Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Тұндырылатын бөлшектерді бөлу әдістері. Тұбаға түсіру әдісі



бет17/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Лекция ОХББ1

Тұндырылатын бөлшектерді бөлу әдістері. Тұбаға түсіру әдісі
Бұл әдіс С-Қ, С1 – С2 жүйелерінде негізінен үлкен- немесе ұсақ дисперсті бөлшектерді ауырлық күші әсері арқылы бөлу үшін қолданады (қатты немесе сұйық). Тұнбаға түсіру бағалы қоспаларды бөліп алып өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді.
С-Қ жүйесі. Ағынды суларды тұндырылатын бөлшектерден тазарту үшін құмұстағыштар, тұндырғыштар және мөлдірлеткіштерді пайдаланады. Бұл әдіспен ағынды суларды диаметрі 5-10мкм болатын бөлшектерден тазартады. Тұндырғыштағы сұйықтың қозғалыс жылдамдығы 0,5м/с аз, тазарту дәрежесі 60%-тен аспайды. Бөлшектерді біріктіру және тазалану дәрежесін арттыру мақсатында ағынды суларға коагулянттар және флотореагенттер қосады, магнит өрісімен әсер етеді.Тұндырылатын бөлшектерді тұндыру ауырлық күшінің әсерімен гидроциклондарда және центрифугаларда толығырақ жүргізіледі. Гидроциклондарда бөлшектерді тазарту тиімділігі 70%. Гидроциклонда бөліну пролцесін үдету үшін магнитті, флотация және коагуляция әдістерін қолданады. Центрифугаларда диаметрі 5мкм болатын бөлщектерді тазарту тиімділігі 70-90% . С-Қ жүйесін тазарту барысында декантат (фугат) және тұнба түзіледі.
С1 – С2 жүйесін тұндыру әдісімен бөлу үшін сепараторларды қолданады.Жеңіл сұйық бөлшектерінің көтерілу жылдамдығы бөлшектердің мөлшеріне, ортаның тығыздығына және тұтқырлығына байланысьы болады.Диаметрі 80-100мкм болатын мұнай бөлшектерінің сұйық бетіне қалқып шығу жылдамдығы 1-4мм/с, мұнайдың судан бөліну дәрежесі 96-98%. Судың қозғалыс жылдамдығы 5-10мм/с. Бөлшектердің жеңіл сұйықтан бөліну процесі флотация және коагуляция арқылы үдетіледі. С1 – С2 жүйесінде С2 сұйығы еріген С1 сұйығы түзіледі. Сұйықтар бір-бірінен бөлінгенде санитарлық норма қамтамасыз етілмейді.
С - Қ , С1 – С2 жүйелерін басқа әдістерді қолдана отырып , тұндыру әдісімен бөлуді сұлба түрінде көрсетуге болады.
Физика-химиялық әдістер – магнитті, (М), ультрадыбысты (У), электрмен өңдеу (Э), коагуляция (К), флотация (Ф), флокуляция (Фл), ылғалдандыру (Ы), радиациялық тотығу (Р), қосымша материалдарды қолдану (ҚМ) – бұл әдістер тұндыру әдісін тездетеді, бірақ өз бетімен жекелей қолданбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет