Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері



бет24/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция ОХББ1

Радиоактивті қалдықтар.
Радиоактивті қалдықтар өзі жеке бір топқа жататын қалдықтар. Олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі олар әр уақытта ядролық тұрақсыз жағдайда болады және иондағыш сәлелер шығарады
Радиоактивті қалдықтарды бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады.
Агрегаттық күйлері бойынша сұйық, қатты, газтәрізді қалдықтар. Сұйық қалдықтарға ертінділермен қатар коллиды ертінділер, суспензиялар, және пульпалар жатады.
Газтәрізді қалдықтарға газ, аэрозолдар, тутін және тұмандар жатады.
Қатты қалдықтарға радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттары бар немесе радиоактивті заттар жұтылдырылған материалдар, немесе сәулеленуге ұшыраған екінші немесе енаведенный радиоактивті материалдар жатады.
Меншікті активтігі бойынша радиоактивті қалдықтарды үш категорияға бөледі:
Төмен ( < 1x 10 – 5 Ku /л ), орташа (1x10 – 5 – 1Ku /л ), жоғары (>1Ku /л).
Родиохимиялық өндірістерге төмен және орташа, ал атомэлектр стансияларына жоғры категориялы қалдықтар тән. Бірінші категориялы қалдықтар адам ағзасына түскен кезде ғана қауіп тудырады. Екінші категориялы қалдықтар сыртқы сулелену көзі ретінде қауіпті сондықтан өтімділік радиациясынан қорғану қажеттігі туындайды.
Радиоактивті заттардың шығу көздері бойынша : радиохимия өндірісінің технологиялық қалдықтары, олардың тұрақты түрде сандық және сапалық сипаттамалары болады (көлемі , құрамы . активтігі); технологиялық емес қалдықтар санитарлық ағындар, бөлмелерді дезактивациялағаннан кейінгі ағындар т.б.
Радиохимиялық технологияда қалдықтардың барлық түрлері болуы мүмкін : газтәрізді, сұйық , қатты. Радиоактивті газдар мен аэрозолдар ауадағы газдар мен аэрозолдардың сәулененуінен пайда болады. Сұйық радиоактивті қалдықтарға құрамында радиоактивті элементтері бар кез келген сұйық ертінділер, руда пульпалары жатады. Қатты қалдықтарға радиоактиыті заттарды сақтайтын және тасымалдайтын таралар және қолданғаннан кейінгі адсорбенттер мен ионауысу смолалары жатады.
Қазіргі кезде активтігі әр түлі қалдықтарды өңдейтін технологиялық схемалар жасалған.
Ауаны радиоактивті газдардан және аэрозолдардан тазалау әдістері: жұқаталшықты полимер ткандары арқылы сузу (1,5 – 2,5 мкм перхлорвинил талшықтары) және насадкалы сүзгілер арқылы сүзу, ертінділермен абсорбциялау, қатты сорбенттермен адсорбциялау. Газдарды тазалау тиімділігі 99,9% дейін жетеді.
Сұйық радиоактивті қалдықтарды өңдеу схемасын таңдау:
Қалдықтың меншікті активтігі ескеріледі
Қалдықтың радиактивті элементтер және басқа да компонентер бойынша құрамы және көлемі ескеріледі. Кең тараған әдістер дистилляция, тұндыру, коагуляция, және ионауысу. Қарапайым да сенімді әдіс сұйық қалдықтарды буландыру. Көп ретті буландыру сұйықтың активтігін 99, 9 % ке төмендетеді.
Радиоактивті тұнбаларды коагуляция әдісімен тазалағанда сұйықтың активтігі 97-98% ке азайады.
Соңғы кездрі радиоактивті қалдықтарды тазарту үшін электродиализ, кристалдау, флотация әдістерін қолданады.
Активтігі жоғары сұйық қалдықтарды өңдеу үшін буландыру, қатыру(әйнектеу) және көму әдістері ең рационалды әдіс болып есептеледі. Орташаактивті сұйық қалдықтарды битумдау әдісімен қатырып, көмуге жібереді. Активтігі төмен қалдықтар химиялық тұндыру, буландыру, цементтеу әдістерімен өңделіп, көмуге жіберіледі.
Көму пункттері адамдар тұратын жерлерден біршама жеткілікті қашықтықтардағы территорияларда орналастырылуы қажет. Бұл мақсатта төмпешікті жерлерді пайдалану тиімді болады өйткені ондай жерлер радиоактивті заттардың грунт суларына түспеуін қамтамасыз етеді. Радиоактивті қалдықтарды көмудің сенімді әдістерінің бірі темір-бетон конструкцияларынан «саркофагтар» салу.
Дәріс8 ӨНДІРІСТЕГІ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯ-3САҒ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет