайда олар ауқымды , қарқынды және тез қажытатын толқынды келеді.
Олардың көлемі адамның шыдамдылық (төзімділік) қабілетіне байланысты болады.. Жасалатын жұмыстың түріне дене сипатына қарай шыдамдылық әртүрлі болады:
-
Статикалық және динамикалық – тұрақты және жылжымалы жұмысты ұзық уақыт орындау қабілеті:
-
Жергілікті және ауқымды шыдамдылық- бұлшықеттердің көбісі иқатысуымен осындай жұмыстарды ұзақ уақыт орындау қабілеті:
-
Күштің шыдамдылығы – алымды бұлшықет жұмыстарын бірнеше рет қайталау мүмкіндігі.
-
Анаэробты (оттегінсіз) және аэробты (О2) энергиямен жабдықтау арқылы жұмысты ұзақ мерзімде істеу қабілеті
Лекция 4
2. Адамның қозғалыс қимылдарын басқару, қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері.
Жоспары
1. Биомеханика туралы түсінік.
2.Қимыл әрекетке үйретудің әдістері
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Биомеханиканың дене тәрбиесі қаншама көп болғанымен оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан әртүрлі жаттығулар тобын әрқилы жағдайда, белгі-бірт міндеттер орындау үшін қолданылытын дене тәрбиесі жаттығулардың тәсілін - әдіс деп атайды. Мысалы :
Көрсету яғни бұл деген айнамен көрсету, баяу қарқынды көрсету және т.б. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес іске асыратын әдіс жолын әдістемелік әдіс д.а. мысалы : бірі ескіріп, жоғлып жатса, екіншісі өзгеріп. Біздер әдіспен әдістеме ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі ол теқ қана дене тәрбиесі емес, дидактикалық білім беру және тәрбие уақытында қолданылады. Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері – жаттығу кезінде көп қайталанып күш түсірумен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл - әрекетті біз қатаң уақыт тәртібін жаттығу әдістері д.а. негізгі әдістері ; күш түсіру көлемін қатаң мөлшерлеу, әртүрлі дене қуатының қасиетін дамыту әрбір дене мүшесіне әсер ету.
Қимыл - әрекетке үйрету әдістері – қимыл әрекетінің күрделігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге де болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету. Күш түсіру қарқыны – белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын тездете орындау. Күш түсірудің ішкі және сыртқы қарқынның көрсеткіші болды.
Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жылдамдығы, спорт ойындарындағы ойын қарқыны.
Ішкі қарқын – жүректің соғу жиілігі, белгі бір уақытта күш жұмсау тағы басқалар жатады.
Адам организмінде әсер ету көлемі жағынан күш түсіру. Мысалы : (кіші жүректің минутына 130 рет соғады.) орта (131-155 рет соғу) үлкен (156-175) қатты (176-190) оданда қатты соғулар болады. Бұлшықеттің жұмысына байланысты күш түсіру стандартты және ауыспалы болып келеді.
Стандартты - бұлшықеттің белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы.
Ауыспалы – бұлшықеттің жаттығуды орындаудағы қарқындының өзгеруі (жоғары және төмен).
Дене тәрбиесінің принциптері - Қимыл ептілігімен дағдысын қалыптасу және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдісте келіп принциптер д.а.
Дене тәрбиесінің принциптері :
1) саналық және белсенділік 2) жүйелілік, 3) біртіндеушілік, 4) реттілік, 5) даралық.
2)Саналық пен белсенділіктерін – бұл принциптердің мақсаттары – дене тәрбиеғсі процесінде жаттығулардың сапалы белсенді және шығармашылық әрекетерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Мысалы: балаларға қызықты тапсырмалар беру, марапаттау ойындар өткізу.
3) Жүйелілік – дене қуаты қасиетін дамыудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже. Мысалы : сабақтар арасында үзіліс болмауы, түрлі жаттығулар үйрену.
4)Біртіндеушілік – орындайтын жаттығулар тәсілі күрделеніп, күш түсіну көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік деп аталады. Мысалы : оқушылардың мүмкіндіктері тұрақты өсіп отыруы.
5)Реттік - қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту. Мысалы: жеңілден - қиынға, қарапайымнан – күрделіге.
Даралық - дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Мысалы : адамның дайындық денгейі, спортқа деген көзқарас.
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасқан белгі бойынша топтау. Ал бойынша барлық жаттығулар 4 топқа бөлінеді ; а) гимнастикалық жаттығулар, ә) ойын жаттығулары, б) туристік жаттығулар, в) спорттық жаттығулар болды.
Дене тәрбиесі жаттығулардың әсер етудің анықтайтын факторлар.
1.Әдістемелік факторлар – адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі.
2.Әдістемелік факторлар – жаттығуларды қолданар кезде ескеретін факторлар.
3.Санитарлық гигиеналық факторлар – дене тәрбиесі жаттығуларды даам аргонизміне тиімді тәртібін сақтап, спорт залын санитарлық нормада ұстау.
Лекция 5
Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу.
Жоспары
-
Қоршыған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу.
-
Бейімделістің түрлері.
-
Бейімделіс кездері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Бейімделіс (адаптация)- сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол клеткалық ағзалық, жүйкелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасады. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды. Табиғи ортадағы әр түрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды. Ол бейімделістің жекелеген түрі болып саналады.
Бейімделістің түрлері. Бейімделісті мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің авариялық сатысы ретінде қарайды Мұнда бейімделістің басатапқы сатысында, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа., тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.
Жеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрлерін ажыратады: туа болған және жүре болған, жеке және қауымды, жалпы және маманданған, арнамалы бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық және физиологиялық т.с.с.
Физиологиялық бейімделіс деп әрекеттік жүйе, мағза, ұлпа белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Мұның мәні ортаның орташа жағдайларында организмнің сақталуында, дамуына қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі. Сонымен бірге ортаның өзгерген жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.
Физиологиялық бейімделіс жағдайларын талдағыштар жүйесін тітіркендірудің табалдырық күшіне және қарқынына икемделу қасиетінің өзгеруінен байқауға болады.
Құрылымдық бейімделіс негізін клеткалық бейімделіс түзеді. Клеткалық бейімделіс деп қоршаған орта жағдайларына, аман қалу және қайта жақсару үшін клетканың икемделуін айтады. Ол орқганизмдік бейімделістің басты кезеңі болып саналады.
Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі әсерленісіне байланысты болады. Біріншісіне әсер етуші түрткілерді түйсіну үшін физиологиялық әсерленіс белсендіріледі, ал екінші түрінде оның әсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Өйткені организмнің әрекеттік күйіне, жағдайына байланысты бейімделетін түрткілер жағымсыз немесе жағымды әсерленістер тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе бейімделістің мәнін толық ұғыну, оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.
Бейімделіс кездері Бейімделіс әсерленісі нақтылы физиологиялық механизмдермен байланысты бірнеше кезден тұрады.Бейімделістің бастапқы кезі тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады. Мұнда әртүрлі бағытталған құрама әсерленіс байқалады.. Бірінші құрама әсерленіс бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс-әрекетті тежейді. Жалпы тежеуші әсерленіс түшті тітіркендіргіштің бәріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама әсерленіс – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік нәрлендіру ықпалдары белсендіріледі және ағзалардың қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді симпатоадреналин жүйесімен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады.. Алайда бейімделістің бастапқы кезінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл кезде организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.
Бейімделістің келесі сатысы өтпелі кез. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды, алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйылады. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері үлпаларда тереңдей түседі.
Бейімделістің тиянақты кезі .- организмнің және оның құрамына енетін ағзалардың, жүйелердің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сәтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің бейарнамалы төзімділігі көтеріледі және әркелкі арнайы бейімделістің механизмдері дамиды. Бұл кез физиологиялық құбылыстарды үнемді атқарады және энергия шығындарын азайтады.
Бейімделістің бұл кезін ұдайы тұрақты өзгермейтін жағдай деп қарауға болмайды. Организмде оның ауытқулары, тербелістері жиі болуы ықтимал. Өйткені оған әралуан қосымша жанама түрткілер әсер еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялық әрекеттер зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия шығынын ұлғайтады., иммуналдық және гормондық қосалқы қорын азайтып, ақыры бейімделістің бұзылуына - дизадаптацияға әкеліп соқтырады.
Дизадаптация кезі организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нәтижесінен немесе нейрогормондық және зат алмасуының өзара байланысы бұзылғандықтан пайда болады. Бұл жағдайда бейімделістің бастапқы кезі сияқты іс- әрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер шамадан тыс немесе кездейсоқ түрткілер көп уақыт әсер еткенде туады.
Организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жағдайда, соның салдарынан пайда болған құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда оның жойылған икемделу әсерленістері сол бейімдеуші түрткілер тағы да әсер етсе, қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделіс (реадаптация) деп атайды.
Лекция 6
Дене жүктемелеріне бейімделудің механизмдері.
Жоспары
1. Бейімделіс механизмдері.
2. Бейімделуді сиаттайтын белгілер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Бейімделіс механизмдері. Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделіс әсерленісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін тексеріп, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту және аурудың алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.
Организмнің икемделу әсерленісі негізін жүйкелік және гуморальдық мехазанизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті орасан және төтенше тітіркендіргіштер оқыс әсер еткенде, оларды қабылдап, өңдейтін негізгі жүйке құрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге асыратын бейімделістің жалпы физиологиялық механизмдері әрекеттік жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Ол қозғағыш және жағдайлық тітіркендіргіштерді бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нәтижені алдын-ала болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нәтижесін салыстырғыш аппарат іске қосылады. Әрекеттік жүйе лимбия, торлы құрылым және ми қыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.
Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекстер арқылы жасалады. Ол әсіресе бейімделу жақтарының сақтық және ишаралық мәнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай мәрбір бейімделіс, әсіресе төтенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды жүйелерін ретеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бұл бейімделістің алғашқы сәттерінде өтеміс механизмнің белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы өтеміс механизмдер ортаның төтенше түрткілерінен туатын алғашқы рефлекстік әсерленістер. Ол организмдегі әрекеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бұл тетіктер биологиялық маңызы бойынша. Организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар өте жылжымалы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ететін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар.
Организмдердің бейімделіс механизмдері ішінде эндокриндік жүйенің мәні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған ғалым Г. Селье (1935) Оның айтуынша, бейімделістің негізін гипоталамус – гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны организмнің стресс жағдайларында байқауға болады. Стресс – ортаның күші мен қасиеті әр түрлі түрткілеріне жауап ретінде туатын организмнің арнайы емес әсерлерінің жиынтығы Бұл күйдің биологиялық мәні – ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші механизмдерінің іс- әрекетн көтеру. Икемделу әсерленістері неғұрлым жоғары болса, солғұрлым организм қоршаған ортаның төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.
Г. Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз бен бүйрекүсті безінің гормондарының белсенділігі деп санады.
Организмде ышқыну кезінде жаңа жағдайларға икемдлудің жалпыланған әсерленістері байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың жиынтығын Г. Селье бейімделістің жалпы синдромы деп атады. Ол сатыдан өтеді: абыржу, төзімділікжәне түгесілу. Абыржу сатысы шоқ және оған қарсы көздерден тұрады . Шок кезінде орталық жүйке жүйесінде шалық пайда болады, жабырқау, гипотония, мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасуы нашарлайды. Шокқа қарсы кезі қарама-қарсы көріністері мен сипатталады.
Төзімділік әркелкі зиянды түрткілер әсер еткендегі организмнің орнықты күйін көрсетеді, яғни оларға төтеп береді.
Сыртқы қоршаған ортаның жағайына көніп бейіделу үшн адам өз еркімен алдын ала іс- қимыл жасап, айталық денеге физикалық үктеме беріп, ыстық суыққа бойын үйретіп, тыныс алу жаттығуларын жасап, денесін шынықтырғаны жөн. Сонда қиын қыстау жағдайында бейімделу қиналмау, жеңіл өтеді.
Беімделуді сипаттау үшін оның белгілерін білу керек Олар мыналар:
1. темпратура, яғни қоршаған сыртқы ортаның сыртқы ортаның ыстық суық өзгерістеріне қарай организмнің әрекет жауабы.2.: мінез құлық, яғни асып сасып абыржып , іс қимылын жаңа жағдайға сәйкес өзгерту. 3: биологиялық яғни түрлі биологиялық жүйелердің немесе қауымдастық мақсатты қасиеттерді сақтауға бағытталған әрекет. 4: физиологиялық немесе гомеостатикалық жүйелердің әрекеттік өзгеріске икемделіп, органзмнің саулығын блсенділігін бірқалыпты деңгейде ұстауға арналған ұлпалардағы зат алмасу өзгерістері мен қарқыны жеделдеп , бұлшық еттің қуаты артады.
Лекция 7
Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы. Аэробты және анаэтобты өнімділік.
Жоспары
-
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі.
-
Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері.
-
Анаэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жұмысты ұзық, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз.Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттіліі.)
Белгілі әрекетке арналған, спорт түріне бейімделген төзімділікті арнайы төзімділік дейміз. Жұмысты энергифмен қамтамасыз ету жағынан аэробты, анаэробты және аралас деген төзімділіктің үш түрі бар.
Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Аэробты төзімділіктің физиологиялық негізі , ол оттегінің жұмыс күшіне сәйкес пайдалану немесе «дем жетімсіздігінің пайда болмаы» Аэробты төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орынаймыз 1. Тыныс алу деңгейін жоғары дамыту .2.Сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту. 3.Тыныс алу процестерін тез өрістетуді жоғары шамаға көтеру.
Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді және ациклді жаттығулар, тыныс, жүрек- қан тамыры жүйелерінің өнімділігін арттырады, аэробты төзімділікті дамыту амалдары табылады. Аэробты төзімділікті дамыту үшін стандартты, үздіксіз және интервалды күш түсіру мен қатаң уақыт тәртібі жаттығулары қолданылады.
Стандартты үздіксіз жаттығулар әдісі . Жаттығуды орындау уақыты 10-30 минутке дейін, жүрек соғуы жиілігі жұмыс кезінде минутына 150-170 рет. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүректің соғу шамасын , тыныс алу деңгейін көтеруге көмектеседі. Бұл әдіс төзімджілікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады.
Интервалды жаттығу әдісі. Бұл жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметінің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған. Интервалды жаттықтыру кезінде жұмыс уақыты 1-3 минутқа дейін, күш түсіру қарқыны минтына 170-180 рет, тынығу қзақтығы 45-90 сикунт. Жаттығуды орындау ұзақтығы, оқушының дайындығына байланысты беріледі.
Анаэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Анаэробты төзімділікті жаттықтыру, анаэробты жағдайдағы жұмысты энергиямен қамтамасыз етудің екі негізі-алактаттты және лактатты жолмен жұмыс қуаты деңгшейін көтеруге бағытталған. Шегіне және шегіне жақын күшпен орындалған, циклді немесе ациклді сипаттағы жаттығулар қолданылады.
Анаэробты сипаттағы ауырпалықты тиімді пайдалану бұлшық еттегі криотинфосфаттың, гликагеннің көбеюіне, ферменттің ауысу белсенділігі, гликолиздің қарқын белсенділігі өсуіне көмектеседі.
Анаэробты төзімділікті дамуту организмнің тыныс алу мүмкіншілігіне байланысты. Ол неғұрлым жоғары болса ,спортшы анаэробты жүктемеден кейін солғұрлым тез қалпына келеді. Дене тәрбиесі тәжірибесінде көптеген жаттығулар араласқан (аэробты анаэробты) тәртіпте орындалады. Сондықтан да аэробты содан анаэробты төзімділікті дамыту қажет..
Лекция 8
Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы.
Жоспары
-
Дене жаттығуларының жіктелуі топталуы.
-
Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар:
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г. Лекцияның мәтіні:
Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып. Оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді а) гимнастикалық жаттығулар: ә) ойын жаттығулары: б) туристік жаттығулар в) спорттық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.
Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар күш жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады, төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар, үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар, икемділікке арналған жаттығулар, комплексті қмылды талап ететін жаттығулар.
Жаттығуларды білім деру мақсатына қарай топтау: негізгі жаттығулар Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін жаттығулар., дайындық жаттығулары.Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар, жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл- әрекеттер.
-
Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне , кеуде бұлшық еттеріне , аяқ-іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
-
Қозғалысқа арналған жаттығулартобы:а) циклді жаттығулар (жүру, жүгірут/б), циклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика , жеке сайыс т/б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулар бар спорт ойындары.
-
Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау а) өте жоғары қарқынмен орыедалатын жаттығуларб) қатты қарқанмен орындалатын жаттығулар. в) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар
Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар: Жаттығулардың адам органзміне әсер етуі әртүрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты –ұзтаз оқытады , оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығуларың әсер ету сипаты бойынша , ақылына, білім деңгейіне , қимыл дағдысына , дене қуатына ынтасына байланысты.
Ғылыми факторлар: -адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі .
Әдістемелік факторлар- жаттығуларды қолданар кезде ескеретін талаптар.Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына , жаттығуларды орындау уақытына , орындау қарқынына, демалыс түріне байланысты.
Санитарлық – гигиенаылық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығулары адам организміне тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жаттығатын орынды , спорт алын санитарлық нормада ұстау керек.
Лекция 9
Спорттық қызмет кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы.
Жоспары
-
Спорт түрлерінің бағыттары.
-
Физиологиялық қызметтердің ерекшеліктері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын білу қажет.Мыс: оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білу, спорттағы бағдау мен іріктеуге белсене қатысуы сонымен қатар жаттығулардан қалмауы, білімін жан жақты жетілдіру түсуі тиіс.
Спорт түрлері бірнеше бағыттарға бөлінеді:
1.Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып ,тарта білу.
2.Спорттық жаттықтыу процесі
3.Жарыс түрлері.
Спортшылар спортқа жан тәнімен берілуі қажет.Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса, онда ал сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.Жаттығулардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. Қабілеттілік- баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл- әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.Спорттағы дарындылық дегеніміз –бала қабілетінің оның анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі.Сол арпқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.Адамның қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғалданудан қанағаттануын, ескертетін сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері ,радио, телидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б. спорт туралы кеңес, әңгіме.
Физиологиялық ерекшеліктер.
Адамдар нерв жүйелеріне байланысты,мықты және әлсіз психологиялы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты,ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген.Жүйке жүйесінің күштегі қозу процесінің ұзақ сақталуына қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі әлсіз спортшылар қозу процесі тежелу процесінен көбірек болғандықтан олар тез шаршамайды.
Бірақ, кейбір спорт түрлерінен өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мыс; спортшылардың жүйкесі әлсіз, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі әлсіз адам боксте , семсерлесуде т. Б. Осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің ,осы ерекшеліктеріне туа бітер қажет, ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктекуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн. Физиологиялық ерекшеліктер.организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйкесінің сипаттамасын да көрсетеді.Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы дерттейміз.
Ол деңгей неғұрлым , жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады.
Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30% көтере алатын. Ғалымдарсыз дәлелденіп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет.
Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексереді.
Тұқым қуалаушылық факторлары.
Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр.Адам организмінің құрылысы ,салмағы ата- анадан балаға тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі.
Спорт түрін таңдау себептері.Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға ,өзіне сенімділікке, мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қылып мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады.
Балалардың спорт түрін таңдауына жалпыламы үгіь, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата аналарда баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне ақыл кеңес берілетіні жөн.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау көптеген және әр түрлі амалдар қолданады;
1.Жарыс- бұл амал ресми және әр түрлі амалдар қолданады.
2.Жаттықтыру – спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3.Бақылау сынақтары-жаттықтыру кезінде қолданылынатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу
4.Адам организмін зерттеу- баланың қабілеттілігін әр түрлі аппаттар арқылы тексеру.
Лекция 10
Шаршау. Шаршаудың анықтамасы және физиологиялық маңызы.Қалпына келу
Жоспары
-
Бұлшықет жұмысының қажуы
-
Шаршау анықтамасы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Бұлшық ет жиырылғанда АТФ және креатинфосфат қосылыстарындағы макроэргиялық байланыстарда жинақталған энергия жұмсалады. Бұлшық ет жасушасында фосфагендер деп аталатын бұл заттардың концентрациясы біртіндеп кеми бастайды.Анаэробты жаттығулар жасағанда оларды орындау барысында АТФ 30-50,КФ 80-90 процентке кемиді.Аэробты жаттығулар жасағанда фосфагендер оншалықты азаймайды
Жұмысшы еттердегі анаэробты гликолиз процессі кезінде көп мөлшерде сүт қышқылы түзіледі сүт қышқылының түзілуі шаршаудың дамуына алып келеді.Шаршаудың дамуында жетекші рөлді көмірсу ресурстарының азаюы алады.Бұлшық еттегі гликоген тотығу процесстеріне ұшырайды.Осы кезде оның жиырылуына қажет энергия өндіріледі
Бұлшық еттегі гликоген қоры азайғанда ет талып, шаршап жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалады..
Бұлшық етерде көмірсулардан басқа майлар датотығып оны энергиямен қамтамасыз етедіНерв жүйесі энергия көзі ретінде тек глюкозаны пайдалана алады ,майларды пайдалана алмайды.
Сондықтан бауырдағы гликоген азайған сайынглюкоза мөлшері азайып , нерв жүйесі көбірек шаршайды.
Бұлшық ет жұмысы кезінде организмнің оттегі қоры фосфагендер,көмірсу мен майлар жұмсалады,жұмыстан соң олардың орнына қайта келуі жүреді .Бұл орнына қайта келупроцесстері жұмыстан кейін оттегіні көбірек пайдаланудан көрінеді.Бұл процессті оттегілік қарыз деп атайды және бұл теорияның авторы А.Хилл деген ғалым болып табылады.
Оттегілік қарыз дегеніміз -бұлшық ет жұмысы кезінде жұмсалған энергия шығынын өтеу үшін және сүт қышқылын жою үшін жұмыс алдындағы күймен салыстырғанда организмнің оттегіні көбірек пайдалануы
Оттегі бұлшық етте миоглобин белогымен байланысқан күйде боладыБұлшық еттердегі оттегі қоры өте аз . 1кг бұлшық ет массасында11 мл ғана оттегі болады және жұмыс барысында ол тез жұмсалады.Бірақ жұмыстан кейін ол тез орнына келіп отырады
Жұмыстан кейін орнына келу процесстері кезінде жұмысшы еттерден сүт қышқылын жою жүзеге асады.
Сүт қышқылын жоюдың организмде негізгі 4 жолы бар.
1.СО2 мен суға дейін тотықтыру
2.Бұлшық еттерде немесе бауырда гликогенге айналдыру.
3.Белоктарға айналдыру
4.Несеп және термен шығару
Оқу тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас өспірімдерінің күн режимімен, оның ішінде оқушыларға ақыл–ой жұмыстарын тапсыру нормалары туралы мәселесімен тығыз байланысты.
Балалар мен жас өспірімдердің оқу жұмысы, негізінен алғанда ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл–ой еңбегі болып табылады.
Ми қабығы клеткаларының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады.
Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай –ақ бүкіл ағзаның қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларда тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, ағза қызметінің кез – келген түрі белгілі – бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.
Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе төменгі сынып оқушыларында айқын байқалады: Балалар жан–жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі.
Шаршауды қалжыраумен шадастыруға болмайды қалжырау- шаршаудың субьективті көрінісі, әрі ол ағзаның әлсіреуі, аздап мең- зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл термин,мен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігі немесе қабілетін білдіреді.
Шаршаудың нәтижесінде көздің өткірлігі төмендейді, есітуі нашарлап, айқын көру тұрақтылығы және көздің электр сезгіштігі өзгереді. Шаршау- кез-келген қызу жұмыстың заңды салдары, сондықтан одан қауіптенбеген жөн жұмыс істемеген адам ғана шаршамайды.
Балалардың миы даму және жетілуі үшін үздіксіз жаттығуы яғни жұмыс істеуі тиіс бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және зорықтырмауға тиіс .
Лекция 11
Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері.
Жоспары
-
Онтогенез кезеңі
-
Индивидуальды даму
-
Адамның жетіліп дамуына дене шынықтыру сабақтарының ролі
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Онтогенез кезеңі яғни адам баласының туылғаннан өлген мерзімге дейінгі күйі. Өмір сүру барысында ағза морфологиялық, биохимиялық, функциональдық өзгеріп отырады.
Индивидуальды даму. Онтогенез жағдайында тұқымқуалаушылық факторлар генетикалық түрде ата-ана гені міндетті түрде балаға көшіп отырады..
Ағзаның формалық күйі бір уақытта дамып жетілмейді. Мысалы морфологиялық бас миы және арқа бөлігі яғни шүйде бөлімі ерте балалық шақта тезірек жетіледі. 10-12 жаста олардың өлшемдері өз шегіне жетеді .
Адамның индивидуальды дамуы 2 процесс арқылы жасалады.
а) ассимиляция организмге сыртқы ортадан енген басқа заттарды өз клеткаларында өзіне тән заттардың түзілуі.
б) диссимиляция процессі организм клеткаларындаға органикалық қосылыстардың энергияны босатып, босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдаланады.
Осы екі процестер арқылы ағза күйі өзгеріп отырады, яғни адамның жүйке жүйесінің мінез құлықтарының өзгеруі.
Адамның жетіліп дамуына дене шынықтыру сабақтарының ролі күшті. Ең алдымен ағзаның еңбекке бейімделуі . Адам әрдайым спорттық қозғалыста жұмыс жағдайында болуы шарт.
Индивидуальды даму биологиялық жасқа тікелей байланысты Биологиялық жастың комплексті көрсеткіштеріне мыналар жатады.
-
Шыныға даму (бойы, салмағы т/б) жатқызамыз.
-
Сүйек қаңқасының дамуы
Биологиялық зерттеулерге қарағанда сүйектердің шкі және сыртқы орта жағдайына байланысты қайта құрылымдық қабілеті бар. Атомдық әдіс арқылы ағзаға тәулігіне 10-нан 20 пайызға дейін тұзды заттар сүйек ұлпасында алмасады. Осыған орай спортшылардың сүйек жүйесінің ұлпа және мүше дәрежесіндегі өзгерістерді білу шарт өйткені спортшының тек дене пішінінің қалыптасу қарқынымен бағытын байқап қана отырмай, оның мақсатына қарай дамуын басқарады.
Жаттығушыларды спорт түрлеріне сұрыптағанда олардың денесінің үйлесімділігіне көп мән береді. Спортшы бойының ұзындығына қарап баскетболшыға, қолының ұзындығына қарап найза лақтыратын,. Білектің ұзындығына қарап волейболшыға, қолбасының ұзындығына қарап гимнастикаға лайық деп айтылады.
Денеге күш түсу немесе спорттық сабақтардың әсері адамның денесін түрлі жағынан жетілдіруімен бірге дерттік өзгерістерге де ұшырауы мүмкін . Жаттығушының спорттық сабақтардан зорығуы (шаршауы) салдарынан оның сүйек жүйесінде ерекше өзгерістер пайда болады, мұндай жағдайларды болдырмау үшін жаттықтырушы спорттық сабақтарды реттілікпен өткізуі тиіс.
Спортшылардың сүйек жүйесінің бейімделу өзгерістері
Мүшеге күш артқан кезде сүйектің хим иялық құрамындағы бейорганикалық заттардың құрамы артып, альции мен фосфор көбейе бастайды. Тұздардың артуынан тығыздығы күшейеді. Бұлшықет қызметінің артуынан қаңқа сүйектерінің пішіні өзгере бастайды, бұлшықет сіңірінің сүйекке жабысқан жерінде белдеу, бұдырлар пайда болады.. Айталық ауыр жүк көтерушілердің әсіресе жауырын және бұғана сүй ектерінің пішіні өзгеріп, бұғана жуандай түседі. Бұған себеп спортшылардың сүйек жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер сүйек қабығындағы сүйектің кемікті және қатты заттарындағы және жіліктің май қуысындағы құрылысына байланысты.
Сүйектің қабығы дене шынықтыру сабақтарында оның ішкі камбиилі немесе сүйек түзетін қабатының қызметін байланысты қалыңдай түседі.
Лекция 12
Икемділік туралы түсінік. Қимыл сапаларының өзара байланысы.
Жоспары
1.Ептілік және оны дамыту әдістемесі.
2. Икемділік туралы түсінік.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаңа күделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілеттілігін – ептілік дейміз.
Ептілікті дамыту кезінде біз мынаай үш міндетті орындауымыз керек. 1. Күрделі қимыл қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып жетілдіру. 2.Қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында) . 3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай отырып қабілеттілігін арттыру.
Адамның жаттығуды үлкен амплетудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік деп атаймыз.
Өсу және даму барысында балалар қозғалысының негігі сапасы және үйлесімділік қабілеті қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кезеңдері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әр түрлі мерзімдік (гетерохронды) өтеді. Мәселен жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.
Саусақ бұлшықеттерінің күші 7 жаста 12-13 кг: 10 жаста –17-20 кг: 14 жаста –27-35 кг: 17-де 31-48 кг.
Бел бұлшықеттерінің күші 7 жаста 31-34 кг, 10д жаста 38-42 кг, 14 жаста –53-54 кг болады.
Қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кездері 6-14 жаста байқалады.
Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жеті қимылдар жасай алмайды. Мұндай әрекеттік қимылдар 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста бастлады.
Ептілік - дәл қимыл жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17- жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.
Бұлшықеттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінгі балалар қзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдалықтың жоғары сапасы 25 жаста аяқталады.
Бұлшықеттер жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.
Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.
Гипокенезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.
Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді. 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл үрдіс андрегендердің азаюына сәйкес келеді.
Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді.
Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсердленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады. Дене қуатының қасиетінің әрекетті даму және тәрбиелеу деген терминдер қолданылады. Даму термині дене қуатының қасиетінің табиғи өзгеру сипатының, ал тәрбиелеу қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуатының қасиетіне-күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, ептілік жатады.
Күшті дамыту әдістемесі – сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегімен оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі-дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы, жалғыз қимыл жылдамдығы, қимыл жиілігі.
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі- адамның жұмысты ұзақ, қарқынан азайтып орындай алуын төзімділік дейміз.
Адамға берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ету уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз. Төзімділікті анықтаудың, түзу және жанама деген екі әдісі бар.
Лекция 13
Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасынаның жұмысқа қабілеттілігіне әсері.
Жоспары
1.Сыртқы ортаның органзмге әсері
2. Сыртқы орта әсерлерінің түрлері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Сыртқы ортаның органзмге әсері. Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне қажетті сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары –адамның денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағжайлары әсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себібі әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пайдалана отырып , адамның денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады.Мысалы, суықтың әсерін дұрыстап пайдаланып, организмді шынықтырып, оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шнықпаған жағ.дайда сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерді адамның сырқаттануына себеп болады.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Химиялық әсерге ауаның, судың топырақтың азықтың құрамындағы заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне, денсаулығына қажет.
Физикалық әсерлерге темпертуралық, ылғал ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, күн радиациясы т/ б жатады.Ал қажетті мөлшерден артық болған жағдайда , мысалы: ыстық ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең болу т.с.с. жағымсыз әсер жатады.
Психогендік әсерлерге сөз ұжымдық қарым қатынас тәрізді адам қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдалар жатады.
Биологиялық әсерлер ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар, құрттар т/ олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразиттік ауруларды тудырады.
Әлеуметтік әсерлер-еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық , химиялық, биологиялық және психогендік әсерлермен байланысы отырып, олардың адам организміне әсерін күшейтеді. Дегенмен организмге тек сыртқы орта ғана әсер етіп қоймайды, ол адамның өзіне де байланысты .
Лекция 14
Судағы ағзаның жылу реттелу ерекшеліктері. Судағы талдағыш жүйелердің қызметі.
Жоспары
-
Су мен минерал заттардың алмасуы.
-
Су жалпы қасиеті.
-
Денеде су мен тұздардың реттілісі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Кез келген торша қүрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның үлесі организм ерекшелігі мен оның мекендеу ортасына, торшаның сипаты мен оның функционаддық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, сүйек үлпасының торшаларында оның үлесі 20%, май үлпасында - 30%, бүлшық етте - 75%, мидың сүр затында, бүйректе, өкпеде, бауырда, дәнекер үлпада - 80-85%, даму үстіндегі үрық торшаларында - 90%-дан астам, тіпті тіс кіреукесінің қүрамыңда - 0,2% қүрайды. Торша мен организмнің функционалдық белсенділігі неғүрлым зор болса, соғырлым оның қүрамында су мол болады, сондықтан жас үлғая келе организмдегі су мөлшері азая түседі.
Су торшаның тіршілік етуі үшін қажет загтың бірі. Ол цитоплаз-маның негізін қүрайды, оның қүрылымының сақталуына, қүрамын-дағы коллоидтардың түрақтылығының сақталуына жағдай туғызады.
Денеде химиялық таза су болмайды. Ол не минералды заттармен, не коллоидтармен байланыста болады. Денеде су не торша қүрамын-да, не одан тыс орналасады. Қан плазмасы, үлпалық сүйық және лимфа қүрамындағы су торшадан тыс орналасқан су фракциясын түзеді. Денедегі судың жалпы мөлшерінің шамамен 70 пайызы тор-ша ішінде, 30 пайызы одан тыс орналасады.
Торшадағы судың маңызы оның химиялық және қүрылымдық қасиеттеріне, атап айтқаңда, молекулалық мөлшерінің ықшамдығы-на, зарядталғыштығына жөне бір-бірімен сутектік байланыстармен біріге алатын қабілетіне байланысты.
Су молекуласының зарядталғыш және сутектік байланыс түзгіш қабілетімен байланысты ол зарядты заттар үшін жақсы еріткіш бо-лып табылады. Ионды қосылыстардың зарядталған бөлшектері (ион-дары) суда бір-бірінен ажырайды да, ериді. Кейбір иондалмаған, бірақ молекуласында зарядталған топтары бар қосылыстар да (қант-тар, амин қышқылдары), қарапайым спирттер де (ОН" тобының болуына байланысты) жақсы ериді. Су барлық химиялық реакция-лар жүретін әмбебап орта болып табылады. Сонымен қатар барлық ыдырау (гидролиз) және тотығу-тотықсыздану реакциялары судың қатысуымен жүреді.
Судың жылу сіңіргіштік қасиеті зор болады. Денеде жиналған жылу судың температурасын онша көтере қоймайды, себебі жылу энергиясының көп мөлшері су молекуласының қозғалыстарын шек-теп түратын сугекті байланыстарды үзуге жұмсалады. Судың жылу сыйым-дылығының зор болуы үлпаларды қатты қызып кетуден сақтайды.
Суға жақсы жьшу өткізгіштік қасиет төн. Бүл жьшудың дененің әртүрлі боліктерінде бірдей таралуына мүмкіндік береді. Судың беттік керіліс күші де үлкен болады. Оның бүл қасиеті түту процесі-нің атқарылуы, ерітіңділердің үлпалармен жьшжуы үшін (мысалы, қан айналым) қажет.
Организмде судың үш түрі болады: 1) еркін, байланыспаған су. Ол торша мен торшааральгқ қуыстағы органикальгқ және бейоргани-калық заттарды.ерітеді; 2) байланысқан су, ол коллоидтар қүрамына еніп, олардың ісінуін қамтамасыз етеді; 3) гидраттық су, ол органи-калық заттар қүрамына еніп, солар тотыққанда болінеді.
Организмде су бірде кобейіп, бірде азайып отырады. Соған қарамастан қанның осмостық қысымы әркез түрақты деңгейде сақталады, себебі денедегі су үздіксіз алмасып, оның молшері реттеліп отырады. Ас қорыту жолынан су қанға сіңеді, сондықтан сүйық коп қабылданған жағдайда қан қысымы котерілу керек. Қалыпты жағдайда мүндай ауытқу болмайды, өйткені судың ар-тық молшері қаннан организмдегі су мен минералды заттар қой-масы болып табылатын тері шеліне отіп кетеді де, тым артық мөлшері тер мен зәр қүрамында сыртқа шығарылады. Су тапшы болған жағдайда су қоймаларындағы судың есебінен оның қан-дағы қалыпты деңгейі сақталады.
Организм қабылдаған су қанға оңай сіңеді. Ол бауырдан отіп, бүкіл денеге тарайды да, алдымен торшааралық қуысқа, одан әрі торшаға отеді. Торшаның суды сіңіруі осмос ықпалымен су концентра-циясының градиентіне байланысты жүреді. Торшалардан шыққан су үлпалық сүйық пен лимфа арқылы қанға өтіп, бөлу ағзалары әрекетімен сыртқа шығарьшады. Организмде су осмостық және он-костық қысым деңгейіне байланысты алмасып отырады.
Организмге су ауыз су түрінде жөне қорек күрамында келеді. Қорек қүрамындағы су белоктар, кемірсулар, майлар тотыққан кезде белініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы дейді. Денеде 100 г белок тотыққанда - 41 г, дәл осындай мөлшерде көмірсулар мен майлар тотыққанда тиісінше 55 және 107 г су белінеді. Ал, организм қабылдайтын ауыз су молшері ауа райының жағдайына, қорек сипа-тына, жасқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отыра-ды. Мысалы, жас организм толысқан организммен салыстырғанда суды 3 - 4 есе көп қабьшдайды. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды да, шамамен зәр қүрамында 1,5 л, нәжіспен - 0,1-0,2 л, термен - 0,5 л, екпе арқылы - 0,3-0,4 л су беледі. Желінген азықтың өрбір килограмына шаққанда жылқы мен қой - 2-3 л, сиыр -4-5 л, шошқа - 7-8 л су ішеді.
Су мен электролиттердің торша мен торшааралық кеңістікте және организм мен қоршаған орта арасында таралуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығын су мен түздар алмасуы дейді. Су мен түздар алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүл процесс ішкі ортаның осмостық қысым мен сутектік керсеткіші деңгейінің түрақтылығын, диффузия жөне осмос қүбылыстарын қамтамасыз етеді, қорекгік зат-тарды сіңіру, қажетсіз өнімдерді белуде маңызды рөл атқарады. Сон-дықтан бүл процестің реттелуінің маңызы зор.
Су мен түздардың алмасуын реттейтін орталық аралық мидың гипоталамустық бөлігінде орналасқан. Орталықта денедегі электро-литтер концентрациясьшың өзгерістерін сезінетін ерекше осморецеп-циялық торшалар болады. Осы торшалардьщ қозуы салдарьшан нервті-рефлекстік немесе гуморальды жолмен бөлу мүшелерінің әрекеті езгеріп, ауытқыған қысым қалпына келтіріледі.
Орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларьш торт түрлі рецеп-торлар хабарлап отырады. Олар ауыз қуысының кілегейлі қабығын-дағы рецепторлар (кебірсіну салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), қарьшньщ кілегейлі қабығьшдағы барорецепторлар (қарьш қабырғасының ісінуі немесе семуі салдарынан тітіркеніп, шолдеу түйсігін тудырады), үлпалар осморецепторлары (үлпадағы осмостық қысым деңгейінің өзгерістерін хабарлайды), тамырлар қабырғасын-дағы толым (волюм) рецепторлар (тамыр арнасындағы қан мөлшерінің езгерістерін сезінеді).
Организмдегі су мен минералды түздардың алмасуын реттеуде ва-зопрессин қүрамына енетін антидиурездік гормон (АДГ) маңызды рол атқарады. Бүл гормон гипоталамустың паравентрикулярльгқ және супраоптикалық ядроларында түзіледі де, гипофиздің артқы бөлігінде жинақталады. АДГ бүйрек түтікшелерінің қабырғасыңдағы гиалуро-нидаза ферментін белсендіреді. Осыдан түтікшелер қабырғасы эпителийінің торшаларын біріктіріп бекітетін гиалурон қышқьшы үйексізденеді (деполяризацияланады) да, түтікше қабырғасының әткізгіштік қабілеті жоғарылап, кері сіңіру (реабсорбция) күшейеді, сондықтан судың болінуі азаяды. Су мен минералды заттардьщ алмасуьш реттеуде бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін альдостерон гормонының да маңызы зор. Ол бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі янтарь қышқылының дегидрогеназасын белсендіріп, натрийдің кері сіңірілуін күшейтеді. Бүйрек үлпасыңда натрий концентрациясының жоғарылауынан он-дағы осморецепторлар тітіркенеді де, вазопрессиннің (АДГ) синтезделуін күшейтіп, судың денеде сақталуын жақсартады. Ал, альдостеронның бөлінуін реттейтін бірнеше механизм бар. Оның болінуін гипофиздің адренокортикотропты гормоны (АКТГ), гипо-таламуста түзілетін адреногломерулотропин, бүйректе синтезделетін ренин күшейтеді. Минералды кортикоидтар организмдегі үлпалық сүйықты кобейтіп, сыртқа натрийдің болінуін азайтады, калийдің бөлінуін арттырады.
Лекция 15
Сауықтыру дене жаттығуларының және салауатты өмір сүру салтының физиологиялық негіздері.
Жоспары
1. Шынықтыру анықтамасы.
2. Қимыл белсенділігі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Я.М.Коца «Спортивная физиология» учебник для институтов физической культурый М 1986г.
2. Смирнов В.М. Дубровский В.И. «Физиология физического воспитания и спорта» М 2002г.
Қосымша
3.Олимпийская литература «Физиология спорта и двигательной деятельности»
М 1997г
4.Руне Федман , Елисовой С.К. «Спортивная физиология» М 1980г.
5.В.М.Волков , В.П.Филин «Психология физического воспитания» М 190г.
6. Е.П.Ильин «Психофизиология физического воспитания» М , Просвещение 1980г.
7.Верхошанский Ю.В. «Основый специальной физической подготовкий спортсменов» М 1988г.
Лекцияның мәтіні:
Шынықтыру деп организмнің күрт температураның өзгерістеріне басқа метеорологиялық жағдайларға қарай оның тұрақтылығының артуын , ауру сырқаттарға төзімділігін тәрбиелейтін және денсаулығын күш – қуаты мен психологиялық дамуын қалытастыратын құрама шараларды айтады.
Шынықтырудың физиологиялық механизмі бейімделіс іспетті, гомеотоздың тұрақтылығы, жүйкелік және гуморольдық реттелудің жалпы төзімділіктің артуы арқылы жүзеге асырылады. Шнықтыру суыққа, ыстыққа атмосфералық қысым төмендеуіне дағдыландыру нәтижесінде пайда болады.
Шнықтырудың ең басты принципі – тітіркендірудің күшін біртіндеп сақтықпен ұлғайту.
Шынықтырудың әрбір адам үшін жеке түрде, яғни организмнің күш-қуаты мен жай күйін ескере отырып , белсенді және сапалы түрде етіп жүргізу керек.
Қимыл белсенділігі айқас бейімделісті дамытады. Ол әр түрлі түрткілердің әсеріне икемделу әсерленіс арқылы гомеостазды тұрақты сақтайды. Жаттығулар нәтижесінде организм суыққа, жүктемелерге жоғары төзімділікке иемденеді. Мұны бейарнамалы немесе айқас бейімделіс дейді. Стресс түрткілер әсер еткенде тектік аппарат биоэнергетикалық процестерді күшейтеді.
2. Тұлғалық жаттығулар организмнің әрекеттік қосалқы мүмкіндіктерін көтереді.. Физиологиялық қосалықы пәрмен эволюция барысында қалыптасқан ағзалар немесе жүйелердің іс-әрекеттік қарқынын бірнеше рет өсіре алатын қабілеті. Мұны жұптасқан – викарлық ағзалардың (бүйрек, талдағыштар т.с.с.) өтеміс қызметінің басқа іс - әрекеттерді жоғары деңгейде өте алатын мүмкіндігінен байқауға болады. Мәселен спортшылар оттегінің мөлшері 16 пайызға дейін азайған, көмірқышқыл газы 2-3 пайызға дейін көбейген жағдайда жұмыскерлік қабілетін ұзақ уақыт сақтай алады.
-
Жаттығулар иммунитет жұмысын жақсартады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу гумаролдық және жасушалық иммундық қорғаныш қасиетін өсіреді, антиген , антитән әсерленісін күшейтеді.
-
Қимыл жаттығулары денсаулықты шыңдайтын дене шынықтырудың негізгі құралы болып саналады. Олар табиғи түрткілермен ( ауа, су, күге шарпылу) жан дүниесі жаттығуларымен бірге қолданған жағдайда өте нәтижелі болады.
Қозғалыстың жүйке ет жүйесіне әсері ерекше болады.. Қимыл кезінде зат алмасу, қанайналымы жақсарады. Сондықтан бұлшықеттердің физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп, олардың өнімділігін қамтамасыз етеді. ЖҮйелі қозғалыс белсенділігі бұлшықеттердің гипертрофиясын (әсерінәрлену) тудырады. Олардыңм құрамында актин-миозин, миоглобин , гликоген т.б көбейеді. Тұрақты қозғалыстардан қантамырлары мен жүйке талшықтарының терең ұштары өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп тірек-қимыл жүйесінің құрылысы өсіп қалыптасады.Олардың қызметі сенімді, өте үйлесімді және үнемді түрде жүзеге асады.Қимыл- қозғалыс белсенділігін сауатты ғылыми тұрғыда жүргізу дене бітісін өсу және даму үрдістерін, әсіресе жас өспірім кезеңінде дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дене қозғалыстары адамның рухани күйін дамутуда ерекше орын алатыннын көне шығыс медицина саласында ертеден белгілі (иога, ци-гун у-шу т/б) Сондай – ақ оны “тән саулығы- жан саулығы ” дейтіні дәлелдейді.
Қимыл белсенділігі реттеуші жүйелердің қызметіне әсер етеді. И.П. Павловтың айтуынша, қимыл қозғалыс адамға “бұлшық ет қуанышын береді.” Қимыл кезінде ОЖЖ-нің өңдейтін ақпарат көлемі өседі оның барлық құрылымдарының қызметі артады, қозу мен тежелу үрдістері белсендіріледі және теңестріледі.Қозғалыс зерде, ұластыру, нұрлану, шығармашылақ үрдістерін күшейтеді.
Ми қыртысына шеттен келетін серпіністер гипоталамус- гипофиз жүйесін белсендіреді. Сөйтіп барлық сөлініс бездерінің қызметі кірістіріледі. Ол қозғалыс кезінде вегетативтік жабдықтау ағзалардың қызметіне оңтайлы жағдай жасайды. Мәселен жүгіру немесе басқа белсенді қозғалыс кезінде қанға гармондар, эндорфиндер жиналады. Олар абыржу, үрей, ауырсыну және ашығу сезімдерін азайтады.
Оргнанизмнің қосалқы мүмкіндіктері өсіп оның тіршіліктік сергуі артады.
Адамның стресс түрткілеріне төзімділігі, тұлғалық және психикалық жұмыскерлігі, шыдамдылығы қалыптасады.
Лекция 16
Денсаулық көрсеткіштерін физиологиялық негіздеу
Жоспары
1. Валеология пәні
Достарыңызбен бөлісу: |