Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Қалдықтардығы зиянды заттарды залалсыздандыру әдістері



бет22/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция ОХББ1

Қалдықтардығы зиянды заттарды залалсыздандыру әдістері
Қалдықтардағы зиянды заттарды залалсыздандыру әдістері қосылыстардың түріне байланысты негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бейорганикалық екінші топқа органикалық қосылыстар жатады.

Зиянда заттарды залалсыздандыру әдістері


Қалдықтар


Тұнбалы бөлшектерді бөлу


Тұндыру Сүзу


Бейорганикалық қосылыстар Органикалық қосылыстар


Регенерациялық Регенерациялық


әдістер әдістер
Десорбциция Тұнба Экстракция
Ультрасүзу Десорбция
Абсорбция Ультрасүзу
Ионауысу Адсорбция
Адсорбция Ионауысу
Қойылту Айдау,
ректификация
Абсорбция

Деструктивті әдістер


Бейтараптандыру Бейтараптандыру


Тұнба түзу Тотықсыздану
Тотықсыздану Тотығу
Тотығу Хлормен өңдеу
Хлормен өңдеу Радиациялық
Радиациялық тотығу
тотығу
Электрохимиялық тотығу
Электродиализ Катализ
Катализ Биохимиялық
Биохимиялық тотығу
тотығу Оттық
Хемосорбция залалсыздандыру
Жоғарғы температурада
минералдау
Хемосорбция
Қалдықтарды өңдеудің деструктивті әдістерінің мәні тотығыу, тотықсыздану реакцияларының, температура және қысымның әсерінен қосылыстар өздерінің құрылысын және күйлерін өзгертіп, басқа қосылыстарға айналады, және олар халық шаруашылығында қолданылуы мүмкін.

Бейтараптандыру әдісі. Биосфераға түсетін барлық қосылыстар бейтараптандырылуы қажет. Яғни су ертіндісіндегі сутек иондарының концентрациясыеың кері логарифмі ортаның РН = 7 тең болу керек.


Қосылыстарды бейтараптандыру әр түлі жолдармен жүзеге асады: сілтілік және қышқылдық ағындарды араластыру арқылы (арластыру арқылы); қышқыл газдарды.немесе ағынды суларды бейтараптандыру материалдары арқылы сүзу (сүзу арқылы); бейтараптандыру реагенттерін қолдану, газдарды тұздың судағы ерітінділерімен жуу (химиялық абсорбция).
Қышқыл HCI, SO2 , HF газдарды, NaOH, Na2CO3 буларымен пештерде араластыру арқылы бейтараптандыруға болады.
Қышқыл газдарды бейтараптандыру материалдары арқылы (известь, доломит, магнезит)сүзу арқылы да бейтараптандыруға болады.
Қышқыл ағынды суларды NaOH, Na2CO3, Ca(OH)2, CaCO3, KOH, K2CO3 бейтараптандырады.
Тұба түзу әдісі – ағынды сулардың құрамындағы катиондарды, аниондарды қиын еритін немесе әлсіз диссоцииаланатын қосылыстарға айналдыру.
Тотықсыздандыру. Бейорганикалық, органикалық қосылыстарды тотықсыздандыру арқылы валенттіліктерін немесе құрлысын өзгерту қалдықтарды қайтадан өңдеу және залалсыздандыру үшін кең түрде қолданады. SO2 көмегімен мышьяк, хромның бейорганикалық қосылыстарын тотықтарға дейін тотықсыздандырады. РН<2 тотықсыздану процесі 10 минутта аяқталады. Бұл процестің перспективалығы ЖЭС ауа қабатына тасталатын газдарды пайдаланып қана қоймай , бұл газдарды SO2 тазартады.
Өндірістік практикада газдарды азот тотықтарынан тазарту үшін СН 4 , СО, NН3 , Н2 тотықсыздандырғыштар ретінде қолданады.
Химиялық реагенттермен тотықтыру. Өндірістік практикада қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру мақсатында бейорганикалық және органикалық заттарды тотықтыру кең түрде қолданылады. Ағында сулары тазарту үшін қолданылатын тотықтырғыштар: Хлор және оның қосылыстары, натрий перманганаты, калий бихроматы, ауадағы оттек, озон, сутегінің асқын тотығы және т. б.
Оңай тотығатын қосылыстарды ауадағы оттегімен тотықтырады. Хлорлы тотықтырғыштармен үлы қосылыстарды толығымен тотықтырады.
Ағынды сулардағы мұнай өнімдерін, күкіртті және цианды қосылыстарды. фенолды, беттік-активті заттарды, кремний органикалық қосылыстарды, пестидцидтерді, бояғыштарды, мышьяк қосылыстарын, канцерогенді ароматикалы көмірсутектерді және т. б. тотықтыру үшін озонды қолданады.
Электрохимиялық тазарту. Өндірістік ағынды суларды электролиз арқылы тұрақты ток жіберу арқылы тазалау.
Термиялық әдіс. Органикалық қосылыстарды жоғарғы температурада ауадағы оттегімен тотықтыру. Термиялық әдіс бірнеше тәсілдерге бөлінеді:
Оттық залалсыздандыру температура 8000 С жоғары, қысым 0,2МПа (жағу) төмен; органикалық қосылыстарды 100-5000С және атмосфералық қысымда катализатор қатысында тотықтыру (катализ); органикалық қосылыстарды 100-3000С, кысым 0,2МПа көп және су толық буланбайтын жағдайда тотықтыру ( ылғалдап жағу, Циммерман процесі, сұйықфазалы тотығу, жоғарғы температуралы минералдау) Мысалы, отынды жаққанда улы қосылыстар түзіледі(NO + NO2 , CO, HCN, CH2 O, SO ) және олардың концентрациялары санитарлық нормадан жүз , мың есе көп болады. Оттық залалсыздандыруда отынды жаққанда CO2 , N2 , H2 O түзіледі , яғни улы қосылыстардың саы аз және концентрациялары нормада болады.ш
Абсорбция(химиялық) Улы газдардың, булардың олардың ауадағы қоспасынан сұйық реагенттерге жұтылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет