Сүзу әдісі
Бұл әдіс г –С, С – Қ, С1 – С2 жүйелерін кеуекті материалдар (мата, қағаз, сетка, гравий, құм, металкерамика, полимерлі пленкалар) арқылы бөлуге негізделген және тұндырылатын бөлшектерді сүзгіш материалдар ұстап қалады. Бөлшектердің бөліну дәрежесі олардың грануломертиялық құрамына, концентрацияларына және қасиеттеріне (гидрофобтылығы, тығыздығы, құрлысы, дисперстілігі) байланысты болады.
Г- С жүйелерін бөлу үшін синтетикалық талшықтардан жасалынған талшықты сүзгілерді қолданады. Гидравликалық қысымы 5 – 60Па, аэрозолдарды, тұмандарды ұстау тиімділігі 99% . Газдың жылдамдығы 0,5 – 1,5м/с. Газдарды ультродыбыспен, электромагнит өрісімен өңдеу тазарту дәрежесін арттырады.Бұл әдіс газдарды санитарлық тұрғыдан тазартуды қамтамасыз ете алмайды.
С – Қ жүйесін бөлу үшін түйіршікті қабаттары (гравий, құм, насадка т.б) бар сүзгілерді, ситалы элементтері (барабанды сеткалар, микросүзгілер) бар сүзгілерді, маталарға және қағазға негізделген сүзгілерді, диафрагменді сүзгілерді қолданады.
Түиіршік қабатты сүзгілер баяу және тездетілген болып бөлінеді.Баяу сүзгілер суды диаметрі 40-100мкм аз бөлшектерден тазартады.Сүзу жылдамдығы тұнбалы бөлшектердің концентрацияларына байланысты болады. 0,25мг/л концентрацияда жылдамдық 0,2-0,3 м/сағ, 25-60мг/л – 0,1-0,2 м/сағ болады. Тездетілген сүзгілерде суды алдын-ала коагулянттармен өңдегеннен кейін тазартады. Биіктігі 10,5-2м түиіршікті материалдардың сүзу жылдамдығы 12-20 м/сағ.Түйіршікті материалрады тазарту үшін сумен жуады.
Суды қатты және талшықты материалдардан тазарту үшін микросүзгілерді қолданады. Сүзу жылдамдығы 15-45 м3/(м2*сағ). Микросүзгілер ағынды суларды батпақты тұнбалардан 25-35% дейін, балдырлардан 60-90% тазартады.
Әсіресе химиядық технологияда құрлысы кристалды қатты бөлшектерді бөлу үшін, сүзгілі престерді, барабанды вакуум-сүзгілерді және сүзгіш центрифугаларды қолданады. Бұл әдістер арқылы сүзілген ағынды сулар санитарлық талаптарды қанағаттандыра алмайды. Қатты бөлшекткрдің бөлінуін алдын-ала магнит өрісі, коагулянттар және көмекші материалдар арқылы үдетуге болады.
С1 – С2 жүйесі бөлшектердің беткі қабатының гидрофобтығы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым жақсы бөлінеді. Судың бетінен мұнай өнімдерін және майларды бөлу үшін пенополиуретан салынған сүзгілерді қолданады. Кесектердің мөлшері 5-10 мм, сүзу жылдамдығы 25 м/сағ. дейін, қабаттың биіктігі 2-2,5 м, майлардың концентрациясы 1000мг/л дейін болады. Бұл әдіс санитарлық нормаларды қанағаттандыра алмайды.
Өндірістерде ертінділерді жартылай өткізгіш қабырғалар (мембрана) арқылы сүзу кең тарған. Мөлшері 0,5 мкм дейін болатын бөлшектерді 0,1-0,5 МПа қысымда ультрасүзу арқылы, қысымы 3-10 МПа кері осмосты қолдану арқылы ертінділерді мөлшерлері молекулаға тең болатын бөлшектерден тазартуға болады. Мұндай тазарту көпшілік жағдайда нормаға сәйкес келеді. С1 – С2 жүйелерін сүзу әдісімен бөлу процесін сұлба түрінде көрсетуге болады.
С 1 – ∆С 1- 1 = С 1-1 ; С 2 + ∆ С 2-1 = С 2-1
мұндағы С 1, С 1- 1 – С1 сұйқтығының С2 сұйықтығындағы алғашқы және соңғы мөлшерлері ;
∆С 1- 1 - С 2-1 сүзгісінде бөлінген С 2 сұйықтығында еріген С 1 сұйықтығының мөлшері ;
С 2 , С 2-1 – С2 сұйқтығының С1 сұйықтығындағы алғашқы және соңғы мөлшерлері ;
∆С 2- 1 - С 1-1 сүзгісінде бөлінген С 1 сұйықтығында еріген С 2 сұйықтығының мөлшері .
2-Сурет. Сұйықтарды сүзу әдісімен бөлу сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |