Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет19/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
есеп және шығару жолдары

Мұндағы КН2О – судың иондық көбейтіндісі.
Мұндай жағдайда тұздың анионы гидролизденеді.
Тұздар гидролизі сан жағынн оның константасы және дәрежесі арқылы сипатталады.


15-16 сабақтар 
Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі
Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесі деп молекула құрамындағы атомдарды шартты түрде электртерістігіне сай оң және теріс ионға айналады деп есептегендегі атомның зарядын айтады.
Элементтің қосылыстағы тотығу дәрежесін анықтау үшін мынадай жағдайларды есепке алу керек:
жай заттағы элементтің тотығу дәрежесі нөлге тең болады;
молекула құрамына кіретін барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең;
қосылыстағы сілтілік металдардың тотығу дәрежелері (+1), негізгі топшадағы ІІ топтың металдары: мырыш пен кадмийдің тотығу дәрежелері (+2);
сутегінің бейметалдармен қосылыстарындағы тотығу дәрежесі (+1), металдармен қосылыстарында, яғни гидридтерінде (NаН, СаН2 және т.б.) (-1) тең;
оттегінің көпшілік қосылыстарындағы тотығу дәрежесі (-2), пероксидтерде (мысалы Nа2О2-) (-1) және оттегі фторидіндегі ОҒ2 тотығу дәрежесі (+2) тең.
Жоғарыда айтылғаннан, мысалы үшін мына қосылыстардағы: NН3, N2Н4, NН2ОН, N2О, NО, НNО2, NО2 және НNО3 азоттың тотығу дәрежесі, соған сәйкес –3, -2, -1, +1, +2, +3, +4, +5 екенін анықтау оңай.
Атомдардың немесе иондардың тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
Электрондарды беріп жіберу нәтижесінде атомның немесе ионның тотығу дәрежесін арттыру процесі – тотығу, ал электрондар қосып алу нәтижесінде атомның немесе ионның тотығу дәрежесінің төмендеу процесі - тотықсыдану деп аталады.
Атомдары немесе иондары электрондар беретін заттарды тотықсыздандырғыштар деп, ал атомдары немесе иондары электрондар қосып алатын заттарды тотықтырғыштар деп атайды. Мына реакцияда
2АІ + 3О= 2АІ2О3
алюминий тотығу дәрежесін 0-ден +3-ке дейін жоғарылатып, тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Бұл реакциядағы оттегі тотығу дәрежесін 0-ден -2-ге дейін төмендетіп тотықтырғыш қызметін атқарады. Қарастрылған реакцияда екі зат әрекеттеседі; оның біреуі – тотықтырғыш (оттегі), ал екіншісі – тотықсыздандарғыш (алюминий) қызметін атқарады. Бұл реакция молекулааралық тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады.
3РО= 3Н3РО4 + РН3
реакциясы диспропорциялық тотығу-тотықсыздану реакциялары мысалына жатады. Бұнда тотығу дәрежелері бірдей бір элементтің атомдары әрі тотықсыздандырғыш, әрі тотықтырғыш рөлін атқарады. Соңғы реакциядағы фосфорлы қышқыл Н3РО3 (фосфордфң тотығу дәрежесі +3) тотықтырғыштың да рөлін, -3 тотығу дәрежесіне дейін тотықсызданып (РН3), тотықсыздандырғыштың да рөлін атқарады. Сонымен қатар фосфор +5 (Н3РО4) тотығу дәрежесіне шейін тотығады. Диспропорциялық тотығу-тотықсыздану реакциялары бір элементтің тотығу дәрежесі әрі жоғарылау, әрі төмендеу арқылы жүреді.
(NН4)2Сr2О7 = N+ Сr2О3 + 4Н2О
реакциясында хром тотығу дәрежесін +6-дан +3 шейін төмендетіп, тотықсызданады, ал азот тотығу дәрежесін –3-тен 0 шейін жоғарылатып тотығады.
Бұл екі элемент те бастапқы қосылыстың құрамына кіреді. Мұндай реакция типін молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Бұл реакцияларға көбінесе, бір қосылыстағы тотығу дәрежелері әр түрлі бір элементтің атомдарының арасында электрон беру-алу арқылы жүретін реакциялар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет