Дәріс 15
Металдар еместердің химиясы және олардың қосылыстары
1.Көмірсутектер
2.Азот қосылыстары
3. Қышқылдар
4. Тұздар
5. Галогендер
6. Оксидтер
Метал еместер қосылыстардың негізгі компоненттері – көміртегі, сутегі, оттегі және азот және басқа да химиялық элементтер атомдары. Сондай-ақ қышқылдар, оксидтер, галогендер, көмірсутектер, оттекті органикалық қосылыстар, азотты органикалық қосылыстар.
1. Көмірсутектер – молекуласында тек қана көміртегі және сутегі атомдары ғана болатын қосылыстар. Олар өз кезегінде:
1) Қаныққан көмірсутектер:
а) ациклды (тармақталмаған және тармақталған тізбекті);
ә) циклды.
2) Қанықпаған көмірсутектер:
а) қос байланысты (ациклды, циклды);
ә) үш байланысты (ациклды, циклды);
б) ароматты.
2. Оттекті органикалық қосылыстар – молекуласында көміртегі, сутегімен қатар оттегі болатын органикалық қосылыстар.
1) Біртекті функциялы қосылыстар:
а) молекуласында гидроксил -ОН тобы бар (спирттер, фенолдар);
ә) молекуласында – С = О карбонил тобы (альдегидтер, кетондар);
ﺍ
б) молекуласында – С– ОН карбоксил тобы бар (карбон қышқылдары).
ﺍﺍ
О
2) Ангидридті қосылыстар – бастапқы қосылыстың екі молекуласынан су молекуласын алып тастау арқылы алынатын оттекті органикалық қосылыстардың туындылары. Оларға:
а) Жай эфирлер – спирттің екі молекуласынан алынатын ангидрид, жалпы
формуласы: R – O – R.
ә) Күрделі эфирлер – спирт молекуласы мен қышқыл молекуласынан алынатын
ангидрид, жалпы формуласы: R – COOR1.
б) Қышқылдың екі молекуласынан түзілген ангидрид: R – COO – CO – R1.
Бұл қосылыстардың барлығы өз кезегінде функционалдық топтар байланысқан радикалға байланысты жіктеледі.
3) Аралас функционалдық топты қосылыстар – молекуласында екі немесе одан да көп функционалдық топтары бар оттекті органикалық қосылыстар. Олардың негізгі кластарына:
а) оксиқышқылдар немесе спиртоқышқылдар – молекуласында бір мезгілде
гидроксил және карбоксил топтары бар органикалық қосылыстар:
ә) альдегидоқышқылдар немесе альдоқышқылдар – молекуласында альдегид және
карбоксил топтары бар органикалық қосылыстар
б) кетоноқышқылдар немесе кетоқышқылдар – молекуласында кето және карбоксил топтары бар органикалық қосылыстар:
O
ﺍﺍ
R – С – R – COOH
в) альдозалар және кетозалар – молекулаларында бір мезгілде альдегид немесе кето топ және бірнеше гидроксил топтары бар көмірсулар. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |